Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет138/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   248
МЕТІР ӨЛШЕУІШТЕРІ
Метір өлшеуіштері елге əлі жат. Бірақ оған дағдыланып 
үйренбей  болмайды.  Метір  өлшеуіштері  бұл  кезде  үкімет 
жарлығы  мен  кіргізіліп  отыр.  Бұрынғы  кез  (аршын),  таяқ 
(саржан), шақырым, мысқыл, қадақ, бұттар қалып, енді олар-
дың орнына метір, сантиметір, кілометір, ғырам, кілоғырам 
сықылды өлшеуіштер шықты.
Метір өлшеуіштерінен бұрынғы шақырым орнына жүре-
түн кілометір. Кілометір шақырымнан аз – мүз кем (кемі 31 
таяқ да 1 кез).
Кілометірдің 1000-нан  бірі  метір  аталады.  Бұрынғы  кез 
орнына қазыр метір жұмсалады. Бір метір =1 кез алты жа-
рым бүршек болады.
Метірдің 10-нан бірі детсиметір болады.
Дестиметірдің 10-нан бірі сантиметір болады.
Бұрынғы қадақ орнына ұсталатұн өлшеуішіміз енді кіло-
ғырам болды (екі жарым қадақ шамасында).
Кілоғырамның 1000-нан  бірі  ғырам  аталады  (бір  ғырам 
ширек мысқылдан аз-мұз кем болады).


361
Метір  өлшеуіштерінің  есеп  жағынан  жеңіл  болатұны 
өзінен өзі анық. Бұрынғы мысқалымыздың 96-сы бір қадақ, 
қадақтың 40-ы  бір  бұт  болатұн;  Бүршіктің 16-сы  бір  кез, 
кездің  үшеуі  таяқ  (саржан),  мұның 500-ы  бір  шақырым 
болатұн.  Сондықтан  бұлардың  бірін  біріне  аударып  есеп-
теу  қиын  болатұн.  Мəселен, 240 мысқылдың  неше  қадақ 
екенін есептеу үшін не дəуір ойлап отыру керек; Иə 2 бұт 13 
қадақ 20 мысқылдың бəрін мысқыл есебі мен айтқанда не-
шеу болатұнын табу үшін толып жатқан есеп керек болатұн 
метір өлшеуіштерінің есебі ондай қиын болмайды. Оған ел 
бір дағдыланып алған соң есебі жүде жеңіл болады. Үйткені 
бұлардың бəрі де бірінен бірі ылғи 10 есе артық болады да 
отырады, мəселен:
10 сантиметір = 1 дестиметір.
10 дестиметір = 1 метір.
10 метір = 1 дека метір.
10 декаметір = 1 гектометір.
10 гектометір = 1 кілометір.
 Ғырам өлшеуіштері де солай:
10 ғырам = 1 декағырам.
10 декағырам = 1 гектоғырам.
10 гектоғырам = 1 кілоғырам.
Бұл өлшеуіштердің көбірек ұсталатұны: ұзындық өлше-
уіштерінен  метір  мен  сантиметір,  салмақ  өлшеуіштерінен 
ғырам мен кілоғырам.
Шаруаның  дүкеннен  сатып  алатұн  кездеме-маталары 
бұл күнде, бұрынғыдай кезбен өлшенбейді, метір, сантиме-
тірлермен  өлшенеді;  бұрын  қадақтаб  өлшенетұн  шай,  қант 
сықылды нəрселер енді ғырам, кілоғырамдармен өлшенеді.
Елдің бұл өлшеуіштерге көзі үйреніп жаттығып кеткен-
ше түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан біз бұл жаңа өлшеуіш-
тердің бұрынғы кез, қадақ бен салыстырғанда қандай бола-
тұнын да, ескі өлшеуіштердің мəні жаңаша қандай болатұнын 
келер жолы жазармыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет