Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет184/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   248
Декірелі əдіс
Бұл  күнгі  «тұтас  сөз»  əдісі, «көз  қол» (ойнамалы  ды-
быс)  əдісі, «буын»  əдісі. «сөз,  буын»  əдісі…  пəлен-түген 
деп  жүрген  көп  əдістердің  бəрі  Белгие  бапкері  Дерелінің 
əдісінен тараған əр алуан тармақтар… Бізде сол тармақтың 
біріне  жабыспақпыз.  Сондықтан  Декірелі  əдісінің  негізін 
сөйлеу артық болмайды.
Декірелі қат танытуға:
1) Көру (көз) қызметі,
2) Сөйлеу (тіл) қызметі,
3) Есту (құлақ) қызметі,
4) Тіл мен қолдың қозғалу қызметі,
5) Жазуды түсінуге, ойдың қызметі керек дейді.
Сыртқы сезімдердің ішінде құлақтан да көз шалымдырақ, 
мергенірек; сипау сезімінен соңғы сыртқы əлемнен қабары 
дұрыс, дəл жеткізетін көз дейді. Ана баласына:
– Тұр, бері кел, қолыңды көрсет! – десе, бала жалаң естіген-
діктен (құлақ пен) емес, көргендіктен (көз арқалы) орындайды. 
Көз бен көрсетіп ымдағанды құлақ пен естігендей бұлжытпай 
біле қоюға дағды керек. Көз бен берілген бұйрықтың құлақ 
арқылы берілген бұйрықтан жан жүзінде айырмасы жоқ. Жұ-
мыс  бір,  тек  мидағы  түсінетін  кіндік  басқа.  Бала  көргеннің 
мəнісін ұғу үшін, жазба бұйрықты көп беру керек.
Сөйлемнен  сөзге,  буынға,  əріпке  қарай  жылжи,  мəнісіз 
буыннан  мəнілі  қолма-қол  сөһйлем  ана  құрым  түсінікті. 
Əріп, дыбыс деген адам ақылының түббірлеп жүріп жеткен 
ең соңғы басқыш.
Сөзді бөлшектемей тұрып, бала ішінен оқысын, үйткені 
оқу-көз қызметі; оқуға тіл қозғалу шарт емес.
Алды  мен  бұйрықтан  баста:  бала  күнде  бұйрық  орын-
дау мен болады. «Тұр, отыр, кел, бар, оқы, сана, жаз, сүрт, 
қатарла…  тап…» – бəрі  бұйрық.  Бұйрық  баланың  өміріне, 
мүддесіне байланысты, қысқа болсын, жұре ұзарт əуелі оқу-
дан баста. Жазуды соң үйрет.
Сөйтіп келеді де, декірелі əдісін төрт кезеңге бөледі.
1. Кезең. Тілдей қағазға ірі əріп пен бір бұйрық жазыла-
ды. Балалар оны оқиды. Сөздің, сөйлемнің тұлғасы мен та-
нысады. Бұл дағды екі жұмаға созылады.
Бұйрықтан соң кіластағы нəрселердің аттары бөлек-бөлең 
қағаздарға  жазылады  да,  əр  нəрсенің  өз  үстіне  қойылады. 
Балалардың аттары да өз аспаптарына, киім-кешек, ыдыста-
рына, тізім қағаздарына жазылады, жапсырылады.
2.  Кезең.  Тілдей  қағаздағы  бұйрықтар  мен  нəрселердің, 
балалардың аттары жазылған бөлек-бөлек қағаздар балалар-
дың  қолды-қолына  үлестіріліп,  ондағы  жазулар  тақтайғада 
жазылады,  тақтайдағы  жазу  мен  қолдағы  жазуларын  бала-
лар салыстырады.
Жаттығуға  берілетін  ойындар: 1) тақтайға  бір  бұйрық 
жазылады. Ол бұйрық кімнің қолынан табыса, сол бала сол 
бұйрықты  орындайды. 2) тақтайға  нəрсенің  аты  жазылса, 
ол  сөз  қолынан  табылған  бала  қағазын  нəрсенің  өз  үстіне 
қояды. 3) Тақтайға кімнің аты жазылса, ол бала қағазынан 
тауып  алып, «мен»  деп  жұртқа  көрсетеді. 4) балаларға  кез 


486
487
келген қағазды алдырады. Кімнің аты шықса, соның қасына 
тұрғызады. Нəрсенің аты шықса, нəрсеге жапсырады (сала-
ды).  Бұйрық  алғаны  орындайды.  Мұндай  ойындар  толып 
жатыр.
Осының бəрінде бала жазу таңбаларын нəрсе мен, іс пен 
байланыстырып, салыстырып жаттығады.
3.  Кезең.  Сөздің  бəріне  танысқан  соң,  олардың  басын 
қосып,  қысқа  сөйлем  құратады.  Ол  сөйлемдерді  балалар 
дəптерінен сурет пен салады. Сөйлемдер белет қағазға жа-
зылады. Əр бала өз суреттеріне келетін белетті табады. Не-
месе сөйлем сөзге бөлшектеніп, жаңа жазулы тұтас сөйлемге 
қарап отырып, сөйлем құрайды. Əуелі қарап, артынан жатқа 
немесе балалар сөйлемді өз беті мен жасайды.
4.  Кезең.  Енді  жазуға  көшеді.  Əуелі  жазылған  сөзді, 
сөйлемді  көшіреді.  Əуелі  қарап,  соңынан  жатқа,  тақтайға 
күнде  бір  неше  сөйлем  жазылып,  көшіріліп  тұрады.  Бəрі 
бірдей  дəл  жаза-алмаса,  дəл  болғанша,  қайта-қайта  жазғы-
зады. Күнде бір жаңа сөйлем қосылып отырылады.
Сөздерді əбден білген соң, оларды іріктеп, кесте жасай-
ды. Дауысты буыннан басталатын сөздер бірыңғай, дауыс-
сыздан  басталатындар  бірыңғай,  бір  бөлек  іріктеліп,  жа-
ңа  үйретілген  буындар  қызыл  қарындаш  пен  (сиямен), 
бұрынғылар  қара  қарындаш  пен  жазылады.  Оларды  кесте-
ге орналастырып тізеді. Дауыссыздар қанша болса, кестенің 
жолы  да  сонша  болады.  Балалар  қалған  сөздерінің  суретін 
салады, көшіреді, сөйлем əңгіме құрайды.
Содан  кейін  бір  келкі  дыбыстары  бар  сөздер  іріктеліп, 
əр  бір  жаңа  сөз  кестеге  үлестіріліп,  талдау  жұмысы  баста-
лады.  Таныс  сөйлемді  сөзге,  буынға  бөлшектеп,  олардан 
қайта  сөйлем  құратады.  Немесе  тақтайға  бір  буын  жазып, 
ол  буынды  балалар  алдында  жатқан  (кеспе  əліппенден 
құралған) буындардан іздеп табады. Содан ол буын келетін 
сөздерді іздетеді, тапқызады. Қалаған буынды суырып алуға 
жарағанда,  баланың  қолына  кітап  беріледі.  Оған  дейінгі 
кітапы-күндегі істеп келген жұмысы.
Міне декрелі əдісінің негізі, кезеңдері, ісі осы сияқты. Біз 
декірелі əдісінің түрлі тармақтарын салыстырып, əр бірінен 
керегімізді алып, қазақ мектебіне қолайлы, оңайырақ деген 
əдісті көрсетпекпіз. Ол əдісті «Сөз буын» əдісі деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет