Биологиялық регресс кезінде даралар санының кемуі, ареалдың тарылуы және түрдің жойылуы байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша өсімдіктер әлемінде қырықбуындар мен шаңжапырақтардың, ал жануарлардан адамның іс-әрекетіне байланысты суыр, теңіз мысығынан биологиялық регрессі жүруде.
Ароморфоз. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейі мен атқаратын қызметін күрделендіре түсетін, тіршілік қабылетін арттыратын жалпы маңызы бар бейімділіктерді А.Н.Северцев морфофизиологиялық прогресс немесе ароморфоз деп атады. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет. Ароморфоз үнемі биологиялық прогресске әкеледі. Мысалы, омыртқалы жануарлардың дамуындағы ірі аромофоз қан айналу мүшелер жүйесінің эволюциясы болып табылады.
“Идиоадаптация” терминін 1931 жылы А.Н. Северцев ұсынған. Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі. Мысалы, жейтін жемінің және оларды табу тәсілдерінің түрлілігіне қарай құстардың тұмсықтарының әр түрлі болуы; масалардың паразиттік тіршілік етуге, өсімдіктің ұрығын таратуға, т.б. бейімделуі; пішіні әрқилы және алуан түрлі ортада тіршілік еткенімен ішек қуыстыларға жататын гидроидтар, маржан полиптері, ескектілер, т.б. өзінің қос қабаттық пішіні мен құрылымын сақтап қалуы, т.б.
2. Ч.Дарвин теориясының негізгі қағидалары
Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар:
Тұқым қуалайтын өзгергіштік,
Тіршілік үшін күрес
Табиғи сұрыпталудың
Ч.Дарвин эволюциялық қозғаушы күштерін, өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыптау деп есептеді. Оның пікірінше эволюцияның болуы немесе болмауы барлық тірі ағзалар белгілерінің әртүрлі бағытта өзгере алу мүмкіндігінде және бұл өзгерген белгідердің тұқым қуалауына байланысты болады. Белгілеуі өзгерген даралардың ішінде, тек қоршаған отаға бейімдеп гендері ғана аман қалады да, ал бейімделе алмағандары табиғи сұрыптау нәтижесін жойылып кетеді.