Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет121/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   168

СЕРКЕ:  Серке  бұттанды.  Бұты 

серкенің бұты сияқтанды, сыриды. Соққан 

бейіт  сықылды  Үй  шығады  деп  едім. 

Қырыққан с е р к е  б ұ т т а н ы п, Би шы-

ғады деп едім (Шешендік сөздер, 94). 



СЕРНЕШІ  з  а  т.  Серне  жасаушы, 

сернеге  қатысушы.  Ал  с  е  р  н  е  ш  і 

комбайнерлердің  бірі  əкемнің  туған  інісі 

болатын (Қаз. əдеб., 15. 12. 1972, 4). 

СЕРПЕНТАРИЙ з а т. Жылан өсіретін, 

оның уын алатын арнаулы орын (мекеме). 

Елімізде орнаған «жылан» фабрикалары» 

с е р п е н т а р и й л е р жұмыс істейді 

(Білім  жəне  еңбек, 1985, №6, 25). Əр 

жерде жаңадан с е р п е н т а р и й л е р 

ұйымдастырылып та жатыр (Бұл да). 



СЕРТЕК... Содан бір бес метрін сатып 

алып келдім де, атқосшым екеуміз с е р т е к 

тігуге кірістік. Келесі жолы сол с е р т е к т і

гимнастерканың сыртынан киіп алып едік, 

рақат  болды  да  қалды  (Ə.Нұршайықов, 

Ақиқат., 214). 



СЕРТТЕН е т. Өзіне өзі серт беру. Ол 

ауруханаға  жатып  қалса,  ұзақ  күнге  үш 

рет көңілін сұрап, керек кітаптарын тасып 

тұрар едім деп с е р т т е н е м і н (Лен. 

жас, 15. 06. 1973, 1). 

СЕРТТЕНУ  Серттен  етістігінің 

қимыл атауы. 

СЕРУ:  Серу  жіп.  Өрмектің  кергіш 

қазығына оралған əрбір жіп серу ағашына 

келгенде  қатарластыра  тізіледі.  Сол 

тізілген жіптерді серу жіп деп аталады. 

Өрмек қазық, с е р у  ж і п, қылыш, адарғы, 

көтерменің  (мосының)  көмегімен  күзу 

жіп,  ерсі  жіп,  қарсы  жіп,  арқау  арқылы 

тоқылады (ҚСЭ, 9, 48). 

С Е Р І К Т Е С Т І РУ. . .   Қ ы м - қ и ғ а ш 

замандағы колхоздастыру, с е р і к т е с т і 



р у м е н қатар жүрген компескелеу кезінде 

Қызылқоға  ауданы  жабылып,  Тайпаққа 

көшірілді (М.Мəжитов, Құныскерей, 4). 

СЕСКЕНГЕНДІК з а т. Қаймыққандық, 

қорыққандық. Бет-жүзінде үрейленгендіктің 

бе, əлде с е с к е н г е н д і к т і ң бе не-

месе шаршап-шалдығудың ба, əйтеуір, өңі 

сынық (М.Мəжитов, Құныскерей, 195). 



СЕСКЕНПАЗ с ы н. с ө й л. Сескенгіш, 

қорқақ. Бірақ əкесінің мұндай жоқ нəрседен 

с е с к е н п а з екенін естімеген (І.Есенберлин, 

Алтын., 1, 34). 



СЕССІЗ  с  ы  н.  Сесі  (сұсы)  жоқ,  ай-

батсыз, ызғарсыз. Сұрап тұрып сұсты бол 

құн алардай, Бəсең болсаң, басынбай тұра 

ма  бай.  Таңертеңгі  шəй  үсті  шақыртады, 

С  е  с  с  і  з  барсаң,  сотанақ  сынама  бай 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 39). 



СЕТЕРЛЕ... 2. а  у  ы  с.  Қадірлеу, 

қастерлеу. – Еженханның с е т е р л е п 

ұстайтын  сенімді  құлы  сендер  болғанда, 

шетке қағып, шөміштен қысатыны – біз бе 

сонда? (Қ.Жұмаділов, Тағдыр, 174). – Қой, 

əрі жылқышы, əрі тракторшы болғаның да 

жетер. Мені с е т е р л е г е н д е не шығады? 

(Е.Рахимов, Тентек., 105). 

СЕТЕРЛЕУ Сетерле етістігінің қимыл 

атауы. 

СИДАҢДАНУ  е  т.  Жапырақтары 

түсіп,  сидиып  қалу;  сораю.  Алдарынан 

бұта-қараған, ептеп жапырағынан айыры-

лып, с и д а ң д а н ғ а н терек, ақ балтырлы 

қайыңдар ұшыраса бастады (О.Бөкеев, Өз 

отыңды., 150). 

СИДАҢДАНУ  Сидаңдау  етістігінің 

қимыл атауы. 

СИҚЫР:  Сиқыр  су.  п  е  р  и  ф.  Арақ, 

жынды су. С и қ ы р  с у кімді арбап уы-

сына  түсірмеген,  кімді  жынды  етпеген 

(Б.Соқпақбаев, Таңд., 58). 

Сиқырлы таяқ. э т н. Жас өспірімдер 

ойыны.  Олар  қол  ұстасып,  дөңгелене 

шеңбер  бойына  тұрады.  Жүргізуші 

олардың  əрқайсысына  қатардағы  санын 

айтады. Таяқты тігінен қадап ұстап, бір 

санды айтады да, таяқты жібере салады. 

Əлгі адам таяқты құлатпай қалуы керек. 

Жас  өспірімдер  үшін  аса  бір  пайдалы 

ойындардың бірі – «с и қ ы р л ы  т а я қ» 

(Б.Төтенаев,  Қаз.  ұлт.  ойын., 62). Табиғи 

денелерді  қолданып  ойнайтын  ойындар: 

бестас, лек жалау, с и қ ы р л ы  т а я қ

бақай пісті, жылмаң т.б. (Қаз. мектебі, 1974, 

№5, 14). 



СИҚЫРЛЫЛЫҚ  з  а  т.  Сиқыры  бар-

лық,  сиқыршылық.  Жоқ,  өңі-түсінен  де 

кекесінділік  немесе  с  и  қ  ы  р  л  ы  л  ы  қ 

байқалмайды (Ж.Тұрлыбаев, Семсер, 297). 

СИҚЫРШЫША  ү  с  т.  Сиқыршы 

тəрізді, сиқыршы сияқты. Бейнге екі көзі 

көр соқыр алып с и қ ы р ш ы ш а, айпақ-

тұйпақ  жер  сипалайтындай,  пəтшағар 

(А.Мекебаев, Алапат, 116). Ондайда осы бір 



506

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

орта бойлы, толық денелі біткенді с и қ ы р 



ш ы ш а шыр айналдыратындай елестейтін 

(Бұл да, 149). 



СИМАЗИН  з  а  т.  Арамшөптерге 

қарсы  қолданылатывн  гербицидтердің 

бір  түрі.  Соңғы  жылдары  бау-бақтарда 

өскен  арамшөптерге  қарсы  с  и  м  а  з  и  н

атразин,  мондрон  жəне  пропазин  сияқты 

гербицидтер  кеңінен  қолданылуда  (Қаз. 

ауыл. шаруаш., 1966, №11, 29). 

СИНЕКДОХАЛЫҚ с ы н. Синекдохаға 

қатысты, соған тəн. С и н е к д о х а л ы қ 

сөз қолданыста дене мүшелерін білдіретін 

сөздер елеулі қызмет атқарады (ҚазССР ҒА 

Хабарлары, 1974, №2, 30). 



СИНОНИМДЕСТІК  з  а  т.  Бір  біріне 

синонимдес  болғандық.  Өйткені  олардың 

негізгі  ерекшеліктері  осы  айтылған 

мəндестік  (с  и  н  о  н  и  м  д  е  с  т  і  к

жəне  қарсы  мəндестік  (антонимдестік) 

қасиеттерімен  байланысты  (А.Ысқақов, 

Қазіргі қаз. тілі, 208). 



СИНТЕЗДІЛІК  з  а  т.  Өзара  бірлікте 

болушылық, бірліктілік. Аталмыш театрдың 

кинодан, драмадан бір ерекшелігі – с и н т 



е з д і л і г і н д е (Лен. жас, 01. 11. 1974, 3). 

СИПАЙ  з  а  т.  в  е  т.  ж  е  р  г.  Сиыр 

малының жұқпалы ауруы; сыпыр. ≈ Сиырға 

с и п а й тиіп, қырылып қалды. 

Сипай алғыр. қ а р ғ. Сипай ауруы келіп, 

қырылып қалғыр. Қураған қу қарасан, с и п 

а й  а л ғ ы р (Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 223). 

СИПАЛАҢДА  е  т.  Қайта-қайта 

сипанып  əдемілену,  сəндену.  Бұл  да  үл-

кен  орамалмен  бетін,  мойнын  сүртініп, 



с и п а л а ң д а п қалды (Ж.Жұмақанов, 

Замана., 39). 



СИПАЛАҢДАУ Сипалаңда етістігінің 

қимыл атауы. 

СИПАТТАМА:  Сипаттама  сөздер.

л и н г в. Затты өз атымен атамай, оның 



ерекше  бір  қасиетін  (белгісін)  сипаттау 

арқылы əлгі затты бейнелі, мəнерлі түрде 

басқаша атаған сөздер (перифраз). С и п а 

т т а м а  с ө з д е р көбінесе газет-журнал-

дарда  көбірек  қолданылады  (Б.Қалиұлы, 

Қазіргі қаз. тілі, 87). 

СИРЕКТЕН  Сиректе  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Бірақ  мұның 

алдындағы  ұрыстарда  Қайдаудың  Ал-

тын  Ордадан  алған  өзіне  жататын  атты 

əскері əжептəуір с и р е к т е н і п қалған 

(І.Есенберлин, Алтын., 1, 167). 

СИРЕКТЕНУ  Сиректен  етістігінің 

қимыл атауы. 

СИЫҚСЫЗДАНДЫР  Сиықсыздан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Оны 

сұлу  да,  сұсты  көрсететін  кесек  кес-

кін  мына  кісіні  тым  с  и  ы  қ  с  ы  з  д  а  н

д ы р ы п жібереді екен (Ə.Кекілбаев, Елең-

алаң, 35). 



СИЫҚСЫЗДАНДЫРУ  Сиықсыз-

дандыр етістігінің қимыл атауы. 

СИЫҚСЫЗДЫҚ...  Табиғат  дүние-

дегі  бар  с  и  ы  қ  с  ы  з  д  ы  қ  т  ы  үйіп-

төгіп жапсыра берген тəрізді (С.Оспанов, 

Бақытты., 140). 



СИЫМСЫЗ с ы н. Көңілге қонбайтын, 

ақылға  сыймайтын,  жөнсіз.  Басқа  да 

кейбір  жас  ақындардан  осындай  с  и  ы  м



с ы з асқақтық пен сырдаң сусылдақтықты, 

тақырып аясының тарлығын көріп қалып 

жүрміз (Қаз. əдеб., 05. 04. 1974, 3). 

СИЫНУШЫ  з  а  т.  Сиынған  адамы, 

табынушы.  Қыз  қолын  жайып,  жанын 

сала қиылып, с и ы н у ш ы піріндей көріп 

ағакелеп, бірдеңелерді айтып барады (Жа-

лын, 1974, №2, 73). 



СИЫР :  Сиырдың  ұйқысындай. 

Сиырдың  ұйқы  безіндей  бұжыр-бұжыр 

д.м. Бұл екеуі əңгімелесіп отырғанда беті 

с и ы р д ы ң  ұ й қ ы с ы н д а й мылжа-

мылжа  шикіл  сары  кісі  қастарына  келді 

(М.Дүйсенов,  Меймандар, 103). Əлпеті 

біртүрлі – қожыр-қожыр, с и ы р д ы ң  ұ й 



қ ы с ы іспетті (О.Бөкеев, Үркер, 13). 

Сиыр жұлма. Сиырдың шөпті жұлып 

жеуі.  Осы  сияқты  басқа  малдардың  да 

шөпті  қалай  жейтінін  білдіретін  мынан-

дай  сөз  тіркестері  туған:  жылқы  тістеуік, 

с и ы р  ж ұ л м а, қой іскек, ешкі шөпшек 

(Балдырған, 1971, №9, 18). 



Сиыр  таңдай.  Сиырдың  таңдайы 

сияқты  жолақ-жолақ,  кедір-бұдыр.  Жы-

ланды өзені бетеге, жусан, бұйырған өскен 

боз топырақты жазық дала мен с и ы р  т а ң

д  а  й  құм  төбелерді  басып  өтіп,  көктемгі 

тасқында  Ащыкөлге  құяр  еді  (Т.Əбдіков, 

Өліара, 3). 

СИЫРБҮЙРЕКТЕН  е  т.  Бөлшек-

бөлшек  болу,  салалану.  Осыдан 5-6 

шақырым жерде сала-сала болып с и ы р 



б ү й р е к т е н і п айдындар жатыр (Лен. 

жас, 05. 04. 1974, 4). 



СИЫРБҮЙРЕКТЕНУ Сиырбүйректен 

етістігінің қимыл атауы. 

507

Байынқол Қалиев

С И Ы Р Б Ү Л Д І Р Г Е Н . . .   Ұ қ ы п т ы 

халықтар құсап, ұра жасап, алманы қысқа 

сақтап, өрік, шие, с и ы р б ү л д і р г е н

қарақаттарды қайнатып қоюды табиғатына 

сіңіре  алмай-ақ  кетті  (Ш.Құмарова,  Əйел 

шырағы, 77). 



СИЫРҚҰЙЫМШАҚТАЛ  е  т.  Істің 

аяғы сұйылып кету, аяқсыз қалу. Зерттеу ту 

баста қызу-ақ басталған еді, бірақ келе-келе 

оның да аяғы сұйылып, с и ы р қ ұ й ы м 

ш а қ т а л ы п кетті (Ж.Алтайбаев, Таңд. 

шығ., 169). 



СИЫРҚҰЙЫМШАҚТАЛУ  Сиыр-

құйымшақтал етістігінің қимыл атауы. 

С И Ы Р Қ Ұ Й Ы М Ш А Қ ТА Н Д Ы Р 

Сиырқұйымшақтан етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. Басшылар үстінен жиі түсіп 

жататын арыз-шағымдарға əдетте жүрдім-

бардым қарап, көбінесе с и ы р қ ұ й ы м

ш  а  қ  т  а  н  д  ы  р  ы  п  созып  жіберетін 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 363). 



СИЫРҚҰЙЫМШАҚТАНДЫРУ 

Сиырқұйымшақтандыр етістігінің қимыл 

атауы. 

СИЫРҚҰЙЫМШАҚТАНУ  Сиыр-

құйымшақтан  етістігінің  қимыл  ата-

уы. Қыстың с и ы р қ ұ й ы м ш а қ т а 

н  у  ы  н  а  н  қорыққан  олар  өз  малымыз 

тілін  тістеп  қала  ма  дейді,  қолда  бары-

нан  айырылғысы  келмейді  (Алғы  шеп-

тегілер, 175). 



СИЫРТАҢДАЙЛАН  е  т.  Бүртік-

бүртік  болу,  бұйралану.  Бұл – кəдуілгі 

Сарыарқаның с и ы р т а ң д а й л а н ы п 

жататын қызыл күрең, қоянжон қырқалары 

(А.Сейдімбеков, Серпер, 3). Жолай қыраңы 

тастақ, ойпаңы шақат талай белес с и ы р т 

а ң д а й л а н ы п артта қалады (Лен. жас, 

10. 12. 1974, 3). 



СИЫРТАҢДАЙЛАНУ  Сиыртаң-

дайлан етістігінің қимыл атауы. 

СИЫРШЫ  з  а  т.  а  с  т  р.  Зоди-

ак  шоқжұлдыздарының  бірі.  Астроно-

мия  атауларының  көпшілігі  қазақша: 

Қарақұрт,  Таразы,  Суқұюшы,  Жетекші,

С и ы р ш ы, Бөрі, Бикеш, Айдаһар, Торпақ 

т.б. (С.Сəрсенова,  Астр.  атау., 64). Олар 

əрбір  шоқжұлдызға  ат  қойып  отырған. 

Жетіқарақшы, Қарақұрт, С и ы р ш ы т.б. 

шоқжұлдыз  аттары  осылай  пайда  болған 

(Ол кім. Бұл не? 1, 409). 



СИЯПА з а т. с ө й л. Сияпат. Ондай с и я-

п а н ы аттап, өкпелеген балаша торсаңдап 

т а й ы п   т ұ ру ғ а   қ и я п ат ы н а н   қ о р қ а -

ды  (Ə.Кекілбаев,  Үркер, 115). Хан  енді 

бұл  жорықта  айрықша  көзге  түскендерге 



с  и  я  п  а  тартылатынын  хабарлады

(Бұл да, 144). 



СИЯСОРҒЫШ  з  а  т.  Сияны  сорып 

алатын  қағаз  (құрал).  Сапарды  ұрып 

жібермектей  қолын  с  и  я  с  о  р  ғ  ы  ш  қ  а 

қойды (Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 129). 

СЛЁТШІ  з  а  т.  Слётке  қатысушы, 

слётке барушы. 

СЛЁТШІЛЕП ү с т. Слётке қатысып, 

қызықтап.  Өзім  с  л  ё  т  ш  і  л  е  п  аудан 

орталығында  жүрсем,  үйдегі  сандықты 

ашып,  пантаны  алыпты  (Д.Досжанов, 

Жолбарыс., 59). 



СЛОВАК  з  а  т.  Словакия  елінің 

тұрғылықты  халқы.  Чехтар  мен  с  л  о  в 

а  к  т  а  р  көптеген  қазақстандық  автор-

лар  мен  басқа  да  совет  авторларының 

шығармаларын өздерінің ана тілінде оқиды 

(Жетісу, 18. 05. 1983, 4). С л о в а к т а р 

шығу тегі жағынан чехтарға туыстас (ҚҰЭ, 

7, 696).


СОБАЛ с ы н. ж е р г. Салбырап қалған, 

босбелбеу,  ынжық;  собалақ.  Артықбай 

дейтін бір с о б а л осы ауылдан сельсовет 

болып сайланып еді, сол діңкіл: «Бармасаң 

протокол  жасайды, «подсот»  кетесің, - 

дейді  (Б.Майлин,  Таңд., 132). Малайға 

сенетін  күн  емес  қой,  əйткенмен  мына  с 



о б а л Еркеш бала күннен қолда өсіп еді 

(Бұл да, 365). 



СОБАЛАҚТАУ с ы н. Болбырау, бос-

белбеулеу. – Жұдырықтау балалар ғой, не 

бітіреді мыналар, - деп қомсына күлімсіреді 

іштерінен бір с о б а л а қ т а у келіншек 

(Ж.Орманбаев, Тұзақталған., 29). 



СОБЕС  з  а  т.  с  ө  й  л.  Əлеуметтік 

қамсыздандыру бөлімі. Солардың ішіндегі 

бір  алуаны – аудандық  қамсыздандыру 

бөлімі – с  о  б  е  с  қой  (Ж.Молдағалиев, 

Самал, 17). 



СОБЫҚТЫ с ы н. Собығы бар, собығы 

өскен.  Кеше  ғана  Ақшоқат  өңірін  тұтас 

алып жатқан сары с о б ы қ т ы самала-

дай  қалың  жүгері  бүгін  селдір  тартып, 

шағындана  бастаған  (Оңт.  Қаз., 23. 12. 

1972, 5). 

СОВХОЗАРАЛЫҚ  с  ы  н.  Совхоздар 

арасындағы.  Транспорттың  барлық  түрі 

(автожол, теміржол, əуе жолы, су жолы) тү-

бекке жеткізілген, енді одан əрі қарай ау-


508

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

данаралық, колхоз, с о в х о з а р а л ы қ жол-

дар дамытылды (Лен. жас, 04.09.1974, 4).

СОВХОЗШЫ з а т. Совхоз мүшесі, со-

вхозда жұмыс істейтін. Ал біріккен түбір, 

қысқарған сөздер жаңа сөз жасауға пассив 

қатысады: бүгінгі, колхозшы, с о в х о з ш ы

бес-алтысыз, т.б. (ҚазССР ҒА Хабарлары, 

1984, №3, 35). 

СОҒЫМДА  е  т.  Соғымға  сою,  соғым 

ету. – Зойканы с о ғ ы м д а п алайық, - деген-

де қожайынға əйелі де, баласы да ұлардай 

шулап  қарсы  шыққан  (Ш.Мұртазаев, 

Қызыл жебе, 109). 



СОҒЫМДАУ  Соғымда  етістігінің 

қимыл атауы. 

СОҒЫСКЕР з а т. Соғысу тəжірибесі 

мол, соғыс майталманы. Қанша с о ғ ы с 

к  е  р,  тəжірибелі  қолбасшы  болғанымен 

Ноғай  қолынан  Құлағу  жеңіліп  қалған 

(І.Есенберлин, Алтын., 1, 157). 

СОҒЫСТЫРТ Соғыстыр етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Өзгесін  бы-

лай  қойғанда,  Жағатай  ұрпақтары  мен 

моғолдарды  с  о  ғ  ы  с  т  ы  р  т  п  а  ғ  а  н 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 199). 



СОҒЫСТЫРТУ  Соғыстырт  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СОДА  з  а  т.  Ас  əзірлеуге,  дəрілікке, 

кір  жууға  пайдаланылатын,  тұз  тектес 

химиялық ұнтақ. 

СОДАЛАН е т. Содамен жуылу. Ойпыр-

май, ə, қан түспесе не қылсын, тым азырақ 

аяңдаттым ба? Терін жақсы-ақ басып, с о 

д а л а н ғ а н... Əлі жүргізгені зайыр ма еді 

(Жалын, 1973, №4, 105). 



СОДАЛАНУ  Содалан  етістігінің 

қимыл атауы. 

СОЗБАУЫТ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Созалаң, 

созбақ.  Бірімтай  Мəтенованың  ұйқыны 

келтіретін с о з б а у ы т, ызыңдаған дау-

сын  айнытпай  салып  отыр  (Ғ.Төреханов, 

Таудан., 227). 



СОЗЫЛМЫШ  с  ы  н.  Созылатын, 

созылған  (Т.Ахтанов,  Шырағың  сөнбе-

сін, 14). 



С О З Ы Л Ы М Д Ы Л Ы Қ . . .   Ж а л а ң 

тізбектің с о з ы л ы м д ы л ы ғ ы ілмек 

қатарының биіктік мəндері белгілі болған 

кезде анықталады (Ж.Əбдуғапарова, Три-

котаж өндірісі, 123). 

СОЗЫМ з а т. с ө й л. Созылымдылық. 

Апырмай, дауыстың дірілін, с о з ы м ы н 

сақтап,  əуенді  сан  құбылтып  қайырғанда 

қайран  қалушы  едік  (Б.Нұржекеев, 

Күйтолғақ, 12). 

СОЙ... 2. а у ы с. Ойдағыдай ету, қатыру. 

– Бүгін бір құшақтасып ұйқыны с о я л ы 



қ ш ы, - деді Қараменді (Ж.Молдағалиев, 

Самал, 48). 



СОЙДАҚТАЛ  Сойдақта  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Енді  оған 

көшенің  қабырғасына,  дүкендердің  ал-

дына  жапсырылған  қызылды-жасылды 

қағаздар да, қағаз бетіндегі с о й д а қ т а 



л а жазылған қытай иероглифтері де ете-

не  ыстық  көрінеді  (Жалын,  №6, 1972, 8). 

Таңатар тасы дəл біздің үстімізде мінбелей 

с о й д а қ т а л ы п тұр (Бұл да).

СОЙДАҚТАЛУ Сойдақтал етістігінің 

қимыл атауы. 

СОЙДЫМ с ы н. ж е р г. Анық, айқын. 

Бусанған жұмсақ жерге с о й д ы м боп түскен 

із сайрап жатыр (Е.Тұрысов, Ақбақай, 14). 

СОЙТАЛ  з  а  т.  Екі  жастағы  еркек 

жылқы.  Кейбір  деректерде  екі  жастағы 

ұрғашы  жылқыны – байтал,  ал  еркегін  –



с о й т а л дейді (Қаз. этнография., 2, 521). 

СОЙШАҢҒЫ з а т. к ө н е. Жылқының 

жіліншік  сүйегін  екіге  жарып  жасалған 

шаңғы. Өкінішке орай, с о й ш а ң ғ ы н ы ң

үлгісін  ешқандай  музейден  кездестіре 

алмадық (Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 294). 

СОЙЫЛГЕР  с  ы  н.  Сойылды  жақсы 

соғатын,  сойылшы.  Қобыландының 

жалғыз  шауып  келе  жатқанын  көрген 

сұлжұқ түрікменнің елу шақты с о й ы л г 

е р батыр жігіттері кенет аттарының басын 

кейін бұрып, Қобыландыға қарай ат қойды 

(І.Есенберлин, Алмас., 242). 

СОЙЫЛГЕРЛІК  с  ы  н.  Сойылды 

жақсы  соға  білушілік,  сойылшылық. 

Жас  кезінде  жортуылға,  жаугершілікке 

көп жүрген, төселімді с о й ы л г е р л і г і-

м е н даңқы шыққан еді (Ғ.Білəл, Ғасыр-

лық., 174). 



СОЙЫЛДАТУ... - Өй менікі ойын емес 

пе! Өйтіп Наймантайды қойт-қойттамаңдар. 

Бұл ма, бұл мені айдаладағы біреуге с о й ы 

л д а т у д а н тайынбайды! (А.Сейдімбеков, 

Қыр хикая., 89). 



СОЙЫЛШАҢ з а т. Кішірек сойыл. – 

Қарағым-ау, найзаң бар ма еді? – деп ши 

ішіндегі с о й ы л ш а ң д ы алып шықтым 

(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 86). 



СОЙЫЛШЫЛДЫҚ з а т. Ұрған сой-

ылын дəл тигізетіндік, сойылгерлік. Ұрыс 

509

Байынқол Қалиев

кезінде аса найзагерлігімен жəне сілтегенін 

қапы жібермейтін күшті с о й ы л ш ы л д ы 

ғ ы м е н көзге түсті (Ж.Тұрлыбаев, Тамыз 

таңы, 161). 



СОЙЫРҒАЛ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ханның 

біреуге сыйға берген, тарту еткен жері. 

XIV  ғасырда  Алтын  Орда,  Ақ  Орда 

мемлекеттеріндегі  жерді  шартты  түрде 

сыйға тарту көбінесе с о й ы р ғ а л деп атала 

бастады (ҚазССР тарихы, 2, 231). 

СОЙЫС:  Сойыс  малы.  Құда  түсуге 

барғанда өздерімен бірге ала баратын мал. 

С о й ы с  м а л ы болашақ құданың сый 

асы саналады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 139). 



СОҚА

1

: Соқа жығылды. Соқамен жер 

жырту  аяқталды  (тоқтады)  д.м.  Село 

жақтағы алқапта с о қ а  ж ы ғ ы л ғ а л ы 

бір апта болған (Балдырған, 1972, №4, 6). 

СОҚА

2

:  Соқа  бастылық.  Басының 

жалғыздығы;  жеке  бастылық.  Əйтсе  де 

мезгілсіз кеткен қайырымды құрбының көз 

алдыма келген күнəсіз бейнесі с о қ а  б а с

т ы л ы ғ ы м д ы жазғырған сияқтанды 

(Қ.Қазиев, Иманжапырақ, 75). 



СОҚАҚТА е т. Шоқырақтау, шоқақтау. 

Айдалада аш қасқырдай с о қ а қ т а п келе 

жатқан Кембілдің қанталаған көзінде өшпес 

кек, бітпес жараның ізі бар (А.Хангелдин, 

Қараторғай, 88). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет