2.Ценогенезнемесе эмбриондық бейімделу Ценогенез — организмнің эмбриондық және дернәсілдік дамудың тән жағдайларына бейімделуі. Ценогенез терминін ғылымға алғаш рет Э.Геккель енгізді (1866). Ол Ценогенез ұғымын өзінің биогенетикалық заңының тұжырымдамасында және алғаш рет организмдердің онтогенезінде, сондай-ақ, олардың ересек түрлерінің де дамуы кезінде кез келген өзгерістерді көрсетуде пайдаланылды. Геккель Ценогенез кезінде пайда болатын екі түрді өзгерісті ажыратты.
Гетеротопиялық ценогенез — жеке мүшелердің қалыптасуы кезінде қалыпты орналасқан орнынан басқа орынға ауытқып немесе жылжып орналасуы. Мыс., көп клеткалы төменгі сатыдағы жануарларда жыныс бездері эктодермалық не энтодермалық ұрық жапырақшаларынан, ал жоғары сатыдағы жануарларда — мезодермалық ұрық жапырақшаларынан дамиды.
Гетерохрониялық ценогенез — әр түрлі мүшелердің қалыпты қалыптасу уақытының өзгеруі. Мыс., жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда (төменгі сатыдағы топтарымен салыстырғанда) ішектің және жыныс мүшелерінің қалыптасуы ұрықтық дамуының соңғы кезеңдерге сәйкес келуі. Геккель гетерохрония кезінде екі түрлі өзгеріс болатынын атап көрсетті. Оның біріншісі жағымды немесе акселерация (жеделдеу), екіншісі — жағымсыз немесе ретардация деп аталады. Ценогенездің айқын мысалдары ретінде: құйрықсыз қосмекенділердің дернәсілдерінде болатын мүйізді “тісшелер” сүзгілі желбезек аппараты ересектерінде мүлдем болмайтынын; сүтқоректілердің ұрығының даму кезінде түзілетін қағанақ, хорион, сарыуыз қапшығы, ұрық жолдасы, т.б. ересек дараларында болмайтынын атауға болады.
Ценогенезді қазіргі көзқараспен түсіндіру үшін А.Н. Северцов өзінің филэмбриогенез туралы теориясында оны организмдердің таза эмбриондық және дернәсілдік бейімделуі деп жіктеді (1912). Ресей ғалымы Б.С. Матвеевтің (1889 — 1973) ұсынған эмбриоадаптация термині ценогенездің синонимі болып саналады.
Бейімделу механизмдерінің эволюциясы Бейімделу механизмдерінің эволюциясы бейімделу процесі немесе бейімделу генезисі эволюцияның негізгі мазмұнын құрайды. Ол әртүрлі деңгейлерде жүре алады: ағзаның құрылымы, оның мінез-құлқы, ұжым құрылымы. Осы деңгейлердің барлығында біртіндеп ауысуды байқауға болады