Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет67/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   248
БІР ЫҢҒАЙ ЖАЗЫУ ТҰУРАЛЫ
(ойласу іретінде)
Біздің  жазыушымызда  кəзір  бір  түстік  жоқ.  Жазыу-
ды  бір  түсті  қыб,  дұрыс  жазып  үйренеді  деген  мектеб  ба-
лаларын  алсақ,  олардың  өзі  де  əр  түрлі  жазып  үйренеді. 
Бұның  былай  болыуы:  əуелдегі  салынған  үлгінің  бір  түсті 
болмағандығынан.  Балалар  ер  жетіп  қызметке  кіргенде  де, 
сол əр түрлі жазыб үйренген əдетпен шыға алмайды. Қайта 
шұбар жазыу балалардан гөрі үлкендерде көб. Əр бір жеке 
адамның  жазыуын  түзей  алмайтыны,  ол  жалпы  жазыу 
үлгісінің бір қалыбтан шықпағандығы. 
Бізде əлі күнгі дұрыс жазыуды көрсететін айна жоқ. Сон-
дықтан əр бір жеке адамдарды «шұбар жазасын» деп кінəлауға 
болмайды. Үйткені, жеке аам жазыуын бір түсті қыб, дұрыс 
жазайын десе де, ол түзей алмақ емес. Себебі: көбшілік бір 
ізден  шығатын  орталық  үлгі  жоқ.  Біреу  бір  сөзді  бір  түрлі 
жазса,  екінші  біреу  өзінше.  Онан  кейінгілер  тағы  басқаша 
жазыб, дұрыс жазатын деген кісінің басын қатырады. Мый-
салы: «аурпа» деген сөзді алсақ, оның бір неше түрде жазы-
лыуын көресін. Біреу «епропа» деп жазса, одан кейінгілер: 
«ауропа», «еуропа», «иауропа», «иебропа», «аурыпа», «ауыр-
па», «жауропа», «жебіропа»... деб түбсөз өзгертіуге түсіреді. 
Не  болмаса, «капаратсійе», «каператсійе», «капарасійе», 
«кепересійе»... деб əр кім өзінше жазады. 
Бұдан  басқа  қазақ  тілі  дыбысының  жақындыратын 
түрлері  бар.  Оны  тіл  ғылымына  түсінетін  кісілер  болмаса, 
қара бұқара қалай дұрыс жазылыуын білмей, тек жора мен 
жазады. Не болмаса, дыбыс еліктеуі мен, құлағына қай ды-
быс  «қайткенде», «кəйткенде» (қалай  еткенде), «қайтыб», 
«кəйтіб» (қалай  етіп); «қадірлі», «кəдірлі», «қарыб-қасер», 
«кəріб-кəсер»  болмаса, «сүнбіле», «сүмбіле», «сұңқар», 
«сұнқар», «түнгі», «түңгі»... тағы толыб жатқан осы сыйақты 
сөздер. 
Тегінде  бұл  сыйақты  сөздерді  бір  қалыпқа  түсіріп  жаз-
дыратын жоба болмағандықтан, бұқара көбшілігін «ала құла 
жазасың» деб ұрысыуға да болмайды. Бұл сыйақты тілдегі 
қос түрлер (жазыу) əр бір жеке адамның жанжүйесіне теріс 
əсер беріп, ол жазыушылардыңабанын қайтар атта, жазыуға 
қалай болса солай қаратыб əдеттендіреді. Міне, əр бір жеке 
адам жазыуының бұзылатыны осы құбылыстан. Бұл айтқан 
құбылыстарды жойыб, адамның жазыуға сенімін күшейтетін 
түбкілікті тірек – емле сөздігі (арпагірапіншіскій ыслабар).
Жазыуды  жаңа  үйреніб  жүрген  мектеб  баласы  болсын, 
қызметші  үлкендер  болсын,  дұрыс  жазыудан  адасқан  жері 
болса,  арпағырапійе  сөздігіне  қараб,  жазыуға  сенімділігін 
(уверенность)  сонымен  күшейтеді.  Содан  барлық  жеке 
адамдар  осылай  жазып  үйренген  соң,  іс  жүзінде  бір  түсті 
жазыу алынады. Бұған қарағанда, күнделік жазыуды үлгіге 
түсіріп, дұрыс жағыуға бет беретін ең мықты тірек – сұудыйа 
арпағырапійе сөздігі екеніне дау жоқ. 


168
169
Енді арпағырапійе сөздігін қалай тізіудің əдісіне келейік. 
Арпағырапійе  сөздігін  тізерде  негізгі  ой  бөлетін  нəрселер 
мыналар:
1) арпағырапійе сөздігінің мақсұты үлкендер мен балалар-
ды бір қалыпты дұрыс жаздырыу. Сондықтан арпағырапійе 
сөздігін  тізіуші,  бұл  сөздіктің  жазыу  айнасы  екенін  жақсы 
түсініу керек. 
2) арпағырапійе сөздігі күнделік жұмысқа ылайықтанып, 
қалтаға салыб ұстайтыны болыуы шарт. 
3) арпағырапійе сөздігіне ең ады мен шет елдерден кірген 
сөздерді тізіу керек. Жана ол сөздердің талассыз жазылатын 
бірақ түсі алынып келешекте көбшілік соған үйренетін бола-
ды. Бұл іретте жауропа сөздерінің бізге қыйын тійетін жері, 
сөздің  айақ  қарпі  қалай  жазылыуы,  оның  ішінде  «а», «я» 
қатынасатын сөздер. Бізше бұл екі қаріб үшін мына сыйақты 
түрлері болыуы шарт. 
а)  егер  жауропа  сөзіндегі  сөз  айағынан  келетін  «а» 
лепсіз  болса,  ол  уақытта  бізше  кесіліб  тынады.  Мыйсалы: 
«пыроғырам», «деректіб», «абтек», «пабірік», «газет».  Бұл 
көбінесе  қара  қалықтың  айтыуынан  шыққан;  тегінде  бұл 
түрге  жеке  сыбаға  беріу  дұрыс  емес. «Абтека»  деген  сөзді 
бұқара  көбшілігі  солай  атаб  кеткен  соң,  лепсіз  «а»-ға  ты-
натын  кейбір  сөзді  де  сол  жобаға  бағындырыб  отырмыз. 
Бұнымыз жасама ой ғылыми жүзімен қарағанда дұрыс «ап-
теке» болыуы керек. Себебі: одан келетін тілге зыйан жоқ. 
Пайдасы – бір түсті жазыу алар едік. 
в)  жазыу  бір  түсті  болыб,  бір  үлгіден  шығыу  үшін  сөз 
айағында  тыатын  «а»ның  қойған  барлығы  да  «е»  дыбысы 
мен тыныуы шарт: (пізійке, батанійке, пірме, пілме, кассе, 
банне, текнійке, кобіле, көктебе). Егер айағында «а» келген 
сөз сыпаттау мен жүрсе, мəселен: «прядильная фабрика» ол 
уақытта сөз айағы «ы», «і» мен тынады (ійірім, пабірігі). 
с) жазыубір түсті болыу үшін сөз айағында келетін «ия» 
лар қалпымен «ійе» мен тыныуы керек. Əбістіралійе, Əзійе, 
Пырансійе, Германійе, Ангілійе, Жопонійе, кіймійе, памійлійе, 
пійлалогійе,  астараномійе,  жағырапійе,  лабараторійе, 
кəмесійе тағы сол сыйақтылар.
г)  Жауропа  сөзінде  келетін  «о»  қарыптары  сөздің  қай 
бұуынында  тұрса  да,  бізше  «а»  қарпы  мен  жазылыуы 
шарт:  бараметір,  радыйа,  камунес,  сабет,  арпағырапійе, 
катағырапійе,  батанійке,  бұйра  (бюро);  абтамабел, 
абтаномійе, абтек тағы басқалар. Мұнда бастағы сыйақты 
қазақ  көбшілігі  үйреніб  кеткені  болса,  ол  түрінде  жазыла-
ды. Мəселен: Омбы, бомбы, Орынбор, пылот, ноты, порт, 
пəлто,  кеміртон,  пылот  сияқты.  Қазақ  тілінің  ійкемдігіне 
келмейтін  бұуындарда  «о»-ның  орнына  «ы»  жазылады. 
Атыш (атош), аптыр, Ыйбаныб, болыс, Тобыл сыйақтылар: 
кейде «о» сөздің ортасынан не болмаса сөздің айағында өзі 
жазылады.  Мəселен: «кійно», «депо».  Бірақ  бұл  сыйақты 
сөздер аз. Қысқасы тіл жүйесінің қалай ійкемге келетін түрін 
зерттеб отырыб, арпағырапійе сөздігін тізіуші бір соқбақ бен 
отырып қалмауы, осы көрсетілген түрлер мен тегіс пайдала-
ныуы керек. 
е) кейбір жауропасөздерінің «ция» мен тынатын түрлері, 
бұуындарының көп азына қарай мына түрде болып өзгереді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет