ТƏЛЕЙСІЗДІК с ы н. Тəлейі жоқтық,
бағы жанбағандық.
ТƏЛЕН: Тəлен түсіру. д і н и. ж е р г.
Құран оқытып, күнəсін жеңілдету.
Өлгеннің артынан құран шығару, т ə л е н
т ү с і р у рəсімі бар (О.Сəрсенбай, Шығ.,
4, 30). Қазақтың асында да құран оқылады,
т ə л е н т ү с і р і л е д і (Бұл да).
ТƏЛПІШТЕН... – Атың кім? – деді
сəл-пəл т ə л п і ш т е н і п (М.Байғұт, Бала
бұлақ, 30).
ТƏЛПІШТЕНУ Тəлпіштен етістігінің
қимыл атауы.
ТƏЛПІШТЕУ... Сенімді адамның
кейде т ə п т і ш т е у сөйлейтін əдеті
(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 191).
ТƏЛІМБАҚ з а т. Жаңа өсімдіктерді
жергілікті жерге бейімдеу үшін өсіретін
орын (питомник).
ТƏМБІР з а т. м у з. Ұйғыр халқының
ішекті саз аспабы. Жиырмаға жеткенше
қолыма қазақтың домбырасынан басқа
аспапты ұстап көрмеген жазған басым
өзбектің дутарын тартып, ұйғырдың т ə м
б і р і н шертуді үйрендім (О.Сəрсенбай,
Шығ., 4, 90). Мұқамшылар əдетте осы екі
аспапқа қосылып жырлайтынын білетін
Нұртуған көп бəлсінбей, піл сүйегімен
əшекейлеп жасаған т ə м б і р г е қарай
қолын созды (Бұл да, 4, 162).
ТƏН: Тəн сұлулығы. Адамның дене
мүшелерінің сұлулығы, сымбаттылығы,
көріктілігі. Қазақ халқы сонымен бірге
т ə н с ұ л у л ы ғ ы н а да баса назар аударып,
дене мүшелерінің сымбатты болып өсіп-
жетілу əдістерін тапқан (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 2, 8). «Сұлу болғың келсе,
алдымен сыртыңды түземе, сырыңды түзе»
деп т ə н с ұ л у л ы ғ ы н а н бұрын жан
сұлулығын үйретеді (Бұл да, 2, 8).
ТƏНДЕ е т. Тəн ету, тəн қылу. Есімше-
нің шақтық мағынасы, шақтың түрлері
бар. Міне осы белгі есімшені етістікке т ə н
д е й д і (Қазіргі қазақ тілі, 325).
ТƏНДЕУ Тəнде етістігінің қимыл
атауы.
ТƏНСАҚШЫ з а т. ж а ң а. Бастықты
анау-мынаудан қорғап жүретін адам.
Баяғыда біреу болыпты. Оның т ə н
с а қ ш ы с ы да, үй жинаушысы да, бала
күтушісі де, жеке аспазы да кедей екен
(Б.Омарұлы, Қаратерең., 44). Көз алдымда
Миуаның жасындағы алпамсадай т ə н с а қ
ш ы елестеп, шайтан күлкі қысып,
үнсіз булыға түсемін (Б.Омарұлы, 11-ші
қаламұш, 241).
ТƏҢКЕТКЕ з а т. Үсті жартылай
ашық, табаны жайпақ, жаздық аяқкиім.
Есіктен кіре бере аяғыңдағы ақ т ə ң к е т
к е ң е көзім түскен (Д.Рамазан, Жылап
аққан., 208). Мен сенің сол т ə ң к е т
к е ң е дейін жақсы көріп едім ғой (Бұл да).
ТƏҢІРКЕН з а т. к ө н е. Білімді,
оқымысты адам. Біздің бабаларымыз
білімдар адамды ғалым, ғұлама, оқымысты
демей, т ə ң і р к е н деп атаған (Ана тілі,
31.05.2001, 6).
ТƏПКІ з а т. Кішірек, жеңіл кетпен.
Кейбір əйелдер балаларының ізіне түсіп,
олардың шауып шыққан қатарларына
тағы т ə п к і тигізіп, оңдап жатыр
(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 23).
ТƏПІРІШ: Тəпірішке алды. ж е р г.
Тергеуге алды. Сонда істейтін əлдеқандай
тұқырақ біреу оған «отыр» деп те айтпастан
тұрғызып қойып т ə п і р і ш к е а л ы п т ы
деп естіген (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 305).
ТƏРЕКЕЙ з а т. Қайтыс болған
адамның ырым-сырымына жұмсалатын
шығын. Əжем қайтқанда т ə р е к е й
і н е Жағыпардан азырақ ақша алып
жұмсап едім. Екі күннің бірінде сұрайды
(Б.Майлин, Таңд., 105)
560
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТƏРЕКУ¹ з а т. ж е р г. Қайтыс
болған адамның ырым-сырымынан
алған (тиген) үлес. Мүмкін, мен т ə р е-
к у алғанмен молдалық қылмайтын
шығармын (С.Əлжіков, Күле көрме, 69).
Əркім өз пешенесіне жазылған т ə р е к у д і
базарлағанға не жетсін (К.Ахметбеков,
Ақдала, 606).
ТƏРЕКУ² з а т. ж е р г. Жай-жапсары,
қамы, əуресі, əлегі. Ертеңді-кеш осы қу
малдың т ə р е к у і деп-ақ мұрнымызға
су жетпей өлетін болдық (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 125). Көрші ауылдарда малды
өріске шығарудың т ə р е к у і м е н сиыр
сауып, қозы-лақ қайырмалап жүрген бірлі-
жарымды əйелдердің жаулығы ағараңдайды
(Бұл да, 2, 437).
ТƏРКІ з а т. т а р. 1. Байлардың мал-
мүлкін, байлығын тартып алу шарасы.
Мынау т ə р к і туралы заңды құлақтары
шалды бар ғой, тігерге тұяқ қалдырмай
пышақ үстінен үлестіріп əкетеді (О.Бөкеев,
Өз отыңды., 71). 2. а у ы с. Қиындық,
қиыншылық, тартыс. Əр кезеңнің өз т ə р-
к і с і бар. Сайып келгенде қайсысы жұба-
ныш, қайсысы опыныш – таразыға салмақ-
тау қиын (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 224).
ТƏРКІЛЕН... – Ақсақал, тамам
жылқыдан айырылған соң өзім қоса т ə р
к і л е н г е н д е й м і н (О.Бөкеев, Өз
отыңды., 146).
ТƏРКІЛЕУ... Қазақ қауымы ел аман,
жұрт тынышта т ə р к і л е у г е тап болып,
азып-тозып, тентіреп кете жаздады (Қаз.
əдеб., 16.02.1990, 4). Бай-феодалдарды
кəнпескелеу (т ə р к і л е у ) науқаны қазақ
оқығандарын тұтқындау, жазалаумен
қатарласа жүргізілді (Қаз. əдеб., 26.05.1989,
10).
ТƏРПІЛ с ы н. ж е р г. Аумалы-төкпелі,
құбылмалы, тұрақсыз. – Байқадың ба,
дүние т ə р п і л деген осы. Сəл нəрседен
от шығып кете жаздады (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 147).
Т Ə Р Т І П : Т ə р т і п с а қ ш ы л а р ы .
Қоғамдық орындардағы тəртіпті
қадағалаушылар, милиция, полицей. Сон-
да ойлағандары дөң жақта жүрген т ə р т
і п с а қ ш ы л а р ы н а талап қою болатын
(Қарақат тер., 40).
ТƏС: Тəс қалды. Сəл ғана, бір сəт;
шақ қалды. Айтарға сөз таппай, быртиған
жуан саусақтарымен шілтиген немістің
кеудесінен нұқып: «Мен совет солдат, сен
Гитлер!» дегелі т ə с қ а л ы п тұр еді сотанақ
Атағұл (Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 108).
Жауырындары құнжиып, үйден шығып
бара жатқан екеуінің соңынан: «Ағай!»
деп айғайлап жіберуге т ə с қ а л д ы (Бұл
да, 131).
Тəсі қайтты... Қалекеңнің де, əсіресе
осы сапарда, құмның талай шалынан
т ə с і қ а й т қ а н-д ы (Ж.Нəжімеженов,
Кішкентай, 99). Ол бірдеңе сұраған сайын
басқарма т ə с і н қ а й т а р у ғ а , бермеуге
тырысады (Бұл да, 169).
ТƏСІЛШЕҢ с ы н. Айлашыл, тəсілқой.
ТƏСІЛШЕҢДІК з а т. Тəсілқойлық,
айлашылдық. Екі арадан бітімнің тура
жолын тапқысы келетін т ə с і л ш е ң
д і г і жəне байқалады (Б.Соқпақбаев,
Өлгендер., 269).
ТƏСІМ з а т. т е х н. Техникалық құрал-
дардың (теледидар, радио т.б.) электр
жүйесінің сызба нобайы; схемасы (Бекітіл.
термин., 78).
ТƏТƏЙ з а т. к ө н е. Шығыс елдерінде
жас кезінде қол-аяғын, мықынын таңып
тастап, өсірмей қою арқылы нəзіктік
қалпын сақтаған əйел адам.Қолында
билігі барлар талай əміршілер мен əкімдер
қолдарына бірнеше т ə т ə й ұстап, сол
арқылы орасан байлыққа кенелетін болып-
ты (С.Жүнісов, Заманай., 16).
ТƏТЕ з а т. 1. Əдетте қазақ əкесінің
əкпесін немесе қарындасын тəте деп атай-
ды. 2. Кейде туыс болып келетін, жасы
үлкен, сыйлы ер адамдарды да тəте деп
атаушылық бар. Сəбит тамағын қырнап:
- Ассаламағалейкум, т ə т е! – деп кіріп
барды. Жəкең оның Сəбит екенін даусынан
таныды (Қаз. əдеб., 19.02.1988, 3).
ТƏТЕТАЙЛА е т. Тəтетай, тəтетай
деп айту. Бұрын Гүлзипаны да « т ə т е
т а й л а п» жақсы көретін (Ғ.Оралбаев,
Ақиық, 41).
ТƏТЕТАЙЛАУ Тəтетайла етістігінің
қимыл атауы.
ТƏТІ з а т. к ө н е. Құс, аң, адамдар
бейнеленген алтын жолақты қолөнер
туындысы. Ерекше бір көз тартатын
нəрсе – Қарғалыдан табылған т ə т і. Бұл
– жалпы ұзындығы 35 см, ені 4,7 см екі
бөлектен тұратын алтын жолақ. Оның ішкі
беті толған күрделі өсімдік тектес өрнектің
ортасында тұрған адамдардың, құстардың,
561
Байынқол Қалиев
аңдардың бейнелері. Т ə т і ежелгі заман
қолөнерінің тамаша ескерткіші болып та-
былады (ҚазССР тарихы, 1, 324).
ТƏУ¹ ... Былтыр Қайыңдының тұсында
елден т ə у қашып шыққанда көрген
(Қ.Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 112).
ТƏУ² з а т. Сыйынған кезде айтылатын
сөз; тəубе. – Ұрпағыңды өсіріп, жер бетіне
осынша адам таратқан Адам-Ата, Хауа-Ана
жарықтықтар, т ə у , т ə у! (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 254). - Өс, өс, өс! Үйден пəле
көш! Т ə у , т ə у , т ə у ! Сыламақ менен,
ширамақ сенен! (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 1, 12).
ТƏУБЕГЕР з а т. Тəубесі аузынан
түспейтін адам, тəубешіл.
ТƏУБЕГЕРШІЛІК з а т. Тəубешілдік,
тəубе ете білушілік. – Осы отырған
жақсы күндердің т ə у б е г е р ш і л і к п
е н тілеңдер, - деді. Бүгінгі барлық сөздің
қорғасындай салмақты түйіні де осы еді
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 170).
ТƏУБЕЛІК с ы н. Тəубе етерлік;
шүкірлік. ≈ Мынауың т ə у б е л і к іс болды.
ТƏУЕЛСІЗ: Тəуелсіз сарапшы. э к
о н. Қаржыны бақылау жəне қадағалау
қызметін жүзеге асыруға арналған ли-
цензиясы бар жеке немесе заңды тұлға
(Терминол. анықт., 8, 133).
ТƏУШЕЛІ... Немесе əлі көк т ə у ш
е л і өріктер, дүмбілдеу алша мен алмұрт,
түрлі сортты жүзімдер мен алмалар,
көксұлтан мен жиделер, жаңғақ пен долана
жəне інжілер салмағымен жас бұтақтарды
иіп, төмен қарай сүзіліп тұрғанын көреді
(Р.Рамқұлов, Қыз-айна, 48).
ТƏУІП-ҚҰШНАШ з а т. Тəуіп, құшнаш,
балгер т.б. ем-дом жасаушылар. Содан
кейін əкесі мен шешесі қызды қаратпаған
бақсы-балгер, т ə у і п-қ ұ ш н а ш қалмады
(Қ.Əбілқайыр, Текес., 24).
ТƏШ з а т. ж е р г . Мұқтаж, қажет.
Ол жүк бұл шіркіннің не т ə ш і н е керек
екен (Қаз. əдеб., 24.04.1991, 7).
ТƏШКІ з а т. с ө й л. Тəшке. Соны
естіген соң айдап жүрген т ə ш к і м д і
лақтырып кеттім (Р.Отарбаев, Біздің ауыл.,
113). Тоғанды биіктету үшін бəріміз т ə ш
к і м е н, зембілмен топырақ тасимыз
(Қ.Омарұлы, Əке, 12). Қарасирақтарын
білім тап деп емес, ақша тап деп базарға
т ə ш к і итеруге жіберіп жүрген жоқ па!
(Қаз. əдеб., 31.12.2008).
ТƏШІН: Тəшін қалды [қалдырды].
ж е р г. Қайран қалды, таңырқады. Заман-
дастары ол жазған дүниелерге тамсана ма,
т ə ш і н қ а л а ма – ол арасы болжаусыз
(Қаз. əдеб., 15.04.1988, 13). Ол (Нұрғиса
Тілендиев) оркестрге дирижерлық етіп қана
қоймай, сонымен қатар оған арнап шығарма
жазды, тыңдаушыларды өз шеберлігімен
т ə ш і н қ а л д ы р ы п, концерттерде жеке
домбырашы ретінде де қатысады (Қаз.
əдеб., 22.06.1984, 12).
ТƏШІР с ы н. ж е р г. Қарны шығыңқы,
тəштиген, тəштек. – Нағыз рахат өмір
осылардікі, - деді т ə ш і р қара. – Ауыл
жалықтырып бара жатса, салып ұрып
қалаға келеді (Ə.Нұрпейісов, Соңғы.,
162). Басынан аяғына дейін қараға көміліп
алып, қыт-қыт күліп қасына келе берген
т ə ш і р қараның бар бітімі құдды қара
бүйі сияқтанып кетті (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 302).
ТЕАТРЛАТ е т. Театрға жиі бару, те-
атрдан қалмау.
ТЕАТРЛАТУ Театрлат етістігінің
қимыл атауы. Содан, бұрыңғыдай емес,
онымен аптасына кемі екі рет жолығып,
ресторандату, т е а т р л а т у жиіленді
(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 101).
ТЕБЕНБАЛЫҚ... Т е б е н б а л ы қ
т а р (игла-рыба) – ұзындығы 2.5 см-ден 6
см-ге жететін теңіз балықтары. Тропикалық
жəне қоңыржай суларда мекендейді
(М.Жұмалиев.., Балықтар., 197).
ТЕБЕНЕЙ..? Ақырында завод тебін
тебетін т е б е н е й нəсілінен береке табады
(Жұлдыз, 1974, №6, 162).
ТЕБЕРШІК з а т. Арбаны жай-
лап, ақырын жүргізу үшін, күпшек ша-
бақтарының арасына өткізіп, тіреп
қоятын сырық ағаш. Тасты қиялай қашап,
түйетайлы етіп жайдақталған тар жолмен
күпшегіне т е б е р ш і к салған арбаның
алды жағын демеп келеді (Т.Жұртбаев,
Жер-бесік, 183).
ТЕБІЗ з а т. Жуас, момын; ынжық.
Белдесуге батпаған, Т е б і з бен тентек
сырттайды. Еліне еркін сыймаған, Жы-
рынды келіп ықтайды (А.Үлімжіұлы, Шығ.
жин., 2, 353).
ТЕБІЗДІК з а т. к ө н е. Тəрбиелілік,
тəртіптілік, момындық. Елді билеу,
басқару, онда болуға тиісті тəртіп пен т е
б і з д і к т і ң өлшемдері мұның ойынан
562
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
шықты (Қазыбек бек, Түп-тұқиянан., 10).
Ол өз халқы – Қазақтың т е б і з д і г і н,
асқан көрегендігін, сонымен бірге тым
жуас сенгіштігін білді (Егем. Қазақст.,
20.05.1992, 3).
ТЕБІЛ Теп етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Т е б і л г е н киіз ыстық
суды үзбей құйып тұрудың арқасында
шаң-тозаңнан тазарып, əрі ширай түседі
(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 35).
ТЕБІНГІ з а т. с ө й л. Үзеңгі. Екі
құлағындағы т е б і н г і д е й сырға бұлғаң
қағып, жынданған кісідей дарақы күлкіге
дес береді (О.Бөкеев, Үркер, 55).
ТЕГЕНЕ... Т е г е н е – жылқының қарын
жағы ісіп ауыратын ауруы. Мұны кей жерде
қарақарын деп атайды (О.Нақысбеков, Қаз.
тіл. ауыс. гов., 100).
ТЕГЕРІШТЕЛ е т. Тегерішпен таңылу,
сəнделу. Мұнда аяққап, жанторсық, піспек,
ағаш қақпақты шара, керегенің басы, үйдің
ішкі жағы т е г е р і ш т е л г е н, оюлы
басқұр – бəрі бар десе болғандай (Лен. жас,
28.08.1975, 3).
ТЕГЕРІШТЕЛУ Тегеріштел етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТЕГІР з а т. ж а ң а. Мықты бекіту
үшін бұранның (болттың) астына салына-
тын, қалыңдау келген сақина темір; гайка
(Бекітіл. термин., 78).
ТЕЖЕТКІШ з а т. т е х н. с ө й л.
Тежеуіш. Т е ж е т к і ш і н үш-төрт
қайтара баспаса машинасы тоқтамайды
(Ө.Қырғызбаев, Қырда., 285).
ТЕЖЕУІЛ__1'>ТЕЖЕУІЛ
1
з а т. ə с к. Жауды уақытша
тежей тұратын топ. Ханның жаса-
уыл, тұтқауыл, бөгеуіл, т е ж е у і л д
е р і н і ң ішіндегі алысты көргіш, ең
қырағы шолғыншысы да осы – Анарбек
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 351).
ТЕЖЕУІЛ
2
з а т. Кеңесші, ақылшы
адам. Қаған оның кезінде Тəңірқұт
басқақтығының аға т е ж е у і л і болып
келген (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 270).
ТЕЗАТАР з а т. с ө й л. Автомат. Тек,
əттең, не бір зеңбіректері, не бір т е з а т
а р л а р ы болмаған (Ə.Əлімжанов, Оты-
рардан., 251).
ТЕЗІК з а т. к ө н е. Орта ғасырларда
саудагер деген мағынада қолданылған сөз;
сарт. Мүпти сасып қалды. Тексіз т е з і к
Хожа Ахметтің атын естіді деп ойламаған
(М.Мағауин, Аласапыран, 166).
ТЕК¹... Шашы өскен, қоңыр кескіні
күнге күйген, жел қаққан, үстінде жалпақ
ала т е к т е н көйлек, домбалы бар
жеті-сегіз жасар қара бала ұшып келеді
(Х.Мұстафин, Қыр жігіті, 107).
ТЕК² з а т. с ө й л. Бір зат қою үшін
жасалған, үсті тегіс, биіктеу нəрсе;
текше. Қолындағы білтелі шамды т е к к
е қойды да, қос алақанымен бетін басып,
солқ-солқ етіп, иығы бүлкілдеп жылап
жіберді (Д.Досжанов, Жолбарыс, 49).
ТЕКЕ: Теке көзденді. Ала көзімен
қарады, адырайды, ежірейді. Жүрегі
шайлығып қалған сорлы қорқасоқтап кіріп
еді, жоқ, мына құж қара бұған басқалардай
т е к е к ө з д е н і п ежірейе қарамады
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 8).
Теке түрікмендер. т а р. Түрікмендердің
Маруға қараған бөлігі. Марудағы т е к е
т ү р і к м е н д е р Бұқараға қараған түрік-
меннің Ерсары деген тайпасына қатты дұш-
пан болып тұр («Түркістан» газеті, 228).
ТЕКЕБҰРҚАҚ з а т. э т н. Таутекелердің
матасу мерзіміне (желтоқсан айы)
сай келетін ауа райындағы қолайсыз
(жел, боран, жауын-шашын, суық т.б.)
күндер. Ел ішінде «Құралайдың салқыны»,
«Т е к е б ұ р қ а қ» деп аталатын қыс тоқсан-
ның алғашқы күні осылай басталды
(С.Елубаев, Ойсыл қара, 80). Амал
дегеніміз – жыл сайын белгілі бір уақытта
қайталанып отыратын ауа райындағы
жайсыз құбылыстар (жел, боран, жау-
ын-шашын т.б. ). Олар: киіктің матауы,
құралайдың салқыны, бұғының ауыз
шайқауы, т е к е б ұ р қ а қ, бесқонақ т.б.
(Ана тілі, 02.04.1992, 6).
ТЕКЕБҰРҚЫЛДАҚ... Декабрь айын-
да ақбөкендер жеке-жеке шағын топ-
тарға бөлінеді. Бұл «т е к е б ұ р қ ы л
д а қ» амалының таянғанын білдіреді
(Саятшылық, 24).
ТЕКЕЛІК: Текелік қылды. Елге билік
жүргізді, басқарды. – Ойбай-ау, т е к е л
і к қ ы л а м дейді. Бұл елдің өзінің телісі
мен тентегі тұрғанда оны қалай басыма
шығарып бақылдатам (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 93). - Əне, көрмейсің бе, сенің
жаманың да бір елдің телісі мен тентегіне
т е к е л і к қ ы п ж ү р (Бұл да, 113).
ТЕКЕМЕТТІ с ы н. Текеметі бар, те-
кемет төселген. Жидебайдағы қыстаудың
ең үлкен бөлмесі осы. Кілемді, т е к е м е
563
Байынқол Қалиев
т т і, алашалы, көрпелі, меймандос, мол
үй (М.Əуезов, Таңд. шығ., 1, 96).
ТЕКЕСАҚАЛ... Əртүрлі шөптің кейбір
түрлерін, мысалы, зирені, ақшешекті,
т е к е с а қ а л д ы мал жақсы жейді (Оңт.
Қазақст., 16.08.1998).
ТЕКЕТІРЕС з а т. э т н. Ойыншылар
теңдей екі топқа бөлініп, орталарынан
сызылған сызықтың екі жағына қарама-
қарсы тізіліп тұрады да, бірімен-бірі
иық тіресе қарсыласып, шегіндіре арт
жағындағы сызықтан шығарып жіберуге
тырысатын ойын.Т е к е т і р е с ойынын-
да қай топтың ойыншылары қарсыласын
екінші сызықтан əрі шегіндірсе, сол топ
жеңеді (Қ.Толыбаев, Бабақан., 122).
ТЕКЕШОҚЫРАҚ з а т. Текенің шо-
қырақтағанындай жылдам жүріс.
Жаратқан атты ердің астына киіз жабу ерт-
теп т е к е ш о қ ы р а қ п е н дүркін-дүркін
ғана атты пəрменінше жүгіртіп терлеткені
оң (Лен. жас, 02.12.1972, 4).
Т Е К П І Ш Е К Т Е Н Т е к п і ш е к т е
етістігінен жасалған ырықсыз етіс. –
Жоға, саптыағаш емес, кəдімгі кірпіштен
я ағаштан т е к п і ш е к т е н і п жасалған
баспалдақтар (Таң нұры, 55).
ТЕКПІШЕКТЕНУ Текпішектен
етістігінің қимыл атауы.
ТЕКТЕ... Уақ-түйек мəлім бұйымдарын
неше есе қымбат сатам десе де, бұл маңда
оны т е к т е й т і н кісі жоқ (Қ.Жұмаділов,
Соңғы көш, 1, 7).
ТЕКТЕС е т. Тегін сұрау, анықтау,
айқындау. Бос арманды малданып, Кісі
көрсең кектесіп, Мұсылман ісін т е к т е с і п,
Жүрме əркіммен шектесіп (А.Үлімжіұлы,
Шығ. жин., 2, 279).
ТЕКТЕСУ Тектес етістігінің қимыл
атауы. Осы ізбен сырғуға бекіген адам
т е к т е с у д і ң төңірегін баспайды
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 120).
Достарыңызбен бөлісу: |