Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет212/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   248
ЖАЛҚЫЛАУ (АЙЫРЫҢҚЫ) ƏДІС
Жалқылау  əдіс  жалпылау  əдіске  қарсы  жөндегі  əдіс. 
Жалпылаудың  асылы  ұсақтан  ірілету  болса,  жалқылаудың 
асылы іріден ұсақтату. 
Жалқылау  əдістің  жалпылау  əдістен  артықтығын  қуат-
тайтын пікір 18 ғасырдың туады. Бастап туған жері Пыран-
сы.  Бастап  қуаттанушылар  бұл  əдістің  артықтығын  былай-
ша  дəлелдеген:  бір  нəрсемен  баланы  таныстырғанда,  оның 
бөлімдерінен  бастап  таныстырмаймыз,  тұтас  тұрған  тұлға-
сында таныстырамыз. Мəселен – шапанмен таныстырғанда 
жеңінен, жағасынан, етегінен, өңірінен бастап таныстырмай-
мыз.  Шапанның  өзін  алып  таныстырамыз.  Оқу  үйреткенде 
де сөздің əріптен, буыннан бастамай сздің тұтас тұрған тұл-
ғасынан бастап үйрету керек дейді. 
Былайша  оқу  үйрету  үшін  əліп-би  кітабы  болсын,  басқа 
кітаптар болсын – бірі де керек емес. Түсінікті сөздерді алып, 
балаларға  көрсетумен  балалар  сөздерді  танып,  оқып  кетеді. 
Мағанасыз əріптерді, ежіктерді жаттаудан мағаналы сөздерді 
жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді болады дейді. 
Пырансыда мұндай пікір туып тарай бастағанда немістер-
де де осы пікірге келушілер болады. 
Неміс əлімі Гедике
1
 деген жалпылау əдісін қуаттанушы-
ның бірі болып пікір таратады. Ол қуаттағанда былай дəлел-
дейді:  дүние  танып,  білім  білуіміздің  бəрі  жалқылау  əдіс 
жолымен  болады:  дерексіз  заттан  деректі  затты  бұрын  та-
1
 1745 – 1803 жылдарда болған адам. 


584
585
нимыз, мүшелер мен тұтас тұлғасын бұрын танимыз. Балаға 
оқу үйрету де сол жолмен болу тиіс. Оқу үйрету балаларға 
түсініксіз  əріп  сияқты  дерегі  кем  нəрседен  басталмай 
түсінікті тұтас сөзден басталу керек дейді.
1791-жылы Гедике тұтас сөзбен үйрететін əліп-би кітабын 
шығарады.  Бес  жасар  қызын  сонымен  үйретіп  үш  айда  са-
уатын ашып, кітап оқитын етеді. Үш айда сауат ашып кез-
келген сөзді оқи білерлік ету о заманда болмайтын оқиға. 
Бір əріпті үйрету үшін бірге дикенеше сөз алады. Мəселен 
«а» ны үйрету үшін бізше болғанда мынадай сөздерді алған: 
ар, азық, арғын, ас, ақыл. 
Кітаптың бірінші бетіндегі бірінші жолдағы сөздер осы-
лар болмақ. Басқа жолдарындағы сөздер басқа болмақ, бірақ 
олардың ішінде «а» əрпі болмақ. Бұлардың «а» сы басында 
келмейді,  ортасында,  аяғында  келеді.  басында  «а»  келетін 
анау сөздер өз алдарына бір жол болып, екі-үш жолдан кейін 
қайта-қайта келіп отырады. Елеулі болу үшін «а» əрпі бірде 
қызыл бірде қара бояумен басылған. 
Үйрету  тұтас  сөзді  оқудан  басталады.  Мұғалім  бірінші 
жолдағы  сөздерді  бір-бірлеп  көрсетеді,  оқиды;  балалар 
көрсеткеніне қарап мұғалім айтқанын олар да айтады. Солай 
етумен  балалар  əлгі  алған  бір  жолдағы  бес  сөзді  əбдан  та-
нып көрсеткенде айтарлық, айтқанда көрсетерлік даражаға 
жеткенде, сөздің буынын айыруға түседі; онан əрі буынның 
əріптерін айыруға түседі. 
Оны былай істеген: мұғалім бірінші сөзді алып «а-р» деп 
екеуін қоспай жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айты-
лып тұр деп сұрайды. Сонан соң əр бөлімін бөлек айтқызады. 
Екінші,  үшінші,  төртінші,  бесінші  сөздерді  де  солай  етеді. 
Бəрінің де басындағы дыбысы бірдей болып, басқаларанікі 
ондай болмаған соң, «а» дыбысы айырықша болып шығады. 
Сонда  бұл  дыбыстың  əрпі  мынау  деп  «а»  əрпін  көрсетеді. 
Басқа сөздерге де, басқа əріптермен таныстырғанда істейтін 
тəсілі  осылай  болған.  Балалар  бір  беттегі  сөздерді  танып, 
оқырлық даражаға жеткенде екінші беттегі сөздерге түскен. 
Мұның тəсілі жеке балаларды оқуға жараса да, мектепте көп 
баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан. негізгі кемшілігі 
сөзді  жаттату,  сөз  əріптен  буыннан  мағаналы,  балаларға 
түсінікті  болғанмен  не  үшін  былай  «ат»  етіп  сызған  нəрсе 
ат болып оқылуға тиістігі, онысы балаларға түсініксіз. Сон-
дықтан  бұл  əдіс  те  іске  асып  жарымайды.  Бірақ  жалқылау 
əдіс пікірі өшпейді. 
Жалқлау  əдіске  жан  беріп  күшейткен  атақты  пырансоз 
оқытушысы Жақото
1
. Жақото – үйрету асылында үйренуге 
дағдыландыру  дейді.  Баланың  үйрену  талабын  қоздырса, 
білімнің  бəрін  басқаның  көмегісіщ  өзі  ақ  алады.  Балаға 
талаптылық  тəрбие  беру  үшін  басынан  табиғат  жолымен 
үйрету керек. Табиғат  жаратқан нəрсесін тұтас түрінде жа-
ратады. Табиғат нəрсесін адам да əуелі тұтас түрінде түйеді. 
Бала оқытушы осыны дəйім есінде сақтау керек. Балаға əн 
үйретпек болсақ, əуелі дауыстың түрін (нотасын), дауыстың 
даражасын (тонын), сонан соң барып əнді үйретер ме едік. 
Əуелі əннен бастап үйретер ме едік дейді. Баланы өсімдікпен 
таныстырсақ,  гүлінен,  жапырағынан  бастап  таныстырамыз 
ба? Айуан мен аныстырсақ, сүйегінен бастап таныстырамыз 
ба? Тұлға түрінде алып таныстырамыз ғой. Бала үйреткенде 
сол  жолмен  үйрету  керек.  Нəрсені  бөлшегінен  бастап 
үйретпей,  тұтас  тұлғасынан  бастап  үйрету;  дерексіз  заттан 
бұрын деректі затты алып таныстыру дейді. 
Мұнын  да  дəлелі  алдыңғылардікіндей;  бұ  да  əліп-би 
кітабы  керек  емес  дейді.  Бала  үйретуге  айрықша  кітаптың 
керегі жоқ; кез келген кітап жарайды. Кез келген кітаптың 
бір  бетін  алып,  соның  ішіндегі  сөйлемдерді  оқытып,  олар-
ды сөзге бөліп оқытып, сөздерді буынға бөліп оқытып, бу-
ындарды  əріпке  бөліп  таныстырса,  сонымен  бала  оқуды 
үйреніп  алады.  Үйткені  əліп-би  əрпінің  бəрі  кітаптың  бір 
бетінен табылады дейді. 
Жақотоның əдісін өзгертіңкіреп осы күнде де қолданып 
отырғандар да бар. Əміркəн əдісі деп айтып жүрген əдістің 
негізі Жақотонікі. 
Жақотоша үйрету іреті былай болмақ: 
Кітаптың алған бетіндегі əуелі келетін, мəселен мынадай 
сөйлем екен – «қалаға жақын жердің бəрі жиын». 
1
 1770 – 1840 жылдарда болған адам. 


586
587
Осы сөйлемді мұғалім кеспе əріптен жасап, тақтай бетіне 
тізіп ұойып, дауыстап əр сөзін қолмен көрсетіп оқиды. Со-
нан соң оны балалар оқығанда бəрі дауыс қосып көптеп те, 
жеке де оқиды. Жана да қалыпты ретпен оқымай сөзді есеп 
қосып былайша оқиды:
Қалаға 
Қалаға жақын
Қалаға жақын жердің
Қалаға жақын жердің бəрі 
Қалаға жақын жердің бəрі жиын. 
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі кез келген сөзді 
танып айтатын болғанша істеледі. 
Сонан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе əріптен 
буынға бөлген тұрде бөлек шығарып қояды да, буын буыны-
на бөлгілеп оқиды. Балаларға да солайша оқытып, сөз неше 
бөлініп  айтылатынын  айтады.  Сөздің  бəрін  солай  оқытып, 
солай  айттырып  болғаннан  кейін  пəлен  буынды  түлен  бу-
ынды көрсет дейді; пəлен буын қай сөзде, түлен буын қай 
сөзде деп сұрайды. Пəлен буыны бар, түлен буыны бар сөзді 
көрсет дейді. Пəлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсы де-
ген сияқты сұраулар болады. 
Сүйтіп,  бір  сөйлемнің  өзінде  балалар  бунның  бірнеше 
түрлерімен  танысып  қалады.  əріппен  таныстыру  үшін  де 
істейтін тəсілі осы. Бір буында алып мəселен «ла»ны алып екі 
арасын ашық қойып, арасын бөліп оқиды. Балаларға оқытады. 
Неше бөлініп айтылатынын сұрайды. Басындағы аяғындағы 
əріп əрқайсысы не деп аталатынын айтады; оқығанда қалай 
айтылатынын  айтады.  Сонан  соң  білген  əріптерін  басқа 
сөздрден  тапқызады.  Сонан  əрпі  екінші,  үшінші,  тағысын 
тағы буындарды алып, істейтін ісінің іреті осылайша болады. 
Бір сөйлемді солайша үйретіп болғаннан кейін басқаларын 
алып,  солайша  үйретеді.  Жалғыз  қойылатын  шарт – бала-
лар үйренген нəрсесін нық білу; ол үшін оқу сабағын дəйім 
басынан  бірінші  сөйлемнен  бастап  отыру;  жаңа  сөйлемді 
оқытуға алғанда ішінде келетін бұрынғы таныс буындар мен 
таныс əріптерді балалардың өздері көрсету керек. 
Сүйтіп, он шақты сөйлемді оқи білген кезде балалар бір 
жағынан əріптерді, бір жағынан буын түрлерін танып алып, 
бір  жағынан  оқуға  жаттығып,  əрмен  қарай  өз  беттерінен 
оқуға жараған. 
Жақото оқытуға ұста, əдісінде шеберлік толық болғанмен 
Гедикенің əдісіндегі кемшіліктен бұ да құтыла алмаған. Ол 
кемшілік – оқыған сөздерін балалар неге солай оқылатынын 
білместен  жаттау.  Ол  кемшілігіне  қарамай  Жақотоның 
əдісі тəуір-ақ жайылған. Немістер Жақото əдісінің мəнісіне 
түсінгеннен  кейін,  Жақотоның  əріпті  əдісін  дыбысты  əдіс-
ке  аудару  шарасын  қарастырады.  Сүйтіп  бір  заманда  ды-
бысты  жалқылау  əдіс  пен  дыбысты  жалпылау  əдіс  екеуі 
қатар өркендеп күшейген кезі болған. Онан əрі барып екеуі 
қосылып,  бір  əдіс  түріне  түскен.  Онысы  жалқылаулы-жал-
пылау əдіс. Ол келесі жолы сөз болмақ.
1
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет