Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет162/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   168

ШЫҒАР з а т. ж е р г. Шығатын жер, 

есік. Жандос екі баланы алып, жүрелеген 

қалпы қазша қаздаңдап, ш ы ғ а р ғ а беттеді 

(О.Бөкеев,  Үркер, 96). Кебісін  қоңылтаяқ 

сүйретіп,  шапанын  желбегей  жамылған 

Жүсекең ш ы ғ а р д а н Зылихамен жарыса 

кірді (Қ.Ысқақов, Тұйық, 77). 



ШЫҒАРҒАНСУ  Шығарғансы  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ШЫҒАРҒАНСЫ е т. Шығарған болу, 

шығардым ат жасау. Жұмыстан шаршап-

шалдығып  оралған  Қалдықыз  үйіне  от 

жағып,  қара  су  болса-дағы  қазаннан  бу 

ш ы ғ а р ғ а н с ы п, бірер шыны ыстық 

суды ұрттағансиды (К.Ахметбеков, Қасірет, 

1, 275). 

ШЫҒАРЫҢҚЫРАУ  Шығарыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

ШЫҒЫНДАҢҚЫРА  е  т.  Аздап 

шығындану, ысырап ету. Қас қарайғанша 

табынды қайырмалап, оқ-дəріңді ш ы ғ ы 



н д а ң қ ы р а п, үйге қайтсаң да болар еді 

(М.Мəжитов, Құныскерей, 325). 



ШЫҒЫНДАҢҚЫРАУ Шығындаңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

ШЫҒЫРАН  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Құрылыс 

салғанда биікке жүк көтеретін техникалық 

құрылғы; кран (Бекітіл. термин., 91). 

ШЫҒЫРШЫҚ з а т. Дөңгеленіп келген 

сырға түрі. Құлағына үлкен күміс ш ы ғ 

ы р ш ы қ сылдыраған. Қолы толы жалпақ 

білезік, сақина (С.Елубай, Ақбоз., 346). 



ШЫҒЫРЫҚ   з  а  т.  Кішкент ай 

шығыршық.  Қайыстың  тілінбеген  бөлігін 

қынжыдан өткізіп жұмырлап, ұшына темір 



ш ы ғ ы р ы қ тағатын (Қаз. əдеб., 29. 05. 

1981, 12). 



ШЫҒЫСУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Шығыс-

қандық,  ынтымақтаса  білгендік,  ұғыс-

қандық. 

ШЫҒЫСЫМДЫЛЫҚ  з  а  т.  Елмен 

шығыса білушілік, жағымдылық. Ханжігіт 

азғантай сауаттылығына еңбекшілдігі мен 

кішіпейіл ш ы ғ ы с ы м д ы л ы ғ ы қосылып, 

ел-жұртқа жағымдылығымен қара еңбектен 

құтылыпты  (Ғ.Білəл.,  Ғасырлық., 24). 

Сонда  Шекен  ары  ойлап,  бері  ойлап,  ел-

жұртпен ш ы ғ ы с ы м д ы л ы қ т а р ы аз 

олармен  ортақтасқысы  келмеген  болатын 

(Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 23). 

ШЫЖАЛАҢДА  е  т.  с  ө  й  л.  Шыж-

балаңда. 

Ш Ы Ж А Л А Ң Д АУ   Ш ы ж а л а ң д а 

етістігінің  қимыл  атауы.  Сəл  нəрсеге

ш ы ж а л а ң д а у – байсал бойыңа мінəсіп 

емес-дүр (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 355). 



ШЫЖЫМДЫ:  Шыжымды  сере. 

к ə с і б. Сабына шыжым жіп байлаған сере.

Сереге шыжым байласа, оны «ш ы ж ы м д ы

с  е  р  е»  деп  атайды.  Лақтырып  балыққа 

шаншиды (Ана тілі, 04. 11. 1993, 7). 



ШЫҚ:  Шыға  келгенсі.  Шыға  келген 

болу,  əдейі  істеу.  Байқамай  келе  жатып 

қарулы топтың алдынан ш ы ғ а  к е л г е н



с і д і (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 135). 

ШЫҚБЕРМЕС  с  ы  н.  Ешкімге  еш-

нəрсесін бермейтін, сараң, пейілі тар, пес. 

ШЫҚПАЛА е т. «Шықпа, шықпа» деу. 

Асыл  бұйым,  қымбат  мүліктерін  жарты 

қап  қотыр  жүгеріге  айырбастап, «шықпа, 

жаным, ш ы қ п а л а п» отырғандар бар 

(О.Сəрсенбаев, Жиде, 153). 

ШЫҚТЫ... Ш ы қ т ы жерге, əсіресе, 

шөп гүл салған кезде жайылған қойдың іші 

бұзылады (Лен. жас, 28. 11. 1972, 1). 

ШЫҚШЫТТЫЛАУ с ы н. Шықшыты 

үлкендеу, шықшыты шығыңқы. Қасындағы 

қой көзді, ш ы қ ш ы т т ы л а у келген 

ат  жақты,  əдемі  қиылған  қалың  ерінді, 

қырықтар шамасындағы жігіт (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 43). – Қалай, жолдас, дайын-

сыз ба бюрода бұйралануға? – деді ш ы қ



ш  ы  т  т  ы  л  а  у  ашаң  өңді,  сүйір  иекті, 

құбақан  кескінін  салмақтандыра  қойып 

(Бұл да, 269). 

ШЫҚЫЛЫҚТАҒАНДЫҚ  з  а  т. 

Шықылық-шықылық  еткендік.  Беріктас-

тың  өп-өтірік  ішегін  басып  ш  ы  қ  ы  л  ы 



қ т а ғ а н д ы ғ ы н қойшы (Қ.Жиенбай, 

Таңд., 1, 341). 



ШЫЛ  з  а  т.  б  о  т.  с  ө  й  л.  Шылым. 

Артындағы  заты  (аттың)  су  жағасында 

өсіп  тұрған  жуан  үйеңке  талдарға  мата-

лып,  өзі  көл  шетіндегі  қалың  ш  ы  л  ғ  а 

шатасып, не əрі, не бері жүре алмай қалған 

(І.Есенберлин, Алмас қылыш, 90). 



ШЫЛАУЛАНУ Шылаулан етістігінің 

қимыл атауы. 

ШЫЛБЫР:  Шылбыр  жіп.  Шылбыр 

боларлық, шылбырға жарарлық жіп. Ноқта 

Байынқол Қалиев

678

жіп, өре жіп, тұсау жіп, тұзақ жіп, ш ы л б 



ы р  ж і п деп аталатын жіптер де əр түрлі 

дайындалады (Лен. жас, 23. 11. 1972, 3). 



ШЫЛБЫР :  Шылбыр  қашаған. 

Шылбырын  шуатып,  жайылып  тұрған 

мініс  атыңа  жете  берсең,  əрі  қарай 

қаша жөнелетін ат. Мұндай жылқының 

тексіздігі  тағы  бар.  Анадай  жерге  ба-

рып  жайылып  тұрады,  жете  берсең,  ары 

қашады. Ал текті жылқыда мұндай ш ы л



б ы р  қ а ш а ғ а н болмайды (Н.Қазыбеков, 

Дала., 13). 



ШЫЛЫМПОРАЗ  с  ы  н.  ж  е  р  г. 

Шылымқор,  шылымшы.  Бұл  кісі  темекі 

орап тартып отырғанда ш ы л ы м п о р а з д 



а р кезігіп сұрай қалса, «бұйырмасын, қағып 

тартып  отырмын»  дейді  (А.Жұмаділдин, 

Сең бұзыл., 78). 

ШЫЛЫМСАЛҒЫШ  з  а  т.  Ішіне 

шылым  салып,  қалтаға  салып  жүретін 

қорап. Келген кісіге қарап жататын арыстан

ш ы л ы м с а л ғ ы ш т ы да көре алмады 

(А.Жұмаділдин, Сең бұзыл., 116). 



ШЫЛЫМШЫЛЫҚ  з  а  т.  Шы-

лым  тартқыштық,  шылымқұмарлық 

(А.Сейдімбеков, Қыр хикаялары, 53).



ШЫМБИКЕ з а т. э т н. Қазақтың ұлт-

тық  ойындарының  бірі.  Бозбалалардың 

ойнайтын  ойындарының  бірі – «ш  ы  м



б и к е». Ойыншылардың саны оннан кем бол-

мауы керек (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 65).



ШЫМДА е т. Шиге түрлі түсті жүн 

орап,  оюлап  тоқу.  Он  алты  жасар  қыз

əпер,  Шашбауы  болсын  ділдадан.  Алты 

қанат  бір  үй  бер,  Шиі  болсын  ш  ы  м  д  а

ғ а н (Бақтыбай: Жеті ғасыр., 2, 33). Тізер-

лей  шөгерілген  атпалы  атандарға  үйдің 

туырлық, үзіктерін, түндігін қомдап, қызыл-

ды-жасылды боялған жүнмен ш ы м д а п

əдемі шилерді бүктеп шиыршықтап əкеліп 

артып,  қыз-келіншектердің  қолдары 

қолдарына  жұқпайды  (С.Бегалин,  Шоқан 

асу, 183). 



ШЫМДАНДЫР Шымдан етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Көп жылдық жатаған 

өсімдіктер  құмды,  сай-салалар  ернеуін, 

өзен-көл жиегін бекітеді, топырақты ш ы 

м д а н д ы р а д ы, эрозиядан сақтайды 

(ҚСҒ, 4, 339). 



ШЫМДАУ Шымда етістігінің қимыл 

атауы. 

ШЫМКЕСТЕ з а т. ө н е р. Матаның 

бетінде ашық жер қалдырмай тігілген ке-

сте. Кестенің бізкесте, ш ы м к е с т е деген 

түрлері бар (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 32). 



ШЫМКЕСТЕЛЕ е т. Шымкесте етіп 

тігу. 

ШЫМКЕСТЕЛЕУ  Шымкестел е 

етістігінің  қимыл  атауы.  Əшекейлі  түр 

салудың кестелеу, зерлеу, көз салу, ш ы м к 



е с т е л е у, мүйіздеу, бастыру, таңдайлау, 

кереге көздеу, шаршылау сияқты салалары 

бар (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 47). 

ШЫМШЫҚТҰМСЫҚ  з  а  т.  Затты 

қысып  ұстайтын  құралдардың  басы 

шымшықтың  тұмсығындай  бір  түрі. 

Қолөнер  шеберлерінің  затты  қысып 

ұстайтайтын атауыз, кемпірауыз, тістеуік, 

қысқаш, ш ы м ш ы қ т ұ м с ы қ т.б. құрал-

саймандары  болады  (Білім  жəне  еңбек, 

1985, №3, 27). 



ШЫМЫЛДЫҚБАЙЛАР  з  а  т.  э  т  н.

Шымылдығын  байлағаны  үшін  күйеу 

баладан  алатын  жол-жоралғы.  Үйлену 

тойында бұрын тоғызаяқ, тоғызтабақ, күйеу 

шақыру, түндікашар, ш ы м ы л д ы қ б а й 

л а р, төсексалар сияқты жол-жоралғылар 

жасалған (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 25). 



ШЫМЫЛДЫҚҚҰРАР  з  а  т.  э  т  н. 

Қалыңдықтың шымылдығын құрғаны үшін 

алатын кəде. Қатындар қалыңдықты ортаға 

алып, ш ы м ы л д ы қ қ ұ р а р, қолұстатар, 

шашсипатар,  төсексалар,  етікшешер, 

іргетебер,  көрпеқимылдатар  кəделерін 

бөлісті (Ж.Аймауытов, Шығ., 387). 

ШЫМЫЛДЫҚСЫЗ  с  ы  н.  Шы-

мылдығы  жоқ,  шымылдық  құрылмаған. 

Бірі  шымылдықты,  бірі  ш  ы  м  ы  л  д  ы  қ 



с  ы  з,  сүйек  бедерлі  екі  ағаш  төсек  тұр 

(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 158). 



ШЫМЫЛДЫҚШЕШЕР  з  а  т.  э  т  н. 

Жігіт  пен  қалыңдықтың  шымылдығын 

шешу  үшін  алынатын  кəде.  Мəселен, 

төсекбұзар,  ш  ы  м  ы  л  д  ы  қ  ш  е  ш  е  р

отаужығар  деген  кəделер  үшін  ақша 

берілетін (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 219). 



ШЫМЫР  е  т.  ж  е  р  г.  Бүктеу, 

шиыршықтау, орау. Енді əйелдер оны (ба-

сылып жатқан киізді) бір шетінен ш ы м ы 



р ы п бүктеп шиыршықтап орай бастайды 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 353). 



ШЫМЫРУЛЫ с ы н. ж е р г. Шиыр-

шықталған, бүктелген. Ақ боз үйге кірер 

жерде  ш  ы  м  ы  р  у  л  ы  есікті  иығымен 

көтеріп  тағы  бір  жас  жігіт  түтіп  тұр 

(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 296). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

679

ШЫН з а т. к ө н е. Қытай. Желкемізде 

жатқан ш ы н д а р (олар өздерін «ханзу» 

деседі) бізді барлық заманда қазақ деп қана 

білді (Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 30). 



ШЫНАРЛЫ  с  ы  н.  Шынар  өскен, 

шынары  қалың.  Зəулім  зеңгір  қарағайы 

қалың,  ш  ы  н  а  р  л  ы  шыңдары  аспан-

мен  тілдескен  заңғар,  қарағайдың  жасыл 

шашағын  жамылған  жақпар  тастарына 

дейін көз тартатын таудың таңы (Ə.Əбішев, 

Найзағай, 273). 



ШЫНАШАҚ:  Шынашақтарын  ай-

қастырды. Уəделесті, серттесті. Бір-бірі-

мізге қамқор болуға, көмектесуге, бөлек кет-

сек, хабарласып тұруға ш ы н а ш а қ т а р ы

м ы з д ы  а й қ а с т ы р а байлап тұрып уа-

ғдаластық (Д.Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 39). 



ШЫНБОЛАТ  з  а  т.  Мылтықтың  бо-

латтан жасалған алдыңғы бөлігі; оқпан. 

Төңірекке  «Қапардың  қанды  ауызы»  ата-

нып кеткен мылтықтың ш ы н б о л а т ы 

н а өң кіріп, жылтырай қалды (Р.Отарбаев, 

Біздің ауыл., 3). 



ШЫНДЫҚ:  Шындығын  айтқанда. 

Расын айтқанда д.м-ғы қыстырма сөз. ≈ 

Ш ы н д ы ғ ы н  а й т қ а н д а, мен оған 

бармадым, ал ол маған келмеді. 



ШЫНЖЫРША  ү  с  т.  Шынжыр 

тəрізді, шынжыр сияқты. Жұмбақталған 

сөздер  бірінің  соңғы,  екіншісінің  басқы 

əрпі  болып,  бір-біріне  жалғасып,  ш  ы  н

ж ы р ш а тізбектеліп жатады (Қ.Қайымов, 

Зоология., 39). 



ШЫН-МАШЫН з а т. к ө н е. Қытай. 

«Қытай,  шын,  ш  ы  н-м  а  ш  ы  н,  шүршіт, 

табғаш» деген атаулар көзі қарақты қазақ 

баласына аса беймағұл ұғымдар болмауға 

тиіс (Парасат, 2007, №12, 20). 

ШЫНШУ з а т. Жұқалау келген мата 

түрі.  Аяқ  жағына  шағи  көрпе  жауып 

қойыпты,  кеудесіне  кигені  ақ  ш  ы  н  ш  у 

көйлек екен (М.Разданұлы, Алтай., 153). 

ШЫНЫ с ы н. Жүрекке тиетін (май), 

күшті. Түйенің еті тығыз, майы ш ы н ы 

келетіндігі де сол тұзды шөптерден болса 

керек  (Ш.Ерманов,  Мəңгі  жастық, 65). 

Алтынтіс  теріскей  жерінің  шөбі  шүйгін 

екенін, қара отқа жайылған малдың еті ш 

ы н ы келетінін, жесең жүрегіңе шық ете 

қалатынын айтып келе жатты (Т.Əлімқұлов, 

Ақбоз ат, 239). 

ШЫНЫ:  Шыны  көз.  Шыныдан 

(əйнектен) салынған көз. Тарихшы ағайдың 

ш ы н ы  к ө з і н е н зəрелері ұшып, балалар 

өзді-өзінің  партасында  жым  боп  отырған 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 122). 

Шыны  қар.  Жалтырап  жатқан 

қатты  əрі  жылтыр  қар.  Қатты  суықтан 

қыртыстанып,  жалданып  қалған  ш  ы  н  ы



қ  а  р  ат  түгілі,  атанды  да  көтеріп  кетеді 

(Лен. жас, 20. 01. 1973, 2).



Шыны  мұз.  Жалтырап  жатқан  мұз. 

Алыстан жеткен əлсіз сəуле ш ы н ы м  ұ з д 



ы ң əр жер-əр жерінде жылдам тұтап, жыл-

дам сөніп жылт-жылт етеді (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 55). 

ШЫНЫКЕР  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Шын, 

шынайы,  нағыз.  Сақтаған  бір  емес  əлде 

неше рет осы үйдің ш ы н ы к е р досы еке-

нін  дəлелдеді  емес  пе? (Жұлдыз, 1972, 

№3, 134).



ШЫНЫҚАП...  Қазақ  шеберлерінің 

қолынан шыққан теркеш, кесеқап, ш ы н ы



қ  а  п  деп  аталатын  мүліктің  тарихы  өте 

қызық  (Пионер, 1984, №2, 30). Шешесі 



ш ы н ы қ а п т ы ң түбіндегі сарымайдай 

сақтаған  бір  уыс  кəмпитін  түгел  ұстата 

салған (Лен. жас, 13. 03. 1973, 2). 

ШЫНЫЛАН__1'>ШЫНЫЛАН

1

  е  т.  Жалтырап  қатып 



қалу. Бұл өлкеге қар онша көп түспесе де 

қатты суықтан ш ы н ы л а н ы п, тұяқ ба-

стырмастай боп қатып қалыпты (Лен. жас, 

28. 03. 1974, 2). 



ШЫНЫЛАН

2

  е  т.  Майы  шыны 



болу,  тығыздану,  тазару.  Жүйрік  болар 

жылқыны жылдап жіберіп, күтіп, оны майы 

арып, ш ы н ы л а н ғ а н болса ғана ұстап 

дайындаған (Лен. жас, 02. 12. 1972, 4). 



ШЫНЫЛЫҚ с ы н. Бір шыны (бөтелке) 

араққа  жетерлік.  Мырқасым  оған  бір 

ш ы н ы л ы қ ақша ұсынды (Ж.Тұрлыбаев, 

Семсер, 11). 



ШЫНЫТАС з а т. м и н. «Гранит» та-

сының қазақша атауы. Қазақтар ш ы н ы т 

а с атайтын аса берік тасты орыстар «гра-

нит» атайды екен (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 

3, 85). Сарайдың іргетастан жоғарғы жағы 

сол ш ы н ы т а с п е н көмкеріліпті (Бұл да). 



ШЫҢЛА е т. с ө й л. Шыңда. ≈ Шалғы 

шыңлап жатырмын. 

ШЫҢЛАУ Шыңла етістігінің қимыл 

атауы. 

ШЫПШЫҢ  з  а  т.  Жұмбақ  сияқты 

шешуі бар сөз ойыны. Күндіз сағыз шайнап 

отырған  қатын-қалаштар  кеш  батысымен 



ш ы п ш ы ң айтып, ертегі тыңдауға, жұм-

Байынқол Қалиев

680

бақ шешісуге кірісетін (Қ.Құрманғалиева, 

Атырау., 151). 

ШЫПЫЛДАҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Сулы, 

батпақты  жерлерде  тіршілік  ететін 

құстардың  бір  түрі.  Бұлар  қоқиқаз, 

бірқазан, ақ құтан, теңіз кептері, сарыторғай, 

қызыл аяқ балшықшы, ш ы п ы л д а қ жəне 

басқалар (Қорғалжың, 23). 



ШЫРА...  Əуелде  жаңа  ғана  түтіндене 

лапылдаған жалыны күрт азайған, дірілдей 

өлімсіреген ш ы р а жарығынан көз айыра 

алмады (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 142). 



Ш Ы РА Ғ Ы М Д А   е   т.   Қ а р а ғ ы м -

шырағым  деп  айту,  айналып-толғану. 

– Қарағымдадық, ш ы р а ғ ы м д а д ы қ, 

қойдың ба?! Ақылмен бітпеген істің аяғы, 

міне,  өстіп  өкінішпен  бітеді  (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 93). 

ШЫРАЛАН е т. Күннің көзі (жарығы) 

түсу, сəуле шашу. Күн көзі енді сəл ш ы р 

а л а н с а, қазоты да қаулай жөнелгелі тұр 

(С.Ақтаев, Дала туралы., 123). Көзі онша 



ш ы р а л а н б а ғ а н күннің сəулесін уақ 

толқындардың  тізбегі  ну  қамысқа  қарай 

қуып барады (Соц. Қаз., 13. 06. 1976, 2). 

ШЫРАЛАНУ  Шыралан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ШЫР-БЕЗЕК: Шыр-безек болды. Без-

ек қақты, бəйек болды, шырылдады. Мал 

десе ш ы р-б е з е к  б о п жүргені (Фермаға 

кел., 12). 

ШЫРҒАЙ... 2. с  ы  н.  Шырғайдың 

ағашынан жасалған. Шалғынбай уықтың 

қарында  қыстырулы  тұрған  ш  ы  р  ғ  а  й

сап  қамшысын  алып  сыртқа  беттейді 

(А.Сейдімбеков, Серпер, 92). 



ШЫРҒАЙСЫЗ с ы н. Шырғайы жоқ, 

шырғай салынбаған. Содан көп ұзамай-ақ

ш ы р ғ а й с ы з, мəйкесіз, тіреусіз төбе гүрс 

етіп  ортасына  түскен  (С.Досанов,  Қыран 

қалғы., 14). 

ШЫРҒАЛ... Біздің ауыл өмірінде сон-

дайлар салған талай ш ы р ғ а л да болып 

өтті (Ғ.Сланов, Замандас., 126). 

ШЫРҒАЛА... 2. Айналдыру,  үгіттеу. 

Маған  да: «Тəуір  қызмет  берейік,  жала-

қыңды өсірейік, осында қал» деп едəуір ш ы р-

 ғ а л а д ы (Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 123). 

ШЫРҒАЛАҢДЫ  с  ы  н.  Шырғалаңы 

көп, ауыр-азапты, қиын-қыстаулы. Алай-

да  кандидаттық  дипломға  барар  жол 

ойлағаннан əлдеқайда ш ы р ғ а л а ң д ы боп 

шықты (М.Мағауин, Таңд. шығ., 1, 266). 



ШЫРҒАЛАҢСЫЗ...  Шекарадан

ш ы р ғ а л а ң с ы з өтіп, əке-шеше, бауыр-

туыстарымен  аман-есен  қауышып  еді 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 9). 

ШЫРҒАНАҚТЫ  с  ы  н.  Шырғанақ 

өскен,  шырғанағы  мол.  Ш  ы  р  ғ  а  н  а 

қ  т  ы  тоғайлар  көздің  жауын  алады 

(Ш.Мұртазаев, Қара маржан, 64). 



ШЫРҚА... 2. а у ы с. Ойнап-күлу, сай-

ран  салу,  рақаттану. – Тыңда  мені,  ш  ы 

р  қ  а  менімен  бірге,  көтеріңдер  көңілді! 

(З.Шашкин, Доктор Дарханов, 225). 



ШЫРЛА__1'>ШЫРЛА

1

  е  т.  Шыр  біту,  қоңдану, 



семіру.  Он  түйелік  үйіңнің  Жүгі  болсын 

ырғаған. Сегіз құлынды бие бер, Құлыны 

болсын ш ы р л а ғ а н (Жеті ғасыр., 2, 33). 

ШЫРЛА

2

  е  т.  ж  е  р  г.  Бұтағын  кесу, 



жону,  əрлеу.  Үйшілер  əуелі  салдау  боз 

талды таңдап кесіп алады да, оны жонып, 



ш ы р л а й д ы (ҚазССР ҒА Хабарлары, 

1972, №1, 44). 



ШЫРМАБАЛЫҚ ...Кішкентай  ғана 

талманы біз ш ы р м а б а л ы қ деп те атай-

тынбыз (Марқакөл, 55). 

ШЫРМАЛҒЫШ:  Шырмалғыш  са-

бақтар.  б  о  т.  Өсімдіктердің  бір  нəрсе-

ге  шырмалып  өсетін  сабақтары.  Ш  ы  р 

м а л ғ ы ш жəне өрмелегіш с а б а қ т а 

р ы бар өсімдіктер лианалар деп аталады 

(Ботаника, 87). 



ШЫРМАУЫҚ... 2. а  у  ы  с.  Шырмап 

алған, шытырман, қалың. Шыланған көзі 

буалдырланып, шым-шытырман ш ы р м а 



у ы қ ой шиырына енген əке мұны бұл жолы 

аңдамай қалды (Саржайлау, 48). 



ШЫРМАУЫҚША  ү  с  т.  Шырмауық 

тəрізді,  шырмауық  секілді.  Тіпті  гүлді 

шөптер ш ы р м а у ы қ ш а шырматылып, 

көп  қабат  үйлердің  терезелеріне  өрмелеп 

шығып  кетеді  екен  (Ə.Асқаров,  Таңд., 

22).  Шым-шытырық  шырықсыз  ойлар 

шақшадай басты шарадай етіп, ш ы р м а 



у ы қ ш а шырмайды (Д.Рамазан, Жылап 

аққан., 163). 



ШЫРМАУЫТ з а т. қ - ө н е р. Тігілуі 

өте  күрделі,  əдемі  кесте.  Үстінде  қызыл 

торғын,  жеңіл  шапан,  Ш  ы  р  м  а  у  ы  т 

жиегіне  кесте  салған.  Көк  көйлек,  омы-

рауында  алтын  алқа,  Ол  күнгі  қалмақ, 

қазақ  салты  болған  (И.Байзақов,  Таңд. 

шығ., 1, 37). 



Ш Ы Р П У Ш Ы   з   а   т.   А ғ а ш т ы ң 

бөрікбасын  шырпып,  ретке  келтіруші. 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

681

Мысалы, бұрын 

-шы, -ші  аффикстері  есім  не  етістікке 

жалғану арқылы кəсіп иесін, мамандықты 

(баушы,  қауыншы,  жүзімші)  білдіретін 

болса, сол ізбен кейінгі кезде сушы, ш ы р 



п у ш ы тəрізді терминдер туды (Қаз. тілі 

грам., 215). 



ШЫРПЫ__1'>ШЫРПЫ

з  а  т.  Бұта  өскен  жер. 

Күн  шығар  шықпастан-ақ  аз  ғана  сиы-

рын  қорадан  айдап  шығарып,  ауылдың 

сыртындағы шоқ ш ы р п ы н ы ң арасы-

на  бет  алдырды  (Б.Майлин,  Таңд., 109). 

Кəрікең үйден шыққанда ауылдың адамда-

ры топтанып сирек ш ы р п ы н ы ң оңтүстік 

жағында із кесіп жүр еді (Бұл да, 116). 

ШЫРПЫ



... 2. ж е р г. Сіріңке. – Ш ы 

р п ы л а р ы ң бар ма, кім болсаңдар да? 

(Ғ.Сланов, Дөң асқан, 128). 



ШЫРПЫЛЫ... Соқпақтың бір ғажабы 

– ылғи шеңгелді, жыңғылды, ш ы р п ы л ы,

сексеуілді  жыныстың  панасымен  жүреді 

(Т.Əлімқұлов,  Ақбоз  ат, 217). Дегенмен 

сексеуілі  қалың,  ш  ы  р  п  ы  л  ы  жер  екен 

(Лен. жас, 12. 02. 1974, 2). 



ШЫРПЫЛЫЛЫРАҚ с ы н. Шырпысы 

молырақ,  шырпылылау.  Есік  алдындағы 

отынның Ш ы р п ы л ы л ы р а ғ ы н а н-

ала кел, Томарлылырағынан ала кел, Түбір-

лілірегінен ала кел (Жаңылтпаштар, 22). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет