Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет221/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   248
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АҚЫМЕТ
«Əліп-би» (жаңа құрал)
126 сүгіреті, бір диағырам жана басқа сызықтары. Мен. 
Қызыл орда. 1926-жыл. 116 бет. Табақ жарым қосымшалы. 
Нарқы. Тиражы 7500, бастырушы Қазағыстан білім ордасы.
Жақын  арада  Ақаңның  жаңа  əліп-биі  шығып  отыр,  бұл 
əліп-биі  оқу  құралдығы  жағынан  бір  қымбат  болса,  ішкі 
маңызы мен екі есе қымбат, жаңа əліп-биі Ақаңның бұрынғы 
əліп-билеріне  тіпті  оқсамайды.  Ақаң  бұрынғы  əліп-бидері 
кезінде «əліп екі үшін ан». Нан, «əжжет ауезден», ескі мол-
далар оқыту əдісінен, ескі «Қытай» жазуынан құтылдыруға 
себеп болса, бұл əліппе бізді бұл күнгі педегогиканың соңғы 
өзі мен таныстырып отыр; жазу əдісі жағынан да, мазмұны 
дағынан да педагогиканың үстіміздегі мақсаты мен бағытына 
үйлесіп шығып отыр.
Бұл күнгі педагогика – қоғам мен еңбек негізіне құрылған. 
Ақаң əліп-биі де осы негізге құрылған. Бұл күнгі педагогике 
баланы белсендіріп іс қылуға үйрет дейді. Жаңа əліп-биі де 
белсенді жұмысқа үлкен ілтипат салады. Бұл күнгі педаго-
гике баланы тапқыштыққа, өз беті мен жұмыс істеуге үйрет, 
балаларға  қызықты  қылып  əліне  қарай  үйрет  дейді.  Жаңа 
əліп-биі бұған да көп зейін салады: кітапта əрі еңбек, əрі ер-
мек көп.
Бұл күнде Америке əдісі, басқаша айтқанда тұтас сөз əдісі 
деген  үдіс  болыңқырап  келеді.  Мұнан  сауат  аштырудың 
жаңа  жетілген  əдісі  деседі.  Ғылым  тілі  мен  айтқанда  бұл 
əдісті  талдап  ұуластыру  (аналитико-синтетический  ме-
тод)  дейді  шынында  бұл  əдістің  осы  жүрген  бəрімізден  де 
жақсы үлкен ол арнап педагогике жүзінде мамандық алған 
кісінің бəрінің де кəрі танысы мұны жаңа көрсетіп отырған 
Іресей қалың оқытушыларының оқыту əдістеріне бұрыннан 
шорқақтығы қазақтың қалың оқытушылары, бұрын семене-
рие мен үнестеттен шыққандары болмаса, Америке əдісінің 
маңызы  түгел  аты  мен  де  таныс  емес.  Бұл  күнде  Амери-
ке  əдісі  орыс  тілін  үйретуге  ыңғайлы  деп  айтысады.  Əдісі 


606
607
қазақ тіліне қандай ыңғайлы ыңғайсыздығы əлі тəжірибеге 
салынып  сыналған  жоқ.  Əйтседе,  бұл  əдіс  біздің  тілімізге 
үйлесімді деген ой бар, молдалар емес, медіресі мен кұрыс-
тен  шыққан  мұғалімдеріміздің  оқытып  жүргені – дыбыс 
əдісі,  Ақаңның  бұрынғы  əліп-билері  жазылған  əдіс.  Бұл 
күнде ана тілі методикесінің (методике-тариқ жүзінде адам 
баласының  үйрету  тəжірибелерінің  шығарған  қорытулары 
мен  заңдарының  жинағы)  беті  əдісіне  қарамай  маңдайын 
аударған соң, Ақаң жаңа əліп-биін дыбыс əдісі мен де, оқы-
та  алған  тұтас  сөз  жүйесін  қолдансын,  əлі  келмесе  қалың 
мұғалым  бұрынғы  дыбыс  əдісін  қолдансын  деген  болады. 
Жаңа əліп-бидің бұл бір ұнамды жері.
Мұның үстіне жаңа əліп-биі осы күнгі білім ордасы шығар-
ған проғырамма, компылекіс проғрамға үйлестірілген.
Мемлекет  баспасы  əліп-биі  ішіндегі  балаларға  «ермек-
еңбек» деген жұмыстарын кітапқа қосымша қылып бастыр-
ғаны тіпті ұнамды болған. Кітапта мəселен «аш шал» деген 
мақала бар. «Мына сорлы шал» бойына назар сал: Сақал-шашы 
ақ, қайраны қайтқан шақ. Баладан ада, қарадан қаза таза. 
Ауқаты – шабақ. Сұусыны – шалап, аяқта – шарық, қатқан 
аш арық ташабақтан, шалайтан болсын бақарық?». Осын-
дай əнгімелердің əр жолын бөлек қатар сықылды бір бетін 
ақ  қалдырып  қалың  қағазға  басқан.  Оқып  мəнісіне  түсініп 
болады да, əлгі қарталарды кесіп, басып бір біріне опай са-
лып, қызық бен жалықпай тұтас əнгеме қылып шығарады: əр 
жолы бір қатарда басулы. Тапқан қартаны жабады. Таппаған 
бала жазады əрі еңбек əрі ермек болады, осындай қарталарды 
бір жарым баспа табақ қылып мемлекет баспасы əліп-биге 
тіркеген. Мемлекет баспасының мұндай жарақтылығы мен 
қатар  олақтығы  да  көрініп  тұр:  Кітап  сыртына  кесіпшілер 
одағының  кітаптарын  жариалаған.  Оқу  құралының  сырты-
на мектепке оқу құралдарын құлақтандырмай басқа əдебиет 
тізбесін басқа қай елдің үдесінде бар екен екіншілей мұндай 
солекеттік болмасқа керек.
Əріптің дерлік астында оқыту əдістері көрсетіліп отырған. 
Бұл оқытушыларға көп пайдалы нəрсе. Кітапта 126 сүгірет 
бар мұнан басқа диағырам жана басқа түрлі сызықтар бар. 
Сүгіреттері  жақсы,  басылуы  əдемі,  əріптері  ірі  сырты  қо-
лайлы.
Оқу  бөлімдері  бұл  əліп-биді  оқу  басталмастан  бұрын 
күн  ілгері  алдырып  қоюлары  керек,  нарқы  тисін.  Келесі 
басылғанда мұнан көп арзандаса керек. 750 нұсқа дем сəтте 
сап болар деп ойлаймыз. Əліп-биі бұйыл тағы басылса ке-
рек. Бұл əліп-биі үлкен олжа.  
Т.
СЫН
Сын  деген  нəрсені  бізде  аздап  теріс  ұғынатындарда  бо-
лады. Біреу бір кітапқа сын жазыпты десе, біреулер – оның 
несін сындап отыр екен? деп наразылық білдіріп отырады.
Ат-бегі ат сынағанда, құс бегі құс сынағанда аттың, құс-
тың бойындағы жақсылығын да, мінін де ыспаттайды.
Кітап сынаушы да кітаптың жақсы жағын, жаман жағын 
айқындап оқушыға көрсетеді.
Осы  ниет  пен  біз  жалпы  ресейлік  сауатсыздық  жоятын 
төтенше кемесиенің бастырып шығарған «Сауатты бол» де-
ген əліп-би кітабын сынамақпыз.
Кітап мəскеуде кеңестер одағындағы елдердің кіндік бас-
пасында  басылып  шыққан,  баспадан 1926- жылы  шыққан. 
Тізген  қазақтың  атақты  ақыны  Жұмабай  ұлы  Мағжан. 
Кітаптың сыртында «Ересектердің сауатты болуына қолға-
быс қылатын кітап» – деп жазылған.
Кітап 63 бет. Қағазы жақсы ақ, қарып басқан бояуы анық; 
қаріптері  түйедей,  оқуға  аса  қадірлі,  ішінде 11 сурет, 2 
динегірам,  бар.  Бұдан  бұрын  қазақша  кітаптарда  болмаған 
қымбат  нəрсе,  аздап  қате  басылған  жерлері  бар.  Бұларды 
екінші басқанда түзеп жіберу керек болады.
Кітап  дыбыс  əдісі  мен  жазылған.  Бұл  кемшілік  емес: 
тұтас  іс  əдісін  бірден  қолданып  кетуге  бізге  болмайды, 
оқытушыларды  дайындап  барып  бірте-бірте  көшу  керек. 
Дəл  осы  ниет  пен  Ақыметтің  екі  əдіспен  бірдей  оқылатын 
əліп-биі басылып жатыр.


608
609
«Сауатты бол»дың əліп би бөлімі, яғни қаріптер мен та-
ныстыратын  бөлімі,  Ақымет  əліп-биінің  реті  айырмасы  аз. 
Ішкі маңызында айырма көп.
Ақыметтің  сауат  ашқышының  иə  əліп-биінің  кемдігі 
үстіміздегі  дəуірден,  болып  жатқан  саяасаттан  мағлұмат 
аз.  Ақымет  кітабының  бұл  кемшіліктерін  көре  тұрсақта 
сауат ашатын – басқа кітабымыз болмағандықтан уақытша 
қолданып келгенбіз.
Мағжанның «Сауатты бол»-ында жазылған əңгімелердің 
98%- ы саясат əңгімелері десек көтеріп айтқан болмаймыз. 
30 – 40 шамалы  тізілген  мақалалардың  ішінде  Абайдың 
бір-екі өлеңі, Мағжанның «жылқышысы» Қалелдің «биттен 
келетін зиян»деген мақаласы, 2 – 3 шаруашылық туралы ма-
қалалар  (бұларда  тегінде  саясат  мақалалары»дан  басқасы 
саясат мақалалары. 
Кітап  бұл  реттен  жақсы  ақ.  Еш  кім  саясат  жазылмаған, 
саяси аң бермейді – деп кінə қоя алмайды.
Бірақ  оқыту  əдісі  ретінен  бұл  кемшілік  келтіреді.  Осы 
күні мектептің, мектепте оқылатын сабақтың «жаны»аймақ 
тану материалдары: «сауатты бол»да аймақ тану материалы 
жоқтың қасында.
Екінші оқыту əдісінің заңы: «Оңайдан қиынға, «жақынна 
алысқа»  бет  алып  оқыту.  Мағжан  тізген  саясат  мəселелері 
СССР-ден алынған. ҚССР-ден түк əңгіме жоқ.
Кітаптың аяғындағы «жылқышы»деген өлең Лермонтов-
тың «Үш ағаш» («Три пальмы») деген өлеңі мен салмағы тең 
кестелі өлең. Қат танымайтын, жаңа қат таныған қазақтың 
ішінде жаға қоя ма? Бұдан «қайныма бес қарға мен ұрын бар-
дым»… деген не өтірік өлең иə Крыловтың мысалы сіңімді 
болмас па? Бұда екі алуан. Бұлар – кітаптың кемшіліктері.
Қорытып  айтқанда  кітап  сыңараяқ.  Қазағыстандағы  ай-
мақ зерттеу материалдары жоқ. Нүкте, запетой, сұрау белгі-
лерін қоя білмейтін шəкірт жазуының аяғына бұл таңбаларды 
көп  етіп  қойып  оқытушыға  қат  жазыпты:  Мен  қайда  қою-
ын  білмедім,  мыналарды  өзіңіз  орналастырып  қойыңыз! 
деп дəл осы сияқты. Мағжан саясат мəселелерді шоғырлап 
жинаған.
Не  деген  мен  кітаптың  шығуы  аса  пайдалы.  Ақыметтің 
«Сауат  ашқыш», «Əліп  би»-леріне  қосымша  саяси  сауат 
ашатын орындардың бұл кітапты алдырулары керек-ақ.
Бірақ екінші басқанда толықтыру керек қой дейміз.
Сөз аяғында бір таңданып кететін нəрсеміз:
«Сауатты  бол»шыққаннан  кейін  Кеңес  одағындағы  ел-
дердің кендік баспасының бір қызметкері мен Мағжан екеуі 
қол қойып – кітапты бірінші əліп-би деп қойыппыз, тізуші 
Мағжан деппіз… Бұлар – қате, Мағжан біреу тіз дегенін тізіп 
отыр, кітап бірінші кітап емес, жəне ішінде аздап қате кеткен 
жерлері бар…– деп мекемелерге, басқармаларға қағаз жазып 
отыр…  Мағжанға  кітап  тізген  айып  па,  иə  тіздірген  айып 
па?  Мағжан  сияқты  жаңа  жұртшылық  жұмысына  белсеніп 
араласпай  жүрген  азаматтардың  жақсы  саяси  кітап  жазуы 
қуыстанатын жұмыс па? Бұл жері түсініксіздеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет