СОҚАҚТАУ Соқақтау етістігінің
қимыл атауы.
СОҚАЛАП ү с т. Өлшеп-пішіп,
өзгертіп, істеп. Аудан қызметкері асы-
ра сілтеп, малдың бəрін ортаға түсіріп,
артельді коммунаға айналдырыпты. Артель
басқармасы мұны өзінше с о қ а л а п, мүлде
кеңейтіп əкетіпті (Б.Майлин, Таңд., 411).
СОҚПАҚ з а т. Айыр түйе мен
қоспақтың арасынан шыққан (түйенің)
нашар тұқым. Қазақ түйешілері ондай
тұқымды жарбай, с о қ п а қ, қылағай, кірісті
қоспақ, қисықтөс, күлгешөгер деп кемсіте
атап, тезірек тұқымын құртуға тырысады
(А.Сейдімбеков, Серпер, 8 ғ).
СОҚПАҚСЫЗ... 2. а у ы с. Азабы мол,
кедергісі көп. Жүрегіңнің түбіне терең
бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да
ойла. Соқтықпалы, с о қ п а қ с ы з жерде
өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінə қойма
(Абай, 1, 223).
СОҚТАЛА... 2. а у ы с. Сомдау, жасау.
СОҚТАЛАН... 2. Толу, толысу, ірілену.
Ардақтың бойжетіп, с о қ т а л а н ғ а н ы н
а н еркек шора шақтары əлдеқайда тыншу
еді жандарына (О.Бөкеев, Үркер, 118).
СОҚТАЛАНУ Соқталан етістігінің
қимыл атауы.
СОҚТАЛАНДЫР Соқталан етіс-
тігінен жасалған өзгелік етіс. Арлан қан
тамған қарды с о қ т а л а н д ы р ы п асап
жіберді (З.Иманбаев, Қос қайың, 61).
СОҚТАЛАНДЫРУ Соқталандыр
етістігінің қимыл атауы.
СОҚТАЛАС Соқтала етістігінен
жасалған ортақ етіс.
СОҚТАЛАСУ Соқталас етістігінің
қимыл атауы. Батырдың сом тұлғасын
с о қ т а л а с у ғ а қазақ əдебиеті мен көр-
кемөнерінің аса көрнекті қайраткерлері
қатысты (Қаз. əдеб., 30. 03. 1973, 4).
СОҚЫР з а т. Мысықтың бала-
сы. Мысықтың с о қ ы р л а р ы аз-ақ
күннің ішінде көзін ашып, есейіп қалды
(Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 2, 172). Ала
мысық с о қ ы р л а р ы н ы ң аузына сүт
тосып əуре болады (Бұл да). Мысықтың
баласын с о қ ы р, мəулен жəне безек деп
атайды (Қ.Қайым: Ана тілі, 03. 04. 1997, 8).
СОҚЫРАЮ Соқырай етістігінің
қимыл атауы.
СОҚЫРТҰМА з а т. с ө й л. Тұма.
Қыстаудың дəл іргесінде бетін жап-жасыл
жалқаяқ балдыр басқан с о қ ы р т ұ м а
бар екен (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті, 142).
СОЛАҚ... Ойық, с о л а қ, тілік деген
сияқты салынған еннің түріне қойылған
атаулары болады (Н.Қазыбеков, Дала., 34).
СОЛАҚАЙ: Солақай жіп. Солға қарай
ширатылған (иірілген) жіп. Жіп иірілуіне
қарай екі түрлі: оңқай жіп, с о л а қ а й ж і п
болады (Шаңырақ, 391).
СОЛАҚАЙЛЫҚ з а т. Жұмысты сол
қолмен істеушілік.
СОЛАМАЙЫМЕН... Қазақ-қырғыз
сөзінің түбірі не с о л а м а й ы м е н жуан
айтылады, не с о л а м а й ы м е н жіңішке
айтылады (Х.Досмұхамедұлы, Аламан, 82).
СОЛАҢ з а т. Шыңжанда тұратын
халықтардың бірі. Ал сібе маньчжур мен
с о л а ң н ы ң арасынан шыққан халық
көрінеді (Б.Нұржекеев, Өзендер., 121).
Құлжа төңірегіндегі сібе, с о л а ң аталатын
халықтардың да арғы тегін Шоқан біраз
айтып кетеді (Бұл да).
СОЛДАТ: Солдат ер. Солдаттарға
қолайлап жасалған ер. Мұнда ердің үш түрі
510
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
шығарылады. Олар: орыс ері, с о л д а т
е р і, желдірме ер (Соц. Қаз., 07. 04. 1978, 4).
Солдат шөбі. Емдік қасиетіне қарай
мыңжапырақ өсімдігі осылай да аталына-
ды. Бұл жерде өсетін мыңжапырақ ежелден
белгілі. Оны «с о л д а т ш ө б і» деп тегін
атамаған (Наурызым, 18).
СОЛҚЫЛДАҚ
1
з а т. Қыран құс
шайқалып, теңселіп тұру үшін арнайы
жасалған тербелмелі тұғыр. – Ендеше, -
дейді əлгі қыз əкесіне қарап, бүркітті с о л
қ ы л д а қ жасап, соған отырғызыңыз (Қаз.
əдеб., 27. 07. 1968).
СОЛҚЫЛДАҚ
2
з а т. б о т. ж е р г.
Рауғаш. Қыр төсіндегі қой жуа, ит жуа,
сарымсақ, с о л қ ы л д а қ т а р д а н да құр
қалатынымыз қинады мені (М.Мəжитов,
Аманғали, 216).
СОЛМА... С о л м а – жіті ауру.
Қоздырғышы – қанда тіршілік ететін па-
разит құрт. Ауырған мал селқостанады, от-
тан қалады, 3-5 күнде өледі (ҚСЭ, 10, 323).
СОЛТАҚТЫҚ з а т. Солтақ болғандық,
солтаңдағандық. Сынған аяғы солтаң
болып біткен. С о л т а қ т ы ғ ы н а н
бұрын сол аяғы суыққа тез тоңады екен
(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 17).
СОЛТҰСТЫҚ қ. Солтүстік. С о л т
ұ с т ы қ қонақтары бұл елдің ұзын мойын
домбырасына, күйлеріне көп таңданды
(Ғ.Мүсірепов: Қаз. əдеб., 02. 02. 1979, 3).
СОЛТҮСТІК: Солтүстік бұғысы. з о о
л. Тек солтүстікте ғана мекендейтін бұғы
түрі. С о л т ү с т і к б ұ ғ ы с ы н жергілікті
тұрғындар баяғыдан қолға үйреткен. Оның
сүті өте тəтті, жүнінен тоқылған киім өте
жылы (Тірі табиғат, 12). Қына – с о л т ү с
т і к б ұ ғ ы л а р ы үшін боранды қысты
қыстауға ең маңызды жем (Бұл да).
СОЛЫҚТАУШЫ з а т. Солықтап, əн
нəрсені бір істеп жүрген адам.
СОЛЫҚТАУШЫЛЫҚ з а т. Не
істерін білмеушілік; ананы бір, мынаны бір
істеушілік. Көп пьесалардың кейіпкерлері
шын мəніндегі атпал азаматтар емес,
бойкүйездік, еліктеушілік пен с о л ы қ т а
у ш ы л ы қ мінез танытатындар болып жүр
(Қаз. əдеб., 13. 02. 1976, 1).
СОЛЬ з а т. Музыкадағы жеті нотаның
бірі. Əбілаштың дауысы төменгі екінші
октаваның с о л ь нотасына дейін жетіп,
еркін алатын таза да ашық тенор (Қаз. əдеб.,
12. 12. 1975, 4).
СОМ з а т. в е т. Малдың денесіне шы-
ғатын үлкен ісік. Үлкен жараның (лоқының,
жауырдың, с о м н ы ң, шиқанның) аузы
дүмпіп шығады (Соц. Қаз., 29. 03. 1991, 4).
СОМДЫҚ з а т. Сом болғандық;
тұтастық, кесектік. Шалдың бұл
қақпанының қандауызының үлкендігі
кішігірім доғадай, дөңгелек табаны
ошақтай, серіппесінің с о м д ы ғ ы білектей
(С.Мұқанов, Бақташы., 153).
СОМПАЙ з а т. Сиырдың асығы,
томпай. Халқымыз асық екеш асыққа да
жеке-жеке ат берген: құлжанікін – құлжа,
арқардікін – арқар, қойдікін – асық,
ешкінікін – ешкімай, сиырдікін – с о м п
а й (кей жерде - томпай) деп атаған (Қаз.
əдеб., 15. 02. 1974, 2).
СОМСЫН е т. Мықтысыну, зорсыну.
Ол сырттан сынай қарап, күле қарап, с о м
с ы н ы п отыр (Ж.Ахмади, Айтұмар, 472).
С о м с ы н ғ а н ғ а – балға бар, қомсынғанға
– Алла бар (Мақал).
СОМСЫНУ Сомсын етістігінің қимыл
атауы.
С О Н А : С о н а к ө зд е н д і . К ө з і н
бақырайтып, тесіле қарады. Сақ-ғұндар
тарихына əлем елдерінің көптеген
тарихшы-ғалымдары с о н а к ө з д е н і п
шұқшиды (А.Сатаев, Бəрі де., 22).
СОНАДАЙ ү с т. с ө й л. Анадай; алыс,
əудем (жер). «Уазик» ажылдап келіп,
ойқастай бұрылды да, шиқ етіп с о н а д а й
жерге тоқтай қалды (Ə.Асқаров, Таңд.,
360).
СОНАҚ з а т. Сүйектен жасалған
сырға. Əрірек уақытта қыздар с о н а қ т ы
да тағушы еді (Қаз. этнография., 2, 613).
СОНАРШЫЛ с ы н. Сонарда аңға
шығуға құмар (адам). Япырмау, қиыр шет-
тен қалтырап жеткен шарасыз жануарларды
ұрып, соғып, атып алғанға əлі с о н а р ш
ы л мықтылар нендей лəззат тапты екен?
(Қаз. əдеб., 26. 09. 1975, 2).
СОНАУ: Сонау есте жоқ ерте заманда.
Баяғыда, ертеде. Билер с о н а у е с т е
ж о қ е р т е з а м а н д а р д а пайда бо-
лып, халқымыздың ұзына бойғы тарихында
белгілі бір даму сатыларын бастан өткерді
(Н.Мыңбатырова, Төле би., 3).
СОНЫЛАТ Соныла етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Ондағы ойым – аз
күн осында көшіп келіп, малымды с о н ы л
а т п а қ едім (М.Етекбаев, Таутекелі., 12).
511
Байынқол Қалиев
СОНЫЛАТУ Сонылат етістігінің
қимыл атауы.
СОНЫРҚАЛАҒЫШ с ы н. Сонырқа
қуғыш, жаңа (тың) жерге əуес.
СОНЫРҚАЛАҒЫШТЫҚ з а т. Со-
нырқа қуғыштық, жаңа (от) жерге əуес-
тік. Қазір соның тағы бір қырын байқап
тұр. Ол – оты мол жерде малдың с о н ы р қ а
л а ғ ы ш т ы ғ ы (М.Ошыбаев, Соңғы., 91).
СОҢ: Соңына ала. Соңына қарай,
соңғы жағында.
Соңына тіркеу. э т н. Айыпты адам
төлейтін «үш тоғыздан» басқа екінші
орындағы көмекші биге беретін бір ұсақ
мал. Сондай-ақ, оған қосымша «басына
қосақ» деп бас биге бір ірі қара, «с о ң ы
н а т і р к е у» деп одан кейінгі биге бір
ұсақ мал бергізген (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 1, 137).
С О П А Қ Ш А Л А Н С о п а қ ш а л а
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Дөңгелек жүзіңіз с о п а қ ш а л а н ы п, ақ
құба өңіңіз қара қошқыл тартқандай болады
(Қ.Тұрсынқұлов, Анды-Қарақыз, 48).
С О П А Қ Ш А Л А Н У С о п а қ ш а л а н
етістігінің қимыл атауы.
СОПБӨРІК з а т. Төбесі шошақ
етіп тігілген бөрік. Досболдың басында
қарсақтың терісінен тігілген с о п б ө р і к
екен (Ел аузынан, 65).
СОПЫШЫЛ с ы н. Сопыны жақ-
таушы, сопыны насиқаттаушы.
СОПЫШЫЛСЫН е т. Сопышыл
болғансу, сопышыл болып көріну. Лажы
болса құртып жіберу керек деп, с о п ы ш
ы л с ы н ы п жүрген жолдастар бар (Ана
тілі, 22. 03. 1990, 5).
СОРА: Сора-сорасы шығып жыла-
ды. Көзінен жас сорғалап ақты, қатты
жылады.
СОРАҚАЙ с ы н. ж е р г. Сорақы. Екі
көзім болат қанжар ұстаған с о р а қ а й д а
(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 149). С о р
а қ а й əлі бұлтарып, бері бұлтарып жүріп,
ақыры қолыма өзі келіп түсті (Бұл да).
СОРБОТҚА з а т. Тұзды суға бір бұрқ
еткізіп қайнатып алған түйенің шудасы.
– Ісікке мың да бір ем – с о р б о т қ а.
С о р б о т қ а ісікті де, сарысуды да сорып
алады (Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 3, 85).
Жіліншігіне төрт жағынан ағаш құндақ са-
лып, ісігін қайтару үшін с о р б о т қ а жасап
орап тастаған-ды (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 409). Əжем түйенің шудасын тұзды су-
ға қайнатып, яғни с о р б о т қ а жасап,
іскен жеріме таңып тастады (Н.Қазыбеков,
Дала., 24).
СОРБУЫН з а т. м е д. Буындарды
ісіріп, асқындырып жіберетін ауру; ар-
трит (Бекітіл., термин., 73).
СОРҒЫ з а т. ж а ң а. Суды, бензинді
сорып алып, оны екінші сыйымдылыққа
құятын құрал (Бекітіл., термин., 73).
СОРЛЫ: Сорлы қабырға. э т н. Ұсақ
малды союшыға еңбегі үшін берілетін
кəде ет. Ұсақ малды союшы «с о р л ы қ а
б ы р ғ а», «қол кесер» деп таңдап алады
(Ата салты., 130).
Сорлы қар з а т. Соры қайнаған (адам)
д.м. қарғыс. - Əй, с о р л ы қ а р, мен
жылаған жоқпын. Міне, жастығым құп-
құрғақ (Егем. Қазақст., 02. 03. 2002, 4).
СОРТАҚЫМ с ы н. э к с п р. Рухы
жұтаң, бейшара. Бəріміз рухани қотыр,
с о р т а қ ы м тобыр боп қалдық (Ə.Асқаров,
Таңд., 16).
СОРТАҢСЫЗ с ы н. Сортаңы жоқ,
сорланбаған. С о р т а ң с ы з неме-
се сортаңы аз алқаптардағы күрішті
суарау тəртібі мынандай... (Лен. жас,
11.02.1976, 2).
СОРЫС Сор етістігінен жасалған
ортақ етіс. Міне, қазақ даласының қаны
мен сөлін қазағы бар, орысы бар өздері
с о р ы с ы п жатыр (Ғ.Мүсірепов, Жат
қолында, 297). Жіліктің майлы басын бірге
с о р ы с т ы ң қой, мұқым (З.Иманбаев,
Қос қайың, 271).
СОТА з а т. э т н. Малдың құлағына
салынатын сопақша келген жуантық
ен. Малға салынатын ен-таңбаның қазақ
арасында с о т а, кез деп аталатын түрлері
кездеседі (Шаңырақ, 523). Ен-таңбаның
с о т а, тілік, солақ, кез, жүрекше, қиық,
қиықша, ойық, құмырсқа, кесік, батпақ,
тесік, сырға деп аталатын түрлері бар (Білім
жəне еңбек, 1986, №7, 37).
Сота тілік ен. э т н. Малдың құлағы
ұзынша етіп тілінген ен.
СОТЫ з а т. Баларасының бал жи-
найтын торшасы. Олар (аралар) суды
алдын-ала жинап, бірнеше с о т ы д а ғ ы
көзшелерге толтырып құйып қояды (Лен.
жас, 17. 09. 1974, 4). Балы қанттанып кеткен
с о т ы л а р д ы əуелі ашып, сонан соң су
бүркеді (Бұл да).
512
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
СОЯР: Сояр көбейсін! Мал сойып
жатқандарға айтылатын тілек.
СӨДЕГЕЙ... Оның мысықша баса-
тын елеусіз, с ө д е г е й жүрісін шенеді
(З.Жəкенов, Күн көтеріл., 221).
СӨЗ: Сөз додагері. п о э т. Айтыс
ақыны. Алматы облысының аудандарынан
жиырмаға тарта с ө з д о д а г е р л е р і
жыр жəрмеңкесіне жиналды (Лен. жас., 28.
10. 1977, 4).
Сөз қашырды. ж е р г. Сөз қылды,
өсектеді. Бұрын Мүбəрəктің қасында
жүргенде жалпы сарынға ілесіп, осы
Ермаханды сыртынан талай мəрте с ө з
қ а ш ы р ғ а н ы, Сарыбалшық атап, кеке-
тіп-мұқатқаны есіне түсті (О.Сəрсенбай,
Шығ., 5, 233).
Сөз сырғасы. Сөздің реті, жөні.
Осы қарағанның ішінен жуандығы шөп
машинасының дəрежесіндегі айдаһар
көргенін с ө з с ы р ғ а с ы ретінде айта
салған (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш., 1, 161).
Сөз ұстатты. Уəде берді, айтты; сөз
берді. Бір баласы əлі де қызметке орнала-
са алмай жүрген жағдайын айтқанда, бұл
кісіге «кейін көрейік» деп с ө з ұ с т а т ы п
кеткен едім (Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 55).
Cөз індетті. Сөздің мəн-мағынасын
аша түсті, анықтады, түсіндірді. Қолына
қалам ұстап, с ө з і н д е т к е н əрбір азамат-
тан осындай сөздер халыққа сіңісіп жатса
қандай жақсы (Соц. Қаз. 12. 03. 1990).
Сөзінде түйір дəн жоқ. Сөзінде бе-
реке жоқ, шылғи өтірік. Əбілтақ – анық
алдамкөс айтқан с ө з і н д е т ү й і р д ə н
б о л с а б ұ й ы р м а с ы н (К.Мұқажанұлы,
Ортеке, 23).
Сөзіңе береке бергір [берсін]. Біреуден
беркесіз сөз естіген кезде айтылатын
сөз орамы (сөзіңе болайын д.м.) С ө з і ң е
б е р е к е б е р г і р, бүгін шөпті қырқай
түбінен қиып, жаппай сұлататын қайырды
күн (Жалын, 1974, №1, 46).
СӨЗБАСЫ з а т. с ө й л. Алғысөз.
Ахаңның «Мектептен бұрынғы тəрбие»
кітабына жазған с ө з б а с ы н (алғы-
сөзін) ұсынып отырмыз (Қаз. əдеб.,
08.09.1989, 7).
СӨЗБҰЙДА: Сөзбұйдаға салды.
Түрлі сылтау айтып, бір істі ұзаққа соз-
ды. Сүгірбай с ө з б ұ й д а ғ а с а л ы п,
күнде «ертеңнен» танбай-ақ қойғаны
(М.Разданұлы, Алтай., 97).
СӨЗБҰЙДАЛА е т. Бір істі ұзаққа
созу, бітірмеу, кешеуілдету, Не болады, не
болмайды деп айтуға батылы жетпей, с ө з
б ұ й д а л а п көп жүрді (Р.Райымқұлов, Жа-
панда., 52). Қобда ауданының «Земледелец»
колхозындағы 480 оқушылық мектеп үйін
«Облмежколхозстрой» үш жылдан бері
с ө з б ұ й д а л а п келеді (Лен. жас, 21. 08.
1974, 1).
С Ө З Б Ұ Й Д А Л А Н С ө з б ұ й д а л а
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Оның есесіне уəдесі с ө з б ұ й д а л а н ы п,
сұрғылт күндерді төндірді де қойды (Лен.
жас, 11. 05. 1976, 2).
СӨЗБҰЙДАЛАУ Сөзбұйдала етіс-
тігінің қимыл атауы.
СӨЗДЕНУ з а т. л и н г в. Тілде бұрыннан
бар тілдік бірліктер мен тұлғалардың
басқа (жаңа) мағынада қолданыла келіп,
оның өз алдына жеке сөзге айналып
кетуі (лексикалану). Мəселен, зор+ға,
шын+ы+мен, үкімет (басқару жүйесі),
өкімет (билік иесі) сөздері с ө з д е н у г е
мысал бола алады (Қазіргі қаз. тілі, 102).
СӨЗДІКЖАСАМ з а т. л и н г в. Сөздік
жасау теориясы мен сөздік жасау ісі жəне
тəжірибесі (лексикография). С ө з д і к ж
а с а м жалпыхалықтық тілдің байлығын,
нормаларын қалыптастырады жəне тіл
мəдениетін қалыптастырады (Қазіргі қаз.
тілі, 104).
СӨЗЖАРИЯ з а т. с ө й л. Газет. Аудан-
дық с ө з ж а р и я бетінде əкімнің
алғашқы адымдары туралы жазылыпты
(Қаз. əдеб., 14. 08. 1992, 6). – «Арманның»
арманы «жетім бұрышта» жүрген сан мың
қазақ жастарына пана болу, - дейді жаңа
с ө з ж а р и я н ы ң бас редакторы (Алматы
ақшамы, 20. 01. 1993, 4).
СӨЗЖҰМБАҚ... Əр сөз əр нүктесіне
бас қатырып, ойлануды қажет ететін
тас түйін с ө з ж ұ м б а қ (кросворд)
секілді бірдеңе. Бір оқып, бір бөге-
лем (Б.Соқпақбаев, Бастан кешкен, 100).
Газет беттері сканвордтар мен с ө з-
ж ұ м б а қ т а р ғ а толы (Егем. Қазақст.,
29.01.2003, 4).
СӨЗСЫМАҚ з а т. Сөз деген аты ғана
бар; толық сөз емес (А.Ысқақов, Қазіргі
қаз. тілі, 204).
СӨЗТАНЫМ з а т. л и н г в. Тіл білімінің
сөзді зерттейтін саласы (лексикология).
С ө з т а н ы м – сөздер туралы ілім. Ол
513
Байынқол Қалиев
сөз байлығын (тілдегі сөздердің барлығын)
зерттейді (Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі., 68).
СӨЗТАҢБАЛЫҚ: Сөзтаңбалық
жазу. Бүтіндей бір сөзді бір-ақ таңбамен
белгілейтін жазу. Бұл жазудың түп-тегі
шумерлер заманындағы с ө з т а ң б а л ы қ
(идеография) ж а з у ғ а жəне оның арғы
жағындағы суреттаңбалық (пиктография)
жазуға барып тіреледі (Ана тілі, 09. 07.
2009, 4).
СӨЗТАПҚЫРЛЫҚ з а т. Адамның
сөз тауып кету қабілеті; сөз тауып
сөйлеушілік.
СӨЗТІЗБЕ... ...Осының нəтижесінде
бүкіл энциклопедиямыздың сұрыпталған
с ө з т і з б е с і туды (Қаз. əдеб., 19. 05.
1972, 2).
СӨЙТКЕНШЕ ү с т. Солай еткенше.
Олармен шүйіркелесе амандасты. С ө й т к
е н ш е, секретарь кіріп, қаралатын іс бой-
ынша айыпкердің əкелінгенін хабарлады
(Қаз. əдеб., 22. 08. 1975, 2).
СӨКТЕ... Толып піскен егінге орақ
салатын, с ө к т е й т і н, сонда баданадай
ақ тары əкесінің маңдайынан тамған тер
моншағындай көрінуші еді (Д.Досжанов,
Жолбарыс, 35).
СӨНІК с ы н. Сөніп бара жатқан;
жұмулы. Кушекиннің күрең қызыл жып-
жылтыр бетінің алауы қайтып, боп-боз,
с ө н і к көзі мөлие бастаған (Ш.Мұртазаев,
Жұлдыз көпір, 15).
СӨҢКИ е т. с ө й л. Дөңки. Əбілқайыр
тобы бір с ө ң к и г е н биіктің басына шығып
күн шалып, айналаға көз тастауға тоқтаған-
ды (Ə.Кекілбаев, Үркер, 268).
СӨРЕ з а т. к ө н е. Сөре деп жаугершілік
заманда өлген адамдарды мекеніне апарып
жерлегенше қалдыра тұратын, жарым үй
- жарым жаппаны айтады (Ғ.Мүсірепов,
Ұлпан, 68).
Достарыңызбен бөлісу: |