Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет137/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   248
ОРЫСШЫЛАҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ
Біздің  жазушыларымыздың  көбі  орысша  оқығандар. 
Олар көбіне қазақшадан да орысшаға жетік. Жетік болмаса-
да жетікке ұсайды, жетік болып көрінгісі келеді.
Сондықтан олардың қазақша жазғаны да орысшаға ұсап 
тұрады; оны, жазушының өзі секілді орысша оқығандар ғана 
болмаса, қара қазақ түсіне алмайды.
Осы  кезде  бұрынғыға  қарағанда  əдебиет  жағынан  еде-
уір  алға  кеттік:  басылып  шыққан  кітептеріміздің  саны  бұ-
рынғыдан  мың  есе  артық,  газет,  жорналдарымыздың  саны 
онан да көп. Бірақ дұрысында біздің əдебиетіміз тек сан жа-
ғынан ғана алға басқан, сапасына қалғанда… мақтанарлық 
түгімізде  жоқ  деуге  болады.  Жазушыларымыздың  көбі 
орысша  оқығандар  болған  соң,  олардың  қазақша  жазға-
ны орысшаға ұсаған соң, – басылып шығып жатқан кітептері-
міздің де, газет жорналдарымыздың да тілі қазақша болмай, 
орысшылаған қазақ тілі болып отыр. Таза қазақ тілінде басы-
лып шыққан сөз өте аз. Олардың да көбі өлең мен жазылған 
көркем  əдебиет.  Оны  орысша  қазақ  тіліндегі  көп  сөзбен 
салыстырсақ:  жоқтың  азақ  алды  болады.  Сондықтан  сан 
жағынан  сұрапыл  алға  кеткен  əдебиетіміз  сапасы  аз  емес, 
мүлде жоқ, дұрысында жоқ да емес, қолындағы малы боры-
шынан анақұрлым кем сорлының борышы сықылды болады: 
10 кітептің біреуінің ғана тілі қазақшада, тоғызінікі орысша 
қазақ  тілі  болған  соң,  бір  қазақша  кітап  бет  орысша  қазақ 
тіліндегі бір кітеп екеуінің біреуінің пайдасы екіншісінің зи-
анын өтейді де, қалған сегіз кітеп таза зиан болып шағады.
Қазақ тілін іске асыратұн болсақ, қазақ əдебиетін күшей-
теміз десек: ең алды мен істің санын салмақтамай, сапасын 
ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің 
əлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін əуелі сол кемші-
ліктің қандай екенін білу керек.
Ол кемшіліктің бірі дыбыс жүйесі жағынан болатұн кем-
шілік. Жазушыларымыздың көбі қазақ тілінің дыбыс жүйе-
сін  елемейді:  орысшадан  алынған  сөздерді  болжытпай  дəл 
Мəскеу  орысының  айтуынша  жазады:  Мəселен  «Мəскеу» 
демей  «Москыва»  деп  жазады, «көменес»)  комунизим  йə 
«коммунист»  дейді.  Осықылды  сөздердің  көбі  ақ  білім  ке-
ңесінде  тексеріліп,  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесінше  қабыл 
алынған;  қазақ  білімпаздарының  сиезінде  ондай  сөздердің 
жалпы  негізі  де  ашылып,  тиісінше  қаулы  да  шығарылған. 
Сондықтан қазақша деп жазылған сөздерді қазақша жазып, 
қазақша айтып үйренгісі келген кісі оны оп-оңай ақ үйрене 
алса керек. 
Жалғау, жұрнақтарды елемегеннен болатын кемшілік жа-
зушыларымыздың көбі қазақша деп жазған сөзіне басқа тіл-
дердің  жұрнағын  жалғап  жібереді.  Мəселен  «социализм» 
деген сөз қазақша сатсиал деп қабылданған, сондықтан сат-
сиал деп сатсиал жолын жақтайтын кісі «сатсиалшыл болу 
керек». Бірақ  біздің жазушыларымыз олай демейді, – «са-
циалист» йə «сотсиалист» деп жазады, – қазақ тілінде «ист» 
деген жұрнақ жоқ екенін елең қылмайды. «техника» қазақша 
«текнике»  болса,  техникті  қазақша  «текникеші»  деу  керек 


358
359
қой. Бірақ біздің жазушыларымыз текникешіні де орысша-
лап  текник  деп  жазады.  Əдебиет  тілі  жалпы  қалықтың 
аузындағы  тілгеде  əсер  береді.  Əдебиет  бүтін  қалықтың 
тілін тəрбиелейді. Біздің жазушыларымыз текникешіні «тек-
ник»  десе,  қазақтың  тілін  «ші»  жұрнағын  жоғалтып  «жыл-
қышыны» «жылық» деп айтқызатын болып тəрбиелейді ғой.
Үшінші  кемшілік:  сөйлем  жүйесі  жағынан  болатын  кем-
шілік. Біздің жазушыларымыз сөйлем ішіндегі сөздердің ал-
дында  айтылатынын  артына,  артындағысын  алдына  əкеліп, 
сөздерін  орысша  тізеді. «Таймінер  жолдас»  деудің  орнына 
«жолдастай мінер» деу де сол кемшілікке келеді. Бұл туралы 
«қызыл Қазақстанға» айрықша мақала жазып едім, сондықтан 
мұным ережелерін қайта айтудың керегіде жоқ болар.
Төртінші кемшілік: жалпы кемшілік. Бұл кемшілік жазу-
шының  орысшаны  да  жете  білмегендігінен  болады,  я 
орысшаға  жетіктігі  асқынып  кетіп,  білім  буынына  түсіп 
кеткенінен болады. Мəселен «сорпаны ішемін» демей «сор-
паны  жеймін»  деушілер  бар, «бөркім  жарасады»  деудің 
орнына  «бөркім  жүреді»  дейтіндер  де  жоқ  емес, «өзеннен 
өту»  дегенді  «өзен  арқылы  өту»  дейтіндер  де  бар,  сол 
сықылды «сұрады», «өтінді», «түсіндірді» сықылды қазақша 
сөздердің  орнына  орысшылап  (йə  басқа  бір  тілмен  болса 
да  өзі  біледі),  «сұрау  қойды», «ұсыныс  қылды») «ұсыныс 
кіргізді»), «түсініс  берді»  дейді,  сіиездің  қаулысынша  деу-
дің  орнына  «сіездің  қаулысы  бойынша»  дейді.  Мұндай 
кемшіліктердің  əрқайсысы  өз  алдына  тексемесе,  барлығын 
бір  жалпы  ережеге  сыйғызуға  болмайды.  Бет – бетпетімен 
кеткен  былық  сөздерде  ереже  қайдан  болсын.  Дұрысында 
мұндай  кемшіліктерден  құтылу  үшін  дыбыс  жүйесі,  сөз 
жүйесіндегі ережелердің де керегі жоқ. Тек қана жазушының 
жазуын қазақша қылып шығаруға ниеті дұрыс болса болады. 
«Түсініс беру» сықылды ерсі сөздердің ерсі екені орысшаға 
жетік  жазушының  өзіне  де  бірден  сезіледі  ғой.  Сондықтан 
жазушы сөзін шынымен қазақша жазғысы келсе, орысшаға 
жетікте,  қазақшаға  шорқақ  екенін  көрсетіп  қалу  сықылды 
айрықша  ниеті  болмаса: «сұрау  қою», «өзен  арқылы  өту», 
«ұсыныс  кіргізу»  сықылды  сорақылық  білмегеннен  бол-
майды, ондай сөздердің қазақша ерсі болатынын білмейтін 
қазақ болмайды. Сондықтан ондай сорақылықты тілдің заңы 
жағынан тексерудің кəжеті де жоқ. 
Тайбағар
* * *
Біз «көменес» деген сөзді қабыл алсақ (олай деп алмасқа 
болмайды, – ол  сөз  қазақтың  өз  сөзіне  ұсап  кетті,  жалпы 
қалықтың  аузында  бар  сөз)  Коиммунизм  «көменес  жолы» 
мен  «көменесшілік»  болады:  коммунизм  деген  сөзде  екі 
мағына бар. бұл екі сөз сол екі мағынаға дəл келеді. Қазақ 
тілінде  «изм»  деген  жұрнақты  кіргізуде  тіл  бұзудан  басқа 
мағана жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет