Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет209/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   248
АНА ТІЛІНІҢ ƏДІСІ
Ана тілінің үйретуі əліб-биден басталады. Сондықтан ана 
тілін үйрету əдісі турасындағы əңгімені де əліб-би үйретуден 
бастаймыз. 
Жаңа əліб-би шыққалы екі жылдай болды. Оны шығар-
ғанда  екі  түрлі  əдіспен  оқытуға  да  болатын  етіп  шығарған 
едік. 
Ол екі əдістің бірі бұрынғы дыбыс əдісі еді де, бірі Əмір-
кан (тұтас сөз) əдісі еді. Дыбыс əдісімен оқытуға боларлық 
еткендегі  ой  бұл  əдіс  оқытушыларға  таныс  болған  соң, 
мұнымен оқыту бəрінің де қолынан келер дегендік еді. Əмір-
кан əдісімен оқытуға да боларлық еткендегі ой-мұғалымдар 
онымен таныс дегендік емес еді. Тек əміркан əдісін білетіндер 
оқытар, деген ой еді.
Əліб-би үйрету əдісі əр тілдің өзіндік қасиетіне, түзелген 
емлесінің жүйесіне қарай қолайлы, қолайсыз болатыны – үй-
рету əдісімен таныс адамдарға мəлім нəрсе. 
Жаңа  əліб-биді  мұғалымдар  қай  əдіспен  жүргізіп  жат-
қанынан қабар жоқ, жана да бұл əліб-бимен үйрету бұрынғы 
«Оқу құралы» деген əліб-бимен үйретуден қанша ауыр, же-
ңіл болды. Онан да қабар жоқ. Солай болған соң, ана тілінің 
əдісін əліб-бімен таныстырудан бастамай болмайды. 
Əуелі,  қалай  үйрету  əдісін  айтудан  бұрын,  үйрету  асы-
лында қандай іс, оның ішінде əліб-би үйрету қандай іс, ол іс 
жүзінде  қандай  тəсілдер,  əдістер  жұмсалған,  сол  жағының 
тарихынан  тамтымдап  аз-аздан  қабар  беріп  өту  қажет 
деймін. Олай дейтінім «балмен де болма, балсыз да болма» 
деген сияқты тариқпен де болу, тариқсыз да болу жарамай-
ды: тариқпен танысып, тариқ сабағының тəжірибесін көріп, 
іс жүзінде пайдалану адам əдісінің негізі болады. 
Үйрету деген өнер. Өнердің шені-шетіне ешкім жете ал-
майды:  Өнер  артыла  береді,  жетіле  береді.  Оны  осы  күнгі 
Өнерлі жұрттардың істері көрсетіп отыр. 
Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету бұ да өнер. Олай 
болса, басқа өнерлерде болған сындар мұнда да болмақ. 
Тіл үйрету дегенге оқу үйрету, жазу үйрету, сөйлеу үйрету 
кіреді. Сөйлеуді айрықша үйретпей-ақ, əуелі, ата-анасынан, 
онан кейін  айналасынан үйреніп біліп кетеді. Оқу мен жазу 
ондай емес, бұлар айрықша үйретуді керек қылады. 
Бұрынғы  заманда  оқусыз,  жазусыз  күнелтуге  болған. 
Үйткені оны керек қылушы аз болған. Керек болмаған соң, 
оқусыз,  жазусыз  күнелту  қиын  болмаған.  Бұ  заманда  оқу 
жазу  білетін  сауатты  адамдар  көбейген.  Сауатты  көбтің 
ішінде  сауатсыздың  күнелтуі  қиын; cебебі  сауатты  көбтің 
ішіндегі сауатсыз адам құлағы жоқ, тілі жоқ керең-мылқау 
күйінде болмақ. 
Сөйлеп жатқан көптің ішінде керең-мылқау болса, өзгелер-
дің айтып жатқан ойын тыңдарлық құлақ жоқ болса, өз ойын 
айтарлық тіл тағы жоқ болса, оның күйі жеңіл күй бола ма? 
Бұ заманда сауаттану кəдірі қанша екенін осынан шамал-
дауға  болады.  Сауаттану – мылқауға  тіл,  саңырауға  құлақ, 
соқырға  көз  бітіргенмен  бірдей  нəрсе.  Баяғыдан  бері  адам 
баласы жиған білім қазынасының есігі оқу арқылы, сауатта-
ну арқылы ашылады. 
Сондықтан  көптен-ақ  қалай  еткенде  оқу  мен  жазуды 
оңай үйрету болар екен, кəйткенде білім қазынасының есігін 
тілегенге  тезірек  ашып  беруге  болар  екен  деп,  шарасын 


576
577
іздеушілер болған. Түрлі тəсілдерді істеген, түрлі əдістерді 
қолданған. 
Біздің заманымызға дейін неше түрлі əдістерді тұтынып 
көрген.  Осы  күнгі  жаңа  əдіс  дегендердің  бəрі  де  бұрынғы 
əдістердің жаңа түрі. Үйлестіріп жаңа түрде құрастырғаны 
ғана болады. 
Тіл – тіршілік  құралы.  Тіл  үйрету  (оқу,  жазу,  сөйлеу 
үйрету  мағанада)  сол  тіршілік  құралын  жұмсауды  үйрету. 
Олай болса, тіл үйрету өнері тұрмыс өнері болмақ. Тұрмыс 
өнері өзінің тұрмыстағы байласҚан нəрсесінің түріне қарай 
тұрмыспен бірге өзгермек. 
Тұрмыс өзгеруі дегеніміз – тұрмыс өнерінің тəсілі өзгеруі 
болады.  Оның  мыйсалы  машинаның  тетігі.  Жаңадан  табы-
латын машина тетігі аз болады. Жаңа машина дегенде оның 
тетігінің  көбі-ақ  бұрынғы  тетіктерді  жаңа  түрде  жанасты-
рып, жаңа түрде үйлестіріп, құрастыру болады. 
Тіл үйрету тұрмыс өнері болған соң мұның да тəсілдері 
машина  тетіктері  сияқты  тұрмыс  керек  қылуынша  өзгеріп 
тұрады.  Бірақ  өзгергенде  бүтіндей  тəсілдерінің  бəрі  жаңа-
ланбайды. Жаңасы аз болып, көбі бұрынғы тəсілдердің жа-
ңадан жанастырып, үйлестіруі болады. 
Машинаның тетігін де, басқа өнердің тəсілін де керектік 
туғызады. Керектік іс істетеді. Іс тəсіл іздетеді. Тіршілік ке-
рек  қылмаған  жерде,  тек  қиялмен  табылған  тұрмыс  тəсілі 
жоқ. 
Істі тұрмыс жүзіндегі керектік табады, тəсілді іс жүзіндегі 
жұмыс табады. 
Оқуды тұрмыс керектігі тапқан. Оқыту əдісін оқыту жұ-
мысы  тапқан.  Адам  баласы  оқуды  керек  қылғаннан  бері, 
оны  үйрететін  адамдар  шыққаннан  бері  толып  жатқан 
тəсілдер  табылған  болар,  толып  жатқан  əдістер  жұмсалған 
болар.  Олардың  бəрімен  таныстырудың  қажеті  де  жоқ, 
олардың  көбінің  тариқ  жүзінде  табы  да  қалған  жоқ.  Біздің 
анық  білетініміз – бергі  замандарда  болған,  тариқы  мəлім, 
қатта  шет  жағасын  өзіміз  көрген  əдістер.  Солардың  бəрі 
болмағанмен,  басты-бастыларымен  мұғалымдарды  таныс-
тырып өтуді керек деп білемін. «Алдын дария, артын жар» 
қылып қамаған сияқты бір ғана əдіспен таныстырып қоймай, 
керек орында түрлі жолмен өрлеп шығарлық еткен сияқты, 
əдіс жолының талай тарауларымен таныстырып өту керексіз 
нəрсе болмас деймін. 
Сондықтан келесі əңгімеміз, əуелі, əліб-би үйрету əдісінің 
жалпы түрлері тақырыпты, онан кейін жалқы түрлері тақы-
рыпты.  Солардан  соң  барып,  Қазақ  əліб-биін  қалай  үйрету 
тақырыбты болмақ. 
Баяғыдан бері адам баласының тұтынған үйрету əдістері 
толып жатыр. Солардың əншейін түрі қаншама көп болған-
мен,  негіз  түрі  көп  болмайды.  Негіз  түрінің  басқалығына 
қарай үйрету əдістері былай бөлінеді: 
1)  кей  əдістердің  негізі  қосу,  жинау  болады.  Барша  ол 
негізді  əдістер  жалпылау  (синтез)  немесе  жиылыңқы  əдіс 
деб аталады; 
2) кей əдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді 
əдістердің  бəрі  жалқылау, (анализ)  немесе  айырыңқы  əдіс 
деп аталады;
3)  кей  əдістердің  негізінде  қосу  да,  талдау  да  болады. 
Ондай  əдістер  жалқылаулы-жалпылау  немесе  айырыңқы-
жиылыңқы деп аталады. 
Енді осы əдістердің əрқайсысының негізімен де, əр қай-
сысында болған тəсілдер түрлерімен де жақынырақ таныс-
тырып өтейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет