Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет222/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   248
ҚАЗАҚША ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
(Ниетəлі Ерғали ұлы сұрауынан шыққан)
Ниетəлі  жолдас  «Қазақша  кітапқа  қашан  жаримыз»  деп 
сұрап: «Жаңа  имламен  жазылған  əлі  кітап  жоқ;  оқытатұ-
нымыз ескі бағыт пен жазылған Міржақыптың І – ІІ-жылдық 
«Есеп құралы», Ақыметтің «Тіл құралдары»; енді бұларды 
оқытудан зианнан басқа нəрсе жоқ; кітап қашан болады, жа-
зушылар қайда? Мұқтаждықтан қашан құтыламыз, шыққан 
жаңа кітаптар газет бетінде жариаланса екен; солан жариялап 
тұрса, қақын жіберіп кітап алдырып тұрар едік», – дейді.
Осы күй жұрттың бəріне ортақ. Сондықтан білім ордасы 
қысқаша  мынадай  жауап  береді: 1924-жыл  ортасынан  бері 
кітаптың  бəрі  де  сол  жылғы  білімділер  сиезі  қабылдаған 
жаңа імла мен басылып келеді. Онан бері бір кітап та ескі 
імла мен басылған жоқ, жаңа імлалы кітаптар мектепке əлі 
бара алмаса ол гүпірмелік, əсіресе үйездік оқу бөлімдерінің 
салақтығынан «тіл құралдары» үшеуі де 1925-жылы жаңа імла 
мен өңделіп басылып шықты, жер-жерге жіберілді, кіндікте 


611
бір нұсқасы да қалған жоқ. Жұуырда тағы басылып шығып, 
күзгі оқу басына шейін гүпірмеге барады. Міржақыптың І, 
ІІ «Есеп құралы»-ның бұрынғысы бұл күнде оқытуға жара-
майды, 1925-жыл басында Міржақып жаңа оқыту жолы мен, 
жаңа  імламен  сүгіреттеп  І,  ІІжылдық  «Есеп  құралын»  жа-
зып шығарды. Олар 1925-жыл пебрал айында басылып бо-
лып, жер-жерге жіберілді. Бұл күнде оны да қайта бастырып 
жатырмыз. 1926-жылы  ғынуар  ішінде  Ақымет  пен  Телжан 
жазған ІІІ, ІV-жылдық көп сүгіретті «Оқу құралы» басылып 
шықты. Жер жерге жіберілді: І, ІІ басқышқа арналып, жаңа 
жол мен жаңа імла мен шығарылған бірталай оқу кітаптары 
бəр-бəрі де жер-жерге мезгілінде жіберілген.
Қалай  оқыту  жайын  оқытушы  білім  ордасы  шығаратұн 
«жаңа  мектеп»  тен  біледі.  Əр  оқытушы  үстелінің  үстінде 
«Жаңа мектеп» жатуы керек, Ниетəлі жолдас күйіндей күй 
басқа оқытушылар басында да болатұнын сезіп, «Жаңа мек-
теп» жорналы өзінің № 3-іне «Көрсеткіш» деген оқушылары-
на тегін қосымша жіберді. Жаңалықта шыққан қазақша 273 кі-
тап  көрсетілген,  ол  кітаптардың  нарқы,  қарамы,  жазушы-
сы, кім оқитұндығы, қысқасыны, қайда сатылатұндығы, қай 
жылы  шыққандығы,  сол  «Көрсеткіш»-те  көрсетілген  кітап 
алып  оқығысы  келетіндер  сол  «Көрсеткіш»-ті  қарап,  өзіне 
керек кітабін таңдап алуға кеңес береміз.
Мұнан бұлай шыққан кітаптар газетте жариаланып тұр-
мақшы, «Еңбекші  қазақта»  ылғи  жарыйаланып  да  келеді. 
Жазылып  жатқан  оқу  кітаптары  да  көп.  Білім  ордасының 
бір көздегені мұнан бұлай кітап нарқын арзандату, оған қам 
қылды.
Мектептердің  кітапсыз  отыруы – кітап  аздықтан  көрі, 
кітап  таратушы  мекемелердің  сөрегеттігінен.  Білім  ордасы 
кітап  əзірлейді.  Бірақ  таратарлық  құралы  жоқ.  Білім  орда-
сы шығарған кітаптар мемлекет баспасы, «білім дүкендері», 
жергілікті оқу бөлімдері арқылы таратылады. Солай кітапты 
дұрыс таратуына білім ордасы қам қылып отыр.
Білім ордасының бастығы:   Жолдыбай ұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет