Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет109/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   168

ОҢҚАЙ:  Оңқай  жіп.  Оңға  қарай 

ширатылған (иірілген) жіп. Жіп иірілуіне 

қарай екі түрлі: о ң қ а й  ж і п, солақай жіп 

болады (Шаңырақ, 391). 

ОҢҚАЙЛЫҚ  з  а  т.  Жұмысты  оң 

қолмен істеушілік. 

ОҢҚАЛ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Уəзір.  Екі  о  ң

қ а л (уəзір). Бірі – ел ісін, екіншісі əскер ба-


455

Байынқол Қалиев

сын  басқарады  (Қазыбек  би,  Түп-тұ-

қияннан., 46). О ң қ а л, ордабегі, барыс-

тың  аланы,  таутаны,  жолбарыстың 

сарымағы,  қасқырдың  абаданы,  зенжір – 

бəрі ескіліктің көзі болуға тиіс (Қаз. əдеб., 

29. 01. 1993, 6). 

ОҢТАЙЛАНДЫР  Оңтайлан  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. 

ОҢТАЙЛАНДЫРУ... О ң т а й л а н

д ы р у кезінде ауруханалардан бастап, шағын 

ауылдардағы  медициналық  пункттерге 

дейін  жауып  тындық  (А.Сəрсенбайұлы, 

Тəуелсіз елде., 120). 



ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛ  Оңтайландыр 

етістігінен жасалған ырықсыз етіс. Бүгін-

де  «Самұрық-Қазына»  қорының  ком-

паниялар тобының орталық аппаратының 

ұйымдастырушылық құрылымдары о ң т а й



л а н д ы р ы л д ы (Айқын, 13. 05. 2009). 

ОҢТҮСТІК: Оңтүстік астана. п е р и ф.

Алматы қаласы д. м. Осындан 25-30 жыл 

бұрын Алматы апорты о ң т ү с т і к  а с 



т а н а м ы з д ы ң символы, халқымыздың 

ұлттық мақтанышы болған (Гүлстан, 2005, 

№5, 6). 

ОҢЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  оңып  кету, 

оңа түсу. Бояуы о ң ы ң қ ы р а п кеткен 

терме  алаша,  əр  жері  іріп,  шабырлана 

бастаған  түрсіз  қара  киіз  төсеулі  жатыр 

(Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 9). 



ОҢЫҢҚЫРАУ Оңыңқыра етістігінің 

қимыл атауы.

ОПА:  Опа  таппады.  Жақсылық 

көрмеді,  береке  таппады.  Олла-билла, 

көгермейін,  көктемейін,  Жалшымайын, 

оңбайын, қызығымды көрмейін, о п а  т а 

п п а й ы н, несібемді ит жесін, иманымнан 

жұрдай болайын... деп ант-су ішіп шұбарта 

жөнелді (Жұлдыз, 1972, №4, 34). 

ОПАН-ТОПАН: Опан-топаны шық-

ты. Опырылды, қирады. Тек көшенің арғы 

бетінде о п а н - т о п а н ы  ш ы ғ ы п қи-

раған  бір  топ  үйге  көзі  түсті  де,  көңілі 

құрғыр тағы да ит талағандай алау-далау 

болған еді-ау (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 80). 

ОППОРТУНШЫ  з  а  т.  с  а  я  с. 

Оппортунизм  идеясын  жақтаушы, 

ымырашыл  адам.  Жұмысшылар  барлық 

майданның  көрігін  басып,  темірін 

қыздырғанда «оңшыл», «солшыл» елірген 

о п п о р т у н ш ы л а р астында қалып, зиян-

кестердің тамырына балта шабылып жатты 

(Ж.Саин, Шығ., 2, 238). 

ОППЫЛА е т. с ө й л. Омбыла. Жазда 

құмға батып, қыста қарға о п п ы л а й с ы ң

(Қаз. əдеб., 01. 12. 1972, 4). 

ОПЫНДЫ с ы н. Опық жеген, өкініші 

мол  (сөз).  Сағындық  осындай  орашолақ, 

о  п  ы  н  д  ы  сөзге  еш  сенбейді.  Көкейіне 

қонбайтын қисық тəсіл (Ж.Əлмашұлы, Тар 

дүние, 146). 

ОПЫНТ  Опын  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Сол күні алыс та болса кетіп, 

дəрігер əкелгенде əлдеқалай болар еді деген 

ой əлі о п ы н т а д ы (Жалын, 1977, №6, 58). 

ОПЫНТУ  Опынт  етістігінің  қимыл 

атауы.

ОПЫРМА:  Опырма  мылтық.  Опы-

рылып, содан кейін оқ салынатын мылтық; 

опырмалы мылтық. Ол жай ғана о п ы р 

м а  м ы л т ы қ емес, өзінше сыры бар, 

өзгертіліп,  жетілдірілген,  қарапайым 

ғана өнертапқыштықтың жемісіндей қару 

(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 6). 



ОР:  Ор  ауыз.  Аузының  айналасы 

қызыл қоңыр түсті (мал). Бар денесімен 

алға серпіле, о р  а у ы з кері атты тебіне 

беріп, қамшысымен орай тартып қалып, қа-

сындағыларына  қарамай  желе  жорытып 

жөнелген  (Ж.Ахмади,  Айтұмар, 72). О  р

а  у  ы  з  қара  есек  басында  Ангірендегі 

атақты  бір  молданың  аяқ  лау  көлігі  еді 

(Бұл да, 6).

Ор  бидай.  Бидайдың  бір  түрі.  Бізде 

бидайдың кемінде он шақты түрі өсуші еді: 



о р  б и д а й, қара бидай, ақ бидай, жетібай 

бидай... (Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 67). 



Орып  сөйледі.  Сөзбен  кесіп  түсті. 

Ол мінезі жеңілтек, қауқалақтаған қызық, 

бірақ қай жерде де о р ы п  с ө й л е й т і н

бетті кісі еді (Ə.Байбол, Теміржол., 17). 



ОРАЗА:  Ораза  айт  намазы.  д  і  н  и. 

Рамазан  айы  біткен  күннің  ертесінде 

оқылатын  намаз.  Рамазан  айы  біткен 

күннің ертеңіне о р а з а  а й т  н а м а з ы 

оқылады. Айт – мұсылмандар үшін қасиетті 

мереке. Ол үш күнге созылады. Мұны ораза 

айт дейді (Ана тілі, 26. 04. 1990, 6). 

ОРАЙ: Орай құда қ. Қайшы құда. Қазақ 

дəстүрінде «құда үстіне құда болса, сыйлы 

болады» деп бір-бірімен қайталай құда бола 

береді. Құдалықтың мұндай түрін «о р а й



қ ұ д а» деп атайды (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 3, 63). 



ОРАЙБЕК з а т. к ө н е. Жалғыз бізбен 

тіккен  кесте  түрі.  Тағы  бір  тұтқынды 

456

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жеткізді.  Ұзын  етекті,  қаусырмалы 

желбегей,  кең  сырмалы  шапанының

о  р  а  й  б  е  к  белбеуін  бастырта  тартқан 

қыл  шылбыр  белін  қысып,  келісіп  тұр 

(Д.Сапаров, Өткен күн., 1976, 11). Демек, 

«о р а й б е к» сөзінің мағынасын басқадан 

іздемеу  керек.  Сəукеленің,  қарқараның, 

қасабаның, сарабаның жалғыз бізбен тіккен 

кестесін осылай атайтынын жұрт бүгін де 

білсе керек-ті (Соц. Қаз., 21. 04. 1991, 4). 



ОРАЙЛАСТЫҚ...  Түрік,  монғол 

тектес  халықтардың  ауыз  əдебиетіндегі 

сарындастықты, көркемдік бейнелеуіндегі 

үндестік пен о р а й л а с т ы қ т ы ол талай 

рет ескерткен (Қаз. əдеб., 28. 11. 1975, 1). 

ОРАЙЛАСУ...  Ол  үшін  бұрыннан 

істес, сырмінез адамдар өзара о р а й л а



с у ы қажет (Қазақст. ауыл шаруаш., 1968, 

№4, 40). 



ОРАҚ з а т. ж е р г. Шөп шабатын құрал; 

белорақ,  шалғы.  Екінші  бригада  машина 

жүрмейтін жерді о р а қ п е н сыпырып жа-

тыр. Үшінші бригада шөпті жинаумен ай-

налысып жүр (Б.Майлин, Таңд., 436). Əнеу-

гүні біреу о р а қ жанып тұрған, кенет, айқай 

салды (Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 68). 



ОРАЛЫМСЫЗДАУ с ы н. Ебедейсіздеу, 

икемсіздеу. Жабай басын о р а л ы м с ы з 

д а у бастады да, қызып алған соң сөзінің 

майын тамызды (Жалын, 1977, №1, 15). 



ОРАМА:  Орама  ұйқас.  ə  д  е  б. 

Қаусырмалы  ұйқас  кейде  осылай  да 

аталына береді. Қаусырмалы ұйқас немесе 

о р а м а  ұ й қ а с орыс поэзиясында жиі 

қолданылады (Қаз. əдеб. энцикл., 655). 



О р а м а   ш и . . .   Ш и д е н   то қ ы л ғ а н 

бұйымдарды сырт көрінісіне қарай ақ ши, 



о р а м а  ш и, шым ши деп үш түрге бөледі 

(Қазақстан, əйелдері, 1975, №7, 25). 



ОРАМАЛ: Орамал тастамақ. с ө й л.

Орамал  тастау.  Ауыл  жастары  біресе 

əн  айтып,  енді  бірде  «мыршым», «о  р  а 



м а л  т а с т а м а қ», «хан жақсы ма» 

ойындарын ойнап, əбден құмардан шығып, 

шаршағанда бірақ тарады (А.Сейдімбеков, 

Қыр хикаялары, 116). Орамал тастау. э т н.



Дөңгелене  тізіліп  отырған  жастардың 

артына ойын жүргізуші білдірмей орамал 

тастап кетеді. Егер сезіп қалса, орамалды 

ала салып, ойын жүргізушіні қуып жетіп 

ұрады.  Ал  сезбей  қалса,  айыпты  болады. 

Бұл топтағы ойындардың бірі – «о р а м а л



т  а  с  т  а  у».  Ойнаушылардың  саны  көп 

болса,  ойын  соншалықты  қызық  болады 

(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 63). 

ОРАМАЛДЫҚ...  Біреулер  көйлек-

тік  мата  берсе,  енді  біреулер  о  р  а  м  а  л



д  ы  қ  кездеме  береді  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

халқы., 100). 



ОРАМАЛША  ү  с  т.  Орамал  тəрізді, 

орамал сияқты. Кейуананың қол астында 

о р а м а л ш а желпілдеді (Жалын, 1973, 

№1, 88). 



ОРАТЫ: Ораты жеткенде. с ө й л. Реті 

келгенде. – О р а т ы  ж е т к е н д е дəмі-

ңізді ұмытуға қинала қоймас, - деді, қай-

тып  үндемей  қойды  (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 23). 



ОРАШ з а т. ж е р г. Қара бидай. Екі арба 

айран, екі пұт ақталмаған арпа мен о р а ш 



т ы ң ұнын өгізден басқа хайуан көтере де 

алмайды (Қ.Ысқақ, Ақсу., 24). 



ОРДАБЕГІ з а т. к ө н е. Орда басшысы. 

Оңқол,  о  р  д  а  б  е  г  і,  барыстың  аланы, 

т аут аны,  жолбарыстың   с арымағы , 

қасқырдың абаданы, зенжір – бəрі ескіліктің 

көзі болуға тиіс (Қаз. əдеб., 29. 01. 1993, 6). 

«Бек» терминін түрік текті, ақсүйектердің 

көптеген  лауазым  аттарынан  (ұлысбегі, 

түменбегі, мыңбегі, тубегі, о р д а б е г і

жəне  т.т.)  көп  кездесетіндігін  байқауға 

болады (ҚазССР тарихы, 2, 226). 



ОРДАЛАН е т. Орда болу, орталыққа 

айналу.  Бар  береке  байлық  осында  келіп 

құйылады. Қордалана бересің, о р д а л а н а

түсесің (М.Мағауин, Аласапыран, 258). 

ОРДАЛАНУ  Ордалан  етістігінің 

қимыл атауы.

ОРДАСЫН е т. Орда деп білу, орда деп 

есептеу (И.Байзақов, Құралай сұлу, 113). 

ОРДАСЫНУ  Ордасын  етістігінің 

қимыл атауы. 

ОРИЕНТАЛИСТ...  Мəселен,  кейбір 

о р и е н т а л и с т е р айтқандай, бұра-

таналар  арасынан  шыққан  мен  секілді 

адамға  офицер  шенін  беріп  отырған  елді 

мен қалай ғана даттай алам (А.Сатаев, Бəрі 

де., 178). 

ОРКЕСТРОВКА з а т. м у з. Оркестрдегі 

музыкалық  аспаптардың  үндестігін 

айқындайтын,  сол  арқылы  оркестр  үнін 

құрайтын  ноталық  жүйе. – Музыкада

о  р  к  е  с  т  р  о  в  к  а  жəне  партитура  де-

ген терминдер бар (Аңыз адам, 2012, №15, 

22). Əр шығармаға жеке о р к е с т р о в к а,

жеке партитура арналады (Бұл да). 



457

Байынқол Қалиев

ОРМАЛЫҚ з а т. ж е р г. Егіні орылып 

кеткен жер, аңыз. Бірнеше рет о р м а л ы қ

т ы ң үстінде ақсүйек те ойнағанымыз бар 

(Ə.Асқаров, Таңд., 310). 



ОРМАН з а т. Белгісіз бір халық, басқа 

халық д.м. Бірақ, əкең орыс болар, о р м а н

болар, шешең қалмақ болар, шүршіт болар 

- өзің советсің. Осыны жадыңа тұт (Жалын, 

1973, №6, 51). 



ОРМАН-ТОҒАЙСЫЗ  с  ы  н.  Орман-

тоғайы жоқ. Өйткені, саялы о р м а н - т о ғ а

й с ы з, айдынды шалқар көлсіз, сарқырап 

аққан өзенсіз, жайылымды жерсіз адамзат 

қоғамының шарықтап дамуы мүмкін емес 

(Лен. жас., 06. 01. 1976, 3). 



ОРНАМЕНТ з а т. Бір нəрсенің бетіне 

салынған ою-өрнек, əшекей. 

ОРНАМЕНТШІ  з  а  т.  Бір  нəрсенің 

бетіне ою-өрнек салушы, əшекей жасаушы. 

Өрнек сызу, біріне-бірі ұқсамайтын оюлар 

жасау бəрібір ісмерлердің, о р н а м е н т 

ш і л е р д і ң еншісі болып отыр (Лен. жас, 

14. 05. 1974, 4). 



ОРТА... 2. а у ы с. Ұжымшарға (колхозға) 

тəн  қор  д.м.  Жылдық  отшотты  істей 

алмайтыныңды  айтсаң,  о  р  т  а  д  а  н  бір 

қой беріп, көршінің шотауатын жолдаушы 

едік, - деді (З.Иманбаев, Қос қайың, 448).



ОРТА:  Орта  жайлау.  «Жайлаудың 

шөбі  жетіле  түссін»  деп,  оған  жетпей, 

уақытша  отыратын  жайлау.  Ал  аял 

болмайтын  жағдайда  ілгері  жүре  береді 

де, о р т а  ж а й л а у ғ а ертерек барып 

қонады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 55). Ірі қара 

мен жылқы о р т а  ж а й л а у ғ а жетіп 

жығылмақ (Бұл да, 56). 



Орта қазан. Жұмыс істеген адамдардың 

бірігіп, бір қазаннан тамақ ішу жағдайы. – 

О р т а  қ а з а н н ы ң ұнын бере алмайтын. 

Онда  барғанша  жел  қабамыз  ба, - деді 

(Б.Дəулетбаев,  Сүмбілшаш, 08). - Өзің 

қалаған  жұмысыңды  аласың.  Маржан



о р т а  қ а з а н д ы ұстайды (Бұл да, 32). 

ОРТААЗИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Ортаазияға 

тəн,  соған  қатысты.  Бұл  жырдың 

(Көрұғлы) екі үлкен саласы, яғни екі қайнар 

көзі бар: бірі – о р т а а з и я л ы қ нұсқа, 

екіншісі – азербайжандық үлгі (Қаз. əдеб., 

19. 04. 1974, 2). 

ОРТАЖАҚСЫ з а т. э т н. Қыз бере-

тін  жаққа  төленетін  қалыңмалдың 

орташа  мөлшері.  Ал  қалыңмал  мөлшері 

60 байталдан асса, «қарамал» деген шама 

қолданылмай  басжақсы (5 түйе),  о  р  т  а 

ж а қ с ы (3 түйе), аяқжақсы (1 түйе) деген 

шамалар қабылданған (Х.Арғынбаев, Қаз. 

халқы., 248). 

ОРТАША  з  а  т.  п  е  д.  Оқушыларға 

қойылатын  «үш»  деген  баға.  Үлгерім 

жағына  келсек, 9-ы  үздік. 18-і  «жақсы», 

үшеуі «о р т а ш а» оқиды (Лен. жас, 01. 

06. 1973, 3). 



ОРТАШАРҚЫ с ы н. Орташа, шамалы 

д.м.  Əкем  марқұм  о  р  т  а  ш  а  р  қ  ы 

ғана  ауқаты  бар,  шаруа  адамы  болатын 

(З.Қиянатұлы, Көшпенді., 170). 

ОРТАШАРҚЫЛАУ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Орташалау.  Ошақ  басы  жиғанынан 

шашқаны  басым  о  р  т  а  ш  а  р  қ  ы  л  а  у 

болыпты (М.Разданұлы, Алтай., 189). 

ОРҰСУТ з а т. к ө н е. Орыс. О р ұ с у т 

əскерінен өз қосындарының бұлай жеңілуі 

оған  Ордасының  шаңырағы  құлап  жерге 

түскеннен  кем  тиген  жоқ  (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 9, 274). Алтын Орда хандары 

о  р  ұ  с  у  т  жерін  басқақтары  мен  бесер-

мандары  арқылы  да  бағындырып  ұстау-

ға  тырысқан  (І.Есенберлин,  Алтын  орда, 

1, 139). 



О РХО Н :   О р хо н   ж а зу ы .   О рхо н 

бойынан  табылған  сына  жазуы  осылай 

аталады. Əртүрлі тарихи, саяси себептерге 

байланысты О р х о н  ж а з у ы қолданудан 

бірте-бірте қала бастап, тарих төрінен орын 

алды (Қаз. этнография., 2, 153). 



ОРХОН-ЕНИСЕЙ:  Орхон-Енисей 

жазуы. Орхон, Енисей өзендерінің бойынан 

табылған,  тасқа  ойып  жазылған  көне 

түркі  жазуы.  Мұның  сына  жазу,  көне 

түркі жазуы, руна жазуы деген қосымша 

аттары да бар. 

О Р Ы Н Б О Р :   О р ы н бо р   е ш к і с і . 

Орынбор облысында шығарылған түбітті 

ешкі тұқымы. О р ы н б о р  е ш к і с і н і ң 

дене бітімі ірі, мүйізі үлкен. Ол өте өсімтал 

(Қаз. табиғ., 4, 132). 

ОРЫНДЫҚ:  Орындықтан  тұру 

ойыны.  э  т  н.  Орындалуы  қиын,  бірақ 

күлкі туғызатын ойын. Біреуді орындыққа 

отырғызып,  жауырынын  орындықтың 

арқасына тигізеді. Аяқтарын орындықтың 

астына сұқпау керек. Кеудесін тік ұстап, 

орнынан тұруға тиісті (Ойын-сауық, 238). 

ОРЫСТАҚЫ  с  ы  н.  Орыс  сынды, 

орысша. Ересектер мен егделер арасында 

о р ы с т а қ ы тəрбиенің салқыны бойын 


458

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

əбден  меңдеген  адамдар  тағы  бар  (Егем. 

Қазақст. 21. 06. 2008, 4). 

ОРЫСТАНДЫР Орыстан етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

ОРЫСТАНДЫРУШЫЛЫҚ  з  а  т.

Орыс  ұлтына  сіңірушілік,  орысқа 

айналдырушылық.  Ал  енді  қазақ  бұған 

дейін о р ы с т а н д ы р у ш ы л ы қ қ а 

қалай  шыдап  келгенін  ойлап  көрдік  пе? 

(Егем. Қазақст., 13. 09. 2002, 2). 



ОРЫСШАЛАУ  с  ы  н.  Орыс  тəрізді, 

орыс  сипатты.  О  р  ы  с  ш  а  л  а  у  өскен 

баласында  қазақтың  күшік  күйеу  дейтін 

намысқа  тиетін  ұғымы  жоқ  болатын 

(Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 165). 



ОСҚЫРЫН е т. а у ы с. Көзі шатынап, 

ұрынарға қара таппау, іздену. Төс сүйегі 

тақтайдай  тырыли  арық  қара  шал  əлі  де 

ұрынарға қара таппай өз-өзінен о с қ ы р 

ы н ы п қояды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 32). 

ОСҚЫРЫНҒЫШ  с  ы  н.  Осқырына 

беретін, осқырғыш. Ол мүлде маңына жан 

жолатпайтын о с қ ы р ы н ғ ы ш асаудай тар-

паң болып кетті (Ғ.Сланов, Замандастар, 43). 

ОСЫР: Осырған сиырдай мүйіздеді. 

Қыспаққа  алды,  əркім  бір  түйреп  өтті, 

мүшектеді. Оны былайғы жұрт айтпайды, 

кəдімгі лауазымды орындағылар о с ы р ғ а н



с и ы р д а й  м ү й і з д е п, кекетіп-мұқатып 

бітеді (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 379). 



ОСЫРАҚ:  Осырақ  қоңыз  з  о  о  л. 

Тиіп кетсек, құйрығын көтеріп, сасық иіс 

шығаратын  қара  қоңыз.  Зылиханың  бар 

тілегі о с ы р а қ  қ о ң ы з сияқты бықсы-

май күйеуін кетсе екен деп еді (Қ.Ысқақ, 

Тұйық, 114). 



ОТ:  От  басын  сабау.  Қиянат,  жəбір 

көрген  адам  қиянатшылға  (озбырға) 

əлі  жетпеген  соң,  оның  үйіне  барып, 

масқаралау  мақсатында  отының  басын 

сабап,  күлін  шашу  дəстүрі.  –  Құдайдан 

қорқып, аруақтан ұялсаң, болмай ма?! Бұл 

не қорлық! – деп, оның о т ы н ы ң  б а с ы н 

с а б а п, күлін шашады (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 1, 142). О т б а с ы н  с а б а у

-  əлсіз,  сүйенішсіз  жандардың  озбырлар 

мен  қиянатшыл  залымдарға  қолданыл-

ған қорлау, масқаралау жазасы есептеледі 

(Бұл да, 143). 



Отқа жағылғыр! Отқа жанып кеткір 

д.м. қарғыс. О т қ а  ж а ғ ы л ғ ы р д ы ң

күрегі  қайда  кеткен  (С.Мұртбеков,  Дос 

ізде., 132). 

От  иесі.  Оттың  пірі,  киесі.  Жер  иесі 

– Зембіл, жел иесі – Желікпе, о т  и е с і - 

Өтеген, су иесі – Сүлеймен (Ə.Ыдырысов, 

Тұлға., 225). 



От киіз... Есіктен төрге дейін төселген о т

к и і з д е р көз сүріндіреді (Ж.Молдағалиев, 

Алғ. қоңырау, 26). 



О т қ а   и т е р д і . . .   Жа с т ы қ   а л т ы н 

басылмайтын еш тотқа, Бара жатыр и т е р



м е л е п бір о т қ а. Ер тұлғалы елестейді 

нар жігіті. Сырым емес, Сырым бұған, шын 

жоқ па?! (І.Есенберлин, Шығ. жин., 53). 

Отқа  оралып,  суға  сүрінді.  Пəлеге 

жолықты,  əбігерге  түсті.  Жай  ғана 

ызы-қиқы  болса  бір  сəрі,  о  т  қ  а    о  р  а 



л  ы  п,  с  у  ғ  а    с  ү  р  і  н  і  п  дегендей  бет-

бетімен  тырағайлайды  ғой,  ақымақтар 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 296). 

От  тамызғандай  уақыт.  Он-он  бес 

минуттай уақыт. О т  т а м ы з ғ а н д а й

у а қ ы т өтті. Бір жігіт: - Қашқан жауды 

қумас  болар, - деді  де  қайта  бұрылды 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 71). 

От ұшық. э т н. Отпен ұшықтайтын 

ұшық. Ауру-сырқат түрлеріне қарай оларды 

ұшықтау тəсілдері де əртүрлі болады. Яғни 

ол жер ұшық, су ұшық, о й ұ ш ы қ сияқты 

бірнеше түрге бөлінеді (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 3, 26). 

ОТА: Ота жасады. Ауруды пышақпен 

кесу  арқылы  емдеді.  Тамыз  айында 

дəрігерлер  талантты  тарланның  жүрегіне 



о т а  ж а с а д ы (Алтын Орда, 23. 08. 

2007). Бұған қарамастан 2007 ж. дəрігерлер 



о т а  ж а с а п, артқы аяқтарын кесіп алып 

тастады (Жас алаш, 27. 10. 2009). Ғажайып 

қыз балаға əлі де бірнеше о т а  ж а с а л 

у ғ а тиіс (Бұл да). 

ОТАҒАСЫЛЫҚ  з  а  т.  Отағасы 

болғандық,  үй  иесілік.  Сүйген  жарының 

шарапаты  қатты  жүнжіп  кеткен  жігіттің 

еңсесін  тез  түзеп,  о  т  а  ғ  а  с  ы  л  ы  қ 

міндеттерін  бұлтартпай  орындататын 

дəрежеге жеткізген (Қарақат тер., 62). 

ОТАЛАҚТА е т. ж е р г. Оттау, көку, 

пышырау. – Тəйт  əрі,  босқа  о  т  а  л  а  қ 

т  а  м  а!-  деп,  писарын  тыйып  тастады 

(Қ.Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 154). 



ОТАЛАҚТАУ  Оталақта  етістігінің 

қимыл атауы. 

ОТАМАН...  Жекпе-жекке  шығатын 

батыр  өзінің  сұлтанынан  ба,  ханынан  ба, 



о т а м а н ы н а н ба, əйтеуір қолбасыдан 

459

Байынқол Қалиев

рұқсат,  бата  алуы  керек  (М.Мағауин, 

Аласапыран, 92). Ораз Мұхамед жасақ о т 

а м а н ы н алақанымен нықтап қақты да, 

ауылдан шықты (Бұл да, 178). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет