Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет121/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   248
ЖҰРНАҚ САҚТАУЛЫ
(айтыс ретінде)
«Еңбекші  қазақ»  газетінің 41-санында  Балқай  жол-
дас  «Жұрнақты  аман  сақтайық»  деген  бір  мақала  жазыб-
ты.  Мақала  жазғандағы  мақсұты:  жалғау,  жұрнақты  аман 
сақтайық,  орынды  жеріне  жұмсайық,  орынсыз  жерге 
қойсақ, «тіл  бұзаризм»  дейді  дұрыс-ақ  тіл  бұзылады,  сөз 
шұбарланады. Бұған талас жоқ. 
Бірақ  Балқайшылаб  тіл  түзетсек,  сіңіп  кеткен  бір-екі 
жұрнақтан  қашсақ,  тіл  бұзылудың  көкесі  сонда  болады. 
Қазақтың ана тілін білетүн адам түбір сөздің қандай сөз еке-
нін біледі. Орнына қарай өзгерте алады. Бірақ тіл түзетуші 
жолдас түбір сөздің қандай болатұнын біле алмаған, өзінше 
түбір сөз тауыб алған.
Мəсалан, «бермек» деген сөздің түбірі беретүн шақ болыу 
керек,  шақ  деген  сөз  өзгере-өзгере  мезгілдік  үстеуге  айна-
лыб кеткен дейді. Мұнысы дұрыс па, бұрыс па. Тексерелік. 
Алған мысалын алайық: 
Бермек, мұның түбірі беретүн шақ бола ала ма? Бола ал-
майды. Бір сөздің түбірі екі сөз болмайды. Бір-ақ сөз болады
Бермек-тің түбірі бер деген сөзден шыққан. Берге, мек, шек 
сыйақты демеулерді қоссақ, екінші мағына аңғарылады.
Енді шақ дегенге келейік. Шақ деген сөзді мезгілдік үстеу 
дейді. Бұ да дұрыс емес; шақ дегеннің өзі түбір сөз. Жұрнақ 
жалғасақ,  екінші  мағына  шығады.  Масалан,  шаққа  ша-ты 
деген жұрнақтарды жалғап көрейік: шақша, шақты болыб 
өзгереді, болмаса осы сыйақты бір бұуынды сөз бақ дегенді 
алайық; бұған ша жұрнағын жалғасақ, бақша болыб, екінші 
мағына шығады. Осыған қарағанда мұндай сөздің өзі түбір 
сөз болу керек.
Екінші  қорқатұны  парыстың  бей  деген  сөзі.  Бұл  түбір 
сөздің  алдында  көб  кездеседі.  Оның  орнына  сыз  деген 
жұрнақты қойыб «бей»-ді тастайық дейді. Меніңше, бұл да 
дұрыс  емес. «Сыз»  деген  жұрнақ  бей  деген  сөздің  орнына 
жүре алмайды. «Бей» еріккеннен алынған сөз емес, тіл керек 
қылғаннан соң алған сөз.


312
313
Парсының  бей-ден  басқа  да  сөзі  көб,  оларды  алмай, 
«бей»-ді алыуында да бір негіз бар.
Енді «сыз» бен «бей»-ді бір сөздің алдына да, артына да 
тіркеб  көрейік.  Не  болыб  шығар  екен.  Мəсалан,  бейшара, 
бейбақ, байтараб деген сөздерге «сыз»-ды тіркеб, шарасыз, 
бақытсыз, тарабсыз дейік. Бұрынғы мағына аңғарылады ма, 
аңғарылған жоқ. Бейшара деген сөз шарасыз деген сөзге үш 
қайнаса сорпасы қосылмайды. Бейшара деп күнін көре алмай 
жүрген  қайыршыны  айтады,  болмаса,  аузынан  сөзі  түсейін 
деб  тұрған  жұуас  кісіні  де  айтады;  олай  болса, «сыз»  түкке 
тұрмайды, «бей»-дің орнына өмірде де жүре алмайды.
Екінші сөзі бейбақ. Мұның түбірі бақ. Бұған «сыз» деген 
жұрнақты қоссақ, бақсыз болады. Тағы бұрынғы мағынасы 
шықбайды.  Балқай  сыз  деген  жұрнақтың  алдынан  т  де-
ген  əрібті  қосыб,  тысыз  деген  жұрнақ  шығарыб  алыбты. 
Мұндай жұрнақты өмірімізде естігеніміз жоқ. Егер сыз-дың 
өзін қосыб айтсақ, бейбақты бақсыз, бейбітшілікті шіліксіз 
деб оқыймыз. Онда тібті сөз болмайды.
Менің қорытыб келгенде айтатұным: бей, шақ, на, не деген 
түймедей  жұрнақтардан  қорыққанша  түйедей,  маслыйқат, 
қақыйқат,  ақыйқат  деген  сөздерден  қорқуымыз  керек. 
Оның  орнына  Кеңес,  шындық,  растық  деб  өзіміздің  сөзді 
алуымыз керек. 
Мұндай сөздер байағы Міржақыбтың «Бақытсыз Жама-
лында»  жазылғандай  осы  күні  Мұстапаның  жазыб  жүрген 
сындарында көб ұшырайды.
Есен-ғалый


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет