Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет220/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   248
«ТІЛ ҚҰРАЛДАРЫ» ТУРАЛЫ
Мектеп – сатсыйализм құрылысы əскерін шығарып, төң-
керісшіл  жастарды  тəрбиелейтін  штаб.  Штабта  жастарды 
тəрбиелейтін кітап-құралдар сол мақсатқа сəйкес болуы керек. 
Төңкеріс дəуірінде төңкеріс рухымен жазылған кітап керек. 
Ол кітаптан жастар еңбегіне байланысқан тəрбие алып, зат-
шыл көзқарасын байыту керек. 
Мектептерде көп қолданылатын кітаптың бірі – Ахметтің 
«Тіл  құралы», «Тіл  құралдың»  көп  жері  жоғарғы  мақсатқа 
үйлеспейді.  ұайта  теріс  тəрбиелейді.  Қазақтың  ескі  дəуірін 
көксеп,  сонан  жас  өспірімге  білім  сусынын  бергісі  келеді. 
І-ІІ  əсіресе  ІІІ  «Тіл  құралын»  алып  қарасақ,  айтқанымызға 
дəлел  болатын  сөз  көп.  Мысал:  І  «Тіл  құралдар», «қоянды 
қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер», «атадан бала туса игі, 
ата жолын қуса игі, бетіне келген ұятын өзі біліп жуса игі», 
«ер туған жеріне, ит тойған жеріне», «талтаңдасаң талтаңда, 
ақшаң болса қалтаңда», «бар мақтанса табылар, жоқ мақтанса 
шабылар», «той тондынікі, ас аттынікі», «сан тимеске сан тиді, 
табақ-табақ  нан  тиді»  деген  сияқты  сөздер  толып  жатыр. 
Бұл сөздерден жас балаларға қандай пайда бар. Мүмкін бұл 
сөздерді тек сөз, сөйлем, буын сияқты сөз мүшелерін айыруға 
деп-ақ жазған шығар. Бірақ, осы уақыттағы тəрбие ғылымы, 
балалар  не  оқыса  да  соған  түсініп,  белсенді  қатынасып 
оқысын,  тексеріп  оқысын  дейді.  Олай  болса,  мына  сөзді 
тексеріп қарасақ, не мағына шығар еді. Тұтып тұрған жаңа 
салт-санамызға  қарсы  салт-сана,  қарсы  тəрбие  шығар  еді. 
«Баланың ата жолын қуғаны игі» дейді. Ашығырақ айтқанда, 
қазақтың еңбекші балалары ескі қазақ салтын, аталарының 
істегенін  қуып  дағдылансын,  бай  баласы  байлығын,  кедей 
баласы кедей, кем қалпын қусын деген болар еді. 
Осы  уақытта  сан  тимеген,  нан  тимеген  кедейлер  санға 
қосылды, нан тауып жеді, қолы есеге жетті. Мұны да Ақымет 
бадырайтып  ашық  айтып  отыр.  Кітаптарын  осындай  жаңа 
жұртшылығымызға  жанастырмай  жазып,  адал  ақшамызды 
алып отыр. 6 – 7 жылдан бері қарай қайта-қайта бастырып, 
оны көрмей келгеміз. 
Үшінші «Тіл құралда» айтатыны ескі сөздер, жаңа заман-
ға  лайықты  сөз  болса,  бұйырмасын.  Айтатыны  Кенеса-
рының жоқтауы, Мағжанның сары даладағы сарыны, маса, 
«40  мысалдағы»  өлеңдер,  Абайдың  балаларға  қолайсыз 
пəлсапасы. 
Қысқасынан  айтқанда,  бұл  үшін  «Тіл  құралдарының» 
еңбек мектебіне беретін түк тəрбиесі жоқ. қайта ескі жолмен 
тəрбиелейді.  қазақтың  ескі  тұрмысын  көрсетеді,  ұлтшыл 
салт-сананы жетілдіреді. 
Мəдениет майданы қызып, мəдениет салт-сана төңкерісі 
басталып,  жаңа  жұртшылығымыз  өсіп  отырғанда,  баспа 
сөзімізде,  мектептерімізде  еңбекшілердің  балаларына  мұн-
дай  кітаптарды  оқытып  отыру  ұят.  Қандай  кітап  болса  да, 
мазмұн  жағынан  еңбекке  байланысқан  тəрбиеге  қарай 
дұрыс  тəрбиелесін.  Солай  тəрбиелей  отырып,  ғылымның 
заңын  білдірсін.  Мақабатқа,  құдайға,  пайғамбар,  атаның 
жолына,  маса  мен  қырық  мысалға,  Абайдың  пəлсапасына, 
Мағжанның  сары  даласына,  Кенесарының  жоқтауына  бар-


605
май-ақ, осы күнгі заманнан алып, тұрмысқа, еңбекке жақын 
мысалдан алып, кітап жазуға болады. Мағжанның өлеңіндей 
мысалға жарарлық əлденеше өлең, əлденеше əңгімелер бар. 
Бірақ  Ақаң  оны  көрмейді. «Тіл  құралдың»  əдіс  жағынан 
да,  құрылыс  жағынан  да  кемшілігі  бар.  Осы  күнгі  педаго-
гика  заңдарына,  айтқандарына  үйлеспейтін  жерлері  көп. 
ұайсысын  алып  қарасаңыз  да  алған  мысалдары  дерексіз, 
өмірге  жанасымсыз.  Мағынасына 7 – 8 – 9 – 10-дағы  бала 
түгіл, ересек адамдар да түсіне алмайтын сөздер бар. «Мал 
жаным  садағасы,  жан  арым  садағасы», «Əкең  жаман  кісі 
еді, ат бергеннің құлы еді, Мəскеудің қара күңі еді» дейді. 
Бұл сөздерді бала түгіл үлкен дама əрең түсінер еді. «Мал 
жаным  садағасы,  жан  арым  садағасы»  деген  жас  балаға 
түсіндірмекші болсақ, бір дерексіз пəлсапалы соғып кеткен 
болар едік. Қолға ұстатып, көзге көрсетіп, сүйретке түсіріп 
оқытатын, сүйтіп барып көңілге қондыратын ем дерегі жоқ. 
Сабаққа  қай  уақытта  да  бала  белсенді  қатынасса  ғана 
білімді  өзінікі  қылып  алады.  Өмір  белсенді  қатынасқанды 
керек қылады, белсенді қатынасса, деректі жұмыс өзінен-өзі 
туады, олай болса, мына жоғарғы сөздерде қандай деректілік, 
қандай белсенділік бар? 
– Əрине, жоқ. 
Сөз  дегеніміз – мағынасы  бар  нəрсе.  Сөзді  оқығанда, 
түсініп  отыру  керек.  Оқығанды  түсінбей  оқысақ,  ондай 
сөзде, ол жазылған кітапта не қасиет бар?... Не маңыз бар? 
Ақыметтің  20-ғасырда  жазып отырған кітаптарының мұндай 
əдіс жағынан да өте кем болуы адам  ғажаптанатын нəрсе. 
Біздің айтарымыз – бұл кітаптарды бұл қалпында оқытудың 
керегі жоқ, дұрыстау керек. Нəзір айтқандай, «суға май са-
лып, күріш салып, ас болатын қылу керек». Құрылыс жағына, 
əсіресе мазмұн жағына назарды толығырақ салып өңдеу ке-
рек. Оқу камисариаты  алдағы болатын білімпаздар сійезіне 
салып,  талдап  екшеп  қарап,  араб  əрпімен  қатар  бұларға  да 
(«Тіл құралдарға» да) төңкеріс, өзгеріс жасау керек. 
Байтоғайұлы Балқай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет