Жауап: Модификациялық өзгергіштік Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.
Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады.Реакция нормасы дегеніміз- организмнің түрліше белгілері мен қасиеттерінің сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілі бір шамада өзгере алу қабілеті.
«Эволюция» деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады. Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмағаны болып табылады.
Эволюцияның эмбрионалдық, палеонтологиялық, анатомиялық, генетикалық, биохимиялық, атавизм, рудимент сияқты дәлелдемелері бар. Соның ішінде эмбрионалдық дәлелдемеге келетін болсақ:
Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты. Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э. Генкель және Ф. Мюллер іске асырды. Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады. Оны қысқаша былай жазуға болады: «Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау». Онтогенез - бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез - бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму үдерісі. Биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады: «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды». Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, сондай-ақ саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды. Алайда тірі ағзалардың барлығына өздерінің ата тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет. Бұл саладағы зерттеу жұмыстары “көп клеткалы организмдердің барлығы ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамып жетіледі” деп көрсетті. Ұрықтық дамудың сатысында барлық омыртқалылардың ұрықтары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
Ғаламшарда тіршілік біржасушалылар түрінде туындады. Тіршілік иелерінің барлығы бір жасушадан бастама алады. Оның адамда - зигота, саңырауқұлақта - спора немесе бақбақта партогенез (қыздықты көбею) кезінде ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан пайда болуы мүмкін. Жұмыртқаның соңғы бөлшектенуі (бластула) кезеңінде көпжасушалардың ұрық сатылары қазіргі сары домаланғы (золотистый вольвокс) іспетті алғашқы шоғырлы көпжасушалылар сатыларына сай келеді. Ұрық жапырақшаларының (гаструла) қалыптасу сатысы бастапқыда - ішекқуыстыларға, ал кейінірек жалпақ құрттарға сәйкес болады. Ағза өз таксонына жеткенге дейін одан әрі дами береді. Бірақ негізгі межеден әрі ұзамайды. Жорғалаушылардың эмбрионы құстар сатысынан ешқашан өтіп кетпейді, сондай-ақ қосмекенділердің эмбрионы жорғалаушылардың сатысына өтпейді. Оның есесіне қосмекенділердің эмбриондары балықтар сатысынан өз сатысы бақаларға дейін едәуір ұзақ жол кешеді. Адам эмбрионында дами бастаған кезде жұтқыншағында желбезек саңылауы, желі, екі бөлімді жүрек, шеміршекті қаңқа пайда болады. Соңынан саңылаулар бітісіп, жүрек үш бөлімді, кейінірек төрт бөлімді бола бастайды. Шеміршекті каңқаны сүйекті қаңқа алмастырады, алайда сүйек ішінде куыстар (құстардағыдай) болады. Бастапқыдағы ми кепіршіктері түріндегі ми соңынан бес бөлікке бөлініп, жекеленеді. Біртіндеп алдыңғы ми ұлғаяды да үлкен ми сыңарларын түзеді. Бұдан соң мишықта және алдыңғы мидың үстінен қыртыс қалыптасады. Бұдан да көрнекі мысалдар бар. Қоңыздардың (әсіресе заузаның) дернәсілі және көбелектердің жұлдызқұрттары буылтық құрттар типіне жататын шұбалшаңды еске түсіреді. Атап айтқанда буылтық құрттар типі буынаяқтылардың ата тегі болып табылады. Өсімдіктерде де осыған ұқсас жайттар бар. Мүк спорасынан өсіп шыққан өскінше жіп тәрізді балдырға өте ұқсас. Шындығында да құрлықта өсетін өсімдіктерге алғаш бастама берген де осы балдырлар.
Көптеген даңқты эмбиологтар атап айтқанда биогендік заңға сүйенеді. Жануарлардың жүйедегі орнын анықтау көбінесе олардың ұрықтық сатыларын зерттеуге негізделеді. A. О. Ковалевский қандауыршаның желілерге тиесілі екені де осылай дәлелденді. Асцидиялар дернәсіл сатысында ғана желіні бірнеше сағат сақтайды. И. Мечников жөнө А. Ковалевский еңбектері негізінде арнайы ілім дамытылды. Ол ұрықтың дамуы негізінде омыртқалы жануарлардың барлық типтерінің, бірлігін ғана емес, ұрық жапырақшаларынан мүшелердің қалыптасу ортақтығын дәлелдеді. Биогендік заңның дамып, жетілдірілуіне ғалымдар И. Ф. Шмальгаузен жәнө A. Н. Северцов маңызды үлес қосты. Олар мүшелердің қайта құры лу тетігін зерттеді және белгілі эволюциялық, салдарына жеткізу үшін эмбриогенездің қай сатысында өзгеріс болатынын анықтады.