Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет65/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   248
ұлт деген сөздердегі естілген «ы» дыбыстарын бітеу буын 
деп алып тастағанда құрт, ұлт, жұрт болып мағынасы да, 
тұлғасы  да  басқа  сөзге  ауысып  кетпей  ме?  Əрине  кетеді. 
Сондықтан да бұл ережелерменен бар сөзімізді жаза алмай-
мыз. Жазғанымызды оқи алмаймыз.
3- «Ы» дыбыс бас, бітеу буындарда жазбағанда сөзіміздің 
түбірін тағы да бұзған боламыз. Сөзіміздің түбірін бұзуменен 
тіліміздің  негізін  өзгерткен  боламыз.  Тілімізді  шатаққа 
ұрындырған  боламыз.  Сондықтан  естігенше  жазу  керек  деп 
тапсақ «ы» дыбысы естілген жерге қалмай жазылсын дейміз.
ІІІ- «Тұн» болмаса «тын» жазылу жөнінен
«Жазытатұн, оқитұн» деген сөздердегі «тұн» ның бұдан 
кейін «тын» түрінде жазылатын, оқитын болып жазылуын 
мақұл көреміз:
1- тіл заңымызша қазақ сөзінің бас буынынан басқа бу-
ындарда  «о»  дыбысы  келмейді.  Сондықтан  «жазатын» 
дегендегі  «тұн»  бұл  заңға  қайшы  еді,  бұдан  былай  «ұ»  ны 
алып  тастап  «тын»  жазатын  болсақ,  тіліміздің  заңынша 
қатамызды түзеген боламыз.
2- «Жазатұн»  ның  негізі, «жазатұғұн»  ды,  сондықтан 
«тұн» жазуға керек деп, бір буын үшін оқушылардың миын 
қатырмаймыз. Естілгенше жазуға жол ашамыз. Сөз аяғында 
жалғана келетін «тұн» буынның «тын» жазылуынан келетін 
кемшілік жоқ.
3-  осы  күнде  тілімізде  оқитұғұн,  баратұғұн    деген  сөз 
түрлері жоғалып бара жатыр десек де болғандай, қай жер-
лерде  мүлде  айтылмайды  да,  сондақтан  сөздің  өзі  спайла-
нып, жұмырланып, соңғы буынын қысқартып келе жатқан-
да, ұзыннан айырылмай жазамыз деудің мəнісі де жоқ еді. 
Ұзынын тастап, қысқасын алғанда сөздің түбірі де, мағынасы 
да өзгермейді. 
Осы  қысқа  көрсеткен  таяныштарымызға  сүйеніп  «тұн» 
нің «тын» болып жазылуын қуаттаймыз.
ІV- Қай бір қосалқылардың жазылуы жөнінен
Түбір-туынды атауыш сөздерге, қосалқы-шылауыш сөздер 
қосылып жазылып жүрсін деген ұсынысқа қарсымыз:
1-Шылауыштардың қай-қайсысы болсын, өзінен азда бол-
са мағына шығарады. Тек кемшілігі – атауыштары аяқтарына 
қосымшаларды жалғатып дəурен сүре алмайды. «шылауыш» 
деген ат тағылған сөздердің, жеке тұлғасы тілімізде болатын 
болса, өзінен мағынада шығатын болса талассыз жеке-бөлек 
жазылуға тиіс өзінің түбірін сақтауға тиіс.
2-Өздерінен  мағына  шығармайтын  атауыш  сөздерді 
желімдеп жүретін, болмаса соған қосылуменен өзге мағына 
білдіретін  буындарды  «қосымшалар»  дейміз.  Егер  шылау-
ыштарды осы қосымшаларға қосып жіберсек, оның бұрынғы 
тұлғасын жоюменен қабат, сөз қасиеті де кеміп кетеді. Бірақ 
қосымшалар мен тін ауыл үй қона алмайды.
3-Қосалқы  шылауыштарды  атауыштарға  қосқан  менен 
жазу  жеңілденбейді.  Қайта  сөздің  сиқы  жоғалып  ұзын 
сүреңге  кетеді.  Тұлғасы  бір  болып  көрінген  менен  айыра 
келгенде «бас сөз, орта қосымшалар, аяқ сөз болып айыры-
лып  жыртылады.  Тілге  айтуға  да  ауыр  болады.  Мысалы – 
«Жүрушілеріненсоң»  деген  қосақталған  тұлға  көзге  оқуға 
оңай боларма? Жас балалар екі дем алмай аяғына шыға алар 
ма? «Жүр» дің аяғына қосылған «ыу+шы+лер+ы+нен» жет-
пей,  тағы  да  «соң»  ды  қосақтауымыз  тіпті  орынсыз  емес 
пе?  Бізше  бұл  жеңілдіккеде,  сыпайылыққа  да  жатпайды. 
Ауырлыққа шұбалаңға жатады. Тіпті ұзын сөз алмай қысқа 
бұлардансоң, оқығаныменен, жылқыбай туралы деген сөз-
дерге  тосқандада  сөзіміздің  сүріні  өңіп  тұр  деп  кім  айтар? 
Қысқаша айтылған жоғарғы таяныштарымызға сүйеніп қо-
салқы – шылауыштардың  бөлек  жазылып  жүргенін  артық 
көреміз.


162
163
V- Қосалқы «да, де» мен «ба, бе, ма, ме» ның жазылуы
–  Осы  күнге  шейін  қосалқы  «да,  де»  мен  «ба,  бе», «ма, 
ме»  лердің  қара  басының  жазылуы  дұрыс  емес,  өзгеріс 
кіргізілсін – деген ұсынысқа қосыламыз.
1- Сөз жуан болсын, жіңішке болсын, аяққы дыбыстары 
қатаң болса оған қосылатын кейінгі қосымша буындардың, 
болмаса  қосалқы  сөздердің  алдыңғы  дыбысы  да  «қатаң» 
болып  өзгеруі  тіліміздің  дыбыс  əуенінің  қасиеті  еді.  Мый-
салы:  бастың,  бастар,  бастық  деген  сөздердегі  жуан 
түбір «бас» сөзінен кейін қосымшалардың «тың, тар, тық» 
болып  естілуінше  жазылуы  да  дұрыс-ақ  еді.  Егер  бұларды 
естілгенше жазбай «дың, дар, дық» деп болмаса, «ның, лар, 
лық» деп жазсақ, тіл əуенінше, дыбыс қасиетінше болмаған 
болар еді. Сөздің аяғына дауысты дыбыстар келгендегі түр-
лері менен алмастырған болар едік.
2-  Осы  күнге  шейін  жоғарғы  айтқандай  алмастырып 
жазу қосалқы, қосымша «да, де» менен «ма, ме, ба, бе» де 
болып  келе  жатыр.  Бұларға  келгенде  тіліміздің  əуенінен, 
дыбысымыздың  қасиетінен  пайдаланбай,  естілгенше  жаз-
бай келе жатырмыз. Естілуі бір түрлі, жазылуы екінші түрлі 
болып  келе  жатыр.  Мисалы  «да,  де» («жəне»  мағынасын 
шығаратын)  қосалқылары – сөз  аяғында  дауысты,  жарты 
дауысты,  ұяң  дыбыстар  келгенде  естіліп  жазылатын  түрі. 
«Оқуға сол да, мен де, анауда, бұда келді» деген сөздердегі 
естілуі  де,  жазылуы  да  бірдей.  Ал  енді  «оқуға  Байтасда, 
Омарбекде  келді»  дегенде  естілуі  олай  емес.  Мұнда  «та, 
те» естіледі. Егер дұрыс жазсақ Байтас та, Омарбек те деп 
жазуымыз  керек  еді.  Мұның  былай  естілуі  «байтас»  сөзі 
менен «Омарбек» сөзінің аяқтарына қатаң «с, к» дыбыста-
ры  келгендіктен  болып  тұр.  Осы  сияқты  «ма,  ме,  ба,  бе» 
(сұрау мағынасын шығаратын) қосалқыларда, жана (бұйрық 
мағынасын  шығаратын)  қосымшаларда  сөз  аяғына  қатаң 
дыбыстар келгенде дұрыс жазылмай келе жатыр. «Ма, ме» 
сөз аяғы дауысты, жарты дауыстылар болғанда жазылатын 
түрі. Бұл бала ма? Мынау оқи ма? Сен барма? Көрпе жайма 
дегендегі сияқты «ба, бе» – сөз аяғы ұяң дыбыстар болғанда 
жазылатын түрі. Бұл жан ба?Аң ба? Жерді қазба дегендегі 
сияқты.  Ал  енді  сөз  аяғы  қатаң  дыбыс  болғанда  естілетін 
«па, пе» түрін жазбай, ұяңнан кейін келетін «ба, бе» менен 
жазып жүрміз. Бұл жас ба? Мас ба? Көрпені басба, отты 
шашба дегендегі сияқты былай жазу дұрыс емес еді. Дұрыс 
естілгенше қатаң түрі «па, пе» мен еді олай болғанда естілуі 
менен  жазылуы  бір  болып  Жас  па?  Мас  па?  Баспа  шаш-
па  деп  жазып  тіліміздің  əуенін  де,  дыбыстың  қасиетін  де 
сақтаған болатын едік.
3-  Егер  бұлардың  қатаң  дыбыстардан  кейін  жазылатын 
«та,  те»  жəне  «па,  пе»  түрлерін  алсақ,  балаларға  жазуғада, 
оқуғада жеңілдік келтіреді. Бұрынғы естілуі бір түрлі болып, 
жазылуы екінші түрлі. Оқылуы үшінші түрлі болған шатақтан 
құтылдырамыз. Сондықтан жоғарғы айтқанымыздай, өзгеріс 
кірсін – дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет