Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет45/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   248
С, ш, з, ж – төртеуі жалпы дыбыс жүйесіне сүзілме дыбыс 
делінеді. Қазақ тілінде бұл дыбыстар көб өзгермейді; бірақ 
бірен-саран  жерде  бұлардың  да  өзгеріб  кететіні  болады. 
Мəселен,  тұзсың  түбірдегі  з  дыбысы  с-қа  ұсаб  кетеді;  Ес-
жан, Досжан деген сөздер Ешшан, Дошшан болыб естіледі, 
жазғанда бұлардың өзгергенін, өзгергенінше жазу оңай бол-
маса керек. Сондықтан бұл сүзілме төрт дыбыстан басқа дау-
ыссыз дыбыстарды да жаңағы ө мен ұ-дан басқа дауысты ды-
быстарды да түбіріне қарамай бөлек сөздердің бөлек күйінде 
естілгенінше  ғана  жазатын  боламыз.  Мəселен:  жоңқа, 
бірдеме,  қазаңғаб,  Борамбай,  Досбол,  немеурін  сықылды 
сөздерді түбіріне ұсатыб: жонқа, бірнеше, Қазанқаб, Боран-
бай, Досбол, немеурін демей, осы қалыбты естілуінше қана 
жазатын  боламыз  да,  Құтжол,  басшы,  тұзшы  сықылды 
сөздерді естілуінше жазбай (Құтжол, башшы, тұшшы де-
мей) түбірінше жазатын болатын.
Кейбір  сөздер  ел  аузында  əр  түрлі  болыб  айтылады. 
Мəселен,  сонан  соң,  сонсың,  сосын  дейміз;  іштеме,  іш-
теңе,  іждеме,  іждеңе  дейміз.  Бұл  сықылды  сөздер  қоныс 


110
111
басқалығынан,  жа  ұру  басқалығынан  болған  елдің  бір  же-
рінде  ғана  айтылыб,  басқа  жерлерінде  айтылмайтын  сөз-
дер  емес:  жалпы  қазақтың  бəрінде  бірдей  айтылыб  келе 
жатқан  сөздер.  Бұл  сықылды  сөздер  жеке  кісінің  тілінде 
де  бəрі  бірдей  айтыла  береді;  Мəселен  Таймінер  бір  жер-
де  сөйлегенде  іждеңе  мен  екінші  жерде  іштеме  дейді.  Бұ 
сықылды  сөздерді  тексеріб,  мынасы  дұрыс;  мынаны  теріс 
деб, тек бір түрін қана жазатын болсақ; онымыз зорлық бо-
лады. Онда, барлығы бір түбірден құралыб, өз ара мəнісі де 
бірдей  болыб  келген  олай  сұрыптай  алатын  болу  үшін:  ол 
сөздердің қайсысы жаңадан шыққан сөз; қайсысы бұрыннан 
келе жатқан сөз; түбінде қайсысы басым болыб шықбақ, – 
соның бəрін дұрыс шешіб, – сөз сөздің болашағын бұлжытбай 
айтыб бере алатын сəуегөй болуымыз керек. Біздің маманда-
рымыз да, алымдарымыз да əзірге ондай сəуегеөйлікке жет-
кен жоқ. Ондай сөздердің түбінде қалайша өзгеретінін осы 
бастан  болжаб  сəуегөйлік  қылатындардың  сəуегөйлігі  ілім 
жолына  қыйсынбай,  көбіне  құмалақшының  сəуегөйлігіне 
ұсап шыға береді. Солай болған соң, – қатарынан айтылатын 
сөздердің біреуін қана таңдаб алып, басқадан мүлде жазбай-
тын болсақ, онымыз өрескел зорлық болады.
Сондықтан: 
4- түбірі де бір, мəнісі де бір сөздің айтылуы түрліше бо-
лыб, оның түр-түрі жалпы елдің бəрінде бірдей айтылатын 
болса: ондай сөздер сұрыпталмай түр-түрінің бəрі де жазыла 
беретін болсын.
Мəселен – барамын деб де «барам» деб де жаза алатын 
болуымыз  керек;  барасыз  деб  жазған  да  дұрыс;  барғаннан 
соң деб де, барған соң деб де, барғасын деб де жаза беруіміз 
керек; со сықылды іждеңе мен іштеңе-лерді де сұрыптамау 
керек.
Бірақ  түрліше  айтылатын  сөздердің  бəрі  бірдей  жалпы 
емес; кей бір сөздер бір жерде бір түрлі, екінші жерде екінші 
түрлі айтылады. 
Мəселен, – бір  сыпыра  жерлердің  қазағы  сен  барасың 
дейді  де,  кей  бір  жерлерінде  қатын  туды  дейді  де,  кей 
жерлерінде  бала  туды  дейді:  кей  бір  жерлердің  қазағы 
ашты  дейді,  басқа  жерлерде  ол  сөз  ашты  болыб  айтыла-
ды. Жаңағы (4-інші) ережеге бұ сықылды сөздерді келтіруге 
болмайды:  Мұндай  сөздер  қазақтың  бір  жерінде  түсінікті 
болғанмен,  екінші  жерінде  түсініксіз  болады.  Сондықтан 
мұндай сөздерді сұрыбқа салыб, бір түрін ғана таңдаб алма-
са  болмайды.  Бұл  сықылды  сөздерді  тексергенде  қазақтың 
көпшілігінің ауанына қарау керек.
5-əр жерде əр түрлі айтылатын сөздер елдің көбшілігінің 
айтуынша жазылу керек.
Біздің білуімізше, қазақтың жазуына осы 5 ереже негіз бо-
лу керек. Жаңадан қозғалған мəселелердің бұл ережелердің 
талабына сыймайды: бұл мəселелер емле емес, атау мəселесі: 
сондықтан оларды бұ жерде сөз қылудың керегі де жоқ.
Елдес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет