Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет235/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   248
қ-к‚ ғ-г‚ һ дыбыстарының ерекшелігін түсіндіруде К.Кемеңгерұлы 
қазақ  индивидінің  ойындағы  (представление – Қ.  Кемеңгерұлы) 
бейнелерін ескеріп отырған.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Малдыбайұлдары мен бүгін-
гі таңдағы фонетист-ғалымдардың  дауыстыларды жақтың қатысы-
на  қарай  ашық,  қысаң  деуі,  аралық  дауыстыларды  анықтаулары 
ұқсас.  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  Б.Малдыбайұлдарының 
қазіргі кездегі қазақ тілі фонетикасындағы жетістіктермен сəйкес 
келуі – бір  жағынан,  аталған  ғалымдардың  тіл  табиғатын  терең 
түсінген  фонолог  болғандарын  көрсетеді.  ХХ  ғасыр  басындағы 
зерттеушілердің ой-тұжырымдарының бүгінгі таңда жалғасын та-
буы пікірлерінің дұрыстығын, өміршеңдігін көрсетеді.
Сонымен  қатар  сөзжасам  жұрнақтарын  жеке  қарастыру‚  ана-
литикалық  формалы  етістіктердің  табиғатын  түсіндіруі‚  жұр-
нақтарды  топтастыруы‚  бұйрық  райдың  І  жағының  өзіндік 
ерекшеліктерін‚  ілік‚  табыс  септіктерінің  жасырын  келуін  т.б. 
түсіндіруі жағынан А.Ысқақов‚ етістіктің өзіндік ерекшеліктерін 
тануы‚  сөзжасамдық  тəсіл‚  сөзжасамдық  мағына‚  ілік‚  табыс 
септіктерінің түсіп қалуы‚ асырмалы жəне күшейтпелі шырайлар-
ды топтастыруы‚ -ғыл‚ -ғылт(ым)‚ шыл‚ -ша т.б. жұрнақтарын 
сөз  тудырушы  қосымша  ретінде  тануы  т.б.  жағынан  С.Исаев 
еңбектері  Қ.Кемеңгерұлы  тұжырымдарымен  үндес.  Ы.Маманов 
А.Байтұрсынұлы‚  Т.Шонанов,  Қ.Кемеңгерұлы  еңбектерімен  та-
ныс  болып‚  ондағы  тұжырымдарды  толық  қуаттап‚  репрессия-
лануына  байланысты‚  олардың  атын  атай  алмаса  да‚  белгілі  бір 
категориялардың табиғатын түсіндіруде пайдаланып отырған. Ал 
кейінгі ғалымдар Ы.Маманов еңбектеріндегі ой-пікірлерді одан əрі 
дамытып‚ жалғастырып отырған. Екінші жағынан‚ ХХ ғасырдың 
басындағы  зерттеуші,  ғалымдардың  еңбектерімен  мүлде  таныс 
болмаған  күннің  өзінде  де  зерттеу  нысаны  бір  болғандықтан‚ 
дұрыс нəтиженің өзара ұқсас болып келуі – заңды құбылыс.
ХХ  ғасырдың  басында  ерекше  талас  тудырған  мəселелердің 
бірі жазуға қатысты болды. А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап 
араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ыңғайлап, графика-
ны жетілдірді. Қазақ зиялыларының арасында қызу қолдау тауып, 
ерекше ылтипатпен қабылданған А.Байтұрсынұлы реформалаған 
қазақ əліпбиінің ережелері мен принциптері алғаш 1924 жылғы 12-
18 маусымында Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының 
тұңғыш съезінде қабылданды. Профессор Е.Д.Поливанов А.Байтұр-
сынұлы əліпбиін: «Эту последную форму, которую приняла казак-
киргизская графика в 1924 году, я во всяком случае считаю уже не 
нуждающейся в исправлениях и представляющей последний шаг 
в  историческом  формировании  национальной  графики,  котором 
с полным правом могут гордиться киргизские деятели просвеще-


640
641
ния – создатели  реформы,  как  крупным  культурным  завоева-
нием», – деп жоғары бағалайды.  Бірақ осы кезде басқа түрік елде-
рінде  латын  графикасына  көшу  мəселесі  қозғалып  жатқан  бола-
тын.  
Түркі  халықтарын  жазуын  латын  негізді  əліпбиге  ауыстыру 
мəселесін  ХІХ  ғасырдың  соңында    əзірбайжан  қайраткері  Ахун-
ды  бастаған  болатын.  Кейін 1922 жылы  Нариманұлы  Нариман 
Баку  қаласында  латын  əліппесін  жақтап  баяндама  жасап,  оның 
басшылығымен  комиссия  құрылып,  кейін  ол  «латын  əліппесін 
жүзеге  асыратын  комитетке»  айналады.  Осыдан  кейін  латын 
əліппесімен  сауат  ашылып,  оқулықтар,  кітап,  газет-журналдар 
жарық көре бастады. Бұл мəселе түрік, балқар, чуваш т.б. елдер-
де  қолдау  тауып,  олар  да  латын  əліпбиіне  көшті.  Сөйтіп, «бүкіл 
түркі  жұртшылығы  латын  əліппесіне  көшуі  керек»  деген  мəселе 
көтерілді.
Латын жазуына көшу Орта Азия түркі халықтарында, əсіресе 
татар халқы мен қазақ даласында бірауыздан қолдау тапқан жоқ. 
Профессор Е.Д.Поливанов түркі тілдерінің арасында əліпби ауыс-
тыру  мəселесін  ең  алғаш  əзірбайжандар  көтергенін  айта  келіп, 
бұл шараны қазақтар мен татарлардың көпке дейін кешіктіргенін 
айтады  да  оның  объективті  себептерін  көрсетеді.  Ғалым  жазу-
ын реформаламаған халық жаңа графикаға əуес келіп, оңай ауы-
сатынын,  ал  жазуы  дұрыс  тіл  өзге  графиканы  құп  көрмейтінін 
айта келіп, бұл орайда татарлар мен қазақтардың жазуы біршама 
тұрақтанғанын,  əсіресе  қазақтардың  жазуы  таңбалау  жағынан, 
жазуға  қойылатын  талаптарды  өтеуі  жағынан  басқа  жазулардан 
əлдеқайда озық тұрғанын айтады.  
1925  жылы  Орта  Азиядағы  түркі  елдері  əңгімені  бір  жерден 
қорытып алу мақсатымен Самарқанда жиылды.  Жиылысты шақы-
рушы  өзбек  өкіметі  болды.  Оған  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбек-
станнан өкілдер қатысты. 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл-
одақтық І түркологиялық съезде түркі халықтарының тарихы, эт-
нографиясы, мəдениеті, емлесі, жазуы, терминологиясы, ана тілін 
оқыту əдістемесі т.б. сөз болады. Əсіресе жаңа (латын) алфавитке 
көшіру мəселесі ерекше сөз болады. Съезге Қазақстаннан  4 өкіл 
жіберілді  (Байтұрсынұлы  Ахмет;  Омарұлы  Елдес;  Байсейітұлы 
Əзіз;  Сүлейменұлы  Білəл).  А.Байтұрсынұлы,  Е.Омаров  нақты 
дəлелдер келтіріп, араб əліпбиінің артықшылықтарын көрсетіп, ла-
тын графикасына көшудің қажетсіздігін дəлелдейді. Алайда үкімет 
орындары латын графикасын жақтағандықтан, съезд қаулысы бой-
ынша латын жазуына көшу туралы қаулы қабылдайды.
Осы  кезде  əліппе  мен  емлеге  байланысты  қызу  айтыс-та-
ластар болып, баспасөз беттерінде жарық көреді. Баспасөз бетін-
дегі  мақалаларды  саралау  барысында  араб  əліппесін  жақтаушы-
лардың  қатарында:  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы,  Е.Омаров, 
Қ.Кемеңгерұлы,  А.Байтасұлы,  І.Ахметұлы,  М.Бұралқыұлы, 
П.Ғалымжанұлы  болғанын,  ал  латын  əліппесін  жақтаушылар: 
Ə.Байділдаұлы, Н.Төреқұлов, О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, І.Қай-
менұлы  т.б.  болғанын  көреміз.  Баспасөз  бетіндегі  айтыстардың 
қорытындысы 1927 жылы əуелі Ташкентте, кейін Қызылордада өт-
кен конференцияларда талқыланады. Латын əрпін  жақтаушылар-
дың бірі – Ə.Байділдаұлы жаңа əліппеге көшу себебіміз – бұрынғы 
араб  графикасының  кемшілігі  көп  болғандықтан  деп,  бірнеше 
белгісін көрсетеді. Мысалы:
1. бір дыбысқа бірнеше таңба (сөз басы, ортасы, соңы) қолда-
нылған;
2.  араб  əріптерінің  көбі  бір  түсті,  астына  не  үстіне  қойылған 
нүктелерсіз айыру қиын;
3.  сөздерді  жазғанда  оңнан  солға  қарай  жазылады,  ал  цифра-
ларды жазғанда, солдан оңға қарай қайта ораламыз;
4.  алгебра,  геометрия,  физика  сияқты  ілім  кітаптары  барлық 
жұрттарда латын əрпімен жазылады, араб əрпі оған үйлеспейді.;
5. əріптері біркелкі емес, бірі – үлкен, бірі – кішкене;
6.  араб əрпін музыкада (нота жазуда) қолдану қиын;
7. араб əрпімен жазуда көп қаражатты керек етеді, баспа ісіне 
қолайсыз, – дейді.
Латын графикасын жақтаушылар бұл іске көбінесе саяси астар бер-
мек болғаны байқалады, араб əрпін жақтаушыларды біресе «ескі-
шіл» деп кінəласа, енді бірде олардың əрбір істерін бұқбантайлық 
(саботаж) (Н.Төреқұлұлы)  деп  атайды.  Мұндай  сарынды  О.Жан-
досұлы мақаласынан да байқаймыз. 
А.Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын қолдаушылар əліп-
би таңдауды ғылыми тұрғыдан негіздеуге тырысады. А.Байтұрсын-
ұлы: «Əліпби  деген  тілдің  негізгі  дыбыстарына  арналған  таңба-
лардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған 
дыбысқа дəл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, 
заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым 
əліпби жақсы болмақ», – дей келіп, əліппенің қайсысы дұрыс бола-
тынын тексеруде мынадай негіздерге (критерий) сүйенеді:
1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?
2. Қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?
3. Қайсысымен жазу, жазылғанды оқу жеңіл?


642
643
4. Қайсысы баспаға қолайлы?
5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6. Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?
Аталған сұрақтарға нақты дəлелдермен мысал келтіре отырып,   
А.Байтұрсынұлы латын əрпінің керексіздігін толық дəлелдеп, мы-
нандай қорытындыға келеді: 
1. Араб əрпі латын əрпінен жазуға, оқуға оңай онысын сауатты 
адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады.
2.  Сауат  ашу  жүзінде  араб  əрпінің  қолайлысы  латын  əрпінен 
артық.
3.  Баспа  ісі  араб  əрпінің  ескісі  латын  əрпінен  төмен,  жаңасы 
артық.
4.  Машиналарға  орнатуға  араб  əрпінің  жаңасы  латындікінен 
анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр.
5.  Араб  əліпбиінің  əрпі  қазақ  тілінің  дыбыстарына  толық, 
жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі өте оңай, 
бұқараға қолайлы  емле.
 Сөйтіп, екі əріпті салыстыра келіп, əріп алмастыру мəселесін 
дəріптеп  көтеруге  орын  жоқтығын  көрсетеді: «Бұл  сияқты  мəсе-
лені көтеріп, уақытын шығын қылып жүргендер болса, оны ерік-
кен адамдардың ермегі есебіндегі құр қиял деп білеміз». А.Байтұр-
сынұлы сол кездегі араб əріптерінің жалғыз кемшілігі – əріптерінің 
сұлу еместігі дей келіп, оның сұлу болмайтын себебі – «араб қарпі 
түсіне  енбеген  орыстың  шелек  жасайтын  шеберлеріне  істететіп 
отырғанын» айтады: «Мекемелер қазақ машинасын керек қылып, 
қаржысынан қашпай істетпекші болса, онда шелек жамайтұн ше-
берге істетпей, зауытқа істетуге болады. Онда қарыптардың сұлу-
лық жағынан міндері де жоғалады», – дейді. 
Əріп таңдау мəселесіне мұғалімдер де үн қосқан. Оның ішінде, 
əсіресе Мұстапаұлы Сейітбатталдың «Тағы да əріп туралы»,  «Өзі» 
(лақап ат), «Не деген жаны берік көк шолақ»,  Жанақыметтің  «Ла-
тын əрпі жайында» сияқты мақалаларды айтуға болады.
С.Мұстапаұлы араб əрпінің пайдалы жақтарын былайша көрсе-
теді:
1.  Қазақ  (араб)  əліббиінде 24 əріп  бар  оның  қолжазбасы  мен 
баспасы  бірдей.  Латында  олар  екі  бөлек,  сонда  саны 48 болады. 
Көптен азды үйреткен жеңіл.
2. Латын əрпінде бір сілтеумен жазылатын əріп жоқ, араб əрпі 
жазуға оңай.
3. Солдан оңға қарай жазған жеңіл.
4. Үнемшілдігі жағынан пайдалы.
5. Машинаға салуға ыңғайланды.
6.  Мəдениетке  жету  үшін  мектеп  үйі,  оқу  құралы,  оқытушы 
т.б.  керек, – дей  келіп, «Енді  біз,  мұғалімдердің  айтатынымыз – 
бізге оқытуға кітап керек, əріп керегі жоқ», – деп қорытады.
Жанақымет «Латын əрпі жайында» деген мақаласында латын 
əрпінің «қошқар мүйізді, əшекейі көп екендігін» айта келіп, ондай 
əріптің құюы да қымбатқа түсетінін дəлелдейді. Автор тез үйрену, 
тану жағына келгенде, араб əрпімен үйренген бала латын əрпімен 
үйренген  баладан  бес  күн  бұрын  танитынын  дəлелдейді.  Соны-
мен қатар латыншыл болып жүрген азаматтардың өздері де латын 
əрпімен дұрыс оқып, жаза алмай жүргенін айтады. Араб əліпбиін 
жақтаған  мақалалардың  ішінде  тағы  бір  ерекше  көзге  түсетіні – 
«Өзі»  деген  псевдониммен  берілген  «Не  деген  жаны  берік  көк 
шолақ!» деген мақала. Ол «Еңбекші қазақтың» № 312 сонындағы 
латын  əллібиін  жақтаған  мақалаға  жауап  ретінде  жазылған. 
Онда  латыншылардың  араб  əрпінің  кемшіліктері  деп  көрсеткен 
тұстарына жауап береді. Мысалы, латыншылардың «араб əрпі кəрі 
əрі бұл əріппен «Құран» жазылған деген сөзіне «Латын əрпі араб 
əрпінің  бабасы  болатынын,  онымен  «Інжіл»  жазылғанын  қарсы 
қояды. Араб əрпінің ірілі-ұсақты əріптері тез танылып, оқылуына 
көмектеседі, латын əрпі біркелкі болғандықтан, осы əріпті пайда-
ланатын елдерде көз науқастары да көп екенін көрсетеді, əрі көз 
ауруына байланысты сөздердің, атаулардың бəрі Еуропа елдерінен 
шығып жатқанын, бұл осы елдерде көз науқасының көптігінен деп 
көрсетеді.
 Араб əліпбиін жақтаушылар ғылыми негізге сүйеніп,  қолдағы 
бар  əліпбидің    артықшылық  жақтарын  көрсетіп, «латын  əрпінің 
араб əрпінен гөрі көзге көрініп тұрған артықшылығы, бадырырай-
ып тұрған пайдасы» жоқтығын (А.Байтұрсынұлы) дəлелдегенмен, 
үкімет  орындары  латын  графикасына  көшуді  жақтайды. 1929 
жылы  24 қаңтарда  «Жаңа  алфавит  туралы»  Қазақстан  Орталық 
Кеңес  комитеті  президиумы  мен  халық    Комиссарлар  кеңесінің 
қаулысы шығады. Одақтың  жаңа əліпби комитетінің ІІІ пленумын-
да  қатысқандар  жаңа  əліпбиді  «Жұмысшы-қара  шаруа  əліпбиі» 
деп айту керек деп ұсыныс айтады.  
Латын əліпбиін енгізу шаралары іске асады. Одақтық жаңа əліб-
бе кіндік комитеті құрылады. Кіндік комитетінің əр түрік респуб-
ликасынан  өкілдері  болды.  Кіндік  комитетінің  төрағасы  Самат 
Ағамалыұлы  болды. 1929 жылдың  жаңа  оқу  жылынан  бастап, 
Қазақстандық  барлық  оқу  орындарында  оқуды  жаңа  əліббимен 
жүргізуге шешім қабылданды. «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде 


644
645
1929 жылдың 20 ақпанынан бастап «Уроки казахского языка для 
европейцев» деген атпен жаңа əлібби сабағы (80 сабақ) жүйелі түр-
де басылып тұрған. 1927-1928ж. «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп»,   
«Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде жаңа латын əліпбиінің жо-
басы, сол графикамен басылған тақырыптар жариялана бастайды.
1929 жылғы 18 ақпанда «Еңбекші қазақ» газетінде Қазақстан 
Орталық  жаңа  əліпби  комитетінің  емле  мəселесі  туралы  тіл 
білімпаздарына,  оқушыларға,  барлық  жазушыларға  ашық  хаты 
жарияланады.  Онда 1929 жылдың 20 наурызында  Қазақстан 
оқу  комиссиариаты  шақыратын  білімпаздар  съезіне  дейін  емле 
мəселелері  талқылануы  керектігін  ескерте  келіп  жан-жақты  ем-
леге енген өзгерістерге оқушылардың пікірлерін сұрайды. Ондай 
өзгерістер:
1.  Ұзын  «ұу», «сұу», «асыулар»  бір  түрде  (ұу)  жазылыб, 
(жіңішке естілгенде де)  бір түрлі үу жазылсын.
2.  Бірнеше  түбірден  құралған  бір  мəнілім  сөз  (бас  алқа,  от 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет