Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет120/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   248
«ЖҰРНАҚ»-ТЫ АМАН САҚТАЙЫҚ 
(ойласу ретінде) 
 
Қазақ тілі – жалғамалы тіл. Өзгергенде түбір сөзге «жал-
ғау, жұрнақтар» жалғаныб өзгереді. Мəселен: «балға» деген 
сөзді алсақ, аяғына «шы» жұрнағын жалғасақ, «балғашы» де-
ген туынды жаңа сөз болады. Сол сияқты «етік» – «етікші», 
«арқа» – «арқалық, «құнан» – «құнанша» деген сөздер сияқты. 
Бұлардың бəрі де түбір сөзге жалғанатын жұрнақтар. 
Ал жалғауды алсақ, о да осы сияқты түбір сөздің артынан 
жалғанып отырады. Мəселен: арба, арбаның, арбаға, арба-
ны, арбада, арбадан деген сияқтылар. Қысқасы, қазақ тілін 
байытып  отырған,  туынды  сөзді  көбейтіп  отырған  жалғау 
мен жұрнақ – екеуінің қасиеті. Сондықтан қазақ тілі жалғау, 
жұрнақтың əсерінен жазу жоқ уақытта да сөз аяғы өзгеріп, 
өркендеп отырды. 
«Жалғау,  жұрнақ»  тілге  қалай  болса,  солай  қосылмай, 
дағдылы заңға бағынып, жалғанған тілге сүрең беріп отыра-
ды. Қанша өзгеріп өссе де өз заңынан айрылмайды. 
Жалғанған жалғау түбір сөзге бағынып, кейде түбір сөз 
жалғауға бағынып, араларында үздіксіз белгілі заңы болып 
отырады. 
Жалғыз жалғау, жұрнақ емес, түбір сөзбен қатар айтыла-
тын демеулер де бағынып, өзгеріп кетеді. Мəселен, «бермек», 
деген  сөздің  түбірі – «беретін  шақ»  болуы  мүмкін.  Мұнан 
өзгеріп, «шақ»  деген  мезгілдік  үстеу  өзінің  əуелгі  қалпын 
өзгертіп,  түбір  сөзге  бағынып, «сек», «пак», «мек»  болып, 
«бересек», онан өзгеріп қысқарып, «бермек» болып кеткен. 
«Алашақ» та осылар сияқты. Мұнда «шақ» деген мезгілдік 
үстеулер  жалғанып,  етістікке  айналып  кетіп  отыр.  Бұған 
былай болуына дəлел: «берешек», «алашақ» деген сөз күні 
бүгінге дейін бар. Татар тілі де жалғамалы тіл. Кейде «ала 
тұрған  шақ»  деп  те  жібереді.  Осыған  қарағанда,  жоғарғы 
мысалдардың анық екеніне айқын сенеміз. 
Бұлардан басқа үйірлес сөздердің де ілгерісі кейінгісіне, 
кейінгісі ілгерісіне əсерін тигізіп отыратыны бар. Оның бұл 
арада айтып та керегі жоқ. 


311
Осыған  қарағанда,  қазақ  тілінде  өзгеру  жағна  қасиеті 
мол, пайдасы артық. Егер жалғау, жұрнағымыз түбір сөзге 
басқаша  жалғанып  кетсе,  тіл  заңына  үлкен  өзгеріс  тууы 
мүмкін. 
Тіл  заңының  бұзылуы  шексіз. «Жұрнақ»  түбір  сөздің 
артынан  келеді  деп  жоғарыда  айттық.  Сондықтан  жұрнақ 
түбір  сөздің  алдынан  келсе,  тіл  заңының  бұзылғандығы, 
қопармалы тіл болып кеткендігі. 
Жақын  арада  «Лениншіл  жас»  шазетінің  бір  санында 
Жақан  бір  өлеңінде  «Бейнамаз»  деп  қол  қойыпты.  Оның 
дұрысы  қазақшалағанда  «намазсыз»  деген  сөз. «Бей»  де-
ген парсыша. Ол қазақша «сыз» деген жұрнақ. Түбір сөздің 
алдына  «бей»  болып  қосылып  айтылатын  сөз  қазақша  көп 
кез келеді. Мəселен: «бейбақ», «бейуақыт», «бейқам», «бей-
қабар»  деген  сияқты.  Бұларды  «бақытсыз», «уақытсыз», 
«қамсыз», «қабарсыз» десе, тым жақсы емес пе? Бұлай жа-
зып дағдылансақ, əрі қазақшылаған боламыз да, əрі тіл заңын 
таза сақтаған боламыз. 
Бұл  сөздер  қара  халыққа  сіңіп,  төл  сөзі  сияқтанып  кет-
кен  сөз  деушілер  болар.  Бірақ  бұл  онша  көп  айтылмайды. 
Екінші, осы кездегі жазба əдебиетте аз айтылып, тозып келе 
жатыр. Мұны баспасөз жүзінде сақ болып, «бей»-ді қазақша 
«сыз» ұрнағына аударып, қадағалап отырсақ, жүре түзеліп, 
жоғалып кетеді. Тек жазушылар сақ болса болғаны. 
Мұнан  басқа  Сырдария  қазақтарында  сарттан  (парсы-
дан)  жұққан  «не», «на»  деген  жұрнақтар  бар.  Мұны  Сыр 
елі түбір сөзге жалғап айқтанда, «надұрыс», «неқалай» деп 
жұрнақты түбір сөздің алдына шығарып айтады. Бұ да «сыз» 
жұрнағы. 
Қазақшаласақ «дұрыссыз», «қолайсыз» деген болып шы-
ғады. 
Қорытып келгенде айтарым: парсының «бей», «на», «не» 
деген жұрнақтарын өзіне тастап, дəл келіп тұрған өзіміздің 
«сыз»  жұрнағымызды  алып  дағдылансақ  тым  жақсы  емес 
пе? Табылмаса онда амал жоқ қой. 
Балқай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет