Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


б дыбысы сөздің аяғында келмейді деп бқтіп, қап тап, жап  сықылды сөзді естілуінше п



Pdf көрінісі
бет44/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   248
б дыбысы сөздің аяғында келмейді деп бқтіп, қап тап, жап 
сықылды сөзді естілуінше п мен жазу керек де; қабым, та-
бамын,  жауыб  жібер  дегенде  де  осылай  болыб  өзгергенде 
б,  у  болған  жерінде  у  жазу  керек.  Сөз  сөзді  жеке  күйінде 
естілгенше жазамыз десек, түбірлес сөздердің қағаз бетіндегі 
пішінін мың құбылтудың да қисыны да болмайды, жеңілдігі 
де болмайды.
Бұл  жолды  негізгі  жол  деб  білсек,  ый  мен  ұу-ды  ық-
шамдаймын деуде де мағына болмайды. Құйын, түйін соя-
ды, күйеді, түйеді сықылды сөздерді осылай жазатын болған 
соң:  қыйын,  тыйым,  сыяды,  кійеді,  тійеді  деген  сөздерді 
басқаша  қылыб  жазамыз  десек,  бастауыш  мектебтегі  бала 
түгел,  үлкен  кісінің  де  ақылы  жетпейтін  бір  керемет  бо-
лады.
Қыйын, тійеді деб жазатын болған соң, қый тый сықылды 
сөздерді  басқа  бір  жолға  салыб  жазамыз  деудің  де  қажеті 
шамалы болады.
Жұбат,  сұрат  сықылды  сөздерді  естілуінше  жазсақ – 
жуат,  суат  сықылды  сөздерді  осылай  жазбай,  амал  жоқ. 
Сонсын  жұу,  сұу  сықылды  сөздерді  бұзыб  жазғаннан  да 
жеңілдік шықбайды.
Бұл  айтылған  əңгіменің  бəрі  де  жаңағы  жалғыз  ереже: 
Сөз-сөздің жеке күйіндегі дыбыстары естілуінше жазылсын 
деген ережеге түсіреді.
Жазуды  түгел  дыбыс  жүйесінше  жаза  алмайтын  болған 
соң, ол ережеге қоса айрықша ережелер де болу керек.
Ондай ережелер көмескі дыбыстарға керек. Бізде көмескі 
болыб естілетін дыбыстар ы мен ү, ө мен о жазуымыздың 
бұл  түріне  қарағанда: 2 дыбысты  ы  мен  ү  жə  ө  мен  о  жа-
зуымыздың бұ кездегі түріне қарағанда: 2 дауысты ы мен ү 
жə ө мен е көмескі естілетін болса, ұ жазылмай, ы жазылсын 
да, о жазылмай, е жазылсын – деуіміз керек.
Сонда  күрек,  үшін  болыб,  тұрсын,  бөлек  сықылды  сөз-
дерді осы күйінде қана жазатын боламыз: күрек, үшүн, болұп, 
тұрсұн, бөлөк деб жазбайтын боламыз.
Етістікке жалғанатын -тын жұрнағының əңгімесі де осы 
ереже мен шешіледі.
Оқыу мен жазыу, тійін сықылды сөздердегі ыу, ій -дің 
емлесі де осы ережеге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет