Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет5/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
(жалқы  есімдер),бір-санар,  бір-тартар,  бу-тартар,  ат 
шабар, бес-атар, құс-қонбас, ит-кірмес, жел-кесер (жалпы 
есімдер). 
3. Дүдəмəлдігі ашылмастай орындарда сондай дүдəмəл-
дік ашылған орындағы тəжірибе бағытымен жазу. Мəселен: 
«аспан ба?», «асбан ба?» – дүдəмəл екен, жоғарыдағы ай-
тылған жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол  
сияқты сөздер өте көп болмағанмен, қазақ тілінде ұшырайды: 
дұспан-дұсбан, оқпан-оқбан, кетпен-кетбен, шекпен-шекбен 
тағысын тағылар. 
Бұларды «п» мен «б» дүдəмəл болған орындағы ашылуы 
ылғи «б» жағына болғандықтан, «б» - мен жазу. Түбін қарап 
тексергенде де, солардың көбі «б» - мен жазылуға тиіс болып 
шығады.  Мəселен:  «асбан», «дұсбан», «данышбан», «кет-
бен» деген сөздер «асман», «дұшман», «данышман», «кет-
мен» деген сөздерден шыққан: «м» дыбысы «б» дыбысымен 
алмасып  отырады.  «қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», 
«оқыбан»  секілді  сөздерде  «қақбан»  «қақба», «қақбақ», 
«өкбе», «обқан» дегеннен дыбыстары алмасу мен «б» дыбы-
сты сөз екені көрініп тұр. 
4.  «ы»  əрпі  бітеу  буындарда  да  қалмай  жазылу,  «қарт-
қарыт», «арт-арыт», «жұрт-жұрыт», «сырт-сырыт», 
«құрт-құрыт»  дегендегі  сызықша  мен  қосақтап  қатарлап 
қойған  сөздердің  айтылуы  бірдей  емес.  Бітеу  буынға  «ы» 
жазсақ,  бұлар  бірдей  жазылатын  болады:  бірдей  жазылса, 
бірдей естіледі деген болып шығады. 
5. «Асыу», «алыу», «барыу», «келіу» деген сөздерді «сұу», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет