Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет57/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   248
БІР СӨЗ ƏРТҮРЛІ ЖАЗЫЛМАСЫН
Қазақ баспасында көбінесе бір сөздің өзі неше түрлі жа-
зылып  жүргені  мəлім.  Мұның  себебі:  імлеміздің  тұрлау-
сыздығынан,  қазақ  тіліне  араб,  парсы,  орыс  иə  басқа  Ау-
рыпа  тілдері  кіріп  кетіп,  соларды  иə  дəл  өз  күйінше  жазу 
қиындықтан иə өзгерткенде бір ыңғай жазылмайтындықтан, 
мəселен,  кей  бір  жат  сөздерді  елдің  өзі  (қазақтың  əр  елі) 
өзінше өзгертіп əкеткен, сондықтан ондай сөздерді бұзбасқа 
амал  жоқ,  өз  естілуінше  жазуға  бола  бермейді.  Бұзғанда  да 
əркім əртүрлі қылып бұзады. Үндістік заңына (сингарманизм-
ге) келтіріп бұзғандада бір сөздің əр түрлі жазылатыны бар.
Міне осындай сөздер туралы,  қашан  бір тұрлаулы негіз 
қолданылғанша, «Еңбекші қазақ» қызметкерлері кеңесіп, бір 
сөзді əр түрлі жазбау үшін уақытша шара есебінде төмендегі 
тізімді шығарып отыр. Бұдан былай да осындай сөздер жариа-
ланып тұрмақ. Өзге газеттерде сөзді бір ыңғай жазу қамын 
істегені жөн болар еді.
Басқарма қызметкерлерінің ұйғаруы бойынша «Еңбекші 
қазақ» басқармасы əзірше осы төмендегі сөздерді ыңғайлап, 
бір жағынан қолдана отырып, жұрттың алдына салып отыр.
Жапон
Мұғалым
Газет
Ғыйныуар
Пебырал
Үйін
Үйіл
Сентабыр
Октабыр
Декабыр
Аміріике
Апіріике
Ағылшын
Пұрапесір
Үстедент
Үністет
Теқнійкім
Сендикет
Камитет
Камисарыйат
Камыйсар
Тірес
Қаражат
Қажет


134
135
Кəмесійе
Сесійе
Азыйа
Жаурыпа
Пұрсент
Екіспедисе
Екіскүрсе
Мелійсе
Пелетон
Аптабұз
Аптамабел
Бұрылтарыйт
Ынтырнатсанал
Кектір
Десе
Тон
Сантиметір
Бұйра
Енженер
Ысполком
Көменес
Коментерін
Кəсіп
Құлып
Неғұрым
Əбдан
Жүдə
Қызмет
Сүгірет
Тəжірібе
Ресей
Мағылұмат
Мүлійен
Мүнет
Секүнт
Респүблике
Уақыт, уақ
Оқиға
Қазір
Жолдас кісінің атынан соң жазылсын (мəселен, Сегізбай 
жолдас)
Камбинат
Қауыпсыздандыру
Сиез
Əзірбайжан
Теңіз
Ағасы
Бастығы
Пианер
Ақтөбе
Дəрігер
Бірақ
Бидай
Жұмысшы
Кəрей
Мұңғыл
Үндістан
Ауған.
Ауғаныстан
Пұргірам
Теқнік
Камқоз
Каріп-касер
Бұғалтыр
Голошокін
Пүркүрал
Пүртекел
Антанты
Істенегірам
Адес
Піленүм
Үкірайын
Арқыб
Докімет
Натарыс
Ініспектір


136
137
Асабиақым
Сатсиалдық
Мұны, мында
Өкіл
Балыйсе
Сүрек
Абтыр
Календір
Əдебиет
Мəдениет
Ағұс
Айырпылан
Ыйталиа
Пұрансұз
Пыраксие
Калектіб
Каперетіб
Жашейке
Канпеске
Канперенсе
Електір
Ыиран
Парсы
Түрік
Қазағыстан
Əліппи
Кітап
Жиылыс
Тын
Жексембі
Бейсембі
Агыраном
Пұзидым
Дүние
Кантор
Сайұз
Телгірам
Редактыр
Күріс
Ленін
Жəна
Гірек
Ыспаниа
Полшы
Рұманиа
Шек-ыслабек
Үйгі ыслабек
Портұғал
Абыстыриа
Бенгір
Керман
Шібет
Нарбегі
Пин
Литыбиа
Лыйтыбиа
Естон
Коландыйа
Шыбейсар
Албан
Белгиа
Даниа
Абыстыралиа
Мексике
Аргентін
Парламент
Палат
Санат
Депутат
Қимиа
Бəлшебек
Сəбет
Қалипорын
Қасиет


138
139
Анкет
Емқана
«Еңбекші қазақ» басқармасы
ҚАЗАҚ ЖАҢА ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ ДЕКРЕТ
Қазақыстан орталық атқару кəмитетінің қаулысы
Арап  əліппесі  қалың  бұқараның  қат  тануына  ауыр  бол-
ды;  Техникеге  үйлеспеді;  қазақ  тілінің  дыбыстарын  дұрыс 
таңбалай алмады; жаңа арап əліппесі дін мен астарлас бол-
ды. Сондықтан арап əліппесіне көпшіліктің қолы жетпейтін, 
азшылдықтың ғана əліппесі болды.
Арап əліппесінің бұл кемшіліктері қазақ тлінің емлесіне 
де  шалықын  тигізді.  Арап  əліппесі  тұсында  сезілмеген 
бұрынғы  емленің  бар  кемшіліктері,  жаңа  əліппеге  көшкен 
соң. Көзге айқын түсті.
Өктəбір  төңкерісінен  соң  ұлы  мəдениет – шаруашылық 
жұмысын  өз  қолы  мен  істей  бастаған  қалың  қазақ  еңбек-
шілерінің  мүддесі,  жұрнақшыл-үндесшіл  қазақ  тілінің  ды-
быс  заңдары,  жаңа  əліппенің  айрықша  қасиеттері,  бəрі  қо-
сылып  емлені  өзгертуді  амалсыз  керек  қылды.  Онан  соң 
емлені сатсыйалдық құрылыс жағдайына қарай, тілдің даму 
бағытына қарай өзгерту керекті.
Жоғарыда айтылғандардың бəрін қорытқанда қазақ емле-
сін, емлелердің ішінде ең оңай саналған дыбыс жүйесі емле 
негізіне құру керек; қазақтың төл сөзі үшін де, шеттен кірген 
сөздер  үшін  де  бір  ыңғай  емле  жасау  керек,  сондықтан 
Қазақстан орталық атқару кəмитеті қаулы қылады.
1.  Халық  ағарту  кəмисəриеті  ұсынған,  осы  қаулыға 
қосылып отырған, жаңа əліппе жолы мен түзелген емле жо-
басы бекітілсін, 1924- жылғы емле жойылсын.
2.  Осы  қаулы  «Еңбекші  қазақ»  гəзетінде  жарыйаланған 
күннен бастап, Қазақстандағы барлық мемлекет мекемелері, 
əлеуметтік  ұйымдар,  барлық  оқу  жұрттары  жаңа  қазақ 
емлесін қолдансын.
3. Қазақ тіліндегі барлық кітап, газет-журнал, іштемпіл, 
решет, кеңсе қағаздары, жарлық, етікет, маңдайша қағаздары, 
тағысын-тағылар  мұнан  бұлай  тек  жаңа  емле  мен  ғана  ба-
сылсын.
4.  Халық  ағарту  кəмисəриəті  мен  қазақ  кіндік  ғана  əліп 
кəмитеті  жаңа  емлені  таратуға  шара  қолдансын.  Бұл  үшін 
гəзет-жұрналға жазсын, кітапшалар, табліселер, емле сөзді-
гін шығарсын.
5. Халық ағарту кəмисəрияті жаңа емле мен шет сөздер 
сөздігін шұғыл басып таратсын.
Қазақстан орталық атқару кəмитеті төр-ағасы: Əуез ұлы.
Қатшы: Андыжан ұлы
1929 жылы үйелдің 29-да Қазағыстан 
орталық атқару кəмитетінің 
№ 9 қаулысына қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет