Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет135/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   248
ФƏН АТАУЛАРЫ ЖАЙЫНАН
«Ақ жол» дың 416 ншы санында басылған білім камис-
сиасы жариялаған фəн атауларына мынау өзгерістерді ұсы-
намын:
1) жон – хребет
2) ұзындық шеңбер – долгота
3) ендік шеңбер – широта
4) жарыс шеңбер – параллель
5) өкиен – океан
6) дария – река
7) өзен – речка
8) атмосфер – атмосфера
9) атмосфер төгіні – атм. осадки
10) жауын-шəшін – слякот
11) ыстық белдеу – тропический пояс
12) акватр – акватор
13) суық белдеу – холод. пояс
14) тораңғы – осипа
15) терек – тополь
16) қарағаш – вязь
17) байтерек – белый тополь
Бұл мен ұсынған атаулар көп баяндауды керек қылмайды. 
Сондада қысқаша дəлелдерімді айтып өтейін:
1) Таудың ең биік қыр арқасын жон дейді.
2)  Сызық  дегеннен  шеңбер  деген  мəнге  толық.  Үйткені 
сызық түрлі болуы мүмкін. Шеңбер десек һəм сызық деген 
һəм қандай сызық деген бірден айтылады.
4)  Жарыс  шеңбер  деген  қатарсыздық  дегеннен  мəнге 
тура, түсінікке толық.
5) океан-ды дария деуге тіпті болмайды. Бұл жер жүзі қа-
был алған сөз, қазақшаға аударудың керегі жоқ. Жанада да-
рия деп біз река-ны айтамыз.
6) атмосфера-ны құр ауа деуге болмайды. Үйткені воз-
дух  да  ауа,  жана  бұл  сөз  бүкіл  жер  жүзі  қабыл  алған  сөз. 
Сондықтан қазақшаға аударуға болмайды.


352
353
Атмосферн. осадки дегенді атмосфера төгіні деу керек, 
үйткені жауын-шəшін деген слякот дегенге келеді һəм шы-
нында күн арайын көрсететін сөз.
11) тропич. пояс-ды ыстық белдеу деген ыңғайды. Үйт-
кені үйек деген сөздің бұған үйлесетін түк мəнісі жоқ (үйек 
деп малдың бауыр терісін айтады).
Ыстық белдеу, суық белдеу деген сөздер ауа қалпын һəм 
жерді айнала белдеулігін бірден білдіреді.
12 – 13) экватор-ды қазақшаға орталық шеңбер деп ау-
дарса болар еді. Бірақ жер жүзі қабыл алып отырғанда қазақ-
шаға аударудың қажеті жоқ. белбеу деп атау тым қисынсыз.
14 – 15)  тораңғы  мен  терек  аударысып  қата  жазылған 
болса мүмкін болмаса тополь деп һəр жерде ақ теректі ай-
тады, һəм мырза терек, бақа терек, байтерек (бел. тополь) 
деп түрліге бөледі.
16) вязь – Түркістанда қарағаш аталады. Шегіршінді мен 
өзім түсінбеймін. Сондықтан қарағайды ұсынып отырмын.
Тоқпақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет