Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет27/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   248
Жемқор,  əуесқой,  білімпаз  деген  сөздерді  əліпті  таяқ  деп 
білмейтіндерде солай сөйлейді. 
Шынында  мұндай  өзгешеліктер  қай  тілде  болса  да  көп 
болады.  Жалпы  ережеге  бағынбайтын  тықыр  сөздер  орыс 
тілінде де мол. Бізге де сингармонизмнің құрығынан ешбір 
сөзді шығармаймын деп əуре болудың қажеті жоқ. Сондықтан 
шеттен алған ғылым сөздерін бұзбастан бұрынғы естілуінше 
алуымыз керек. 
Міне, қысқаша емле туралы айтатынымыз – осы.
Қаймекеұлы Н. 
ЕМЛЕМІЗДІ ТҮЗЕУ ТУРАЛЫ
(айтыс ретінде)
     
Декабрьдің  ішінде  болып  өткен  Қазақстан  жаңа  əліпбе-
шілерінің  тұңғыш  конференциясы  емлені  бірыңғай  шешер 
деп үмқт етіп едік. Бірақ əлде болса көп талқысына тастап, 
пікір алысуға кешіктіргенін естіп отырмыз. Емленің тезірек 
шешілгенін кім жек көрсін. Сонда да емленің келешегін бір 
негізді  қылу  үшін  асықпай  отырып  шешілген.  Емлемізді 
түзетудің себептері. 
Емле негізіне белгілі жоба ұсынбастан бұрын ескі емле-
міздің  қазіргі  кемшіліктерін  тексерсек,  мəселел  ашығырақ 
болар деймін. Емлені түзету мəселелсі осы күнгі емлеміздің 
кемшіліктерінен  туып  отыр.  Емле  кемшілігі – төңкерістен 
бергі  туған  түрлі  тұрмыс-шаруа  құбылыстарының  тілейтін 
себептерінен  болып  отыр.  Емлемізді  қайтадан  түзетуді 
тілейтін себептер өте көп. Бұл арада барлығын тізіп жатуға 
керегі жлоқ. Басты-бастыларын ғана айтып өтейік: 
1. – Осы  күнге  шейін  қазақ  сөзінің  келешегі  қандай 
жүйелі емлеменен жазылуға тиісті екендігі ашылмады. Осы 
түсініксізден бір тұлғалы сөзіміздің бұзылып екі жақты бо-
лып жарыла бастады. 


58
59
Дыбыс  жүйесінше  жазған  адамдар  «кісі», «құнан», 
«қағаз», «дорба», «сегіз»...  деп  жазып,  туыс  жүйесінше 
жазған адамдар – «екі кісі», «боз құнан», «қызыл қағаз», «ат 
торба», «сегіз сом».. деп жазуы. Осы шатақтан бір тұлғалы 
сөзіміз түрленіп, тіліміздің бұзылуына бат алды. Бұл екеуін 
қойыртпақ қылмастай бір таяныш жолдың табылмауы. 
2. – Қазақтың  емле  жүйесінің  сүйенер  тірегі – кімнің 
тілі,  қандай  сөздің  түрі  болатындығы  ашылмауы.  Осыдан 
барып  қай  бір  емлешілердің  (Жүсіпбек  жазу  жүйесін  шет 
тілдердің  қарауылынан  қарауы.  Арабтың  сөзін,  парсының 
жұрнақтарын бетке ұстап, қазақ сөзіне жосықсыз тон пішуші. 
Екі тұрпатты сөзді қосып жазамын деп басып жазып, көзін 
шығарып əуре болуы. 
3. – Емлеміздің  баспа  тіліменен  бұқара  тілін  бірлестіре 
алмауы.  Осының  салдарынан  баспа  тіліне  қыр  қазағының 
тілі үйлеспеді. Жат-кірме сөздерді əркім өз білгенінше неше 
түрлі  құбылтып  жазуы.  Үндестікпенен,  əуендікпенен  есеп-
теп  отырып  баспаға  шығарудың  тиянақты  жолы  болмауы. 
Қысқаша  айтқанда,  сөйлеу  іргесі,  сөйлем  құрылысы,  сөз 
ырғағы, буын екпіні, дыбыс ықпалы көп тілдердің қалыбына 
қарай бұзыла бастады. 
Шылауыштардың, қосалқы, қосымшалардың атауыш сөз-
дерден  кейін  қай  жолменен  жазылатындығы  ашылмады. 
Дыбыстық жүйе дейін десең, «басбын», «қойбақ» та, жолдас 
бен    түрінде  жазылып, «баспын,  қойбақта,  жолдаспен  тү-
рінде жазылмауы. 
Туыстық жүйе дейін десең, «бастың», «таудың», «бастық», 
«жолдық», «бастар», «жолдар» түрінде жазылып, «басдың», 
«таудың», «басдық», «жолдық», «бастар», «жолдар» түрінде 
жазылмауы. 
Тұлғалы сөздер бір-біріне қосылмай, жеке жазылады деп 
тұрып, қос сөздерге келгенде, одан айнып кетуіміз. Қосылып 
жазылады жəне қосылмай сызықшамен (-) айырып жазыла-
ды деп екі ереже шығаруымыз. Осы ереже арқылы жазуды 
қиындатып, балалардың миын қатыруымыз. 
6-сөздің  жуан-жіңішкелігіне  қарай  қосымшалардың  қо-
сылу  жолдарының  тұрақты  негізделмеуі.  Жұрнақтар  сөз 
əуеніне  түсіп  қосылып  жазылмады  десек, «білімпаз», 
«өсімтал», «əуесқой», «қыздікі»  дегендегі  «паз», «тал», 
«қой», «дікі» жұрнақтардың кес-кестеп түк қойынданса да, 
қосылып жазылмауы. 
Сөз əуеніне түспейді десек, мұңдық, мұңдас, бастық, бас-
тас, айлалық, айлампас, жемдік, жемдес, түстік, түстес, 
іргелік,  іргелес...  дегендегі  жұрнақтардың  билей  жорғалап 
қосылып жазылуы осындай екі түрдегі жұрнақтардың шегі 
айырылып  жол  көрсетілмей,  екеуінің  де  қосылып  жазы-
луының сөз əуенімізге былықпалық келтіреді.
Жаңа əліпбиді бірлестіріп жатқанымызда – емлені де бір-
лестіру жолын көздеуіміз. Емлені бірлестіру ең керекті нəрсе 
екендігін ұмытуымыз. 
Қайбір дыбыс əріптері (ы), «ыу», «ұу» туралы жəне қо-
сымшалар «тін», «тұн»... туралы талас кетуі.     
Енді қалай еткенде жоғарыдағы айтылған кемшіліктерден 
құтыламыз? Оның үшін емленің қандай тиянақты жолдары 
болуға керек. Осыған келелік. 
Емлемізді түзетудің тиянақты жолдары    
       
Емлемізді жалғыз «дыбыс жүйесіне» болмаса туыс жүйесі-
не  байлап  тастауға  мүмкін  емес.  Жалғыз  дыбыс  жүйесіне 
байласақ,  сөзіміздің  түбір  тұрпатын  бұзамыз. «Жүз», «қол», 
«күні», «жүк», «қара»... деген сөздерді бұзып, Жүжжан, Кенже-
ғұл, жаздыгүні, жүг аяқ, қарөгіз деп жазуға жол ашамыз. Бұл 
жолымыз тілімізді сақтағандық болмайды, бұзғандық болады. 
Жалғыз туыс жүйесіне байласақ, оқытқанда балаларға ды-
бысты алалап, олардың əрпін көрсету жолын мүлде тастаған 
боламыз.  Қопармалы  тілді  елдердің  оқыту  қалыбына  түсіп 
қара  танытуды  қиындатамыз.  Сөзіміздің  түбірлері  дыбыс 
жүйесінше  естіліп,  жазылуға  мүлтіксіз  бола  тұрса-дағы 
тірілей  көшкен  боламыз.  Мұның  үстіне  қосымшаларды  да 
дыбыс  үндестігіне  салмай,  басдың,  басдар,  басдық...  деп 
ежелеп  байлап  жаздыруға  түсеміз.  Сондықтан  бұл  жүйені 
емленің  біреуін  алып,  екіншісін  қалдыруға  мүмкін  емес. 
Екеуін де алып, тиісті орнына қарай қолданбасқа шара жоқ. 


60
61
Дыбыс жүйелі емле – түбірлі сөздерімізді жеке тұрғанда 
тура  тұрпаттауға,  қосымшаларды  алдыңғы  сөз  дыбысы-
ның ықпалына қарай үндестіруіне қызмет қылса, туыс жүйе-
ні емле – екі тұлғалы сөздеріміз жанаса айтылғанда тура 
тұрпатынан  түбірі  бұзылмасқа  қызмет  етеді.  жазумыз-
ды  осы  екі  жүйеге  түсіруменен  қабат  сөзіміздің  əуенді, 
үндестік заңдарыменен де есептеспей болмайды. Жазуды 
да  жеңілейту  жағын  көз  алдымыздан  кетірмеу  керек  бо-
лады. 
Осы  айтылғандарымызды  негізге  ала  емленің  тиянақ-
тауына төменгі жолдарды ұсынамыз. 
Түбір сөздердің жазу тірегі естілуінше – дыбыс жүйесінше 
болсын. Түбір сөзіміз басқа сөздерменен қатар келмей, қо-
сымшаларды  жалғатпай  тұрғанда  қалай  естілсе,  солай  жа-
зылсын (бала, қызыл, үш, мен, кел, өте, бəсе). Бұдан екі пай-
да бірдей шығады: 
а)  Əліпби  емле  үшін  қызмет  қылмай,  емле  əліпби  үшін 
қызмет қылғандықтан, түбір сөздеріміздің шығарған дыбы-
старын түгендей əріп белгілеуге жол ашамыз. 
в) Осы жолға негіздей қара таныту əдісін жүргізіп, түбір 
сөздерімізді өзгеруден сақтаймыз. Салғаннан түбір сөз тұр-
патын балалардың миына тура қалыптандырып, бұзбай жа-
зуға дағдыландырамыз.
2. – Туынды  сөздеріміздің  жазу  тірегі – туыс  жүйеінше 
болып түбірлері тұрпаттарын өзгертпей сақтасын да, арты-
на  ерген  қосымшаларды  дыбс  ықпалына  қарай  ілестірсін. 
Тұссыз, асса, жасса, түңгі, қоңған, басбын, атдың, жасдар, 
қасдық, асба, кесбе, қашбақ, кешбек... жазылмасын. Тұзсыз, 
азса,  жазса,  түнгі,  қонған,  баспын,  аттың,  жастар,  қас-
тық, аспа, кеспе, қашпақ, кешпек түрінде жазылсын.               
Бұдан үш ірі маңызды жеміс шығарамыз: 
а – бұрынғы қалыптанған түбір сөздің тұрпатын бұзбай 
түсіріп, тілімізді бұзылудан сақтаймыз. Бұрынғыдай бұзып-
жарып жүретіндерге тосқауыл қоямыз; 
в – қосымшаларды  дыбыс  ықпалынша,  естілгенінше 
жазуға жол ашамыз. Бұл жол балаға үйретуге де, жаздыруға 
да өте жеңілдік келтіреді;
д – оқушылардың  өздерінен  зертеттіп  таптырып,  ды-
быс  жіктеріне  қарай  естілген  қалпынша  қосымшалардың 
қай  түрін  болса-дағы  тауып  аламыз.  Ежелеп    оқытудан 
құтыламыз. 
Қос  сөздеріміздің  жазу  тірегі – туыс  жүйесінше  болып, 
қандай түрі болсадағы сызықшаменен (-) айырылып жазыл-
сын. Бұрынғыдай «Бек-болат», «Бай-мырза», «жүн-жұрқа», 
«Тұрғанбай», «Қазанғап», «жел-бау»...  түрлерінде  жазыла-
тын қос сөздер Бек-болат, Бай-мырза», жүн-жұрқа, Тұрған-
бай, Қазан-қап, жел-бау түрінде жазылсын. 
Бұдан  шығатын  пайдамыз  бір  жағынан  тұрпатты  сөз 
түбірлерін  сақтар  болса,  екінші  жағынан,  жазуға  жеңілдік 
келтіруді  қос  сөздің  тегін  қазып,  балалардың  миын  қа-
тырмау. 
4. – Қосалқылардың жазу тірегі – дыбыс жүйесінше болып, 
атауыштардың дыбыс ықпалына түсіп, сызықшасыз бəрі де 
айырыла жазылсын. Бұрынғыдай Бұзаубақ да, Еркінбек де, 
жас ба? Күш бе? Тас ғой... түрінде жазылмай, Мырқымбай 
да,  Еркін де, Бұзаубақ та, Еркімбек те? Бала ма? Таң ба? 
Жас па? Күш пе? Қағаз ғой, жас қой... түрінде жазылсын. 
Бұдан шығатын жеміс: 
а – қосалқыларды қосымшалардан айырып бөлектеу. Өзі-
не бөлек тұрпатты мағыналы екендігін айқындау. 
в – бұларды естілгенше жазып, жеңілдік келтіру. Алдыңғы 
атауыш  сөздердің  əуенінен,  дыбыс  ықпалынан  пайдалана 
білу. 
Ескерме!  Егер  қосалқылар  түбір  сөзбенен  жалғау-жік-
теулердің арасына түсіп қалса, түбір сөзден сызықшасыз айы-
рым жазылсын да, өзінен соңғы жалғау-жіктеуменен əуендесе 
қосылып  жазылсын.  Бұрынғы  «жақсымысын», «жақсы-ақ 
болсын түрінде жазылатын тұлғалар – «жақсымысын», «жақ-
сы-ақ болсын» түрінде жазылсын. 
Қосымшалар  дыбыс  жүйесінше  жазылып,  алдыңғы  сөз-
дің жуан-жіңішкелігіне қарай əуендескендері құбылып жа-
зылсын да, əуендеспегендері сызықшаменен (-) айырым жа-
зылсын.  Лық,  лас,  лы.  лау,  дық,  дас,  ды,  дау,  тық,  тас, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет