Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет211/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   248
жа... дегізіп жаттатқан. Сонан соң сол буындардан сөз жа-
сап, оқытқан. Мəселен, бата, бапа, бажа... деген сияқты. 
Бұл    тəсіл  шапшаң  оқуға  сеп  болған.  Бірақ  буындар  не 
үшін  олай  айтылатынын  білмей  жаттау – мағынасыз  жат-
тау болып, балаларды жалықтыру жағынан қолайсыз болып 
шыққан. 
Қалайда  əріпшіл  əдіс  (əріпке  əріп  қосып  оқу)  ақсаса  да, 
қалмастан 19-ғасырдың  ортасына  дейін  келеді.  Дыбысшыл 
1
 Базедүб 1723 – 1790 жылдарда болған адам
2
 Песталотсый 1746 – 1827 жылдарда болған адам
əдісті қолайлаушы пікір, оны қолдаушы адамдар ерте заман-
да-ақ  шыққан.  Бірақ  əріпшіл  əдіске  үйреніп  қалғандықтан, 
оған көпке дейін жол тимеген. 
Дыбысшыл əдіс туралы сөз көтеруші – неміс тіл құралын 
шығарған  Ійкелзамер  деген  адам.  қйкелзамер 16 асырдың 
адамы.  Оның  дыбысшыл  əдісті  қуаттағанда  айтатыны  мы-
нау: «Оқу деген əріптерді атау. Мұны бірақ əріптерді бе, те, 
се...  деп  атаушылар  түсінбейді,  үйткені – олардың    үйдеп 
атайтындары əріп емес, буын. Əріптерді олай буын түрінде 
атап оқу үйрену көп уақыт алады. Үйреткенде əріптің аты-
мен  үйрету  керек  емес,  сол  əріптің  дыбысының  затымен 
үйрету  керек.  Дыбыстың  затын  таныту  үшін  қай  дыбыс 
қалай  шығатын  жолын  түсіндіру  керек.  Мəселен  «б»мен 
«п»-ны айту үшін ауызды жұмып, бірінде ерінді бір-біріне 
босырақ қосу, бірінде қаттырақ қосу. «Т» мен «д»-ны айту 
үшін  тілді  тістің  етіне  апарып  қосу,  басқаларын  да  сол 
іреуішті түсіндіру керек» дейді. 
Ійкелзамерше  үйрету  сөздердің  дыбыстарын  айырудан 
басталарға  керек,  сонан  кейін  əріптер  сол  дыбыстардың 
белгісі түрінде көрсетілерге керек. 
Ійкелзамер əдісі нағыз дыбысшыл əдіс болғандығы, оны-
мен  оқыту  ежіктетіп  əріп  қосқызып  үйретуден  көп  жеңіл 
болатындығы да көрініп тұр. Бірақ заманында əріпшіл əдіс 
дəуірлеп  тұрғандықтан,  жұртты  ерте  алмаған;  сол  күйінде 
қалып қойған. Онан кейін 300 жыл өткеннен соң барып, ды-
бысшыл  əдісті  балабапкерлер  Ійкелзамерсіз  өз  беттерінен 
тапқан. 
18-асырдың  аяғынан  бастап  дыбысшыл  əдіс  жұртты 
өзіне  қарата  бастайды.  Əліпшіл  əдісті  сырып  бірте-бірте 
істен  шығара  бастайды.  Дыбысшыл  əдістің  қуаттанып, 
дəуірлеуіне заманында Германиеде ашылған семенериелер-
ден шыққан жақсы əдіскерлер себеп болған. Семенериелер-
де түрлі əдістер қаралып, іс жүзінде сыналып, тəжірибелер 
жасалған. Сондықтан онан шыққандар жақсы əдіскер болып 
шығатын  болған.  Бір  заманда  үйрету  əдісінің  үлгісін  жұрт 
біткен Германиеден алатын болған. 


582
583
Ең əуелі, дыбысшыл əдістің асылын анықтап, түсіндіріп, 
артықтығын көзге көрсетуші  Істепаны
1
 деген кісі. Бұл бұ-
рынғы əдістердің мінін айта келе  қоятын бір кінəсы мынау: 
Бұрынғы  үйрету  əдістерінде  дыбыс,  əріп,  əріп-аты  айы-
рылмаған. Мұның үшеуі өз алдына үш нəрсе деп танылмаған 
дейді де, əрқайсысын баяндап түсіндіреді. 
Оның  түсіндіруінше,  дыбыс – дауыс  түрлері.  Əріптер – 
сол дауыс түрлеріне арналған белгілер. Əліб, би, ти... – сол 
белгілердің аттары. Дыбысты айтуға болады. Айтуға болған 
соң естуге де болады. Əріптерді айтуға да, естуге де болмай-
ды, тек көруге болады. Оқығанда əріптердің атын  айтпай-
мыз, көрсетіп тұрған дыбысын айтамыз. Оқу күй есебінде, 
ауыз домбыра есебінде, əріптер нота есебінде. Қай пернені 
басу керектігін гана көрсетеді дейді. 
Істепанше  оқу  үйрету  былай  болу  керек.  Мұғалым, 
əуелі,  дауысты  дыбыстардың  əріптерін  алып,  əр  қайсысын 
көрсетіп,  қайсысы  қалай  айтылатынын  білдіреді.  Үз  үшін 
əріпке сəйкес дыбысты өзі айтады. Айтқанын балаларға да 
айттырады.  Дауысты  дыбыстардан  кейін  дауыссыз  дыбыс-
тарды, айтуға жеңіл-ауырына қарай топтап береді. Алдыңғы 
тобына  шала  дауыстылар  кіреді,  екінші  тобына  дауыссыз 
дыбыстар,  үшінші  тобына  дауыссыз  дыбыстардың  жазуға 
Іиындары кіреді. 
Балалар  бір  табымен  танысып  болғаннан  кейін  оларды 
дауысты  дыбыстардың  əріптерімен  таныстырып  жатықты-
рады.  Қосуын  мұғалім  айтып  бермеске  керек.  Балалардың 
өздері  қосу  керек.  Мəселен,  екі  əріпті  қосып,  буын  жасау 
керек екен. Мұғалым соңғысын басып тұрып, алдыңғысын 
созып айтқызады. Созуын соңғы əріпті ашқанша қоймайды. 
Созудың өзі де бір ғана ірет емес, бірнеше ірет істелмек. Əуелгі 
іретте ұзақ, онан соң қысқарақ, онан кейін алдыңғыдан көрі 
қысқарақ,  ақырында  тіпті  қысқа.  Оны  Істепаны  сызықпен 
былайша көрсетеді: 
М   - - - - а
М   - - - а
М    -  -  а
М    -  а
1
 ңстепаны 1761 – 1850 жылдарда бол¦ан адам
Егерде  əріп  созуға  келмейтін  дыбыстікі  болса,  мəселен 
б,  п,  т...  cияқты.  Ондайдың  дыбысын  бала  соңғы  əріпті 
ашқанша қайта-қайта айта бермек. 
Буынды оқи білгеннен кейін сөз оқуына түспек. Осымен 
жалпылау əдістің тариқын тоқтата тұрып, келесі жолы басқа 
əдістердің тариқын сӨйлеп өтпекпіз. 
Ақымет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет