ТЕТІР: Тетір пышақ... Т е т і р п ы
ш а қ – етікшілер етіктің ұлтанын тегіс-
тегенде қолданатын, басы қысқа, қиғаш
пышақ (Пионер, 1983, №2, 29).
ТИ: Тие берсін. Аруақтарға себі тисін
д.м. тілек. Екеуі беттерін сипасып, шелпек-
тен «т и е б е р с і н» айтып ауыздарына
салды (Жұлдыз, 1972, №6, 127).
ТИДЕҒАШ з а т. э т н. Сүтті айырықша
жылдам ұйытатын, ашуы қатты мəйекті
«тидеғаш» деп атайды (А.Сейдімбеков,
Күңгір-күңгір., 116).
ТИЕЖАҚ с ы н. ж е р г. Тиесілі, тиісті.
Онда т и е ж а қ ақшаның 30%-ін салымға
аударып отыру керек (Егем. Қазақст.,
27.02.1992, 1).
ТИЕК з а т. к ə с і б. Қақпанның екі
жақтауын тіреп тұратын ағаш (тетік).
Түңдікшені əлде не басып кетсе болды, т и
е к ағытылып қақпанның қос жақтауы шарт
етіп қыса қояды (Д.Досжанов, Зауал, 133).
Қақпанның түңлігі мен т и е г і н алып, ізге
біржола түсейін деп, кейін қарай жүрдім
(Жалын, 1972, №6, 68).
ТИОДОЛИТ з а т. г е о д. Жердің
көлденең жəне тік бұрышын өлшейтін
құрал. Ахметбек қолына т и о д о л и т
алып, екі күндей жотаның геодезиялық
572
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
белгілерін қартаға енгізді (І.Есенберлин,
Махаб. мейр., 187).
ТИРАЖДА е т. с ө й л. Тиражын (са-
нын) көбейту. Сауда дүкенінде жыртық
бəтеңкені ешкім алмайтын болса, жыртық
«жырды» неліктен т и р а ж д а й м ы з
(Қаз. əдеб., 31.10.1986, 15).
ТИРАЖДАУ Тиражда етістігінің
қимыл атауы.
ТИЫН: Тиын салу. э т н. Алақанға тиын
салып ойнайтын ұлттық ойындардың бір
түрі. Тек ашық алаңдарда ғана ойналатын ақ-
сүйек, соқыртеке, түйе-түйе, қасқұлақ, т и ы н
с а л у, ақбайпақ, ақшамшық, көрші, шалма,
шертпек, қарамырза, сиқырлы таяқ т.б. ойын-
дар шыққан (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 9).
Тиын сауды. Сатып, тиын етті,
тиын жасады. Қауын-қарбызды көгендегі
қозы-лақтай ғып тізіп, тоқал тамның
көлеңкесінде т и ы н с а у ы п отыратын
жарықтық (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 133).
– Оқымасаңдар біз сияқты сауда жасап,
өмірбақи т и ы н с а у ы п өтесіңдер, - деді
Бибігүл (Ə.Байбол, Теміржол., 51).
ТИЫШСЫЗДАУ с ы н. Тынымсыздау,
мазасыздау (ХХ ғ. бас. қаз. ақын. шығ., 107).
ТИІМСІЗДЕУ с ы н. Тиімділігі ша-
малылау, пайдасы аздау. Саймасай өткен
ұзынша төбенің сыртындағы жол жоғары
қарай жылжығанға ыңғайлы болғанымен,
төмен қарай қозғалғанда т и і м с і з д е у
(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 168).
ТИІН: Тиін бөрік. Тиіннің терісінен
тігілген бөрік. Əлгінде ғана бір-бірін
көруге ұялғандай т и і н б ө р і к, суыр
бөрік, көртышқан бөрік, борсық бөріктер
маңдайдағы он сегіз көзді милықтата
бүркеп алыпты (Қ.Ысқақ, Ақсу., 479).
Əлгінде ғана күлісіп отырған т и і н
б ө р і к, пұшпақ бөрікті осы орданың игі
жақсылары енді бір-бірінен ұялғандай үнсіз
қалған (К.Жүністегі, Едіге, 250).
Тиін ішік. Тиін терісінен тігілген ішік.
Шешесі бұның қыс киетін жылы т и і н
і ш і к, жарғақ шалбар, түлкі тымағын алып
беріп жатыр (С.Елубай, Ақ боз., 33).
ТОБАҚАБЫЛ з а т. Қонақтар-
дың амандық-саулық сұрасу дəстүрі.
Осылай дəстүр бойынша жасалған қысқа
ғана т о б а қ а б ы л д а н кейін қонақ-
тарды түсіретін үйлеріне бөліп-бөліп
алып кетті (Ғ.Мүсірепов: Қаз. əдеб.,
02.02.1979, 3).
ТОБАРСЫҢҚЫРА е т. Аздап тобарси
түсу, кебіңкіреу, құрғаңқырау. Жер т о б а
р с ы ң қ ы р а п қалыпты (Ə.Нұршайықов,
Махаб. жырл., 446).
ТОБАРСЫҢҚЫРАУ Тобарсыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ТОБЫҚ: Тобық жұтқандай. Сілейіп
тұрған, үнсіз. Мелс мұғалім т о б ы қ
ж ұ т қ а н д а й бəрібір үнсіз (Ə.Асқаров,
Өр Алтай., 16).
ТОБЫЛҒЫ: Тобылғы майы. Емдік
үшін тобылғыдан арнайы алынған май. Сол
сияқты тобылғыны жаққанда пайда бола-
тын майды т о б ы л ғ ы м а й ы деп атап,
оны жылы күйінде адамның тері ауруына
қарсы пайдаланған (Қаз. этнограф., 1, 50).
ТОБЫРҒА з а т. к ө н е. Барабанның
бір түрі; ұрмалы саз аспабы. Кернейлер
барылдап, шиқылдап, жылап-зарлап, ба-
рабан, т о б ы р ғ а л а р дүрсілдеп, тар-
сылдап жорыққа шығуға тағы белгі берді
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 434).
ТОБЫРЛЫ с ы н. Топ-топқа бөлінген,
топтасқан. Ононның биік жағасынан
басталып, қиырға жол асқан ұлы даланың
үсті т о б ы р л ы ел, лек-лек əскер қолына
толған (Е.Тұрысов, Темірлан, 141).
ТОБЫРШАҚ з а т. ж е р г. Қолынан
еш нəрсе келмейтін, қорғансыз тобыр. Ел
қызды сойыл сүйреп келгеніне, Қорқытып
жеңіп алам дегені ме? Жан қалмай Ескененің
руынан, Бұл елді т о б ы р ш а ғ ы көргені
ме? (И.Байзақов, Таңд. шығ., 1, 194).
ТОБЫРШЫ з а т. Тобырмен бірге
жүретін, тобырды ұнататын адам
(И.Байзақов, Құралай, 217).
ТОБЫРШЫҚ з а т. Ұзындығы
бармақтай ағаш тиектің ортасы қыналып,
ірге баудың бір ұшына тігіледі. Құсбегілер
осы тиекті тобыршық деп атайды
(Ж.Бабалықов, Қырандар, 66).
ТОБЫРШЫЛДЫҚ з а т. Тобыр бо-
лып бірігушілік, топқұмарлық. Қазақтың
Абайды ашындырған бір мінезі – білместік,
білгеннің тілін алмастық, т о б ы р ш ы л-
д ы қ (З.Қинаятұлы, Көшпенді., 104).
ТОҒА е т. к ө н е. Жанасу, жақындасу.
Ертедегі адамдардың ұғымында Үркер
маусым айы туғанда бірге т о ғ а п,
сосын жерге түседі (М.Етекбаев, Таутекелі.,
195). «Үркер т о ғ а д ы» деп үркер
мен айдың жанасуын айтады (Соц. Қаз.
23.09.1987, 3).
573
Байынқол Қалиев
ТОҒАЙЛЫҚ з а т. Тоғай (ағаш) өскен
жер. Қален жайлау Оброчный деп атала-
тынын, өзеннің арғы беті т о ғ а й л ы қ,
бидайық өсетін сай-салалы келетінін
(Х.Есенжанов, Ақ жайық, 1, 283).
ТОҒАЙРАҚ... Сиырды сойып, ішін
жарып, шек-қарнын ақтарып отырғанда
сиырдың т о ғ а й р а қ қарнын көре са-
лып: - Əне, сиясы өшіп қалыпты, қағаздары
қалыбында тұр, - деп дауласыпты (Мəшһүр
Жүсіп, Шығ., 10, 312). Жалбыршақ қарын-
ды «т о ғ а й р а қ» деп атайды. Оның
аршуы қиын болғандықтан көбінесе
итке тастайды (А.Сейдімбеков: Жұлдыз,
1973, №9, 208).
ТОҒАЙШЫҚ з а т. Кішкентай тоғай.
Біз жайылымды аралап, аласа т о ғ а й
ш ы қ т а р д ы ң ішімен келе жатамыз
(Ш.Айтматов, Ақ кеме, 39).
ТОҒАН: Тоған жығылды. Тоған жы-
рылып кетіп, су басқа жаққа ақты д.м.
Кеңөзектегі т о ғ а н ж ы ғ ы л ы п кетіпті
(Қ.Омарұлы, Əле, 14).
ТОҒАНАҚ з а т. к ө н е. Бек отыратын
орындық. Төле би бектерше парша киіп,
т о ғ а н а қ т а отырып-ақ Ташкенттің
тізгін-шылбырын өз қолына алыпты
(Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр, 2, 57).
ТОҒАНАҚТАН е т. Жұмырлану, до-
малану, дөңгелену. Əуелгідегі ортадан
сұңғақтау келген тұрқы бұл күнде т о ғ а
н а қ т а н а, үрген бүйен сықылды шермен
тартқан (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 47).
ТОҒАНАҚТАНУ Тоғанақтан етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТОҒАНБАСЫ з а т. с ө й л. Егін
суғарғанда тоғандағы суды реттеп,
бөліп беруші адам; мұрап. Сіз т о ғ а н б
а с ы болғанда, төбелес шығып кетуші еді
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 2, 116).
ТОҒАТТЫЛЫҚ з а т. с ө й л.
Қанағатшылдық. Жетім өскен жігіт жа-
стайынан т о ғ а т т ы л ы қ қ а тəрбиеленген
(Ə.Тарази, Басынан Қаратаудың, 313).
ТОҒАУ Тоға етістігінің қимыл атауы.
ТОҒАШТАН е т. ж е р г. Көңілі тоғаю,
риза болу, қанағаттану. Қуан жылқы
малының осы тəрізді шаш-етек пайдасын
ойлағанда іштей ризалық тауып, т о ғ а ш
т а н ы п қалатын (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 226).
ТОҒАШТАНУ Тоғаштан етістігінің
қимыл атауы.
ТОҒАШЫ з а т. Жиын-тойды,
асты өткізуге жауапты адам. Ошаққа
Меңдекенің жеті ауылы тегіс тігіліп,
Шəңкі бидің шаңырағы ордабасы болып
белгіленген. Астың т о ғ а ш ы алқасының
төрағасы болып Асаубай шешен бекітілген
(Қаз. əдеб., 23.04.1990, 5).
ТОҒЫЗ: Тоғыз кесті. к ө н е. «Тоғыз»
деп аталатын айып тарттырды. Үйіңе
келген кісіні Жағадан келіп аласың.
Ұлықсатсыз кіргеннің Т о ғ ы з к е с і п
мойнына, Одан да олжа табасың (Сүйінбай:
Нар заман., 269).
Тоғыз көз. ө н е р. Тоғыз көз пішіндес
ою-өрнек. «Құстаңдай», «сыңар өкше»,
«қос мүйіз», «сыңар мүйіз», «т о ғ ы з
к ө з», «жүз теру» сияқты ою-өрнек
нұсқалары белгілі бір кəсіппен байланы-
сты туындап дамыды емес пе? (Лен. жас,
03.08.1974, 2).
Тоғыз қанат үй. Қанатының саны
тоғызға жеткен үлкен қазақ үй. Шақырусыз
келген қонақтар босағадан аттағанда, т о
ғ ы з қ а н а т ү й д і ң құбыла бетіндегі үйрен-
шікті орнында отырған Андас мырза кері-
ліп-созылып əрең тұрды (О.Сəрсенбай,
Шығ., 4, 111).
Тоғыз таспа қамшы. Тоғыз таспадан
өрілген қамшы. Салғалы тұрғандай-ақ
қазір лаңды, Қолына т о ғ ы з т а с п а
қ а м ш ы н ы алды. Əкесін өлтіргендей ақын
Біржан Қаңтардағы бурадай қалшылдады
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 148).
ТОҒЫЗАТАР з а т. Тоғыз рет атыла-
тын тапанша; маузер. Зеңбірек болмаса
да, іште тұрып қорғасын оқты бердеңке
мен т о ғ ы з а т а р д ы мөңіретіп-
мөңіретіп жіберетін оймақтай тесігі бар
екен (М.Разданұлы, Алтай., 29).
ТОҒЫЗАЯҚ з а т. э т н. Үйлену тойын-
да жасалатын жол-жоралғылардың бірі.
Үйлену тойында бұрын т о ғ ы з а я қ,
тоғызтабақ, күйеу шақыру, түндікашар,
шымылдықбайлар, төсексалар сияқты жол-
жоралғылар жасалған (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын., 25).
ТОҒЫЗ-ОҒЫЗ з а т. к ө н е. Тайпа
атауы. Батыстағы он-оқтар, түркештер,
теріскейдегі қырғыз бен т о ғ ы з-о ғ ы з д а р,
шығыстағы қытандар тұрғанда іргемізді
бүтіндеп, белбеуімізді бекітуіміз керек
(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 294). Қалған қолдар
т о ғ ы з-о ғ ы з б е н, байырқулармен жəне
574
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
қай, қытан жұртымен, табғаштармен
соғысуда еді (Бұл да, 471).
ТОҒЫЗТАБАҚ з а т. э т н. Құдаларға
тартылатын кəделі табақтар. Үйлену
тойында бұрын тоғызаяқ, т о ғ ы з т а
б а қ, күйеу шақыру, түндікашар, шы-
мылдықбайлар, төсексалар сияқты жол-
жоралғылар жасалған (Б.Төтенаев, Қаз.
ұлт. ойын., 25).
ТОҒЫЗЫНШЫ: Тоғызыншы шалғы.
Қолмен шөп шабатын, тоғызыншы нөмір-
лі (үлкен) шалғы. Т о ғ ы з ы н ш ы ш а л ғ ы
н ы толғай тартып, бедені жапыра шауып,
əкем менен ұзап кетті (Д.Бейсенбекұлы,
Əулиеағаш., 15).
ТОҒЫН з а т. э т н. Шаңырақтың дөң-
гелек шеңбері. Шаңырақ т о ғ ы н ы н
ы ң үстінен түңдікті көтеріп тұру үшін
айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш
деп атайды (Шаңырақ, 47). Шаңырақ т о ғ ы
н ы екі жапсардан тұрады (Ə.Тəжімұратов,
Шебер., 27). Күлдіреуіш – шаңырақ т о ғ ы
н ы н ы ң үстінен кереге көз боп бекітілген
3 не 4 шыбық (Бабалар сөзі, 89, 411).
ТОҒЫНДЫ... Тобыршығы биік жай
салып, Дұспан аттым, өкінбен. Т о ғ ы н
д ы сарты нар жегіп, Көш түзедім, өкінбен
(Доспанбет: Нар заман., 20).
ТОҒЫСАЙ... Торға қаз-үйрек, қарға-
сауысқан, т о ғ ы с а й, сарша, қоян, түлкі, қар-
сақ сияқты хайуандарды тірілей байлау,
əрине, ұтымды шырға (Ж.Бабалықов, Қыран-
дар, 57). Құладын, т о ғ ы с а й деген-
дер жапалақтың ежелден қанат қағыс-
тырып, құйрық соғыстырған тышқан та-
лас «бақ күндестері» (Т.Жақыпбайұлы,
Лашын, 85).
ТОҒЫТ з а т. 1. Қырқар алдында жүнін
шайырдан тазартып алу үшін қойды
ағынды өзен суына салып, жүздіру ісі.
Бертінде Айғанша т о ғ ы т қ а батқан
қойды шығарамын деп суға кетіп өлген
(Қ.Тоқморзин, Үш кие, 224). 2. Қырқып
алған соң қой терісіндегі қотыр, қышыма,
көнтек ауруларын емдеу үшін арнайы
жасалған ұзынша шұңқырдағы суға кірəлін
қосып, оған қойды салу ісі (купка). Сол
бетімен олар т о ғ ы т т ы ң қасынан бір-
ақ шықты. Т о ғ ы т т а н онша алыс емес
тепсең жазыққа хан ауылы жабағы жүн
қырқа бастапты (Ə.Кекілбаев, Үркер, 505).
Т о ғ ы т т а н дұрыс өтуінің басы-қасында
боламын (Қаз. əдеб., 21.11.1975, 2).
ТОҒЫТПА з а т. Қойды кірəлінге са-
латын жер; купка. Жаз айында жайлауда
т о ғ ы т п а салынды (С.Лəмбеков, Əке
жолы, 108).
ТОҒЫШАРЛАУ с ы н. Ой-өрісі тар-
лау; өзін ғана ойлайтын, өзімшілдеу
(Ж.Орманбаев, Қос басшы, 7).
ТОЗ з а т. б и о л. Ағаш қабығының
өңнен кейінгі, сарғыштау қоңыр түсті,
жылтыр қабаты. Қабық өңнен, т о з
д а н жəне тіннен құралады. Өңнің астында
қоңыр түсті т о з қабат пайда болады. Ол
сабақтың ішкі бөліктерін құрғап кетуден
сақтайды (Биология, 87). Алты жаста
қайыңның т о з ы н д а й м ы н, Жеті жаста
ойпаңның бозындаймын (XV-XVIII ғас. қаз.
ақын. шығ., 53).
ТОЗАҢҚАП... Жіпшенің ұшында гүл
тозаңына толған тозаңдық (т о з а ң қ а п)
болады. Піскен кезде тозаңдық жарылады
да, одан тозаң төгіледі (Биология, 7).
ТОЗДАЛ Тозда етістігінен жасал-
ған ырықсыз етіс. Ершілердің кейбіреуле-
рі т о з д а л ғ а н ердің сыртын түрлі
бояулармен бояйтын (Х.Арғынбаев, Қаз.
ер-тұрман, 186).
ТОЗДАЛУ Тоздал етістігінің қимыл
атауы.
ТОЗДАУ Тозда етістігінің қимыл ата-
уы. Қазақ ершілері ер сүйегін тұтас ағаштан
шауып, оның құрамдас бөліктерін бекітуге,
əшекейлеуге т о з д а у, көндеу, желімдеу,
бедерлеу, сүйектеу т.б. тəрізді тəсілдерді
қолданады (Қаз. этнография., 2, 69).
ТОЙАҒА з а т. Тойды басқаратын
епті адам; той басшысы, асаба. Той иесі
тойдың ретті, қызықты, думанды өтуі
үшін, ойын-сауықты басқаруға өнерлі де
іскер, шешен де шебер бір жігітті басшы
етіп қояды. Ол «т о й а ғ а» деп аталады
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 89).
ТОЙБАСШЫ з а т. Тойды бастай-
тын адам; асаба, тойбасы. Соңынан
ойын (көкбар) тəртібі əбден бұзылып,
көкбаршылар ақалаушыны да, т о й б а с ш
ы н ы да тыңдаудан қалады (Егем. Қазақст.,
17.05.2003, 6).
ТОЙБАСЫ... – Оу, т о й б а с ы қайда,
меймандар тұрып қалды ғой – деген
дауыстар да естіле бастады (Қаз. əдеб.,
17.01.1975, 2).
ТОЙҒЫЗ... 2. а у ы с. Мезі ету, ығыр
қылу, жалықтыру. ≈ Қазіргі кезгі кейбір
575
Байынқол Қалиев
жас əншілердің «ұлыған» əні бізді əбден
т о й ғ ы з д ы.
ТОЙҒЫН з а т. Тазы ит, тұйғын. Ер
деуші еді, Наурызбай, Жеке келсең, болмай
ма, Ықпалың жүрген данасың? Т о й ғ ы н
д а р ы ң д ы ертіп, Төрем қайда барасың?
(Жеті ғасыр., 1, 262).
ТОЙЛЫҚ з а т. Жиын-тойда киетін
киім. Қазақ халқы киімді майлық, сулық,
т о й л ы қ деп бөледі де, жұмысқа, от-
басына – майлық киімдерді, малға – сулық
киімдерді, жиын-той, мереке-мейрамдар-
да – т о й л ы қ (бір киер) киімдерді киеді
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 4, 67).
ТОЙМАЛ... Нағашың басқарма болып
тұрғанда ең болмаса т о й м а л ы ң д ы
көтерер еді (Қ.Тоқмұрзин, Үш кие, 66). Ер
баланың ата-анасы қыз əкесіне сөз салып,
«қалың мал», «қарғыбау», «кит», «өлтірі»,
«жыртыс», «т о й м а л» сияқты басты-
басты төлемдердің мөлшеріне тоқтасатын
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1968, №5, 60).
ТОЙНАҚ з а т. Металмен қапталған
етік өкшесі (Қаз. этнография., 2, 116).
ТОЙСАРҚЫТ з а т. Тойдан қалған
тамақ. Əлгі Азамат құрдасымыз қайда,
үйінен т о й с а р қ ы т ішейік деп əдейі
бұрылсақ - өзі жоқ (Д.Досжанов, Жолба-
рыс, 456).
ТОЙТАҚСЫР з а т. с ө й л. Асаба. ≈ Сол
тойда мен т о й т а қ с ы р болдым.
ТОЙТАҚСЫРЛЫҚ з а т. с ө й л.
Асабалық. Таңшолпан мені т о й т а қ с ы р
л ы қ қ а ұсынды (Ə.Ыдырысов, Таңшолпан,
164).
ТОЙТАҢДЫҚ з а т. 1. Қиралаңдап
басқандық, тойталаңдағандық. 2. а у ы с.
Шолжаңдық, еркелегендік (С.Сматаев,
Елім-ай, 2, 283).
ТОЙТАРМА з а т. Бір ұшында
жалпақтау басы бар, жұмырлау кел-
ген бекіткіш шеге; «заклепка». Сараң
бай бəкіні аударып-төңкеріп қарап,
жетімшегесінің бүркеншікті т о й т а р м
а с ы н ы ң балғадан қалған шұбар дағын
көрсетіп, жаратпаған сыңай білдіреді (Қаз.
əдеб., 22.06.1984, 13).
ТОЙЫНҒЫШ с ы н. Тойына ала-
тын, тойына білетін. Мен білгенде
есігінен малы т о й ы н ғ ы ш үй болады
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 136).
ТОЙЫНЫС з а т. Малдың тойынуы,
шөптің көп болуы. Əңгіменің түйіні
– малдың т о й ы н ы с ы н а ауысты
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 135).
ТОҚАЛ: Тоқал келі. Қуырған бидай,
тары, жүгері түюге арналған қарапайым
келі (Шаңырақ, 520).
Тоқал тоғыз. э т н. Басы – түйе, аяғы
– тоқты торым болып келетін тоғыз
малдан тұратын (айып). Ал «т о қ а л т о
ғ ы з ғ а» басы – түйе, аяғы – тоқты-торым
төленеді (А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік.,
1, 136).
ТОҚАЛДА... Сүзектен тұрған жандай
шашын ретсіз қырқып, т о қ а л д а п, жұл-
малап тастаған (Ж.Жұмақанов, Замана., 6).
ТОҚАЛДЫ с ы н. Тоқалы бар, тоқал
алғалы. Т о қ а л д ы болғаннан бері ақ
далбай киіп жүретін молда түсініксіз
бірдеңелерді шұбыртып оқыды (Ө.Қанахин,
Жүрек қалауы, 17).
ТОҚАЛДЫҚ... «Ревком күңдікке, т о
қ а л д ы қ қ а сатылып келген əйелдерді
теңдікке жеткізеді», - деп түсіндірілген
(Ж.Тұрлыбаев, Семсер, 153). Байдың
үйінде т о қ а л д ы қ қ а ұзатқалы отырған
бойжеткен қызы бар екен (Ел аузынан, 62).
ТОҚАЛШЫЛ с ы н. Тоқал алғыш,
тоқалдан үміткер. Түрегелді судья. Т о
қ а л ш ы л тұқыл сабаздың, Арам қарын
«буаздың» Құны кетті құлия (С.Мұқанов,
Таңд. шығ., 12, 88).
ТОҚБАСАР... Ет желініп, сорпа ішіліп,
біраз əңгіме-дүкеннен кейін «т о қ б а с а р
ғ а» қуырдақ немесе палау жеген (Ата
салты., 147).
ТОҚКӨҢІЛ з а т. Көңілі тоқ, риза. Біз
тым-тым т о қ к ө ң і л, мамыражаймыз
(О.Бөкеев, Қайдасың., 182). Жеңгесі т о қ
к ө ң і л қалпы дастарханға барын төгіп
салатын (Ж.Мусин, Туған үй., 114).
ТОҚҚАРЫН с ы н. Қарны тоқ; іші
шығыңқы. Қымыз сататын т о қ қ а р ы н
əйелдерді көргенде шыдай алмай жетіп
баратын (С.Сматаев, Бұлақ, 13).
Т О Қ М Е Й І Л С І Н Т о қ м е й і л с і
етістігінен жасалған ырықсыз етіс
(М.Қаназов, Арна, 146).
Достарыңызбен бөлісу: |