Жауаптары №1- тапсырма


Табиғи және қолдан сұрыптаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары



бет34/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Табиғи және қолдан сұрыптаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы көбіне табиғи сұрыптаудың теориясы деген атпен белгілі. Бұл сол кездегі және болашақ жаратылыстану ғылымының дамуы үшін орасан зор маңызы зор еңбек болып табылатын. Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы тек биология ғылымы үшін емес, сонымен қатар, жалпы материалисттік көз қарастағы философияның дамуының негізі болды.
Дарвиннің анықтауы бойынша, табиғи сұрыптау деп табиғатта қоршаған орта мен дамудағы ағзалардың әсерлесуі арқылы жүретін үрдістегі өзіне пайдалы қасиеттері бар индивидиумдардың сақталуы мен көбеюін атайды. Табиғи сұрыптаудың материалы болып өзгергіштік саналады. Ағзаның сол белгілі ортада өмір сүруіне пайдалы белгілері бар особтар өмірін жалғастырады, ал пайдасыз белгілі особтар жойылып отырады (элиминацияға ұшырайды). Элиминацияны әртүрлі абиотикалық және биотикалық факторлар іске асырады.
Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың нәтижелеріндегі ұқсастық болып жаңа формалардың пайда болуы саналады. Қолдан сұрыптауда сорттар мен породалар пайда болса, табиғи сұрыптаудың нәтижесінде түрлер пайда болады.
Дарвин көптеген жануарлар мен өсімдіктердің эволюциялық үрдіс кезіндегі озгергіштіктерге ұшырайтыны туарлы деректер жинады. Ол ең бірінші өз заманындағы селекционерлердің тәжірибелеріндегі нәтижелерді сараптады. Ондағы өзгергіштіктердің тура және арнайы мақсатта бағытталғанына және өзгергіштіктердің аз уақыт ішінде байқалатынына қолдап сұрыптаудың әсері бар екеніне көңіл аударды.
Дарвин үй жануарлары мен өсімдіктеріндегі сан алуан өзгергіштіктерді анықтағаннан кейін, табиғаттағы сол сияқты құбылыстың барлығына көңіл аударды. Мәдени формалардың шығу проблемасын шешу, түрлердің пайда болуын түсінуге жол ашты. Ол особтар арасындағы түрішілік, түраралық және туыс аралық өзгешіліктерді жіктеу кезінде сол таксондық бірліктердің арасындағы өте баяу көрінетін және бір-біріне бірте-бірте өту кезіндегі аралық пішіндердің болатынын анықтады. Түрлердің табиғаттағы эволюциясын тікелей аңғару қиын. Сондықтанда, Дарвин түрлер эволюциясын зерттеуде, олардың тарихи пайда болуын дәлелдейтін жанама фактыларға жүгінді. Дарвин заманында түр тұрақты, тек оны құрайтын түршелер ғана өзгереді деген пікір қалыптасқан болатын. Түр аралық формаларды жаңа түр қалыптасу процесінің әр түрлі сатысы деп қарастырды. Бұл Дарвиннің түр езгеруінің 1-ші дәлелі болып табылады. Дарвин осы түрлердің географиялық таралу ареалы мен санының арасындағы корреляцияны түрлер өзгеруінің екінші жанама дәлелі ретінде қарастырды.
Түрішілік түрленудің пайда болуы болашақ жаңа түрлердің пайда болуына негіз болатын факты деп қарастырды. 
Табиғи сұрыптау табиғатта қолдан сұрыптауға қарағанда, өте ұзақ уақыт ішінде жүреді. Өйткені, түр ішіндегі барлық өзгергіштіктен пайда болған рекомбинанттар өмір үшін күреседі. Олар аз уақыт ішінде жойылып кетпейді. Ол үрдіс ондаған немесе жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Түрдің түзілуіне қоршаған ортаның әсері бірте-бірте ықпалын тигізеді. Популяциядан жылдан-жылға бейімсіз особтары жойылып өз ұрпақтарын қалдырмай отырады. Сондықтан, бейімді особтардың ұрпақтары немесе сандары арта түседі. Алғашқы бейімділікті қамтамасыз ететін белгілер айқындана түседі. Олар күшіне мінген сайын бейімсіз формаларға жағдай қиындай түседі. Бұл үрдістегі өзгергіштік эволюциялық қозғалтқыш күш болып саналады. Ол басым түрде анықталмаған немесе генетикалық өзгергіштікке сүйенеді. Анықталмаған өзгергіштік түр түзілу үрдісінің әмбебап материалы болып саналады. Табиғи сұрыптаудың ең маңызды және басты шарты - ол сұрыптауға түсетін ағзаның популяциялық қалде болуы. Жеке ағзалық жағдайда табиғи сұрыптаудың әсері де эволюциялық мәні де көрінбейді. Ондай үрдістерден жалпы даму теориясын құратын идея алу мүмкін емес. Сондықтан, Дарвин теориясының басты материалы түр мен популяция болып саналады.
Табиғи сұрыпталу дегеніміз- өзінен сон ұрпақ қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайларына жақсы бейімделген даралардың тірі қалуы.
Ал қолдан сұрыптау – өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару.
Қолдан сұрыптау нәтижесінде үй жануарларының қазіргі тұқымдары, және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары алынады. Қолдан сұрыптау теориясының негізін салған Ч.Дарвин (1859). Қолдан сұрыптау табиғи популяцияның оқшаулығына және адамға қажетті белгілері бар организмдерді жеке шағылыстыруға немесе будандастыруға негізделген.

Айырмашылықтары:




Табиғи сұрыптау

Қолдан сұрыптау

Обьект

Популяция

Жеке дарақ

Әсер етуші фактор

Табиғат,қоршаған орта

Адам

Үдеріс жылдамдығы

Жүздеген немесе мыңдаған жылдар

Бірнеге жылдан 10даған жылға дейін

Тіршілікке бейімделу дәрежесі

Жоғары

Төмен

Критерийлері

Орта жағдайларына бейімделу

Адамның қажеттіліктеріне сәйкестігі

Нәтижесі

Жаңа түрлердің пайда болуы

Жаңа тұқымдар, сорттар, штаммдардың пайда болуы

Мысалы

Ағаштардың қабығы, діңі, жапырақтары қара құрымданып ыс басқан көптеген европалық елдердің индустриялы аймақтарында соңғы 100 жылда қошқыл реңді, бунақденелілер бозғылт реңді бунақденелілерді ығыстырып шығаруда. Мысалы, Англияда түнгі көбелектердің 70 проценттен астамы қошқыл бола бастады. Бұл процесс популяцияларда табиғи сұрыпталу әрекетінен денені жақсы қорғайтын реңге айналып, көбелектерді құстардың жеуінен сақтайды. Өнеркәсіптік емес аймактарда бұған керісінше қошқыл реңді особьтар популяцияларда басымырақ жойылады. Бирмингемде ауа ластануы кемігендіктен екі нүктелі қошқыл қанқыздар азайып кетті, өйткені құстар ақшыл заттағы бунақденелілерді тез байқап, көбірек жейтін болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет