Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


ға, тап, лік, лес, лі, леу, дік, дес, ді, деу, тік, ес, ті, тек



Pdf көрінісі
бет28/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   248
ға, тап, лік, лес, лі, леу, дік, дес, ді, деу, тік, ес, ті, тек... 


62
сияқты өзіміздің неше жүздеген тума жұрнақтар – балалық, 
бастық, томдық; еркелік, бестік, жерлік... түрінде қосылып 
жазылсын. Саны өте аз тіліміздің əуеніне бағынбай айтылып 
жүретін жұрнақтар жем-қор, əуес-қой,  кішкен-тай, əсем-
паз, өсім-тал түрінде сызықшаменен (-) айырылып жазыл-
сын. Бұлайша жазудан пайда көп. 
а –  төл сөздеріміздің басынан аяғына шейін не жуан, не 
жіңішке айтылу əуенді қасиетін бұзбай сақтаймыз.     
в – тіліміздің əуеніне көнбейтін тоң мойынды жұрнақтар 
орын танытып, көрініп тұрады. 
д – күн сайын дерлік қолдан жасап алып жатқан қосым-
шаларды  сөз  əуеніне  түсіру  керек  екендігін  айқындаймыз. 
Телгірамдар, телгірамшы, октабірдің, сатсыйаліизм... деу-
шілерге  тосқауыл  қойып,  телгіремдер,  телгіремші,  окте-
бірдің, сатсыйалдық деп жазуына жол ашамыз.    
2. – Бұлар  бұл  күйінше  жазылмағанда  сөз  əуеніне  көн-
бейтін  қосымшаларының  сызықшаменен  айырылып  жазу 
керектігі, сөзіміздің заңын бұзбауын ескерміз.
в – жаңадан тілімізге ағыл-тегіл кіріп жатқан жат ұғымның 
сөздері басынан аяғына шейін жуан болмаса жіңішкелік əуе-
німен айтылмағандықтан, жат сөздігі айындалып тұрады. 
s – мұнымен тілімізге кіріп жатқан сөздерді қолдан кел-
генше сөз əуенімізге түсіруге керектігін көзге елестетеміз. 
Осыдан барып екі түрлі айтылып жүрген кітап – кітеп, 
өктəбір – өктебір, жана – жəне, Түркістан – Тұркістен... 
деген  сөздердің  «кітеп,  октебір,  жəне,  Түркістен»  түрінде 
жазылу дұрыстығын шығарып тіл заңымызға бейімдеуге се-
бепкер қыламыз. 
6-екі атауыш сөздер қатар айтылған кезде туыс жүйесінше 
тұрпаты сақтай жазылсын. Бір-біріне еткен дыбыс ықпалына 
қарап  бұзылып  жазылмасын.  Жүжжан,  бүгүн,  Кенжеғұл, 
жаздыгүні, Борамбай, Қазанғап, жүгаяқ, қолғабыс, қарөгіз, 
қарат, кішүй, екі гісі, боз ғұнан, ағ орамал, сегіс сом түрінде 
жазылмасын. Бұрынғы түбір-тұрпатын сақтап, Жүзжан, бұл 
күн, Кенжеқұл, жазды күні, Боран-бай, Қазан-қап, жүк-аяқ, 
қол-қабыс, қара өгіз, қара ат, кіші-үй, екі кісі, боз құнан, ақ 
орамал, сегіз сом... түрінде жазылсын. 
Бұлай жазудан мақсат:
а – екі түбірлі сөзді бір тұлғалы сөзге айналдырып, тілі-
мізді бұзуға жол ашпау. 
в – бұрынғы  тұлға-тұрпатын  бұзбай  сақтау.  қандай  сөз 
екендігі тұрпатынан-ақ көрініп тұру. 
7. – Түбірлік  үстеу,  жалғаулық,  одағай,  шылауыштары 
жеке  тұрғанда  да,  басқа  сөздерге  қосылғанда  да  өздерінің 
тұрпаттарын сақтап қалсын. Мұның үшін жеке тұрғанда ды-
быс  жүйесі  қолдансын  да,  басқа  сөздерменен  қатар  келіп, 
дыбыс ықпалына ұшырағанда туыс жүйесі қолдансын. 
–  Бұрыннан  екі  сөзден  кірігіп  кеткен  құрамды  демеу-
лер айтылған күйінше, дыбыс жүйесінше жазылсын. Түбін 
қуалап айырылмасын. «Олай еткенде, бұлай еткенде, қалай 
еткенде,  солай  еткенде»  демеулері, «үйткенде,  бүйткенде, 
қайткенде, сүйткенде» түрінде жазыла берсін. 
 – Қосар сөзді одағайлар, қосар үнемді көсемше етістіктер 
жəне сын сөзі алдынан келетін таңдау шырайының буындары 
сызықшамен (-) бір-бірінен айырылып жазылсын. «Сықыр-
сықыр»,  «былдыр-былдыр», «жаза-жаза», «көре-көре», 
«жап-жаңа, «ып-ықшам», «үп-үлкен» түрінде жазылсын. 
 – Сөз басында келмейді деген ғ, г, у, и, р, л дыбыста-
ры жат сөздердің алдынан келтіріліп жазыла берсін. Іленін, 
ұуақыт,  іиə,  гүудок  жазылмай,  Ленін,  уақыт,  иə,  гудөк 
түрінде жазылсын. Мұнымен екі жеміс шығарамыз: 
а – жат сөздерді тура жазып, мағынасына нұқсан келтір-
мейміз. 
в – емлемізді  басқа  түрік  елдеріне  жақындастырамыз, 
олардың жаңағы біздің сөз басында келмейді деген əріптер-
дің бəрі де келеді. Көп сөзде ұшырайды. Бұл əріптерді сөз 
басына жазғаннан өз тілімізге де зарар келмейді. 
Емле  өзгерісі  қарсаңында  көптің  талқысына  ұсынатын 
пікіріміз осы. 
Басымұлы Қажым


64
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет