Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет186/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   248
Үлгі сабақ (1)
Сөзден  сөз  шығарып  отырып, «вala»  туралы  бір  қысқа 
əңгіме қозғап баланың суретін тақтайға салғызамыз, не өзіміз 
саламыз,  немесе  даярлап  қойған  баланың  суретін  тақтайға 
ілеміз. Қолдан салған сурет жаман екен деп жерімеу керек, 
тек нобайы келсе, болғаны. Енді айтамыз:
«вala»  деген  сөзді  құрап  көрсете  алмайсыңдарма?  Ен-
деше,  мен  құрап  көрейін,  сендер  қарап  отырыңдар! – деп, 
кеспе əліппеден «вala» деп құрап, тақтайға тұрғызамыз, не 
қолға ұстап көрсетеміз.
Не деген сөз жасадым?
Алғашқы бөлімі (буыны) не? Екінші бөлімі ше?
Бері қараңдар! Мұнда не деген сөз бар екен? – деп, ұзын-
шақ  қағазға  ірі  қып  баспа  түрінде  жазылған  «вala»  деген 
сөзді көрсетеміз. Көздері қану үшін:
Мен  мынаны  қақ  бөлейін, -деп,  екі  буынның  арасынан 
қайшы мен кеседі. Екеуін екі қолына ұстап:
Оң қолымдағы не? Сол қолымдағы ше?
Буындарды  былай  қойып,  бір  балаға  кеспе  əліппеден 
«вala» деген сөзді құратады. Өзгелеріне: -дұрыс па? –деп сы-
натады. Бір баланы тақтайға шығарып, өзгелеріне дəптеріне 
«вala» деген сөзді құратып салғызады.
Қандай сөзді құрап үйрендік?
Неше буыннан құралған сөз екен?
Екі буыны бірдей естілеме? Екі түрлі ме?
Əуелгісі қандай буын? Екінші қандай?
Бері қараңдар! Мен мына буынды сермеп қалғанда, сен-
дер екінші буынын айтып жіберіңдер!
Не боп шықты?
Тағы қараңдар! («вa» ны оң қолынан ұстап) мынау не еді? 
(енді екі қолын артына жіберіп, «ва» ны сол қолына алып)
Мынау  немене? (даярлап  қойған  тағы  бір  «ва»  ны  оң 
қолына ұстап) 
Мынау не? Мынау не? (деп, екі қолындағы да «ва» екенін 
тапқызады).
Енді мен екі қолымды бірінен соң бірін сермеп қалғанда, 
сендер айтып қалыңдар.
Не сөз боп шықты («вава» болады ғой)
«вава» деп кімді айтады?
Енді бір қолына «la» ны ұстатып, алғашқы «вala» ны қайта 
пысықтатады. Содан кейін «вala» қып оқытып: -ондай сөз жоқ 
екен, деп, екі буынды кестенің екі торына апарып орнату керек.
Кесте жоғарыда көрсетілген тəрізді кереге көз сызылған 
ақ қағаз болу керек. Ол қағазды қабырғаға іліп қойып, жаңа 
үйреткен буындарды күндегісін күнде реті мен тізе беру ке-
рек. Ондай кестені балалар дəптеріне де сызып алғаны жөн. 
Қанша  буын  үйренгені  көрініп  тұрсын.  Бұл  терілген  сөзді 
бала сүгіретінің астына қойдырады.
Жазу. «вala» деген сөзді оқи білдік, құрап да көрдік, енді осы 
сөзді жазайық, деп, мұғалім тақтайға, балалар дəптеріне жазу 
керек (шынында сөзді кеспе əріп пен құраудың өзі – жазу).
вala, - вa - la, - в - a - l - a.


492
493
* * *
Екінші күні кеше қандай сөз, қандай буындар үйренгенін 
пысықтатып, жаңа сөзге көшеміз. Бұл жолы көп айтылатын 
бір бұйрық аламыз.
«oqь»! деген.
«oqь» ны екі бөліп, буындатамыз. Кешегі «вala» ға қылған 
дағдына  тағы  істейміз.  Буындарына  əбден  төселгенсоң, 
тыңнан сөз құратамыз. Ондай тың сөздер мыналар болу ке-
рек.
1) вala oqь, oqь вala, oвa, qьla, вaqьla
Жаңа буындарды кестеге орнастырып, жазуға кірісеміз.
2) вala oqь, вa-la oqь, в-a-l-a o-q-ь.
* * *
Үшінші күні балалардың тазалығын байқап отыру – мұ-
ғалімнің күндегі міндетті жұмысы ғой. Қолы кір, не сия бір-
лі-жарымды  бала  табылар  деп  есептеп,  осытуралы  азырақ 
əңгіме қылып, содан: – баланың қолы қандай? – деген сұрауға 
туралап  қолы  қара  деген  сөзді  аламыз.  Реті  келсе,  қолдың 
суреті салынар. Мақсұт: (қо, қа, лы, ра) жаңа буындарды біл-
діру. Буындарына көздерін, құлағын жаттықтырған соң, мы-
надай туынды сөздер құраймыз, құратамыз, тапқызамыз:
* * *
Төртінші күні. Үйренген буындарын бір рет сұрап шыққан 
соң, тағы бір əңгіме қозғаймыз, əңгіме əлде əйелдердің күзді-
күнгі жұмысынан ала бота жаққанына, немесе қолды сабын 
мен жуса таза болатынына, əйелдер сабын былғағанда сақар 
қосатынанан, сақар ала ботадан істетелетінін айта келіп ala 
вota деген сөзді аламыз. Ала ботаны көрмеген бала кемде-
кем. Əліппеде суреті де бар.
Күндегі дағды мен бұл буындарға төселдіргенде, туынды 
сөздер мына сияқты боп шығады:
Жазу:
ala вota, a-la вo-ta, a-l-a  в-o-t-a.
* * *
Бесінші  күні.  Мақсұт: «то» «ты»  буындары  мен  таны-
стыру, құс жайынан əңгіме қозғап, сөйлететін құс не екенін 
сұрап,  таба  алмаса, «тоты»  деп,  айтып  береміз.  Суретін 
көрсетсек, тым жақсы.
Туынды сөздер:
* * *
Алтыншы күні. Бір бұйрық аламыз. Ол – сана соны! Де-
ген болсын. 
«1)  бала  оқы, 2) бала  тоқы, 3) сана  соны»  деген  үш 
бұйрықты  үш  қағазға  жазып  қойып,  етпесінен  салып, 
таңдағанын  алғызып,  əр  балаға  алған  бұйрығын  оқытып, 
орындатсада жарайды. Туынды сөздер:


494
495
Жазу:
Сана соны, са-на со-ны.
Бұрынғыларға қосылады.
Соны  мен  бір  жұманың  ішінде  үйреткен  буындарымыз 
кестеде былай боп шығады.
Бір жұмада үйреткеніміз 17 буын, 10 əріп боп шығыпты.
* * *
Екінші жұмадағы сабақты түгел жазуға орын тар. Сондық-
тан қысқаша керектісін (деректерін) айтып өтеміз.
Бұл жұмадағы мақсұт: жоғарғы кестенің кетіктерін тол-
тыру, тұйық буындар мен таныстыру, жалғау қатыстырып, 
мəнілі сөйлем құрау, соны мен əр күнге алатын сөздеріміз:
Мына сияқты сөйлемдер жасап, оқытып, құратып, дағды-
ландырған жөн:
1- күні: бота не? Тоты не? Саны не? қане бала? Бала əне, 
басы қара, сары сақа, бота сөне…
2- күні: бала отыр, басы қотыр, қара татыр, саналы бала, 
бері қара, қара таны, тары сана, табаны сары, сараны қара…
3-  күні:  сен  де  оқы,  сен  бері  қара,  сен  сақа  сана.  Сақа 
қасенде, сен саналы бала…
4-  күні:  сенің  атың  Сара,  сен  Сараны  тара,  сенің  қатың 
қане?  Ананың  бетіне  қара,  баланың  сақасы  əне,  оның  беті 
сары…
5- күні: ананы бері бер, оны ала бер, бері сала бер, əкенің 
баласы  саналы,  сəке,  сен  бері  қара,  онысы  келеке,  төленің 
торы аты, əле ботасы – алалы…
6- күні: борды берді, сақаны алды, қараны борла, сары аты 
- қанаты, анасы баланы қолына алды…. –деген сықылды.
Екі жұмада үйеткен негізгі буындарымыз:
Тұйық буындар 
Екі  жұмада 35 буын, 13 əріп  үйреткен  боламыз,  тұйық 
буындарды  есепке  алмауғада  болады.  Қалайда  кестенің 
кетіктері тегістелейін деді. Жалғаулардан: қа, та, на, не, ны, 
де: ды, ке. Ның, тың, тап, бер, ал, тыр… лар кіреді. Ілік, ба-


496
497
рыс, табыс, жатыс жалғаулар мен ашық, бұйрық ырайлардан 
кіріпті, Мақсұт аздап орындалып келеді.
Бұл жұмада əуелі үйренген сөздеріндегі тұйық буындар 
мен  сөз  құрап,  сонан  кейін  тыңнан  тұйық  буындар  жасату 
керек, оның тəсілі былай болуға тиіс.
Оқушылар ala, al, taba, tab, beri, ber деген  тұйық,  ашық 
буындарға  көзі  қанайын  деді.  Ашық  буын  тұйық  болу 
үшін, аз ғана кілтең барлығын іші сезеді. Бірақ дəл қандай 
кілтең  екені  оларға  əлі  көмескі,  сол  кілтеңді  табуға  сəл 
көмек  көрсетсек,  бұлақтың  көзі  өзі-ақ  ашылмаспе  екен? 
Бəлкім ашылар. Оған бүйтеміз: «taba» деген сөзді оқытамыз. 
Бөгелмейді, оқиды, енді «tab» ты көрсетеміз. Оны да оқиды. 
Өйткені екеуін де алдында үйреттік қой, екеуін қатар қойып, 
кезекпе-кезек оқытамыз. Сүйтеміз де, «taba» ның соңғы «а» 
сын баса қойып – енді оқышы! – дейміз. Сөз жоқ, «tab» деп 
оқу керек. Оқи алмаса, мына жағында «tab» деген сөз тағы 
тұрғой. Соған салыстыртамыз. Айырма барма? – жоқ. – «tab» 
болу үшін не істедік? – соңғы əне біреуін баса қойық, алып 
тастадық. Дəл осындай қылып, «alа» мен «al» ды, «berі» мен 
«ber» ді салыстырамыз. Сол жетеді. Енді мына жұмбақтарды 
тапқызамыз:
Мұны əрі кеспе əліппеден жасатып, əрі дəптеріне жазғызу 
керек. Сөйтіп тұйық буын туғызу оп-оңай жұмыс боп қалады. 
Тұйық буындарды көбейткен сайын, түрлі жаңа сөздер жа-
сауға болады. Енді сөздерден мəнілі сөйлем, əңгімені қоздата 
беру керек. Барлық ашық буынды түгел үйрете беруде шарт 
емес.  Тұйық  буынды  өздеріне  тапқызған  сияқты,  мысалы, 
«қы,  ты,  ны»  буындары  мен  салыстырып  «бы»  буынын 
тапқызуға, «бо», «то» … мен салыстырып, «но», «ло» буын-
дарын жасатуға болады. Мұның бəрі бір күнде емес, əрине 
біртелеп, əбден нығайтып істелетін жұмыс.
Бұл  арада  бір  ескерте  кететініміз:  бұл  жұмада  «е», «к» 
дыбыстары таңбаларын əдейі кіргіздік. Себеп: «е» жаңа бу-
ындар  жасауға  жақсы,  жəне  ол  екеуі  сөзді  жіңішкертеді. 
Үнемі қатаң дауыстылар мен кетсек, сөздеріміз қатайып, сы-
реу, сірі боп кетеді. Анығында үйретуге оңай болсын деп, «г, 
к, е» лерді соңына қалдырып жүрміз. Əйтпесе өмірде бала, 
адам жіңішке, жуан сөздерді аралас сөйлейді ғой. Қат таны-
ту  баланың  сол  күндегі  сөйлеп  жүрген  сөзінен  алыстамау 
керек. Білетіндер осыны қолдап жүр.
Үшінші жұмада үйретілетін сөздерге мыналар нобайлай-
мыз:
Мұндағы  «дан», «ден»  шығыс  жалғаудыкі, «сін», «мін» 
етістікке керек: І, ІІ -жақ өзгелері жоғарыда үйретілген. Өзге 
егжейіне  тоқтауға  орын  тар:  Төртінші  жұманың  сөздерін 
нобайлайық.
Төртінші жұмада:


498
499
Осымен бір айдың ішінде барлық əріптер мен де, буын-
дар мен де таныстырған боламыз. Есептеп көріңіз. Жалғыз 
ақ  «в»  қалды,  жуан,  жіңішке  дауыстылардың  айырмасы 
қалды. Енді соған көшейік
1
.
Бесінші жұмада:
Сөйтіп, 2 жарым  айда  көп  болса,  үш  айда  қат  танытуға 
болады деген жобаны осы деректерге, осы жұмыстарға ша-
малап айтып едік. Енді бір ауыз өлең жаттату, жазғызу мен 
қат танытудың той тарқарын жасап, содан былай кітап оқыта 
беру керек.
ӨЛЕҢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет