Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет189/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   248
Тіл бақылау (Тіл құрал)
Осы күнге дейін мұғалімдер тіл құралды жаттату мен жүр. 
Оған мұғалімдерді айыптауға болмайды. Өйткені өмірге, тұр-
мысқа жабастырылып, тəжірибеге сүйенерлік қып жазылған 
тіл  құрал  қазақ  тілінде  жоқ.  Мұғалім  біткен  өз  жанынан 
кітап  шығара  алмайды.  Бастауыш  мектептерге  арналып, 
тəжірибелік тіл құрал шығарылу керек
1
). Ондай тіл құралда 
керексіз  мақал,  өлең,  толып  жатқан  септеу,  жіктеу,  ереже-
лер  құжынамай,  баланың  күндегі  тұрмысына  керекті,  пай-
1
 Мектептегі жас балаларға арналып, быйыл «Тіл ұстартқыш»-тың екі 
бөлімі басылып жатыр. Басқарма. 
далы сөздер, жұмбақтар, мəселелер үлгі қылыну керек. Оқу 
кемесереті ондай тіл құралды шығарар деп сеніп, енді оқыту 
жөнінен азырақ айтайық.
Емле ережелерінен соңғы мұғалімнің бір бақылататыны: 
түбір сөз бен туынды сөз. Оны, мысалы, былай бақылатуға 
болады:  өткен  сабақтарда  көктем  жайынан  əңгіме  болған 
екен дейік. Көктемде күннің өсімдікке жан-жануарға кіргі-
зетін  өзгерісі  көп.  Содан  тұрғызып,  сұрау  береміз: 1) күн 
жылынғанда аспанның түрі қандай болады? 2) күннің пайда-
сы не? 3) күнге қарап өсетін қай жеміс? 4) күнгей деп қандай 
жерді  атайды? 5) Күндік  деген  не?  Балалардың  жауабын 
тақтайға былай жазамыз:
Күн жылынғанда, аспанның түрі көк болады.
Күнні пайдасы шөпті шығарады, малды тойындырады.
Күнге қарап күнге бағар өседі.
Күнгей деп төбенің күн жақ бетін атайды.
Күндік деген кемпірлердің жаулығы.
Басқы  (күн,  күннің…)  сөздерді  оқытамыз,  аяқтарын  ба-
қылатамыз;  өзгермей  қалған  бөлімін  (əріптерін)  сұраймыз; 
өзгермеген  бөлімнің  астын  сызамызда,  балаларға  сызықша 
мен бөлдіріп:
Күн
деп  жазғызамыз. Енді  «Күннің»
Күн-нің
«Күнге» дегенде не тақырыпты сөйленіп 
Күн-нге
түрден сұраймыз – күн туралы 
Күн-гей
дейді. «Күнгей»
Күн-дік
«Күндік» дегенде не туралы сөйленгенін айырамыз
«Күн» деген бөлім бұлардада бар ғой, мəнісі неғып өзгеріп 
кетті?» деп ойландырып, өзгеруге себеп болған «гей» «едік» 
деген бөлімдері екенін тапқызамыз. «Күн» деген бөлім «тү-
бір» деп аталатынын айтпай тұрып, ағаштың бұтағы, жапы-
рағы, қабығы қысты күні өзгеретінін, өзгермейтін бөлімі – 
тамыры, түбірі екенін тапқызып, соған салыстырып, сөздің 
де өзгермейтін бөлімі «түбір» деп аталады дейміз. «Күнгей», 
«күндік» туынды сөз екенін білдіреміз.
Екінші  жолы  жазған  бір  сөйлемнен,  өлеңнен  түбір  сөз-
дердің астын сызып көрсет деп тапсырамыз, енді бір ретте «көз» 


524
525
«құлақ» «жылқы»  сияқты  сөздерден  туынды  сөз  шығар-
тамыз. Немесе, «көзі мүкі адам көзіне… киеді», «екі құлағы 
бар бөрікті… деп атайды», «жылқыны… бағады» деген си-
яқты  туынды  сөзі  тасталып,  ноқатталып  кеткен  сөйлемді 
жазғызып, ноқат тұрған жердің сөзін тауып жаз деп тапсыра-
мыз, немесе бір қысқа сөйлемді айтамыз да, əр сөздің түбірін 
сұраймыз. Міне осы рет пен бақылатып, ұқтырсақ, түбір сөз, 
туынды сөз баланың өмірі есінен қалмастай болады. Өйткені 
еңбектеніп,  өзі  табады,  өйтіп  тапқан  білім  баянды  болмақ. 
Бұл тек мысал үшін.
Дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  үйрету  үшін, «пəлен 
бала сабақтан келе жатып, əн салды… «а, о, е…» дыбыста-
рын созып əндетуге болды, «б, т, ч, д, с… ғ…» лар созуға 
көнбеді деген сияқты бір əңгіме келтіріп, дыбыстары əндетіп, 
созуға көнбеді деген сияқты бір əңгіме келтіріп, дыбыстар-
ды  əндетіп,  созғызып  көріп,  сүйтіп,  дауысты,  дауыссызға 
айырамыз.  Үйретілетін  нəрсенің  ыңғайына  қарай,  жұмыс 
түрлену керек.
Осы  рет  пен  жалғау,  жұрнақ  келетін  сөздерді  салысты-
рып,  сөздің  мəнісін  «жұрнақ»  өзгертетінін,  жұрнақ  түбір 
мен жалғаудың арасында тұратынын, жалғау өзгерген мен, 
жұрнақ өзгермейтінін байқатуға болады.
Зат  есімді  білдірмек  болсақ,  суреттегі  нəрселерді  атата-
мыз,  бір-екі  ауыз  өлеңді  көшіртеміз,  сондағы  нəрсе  атта-
рының  астын  сыздырамыз,  не  теріп  көшір  дейміз;  неме-
се  үйлеріңдегі  нəрселерден 5 – 6-уының  атын  жазып  кел 
дейміз, сүйте жүріп, нəрсе аттары «зат есім» деп аталатынын 
білдіреміз. Тек əуелі деректі зат есімдер алыну керек.
Тілде не көп, етістік көп екенін, онысыз сөйлем кем бола-
тынын ол сөз бірдеңе еткенді білдіретінін бақылатып жүріп, 
етістік пен таныстырамыз, бірақ салғаннан «мынау етістік» 
деп, айтып қоймаймыз (толып жатқан «етіс», «ырай» ларға 
баланың миын шатастырмай, ең бастыларын (үшеу, төртеуін) 
алу керек.)
Сөйлем  мен  таныстырмақ  болсақ, «кеше …. Жауды», 
«бүгін …. Сабаққа келмеді», «Əбеннің ….. жоғалды» деген 
жұмбақ беріп, жоқ мүшелерін тапқызып жаздырамыз, немесе 
«қасқыр» қақпан», «түсбек» деген үш сөзді жазып қоямызда, 
қиуластырып,  сөйлем  жасатамыз, «қасқыр  қақпанға  түсті» 
боп жасалады.
Сол рет пен «не жауды? Кім келмеді? қақпанға не түсті?…» 
деп,  кім,  не  жайынан  сөйлегенін  сұрап,  бастауышты  үйре-
теміз.  Қалайда  мысалдарды  балаларға  қызықты,  күндегі 
сабақтан,  тұрмыстан  алып,  ермек  мен  еңбекті  араласты-
ра  жұмбақ  қатыстыра  жүріп  баланың  өзі  де  сезбей  біліп 
қалғандай қыламыз.
1  жылдан  əрі  үйреткен  сөз  таптарының,  жалғаулардың, 
сөйлем мүшелерінің желісін (ысқемесін) салдыруға болады. 
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет