Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет165/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168

ЫСҚАУРЫН з а т. э т н. Тездің аузына 

асатқан  ағашты  басып  ырғайтын  бел 

ағашты  ысқаурын  дейді  (С.Қасиманов, 

Қаз. қолөнері, 95). 



ЫСҚАЯҚТАН е т. Кəнігілену, төселу, 

ысылу,  пысу.  Екі  жігіт  мұндай  шаруаға 

бұрыннан əбден ы с қ а я қ т а н ы п алса 

керек,  имамның  ескертуінсіз-ақ  олардың 

өздері  атқарар  міндеттерін  айтып  берді 

(К.Сегізбаев, Беласқан, 260). 

ЫСҚЫ... Шанағы сопақша, сол қолдың 

саусақтарымен қысылып ұсталған, оң қол-

да ы с қ ы бар (Қаз. əдеб., 14. 10. 1983, 10). 

ЫСҚЫЛТЫМ...  Кешкілік  аздап  ы  с

қ ы л т ы м сүт жұтқан батыр, таң атқанша 

тыныстады (М.Мəжитов, Аманғали., 88). 



ЫСҚЫРЫҚШЫ  с  ы  н.  Ысқырып 

жүрген,  ысқырған.  Ы  с  қ  ы  р  ы  қ  ш  ы 

шал  шатқал  өрлеп,  түйе  айдап  келеді 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 52). 

Байынқол Қалиев


690

ЫСҚЫРЫН...  Ешкі  бас  жігіт  ернін 

қыбырлатты да, Ғайшаға ы с қ ы р ы н ы п 

берді (М.Қабанбаев, Жиһанкез., 44). 

ЫСҚЫШ з а т. Зергерлік бұйымдардың 

сыртын ысқылап, бетін жылтырлайтын 

құрал.  Зергердің  пайдаланатын  құрал-

жабдықтарының түрлері көп. Олар: көрік, 

төс, шымшуыр, тістеуік, шапқы, егеу, ы с 

қ ы ш т.б. (Шаңырақ, 393). 

ЫСПА з а т. Қолдан уақытша жасал-

ған  сал.  Өзеннен  өткізетін  құралы – тал-

терекке  қамыс  тоқып  жасалған  жалпақ



ы с п а (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 83). 

Ы с п а ғ а байланған ұзын қыл арқанның 

бір  ұшы  өзеннің  арғы  бетіндегі  берік 

қазыққа  бекітілген.  Мал-жанды  ы  с  п  а  ғ 

а  мінгізіп  алып,  қыл  арқанды  саумалай 

тартқанда əлгі жел қайықша зарлаушы еді 

(Бұл да). 

ЫСПАДАР с ы н. Ісмер, іскер; машық; 

ыспар. 

ЫСПАДАРЛЫҚ  з  а  т.  Іскерлік, 

ісмерлік, машықтық, шеберлік. – Баяғыда 

ауылымызға  сыйлы  қонақ  келе  қал-

са,  тамақты  Қадиша  таза  ұстап,  бапты 

істейді  деп  осы  үйге  қарай  ала  жөне-

луші едік. Əлі сол ы с п а д а р л ы ғ ы ң

қалмапты-ау,  бəйбіше  (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 325). 

ЫСПАР... Бұл орыс алатын болса аздап 

қысып,  сататын  болса  аздап  кемітіп  та-

стайтын ы с п а р да ысқаяқ саудагер емес 

(З.Ақышев, Ақбел асуы, 50). 



ЫСТАНСА з а т. с ө й л. Станция. Ап-

рельдің 25-інде «Сұлу төбе» ы с т а н с а с 



ы н а н шықтым («Қазақ» газеті – 1913, 155). 

ЫСТЫҚ:  Ыстығы  көтерілді.  Де-

несі  күйіп-жанды,  температурасы 

жоғарылады. Ы с т ы ғ ы көтерілген де-

малушылар  болды  ма,  кімге  қандай  дəрі-

дəрмек керек? Бəрін тыңдап, əрқайсысына 

бұйрық  берді  (З.Шашкин,  Доктор  Дарха-

нов, 244). 

ЫСЫЛДАС  Ысылда  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Амал таусылған соң 

ыстық шайды үсті-үстіне ы с ы л д а с ы п 

сілтесті (Лен. жас, 06. 08. 1974, 3). 

ЫСЫЛДАСУ  Ысылдас  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЫСЫМАҚ  з  а  т.  Ыстық  тамақ. 

Керегенің басын жауып қалқайтқан жаппа 

күркелерінде тығылысып отырып ы с ы м 

а қ ішті (С.Елубай, Ақ боз., 37). 

ЫСЫНУ... – Себебін  сұрап  қайтесің? 

Бір қатты ы с ы н у д ы ң бір қатты суы-

нуы да болатын көрінеді ғой (Ө.Қанахин, 

Құдірет, 284). 



ЫСЫРАТ з а т. а р. О дүние; бақи дүние

Күні  кеше  дүниеге  əкелген  азаматты  ы  с 



ы р а т сапарына жөнелтіп, басына қара 

жамылып,  аңырап  қалды  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 248). 

ЫСЫРҒЫШТА  е  т.  Бір  нəрсені 

қайта-қайта  ысыру,  сырғыту. – Енде-

ше, біз де ішпейміз, - десіп алдарындағы 

тостағандарын кейін қарай ы с ы р ғ ы ш т 

а п томсырая-томсырая қалысты (Ө.Ахмет, 

Қарқаралы., 206). 



Ы С Ы Р Ғ Ы Ш ТАУ   Ы с ы р ғ ы ш т а 

етістігінің қимыл атауы. 

ЫСЫРМАЛА...  Ұсақ  тас  араласқан 

қайраң құмды қарындарымен ы с ы р м а л 



а п, тостағандай шұңқыр жасай бастапты 

(Ғ.Мүсірепов, Өмір жорығы, 14). 



ЫСЫРЫС  Ысыр  етістігінен  жасал-

ған ортақ етіс. Екеуі əрі-бері ы с ы р ы с 

ы п отырғанда шұжық еденге түсіп кетеді 

(Ел аузынан, 314). 



ЫСЫРЫСУ  Ысырыс  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЫСЫТПА: Ысытпа жасады. ж е р г.

Дуалады,  үшкірді.  Əжесі  дем  салып, 

«ы с ы т п а» ж а с а п жібергендей-ақ, 

Дəулетке  бір  көргеннен-ақ  көңілі  құлап, 

өзі де таңырқаныста қалғанын мойындаған 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 74). 



ЫШҚЫРЛАНУ... – Көйлегі ы ш қ ы р

л а н у ғ а келмейді демесең... (Жалын, 1974, 

№1, 15). 



ЫШТАНШАҢ  с  ы  н.  Бұтында  тек 

ыштаны  ғана  бар,  ыштан  ғана  киген 

(О.Бөкеев, Əн салады., 233). 



ЫЮ-ҚИЮ... Маңдайымнан шып-шып 

шыққан тер тамшыларын сүрте тұрып, өз 

жұмысымның и ю-қ и ю ы мол қызығы мен 

тауқыметін көз алдыма елестетемін (Лен. 

жас, 04. 11. 1972, 2). 

ЫЯНАТТА  е  т.  Жамандау,  даттау, 

ғайбаттау. 

ЫЯНАТТАУ  Ыянатта  етістігінің 

қимыл атауы. – Мені өз туысыңды ы я н а 

т т а у үшін шақырып алған сықылдысың 

ғой? (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 35). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

691

ІЖДАҒАТТАН    Іждағатта  етіс-

тігінен жасалған ырықсыз етіс. 

ІЗ:  Із  құрғатпай.  Толассыз,  үздіксіз, 

іле-шала. Сонан соң үлкен үйдің алдына і з

қ ұ р ғ а т п а й бірі келіп, бірі кетіп жатқан 

шаңқан ақ, мөлт қара машиналарға назар 

аударды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 316). 

ІЗБЕСТАС  з  а  т.  Үйдің  қабырғасын 

ағартатын ақ түсті зат; əк, утас. І з б 

е с т а с біздің күнделікті өмірімізде өте 

жиі кездесетін тау жынысы (Табиғаттану, 

17). І з б е с т а с т ы ң үш түрі бар. Олар: 

бор, кəдімгі ізбестас жəне мрамор (Бұл да). 



ІЗГІЛІКСІЗ  с  ы  н.  Ізгілігі  жоқ,  адам-

гершіліксіз.  Өйткені  і  з  г  і  л  і  к  с  і  з

адамгершіліксіз  өмір  сүру  қиын.  Ізгілік – 

адами тіршіліктің мəні (Д.Рамазан, Жылап 

аққан., 5). Бүгін  неге  рухсыздық  секілді 

зор батырлық? І з г і л і к с і з батырлықтан 

зардап  шегіп  жатыр  жұрт  (М.Шаханов, 

Мəңгүрт., 61).

ІЗДЕНШЕК с ы н. Ізденгіш, ізденімпаз. 

Терең  де  тосын,  ойлы  да  орнықты  пікір-

танымдарымен тілтану əлеміне тегіс шар-

лап кету – біздің і з д е н ш е к қарындасымыз 

Жаннаға тəн қасиет (Е.Жұбанов, Толғауы 

тоқсан., 258). 



ІЗДЕНІС-ҰМТЫЛЫС  з  а  т.  Ғылыми 

немесе  шығармашылық  жұмыстарға 

күш  салғандық,  тынбай  еңбектенген-

дік.  Ағымнан  жарылсам,  периферия-

дағы талапкерлердің і з д е н і с-ұ м т ы л 



ы с т а р ы н а биіктен, астамси қараған, 

көзге ілмеген кездерім де болған (Н.Ораз, 

Сиқырлы., 77). 

ІЗДЕСТІРУШІ з а т. Бір нəрсені (зат, 

адам) іздестіріп жүрген адам. І з д е с т і р 

у ш і л е р жоғалған жігіттерді таба алмаса, 

сол жылжыған беттері кідірместен, екінші 

аялдамаға  келіп,  бір-ақ  тыныстағандары 

жөн (Н.Ақыш, Бейуақта., 158). 



ІЗЕРЛЕ е т. с ө й л. Ізге түсу, əрі қарай 

қуалау;  зерттеу.  Махамбеттің  арызынан 

зерттеуші  ғалым  Шоқанға  қарай  бір  із 

шығарып отыр. Оны ары қарай і з е р л е й 

түссе, тағы да тың деректер табылуы əбден 

мүмкін (Қаз. əдеб., 01. 06. 1984, 14). 

ІЗЕРЛЕУ  Ізерле  етістігінің  қимыл 

атауы.

ІЗЕТШІЛІК...  Ол  Əзімхан  əкелген 

буыншақ-түйіншектерді мейлінше і з е т 



ш і л і к п е н, ұялған пішінде қабыл алып 

жатыр (З.Өмірбеков, Құпия., 72). 



ІЗКЕСЕР з а т. Ізкесуші, ізші. – Жолдас, 

Шерлок Холмс мырза, - деп, Құснидинов 

оған атақты і з к е с е р д і ң атағын оп-оңай 

сыйлай салды (О.Сəрсенбай, Шеңбер, 25). 



І З Ш І . . .   2 .   А ң н ы ң   і з і н е   т ү с і п , 

соңынан  қуушылар.  Құсбегі  салбурынға 

қоштасушыларды  алдын  ала  беске  бөліп 

тастайды: 1) тұрғышылар  (бүркітті  ұстап 

тұрушылар), 2) қағушылар  (аңды  қуып 

шығушылар), 3) і з ш і л е р (аңның ізіне 

түсушілер), 4) тосқауылшылар (жол тосу-

шылар), 5) (қоста қалып ас əзірлеушілер) 

(Саятшылық, 81). 



ІКІМƏТ з а т. и р. ж е р г. Сыр, себеп, кіл-

типан.  Неге  сейдін?  Мүмкін,  сейілден 

шыққан шығар. Мүмкін, аттың сейдін деген 

жүрісінен туған шығар. Немесе басқа бір

і к і м ə т і бар болар (Т.Əлімқұлов, Сырлы 

наз, 216). Емберді торы биенің і к м ə т і н 

ішке бүгін, жұрт көңілденген кезде айтты 

(Қаз. əдеб., 27. 05. 1977, 3). – Оның бір і к 



і м ə т і бар еді? – Нендей і к і м ə т (Лен. 

жас, 03. 10. 1974, 3). 



ІЛƏМ... Сөз і л ə м д е р і н е н той өткелі 

жатқан ақынды ерекше қастерлейтіндіктері 

бірден-ақ  байқалып  тұр  (Өркен, 17. 03. 

1990, 7). 



ІЛГЕК з а т. ж е р г. Түйме. «Түйме» де-

ген сөзді Сыр бойының қазақтары «і л г е к» 

деп қолданады (Қаз. əдеб., 11. 10. 1991, 12). 

ІЛГЕРШЕК з а т. ж е р г. Сулық. Ершов 

атының ауыздығының і л г е р ш е г і н е н тас 

қып ұстап алып ілгері бүкшие жылжыды 

(С.Сматаев, Алғашқы асу, 176). 



ІЛГЕРІЛЕУ... – Былтырғы  қарқын-

нан қалайсыңдар? – Одан сəл і л г е р і л е у



м і з (Ə.Ибрагимов, Нағыз қайнар, 30). 

ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК  з  а  т.  Ілгері  бас-

қандық,  алға  кеткендік;  дамытушылық 

(Ж.Бейсенбаев, Шоқан ізімен, 23). 



ІЛГЕРІШІЛ с ы н. Озық, үздік, алдың-

ғы  қатарлы.  Аты  əлемге  əйгілі  Отырар 

заманнан заман өте келіп, і л г е р і ш і л

ойлы  адамзат  назарын  өзіне  бастады 

(Қаз. əдеб., 05. 09. 1975, 2). Бұл, сөз жоқ, 



І

Байынқол Қалиев

692

і л г е р і ш і л де ізгі құбылыс (Қаз. əдеб., 

27. 05. 1988, 11). 



ІЛГЕШЕК... 2. а  у  ы  с.  Іліп-қақпа, 

қағытпа, шымшыма. – Осы бір і л г е ш е к

сөзің-ай  сенің.  Мың  өлең  жазса  да,  сен 

оздың емес пе бəрібір? (Б.Нұржекеев, Күй 

толғақ, 102). 



ІЛГІДАЙ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Үкірдайдың 

орынбасары. Құдалар да осал жерден емес. 

Қошқарбайдың бетке ұстары – Қали і л г і 



д а й д ы ң ауылы. Күйеу жігіт – сол і л г і

д а й д ы ң үкілеген ұлы Қажыбек мырза 

(Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 50). 



ІЛГІШСІЗ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Кедергісіз, 

бөгетсіз. Құдай оңдап путевканы і л г і ш 

с і з берді, бірақ бұл оны ойлантып тастады 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 372). 



ІЛГІШСІЗДІК з а т. с ө й л. Кедергісіздік, 

бөгетсіздік. 

ІЛДЕБАЙЛА... Қыстан і л д е б а й л 

а  п  шыққандары  (малдың)  көктемгі  қара 

суықта  қырылды  (М.Дүйсенов,  Мейман-

дар, 59). 

ІЛДІРІК  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Көзілдіріктің 

сыртқы  қаңқасы  (оправа).  Азагүл, 

аққайнар, балабақша, басылым, жағажай, 

қазанама, теледидар, уыздық, і л д і р і к... 

Бұлар – Іслəм Жарылғапов жасаған сөздер 

(Қаз. əдеб., 12. 07. 91). Темекісін тұтатқан 

орыс і л д і р і г і н е шүберек ораған бір 

əйнегі шытынаған көзілдірігін бір шешіп, 

бір киді (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 115). 



ІЛЕЗДЕМЕ з а т. Ұжым басшысының 

таңертең қызметкерлер жұмысқа кірісер 

алдында жинап алып, сол күнгі (жетідегі) 

міндеттер туралы 5-10 минуттай мəжіліс 

жасауы.  Күн  сайын  газеттің  кезекті 

номерін  талқылау  і  л  е  з  д  е  м  е  с  і  н  е 

қатысамыз (Қаз. əдеб., 01. 05. 1987, 4). 

ІЛЕ з а т. ж е р г. Мал ауруларының бір 

түрі (Қаз. аймақ. сөзд., 792). 

ІЛЕЛЕН  е  т.  Іле  ауруына  шалдығу, 

ілемен  ауыру.  Өріске  шыға  алмағаны 

(сары атаның) – шынымен і л е л е н г е н і 

(М.Қаназов, Ақ тайлағ., 7). 

ІЛЕЛЕНУ  Ілелен  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ІЛЕСПЕ:  Ілеспе  аударма...  І  л  е  с 

п е  а у д а р м а – біздің тілімізде орыс 

тіліндегі  «синхронный  перевод»  деген 

сөз  тіркесі  беретін  мағынаны  беру  үшін 

қолданылатын,  аударманың  жаңа  түрінің 

атауы (Аударматану, 71). І л е с п е  а у д а 

р м а туралы зерттеу еңбектер қолданбалы 

лингвистикада  біздің  еліміз  түгіл  кешегі 

кеңестік  кеңістікте  де  тым  аз  жазылған 

(Бұл да, 70). 



ІЛКІ ү с т. 1. Ең бірінші, алғашқы, əуелгі. 

– Ең і л к і жұмыс: электр станциясына ка-

нал қазылады (Ғ.Сланов, Замандас., 26). 2. 

Ертедегі, бұрынғы, о бастағы, ілгергі. Осы 

өлкеде мал бағып, егін салып, ұрпақ өсірген



і л к і қазақтар қашаннан сексеуіл өсіріп құмға 

бөгет  қойыпты  (Д.Досжанов,  Жолбарыс, 

121).  Аңдап  қараған  кісіге  і  л  к  і  заманғы 

диқандардың тартқан атыз-арықтары əлі де 

білектің тамырындай көгеріп көрінеді (Қаз. 

əдеб., 26. 05. 1972, 1). 



ІЛКІАЛДЫ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Алғашқы, 

басқы, əуелгі. «Күй», «Күйші», «Құлагер» 

дастандары  шеберлік  шыңымен  болсын, 

інжу-маржан тілімен болсын шын мəніндегі 

біртуар, і л к і а л д ы дүниелер ретінде төл 

əдебиетіміздің  қымбат  қазынасы,  асыл 

мұрасы болып саналады (Лен. жас, 24. 05. 

1974, 3). Киномеханиктің оң көзіне іліну де, 

і л к і а л д ы бақыттың біріне саналушы еді 

(Жалын, 1973, №6, 97). 



ІЛКІМДІ... Ол үшін і л к і м д і, ұшқыр 

атқа мініп, əбден мелдектеп тойған бүркітке 

ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда 

қосылып  береді  (А.Сейдімбеков,  Тауға 

біткен., 87). 

ІЛМЕ

1

 з а т. к ə с і б. Өрмектің жіп-

терін іліп қоятын қазық. Өрмекке адарғы, 

қылыш, арқау, сүзгі, і л м е секілді жабдық-

тар пайдаланылады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 

230). Жіп ұзыннан-ұзақ созылып жатады. 



І л м е бекітілген қазықтың тұсынан арқау 

өткізеді де, тоқу басталады (Бұл да). 



ІЛМЕ

2

  с  ы  н.  м  у  з.  Саусақпен  іліп, 

ілемелеп  тартатын  (күй).  Қазақ  күйді 

шалқыма,  жайылма,  і  л  м  е,  ақпа,  төкпе, 

шертпе деп атамай ма?! (Қаз. əдеб., 14. 01. 

1977, 2). 



ІЛМЕК:  Ілмек  біз.  Былғарыдан, 

қайыстан  жасалған  бұйымдарды  қайып 

тігетін біз (Қаз. этнография., 1, 580). Бізді 

жұмыс ыңғайына қарай тігіс біз, і л м е к



б і з, кесте біз, үскі біз деп бөледі (Бұл да). 

ІЛМЕКТЕ:  Ілмектеп  байлау.  Жіпті 

іліп алып байлау. Байлаудың күрмеп байлау, 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

693

қазықбау  шалып  байлау,  шиелеп  байлау,



і л м е к т е п  б а й л а у деген түрлері бар 

(Пионер, 1984, №4, 30). 



ІЛМЕКТЕС... Ол і л м е к т е с к е н 

кірпігін  əзер  қыбырлатып,  көзін  ашады 

(З.Шүкіров, Қиын түйін, 66). 

ІЛМЕШЕК...  Есіктің  сыртындағы 

саңылаудан сыммен сұққыласа, і л м е ш е к



т і ң сырт етіп, оп-оңай ашылып кететінін 

аңғарды (С.Оспанов, Бақытты., 130). 



ІЛМЕШЕКТЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Ілмек 

ету,  ілмектеу.  Екі  жендет  қолы  байла-

улы  адамның  мойнына  қыл  арқанды  і  л 



м е ш е к т е п түйіп, екінші ұшын өзде-

ріне  қарай  тарта  бастаған  (І.Есенберлин, 

Алмас., 173). 

ІЛМЕШЕКТЕУ Ілмешекте етістігінің 

қимыл атауы. 

ІЛТИПАТ-ІЗЕТ  з  а  т.  Ақ  ниет,  адал 

көңіл;  құрмет,  сый.  Сол  үшін  жаңа  туы-

стары келінді шынайы і л т и п а т-і з е т 



п е н аялайды (Қ.Толыбаев, Бабадан., 183). 

ІЛУ... Оларға (күйеу жəне оның қасына 

ергендерге) і л у, өлі-тірі, есікашарға деп 

бірнеше мал айдатады (Х.Арғынбаев, Қаз. 

халқы., 189). 



ІЛУІР з а т. с ө й л. Киімілгіш. Сүмбелер, 

і л у і р л е р (киім ілгіш), тұтқалар, əр түрлі 

қораптар да жасалады (С.Қасиманов, Қаз. 

қолөнері., 90). 

ІЛІК  з  а  т.  Қолға  іліккен  (тиген)  бір 

нəрсе (зат). Оқушым айтушыдан болсын 

зият, Ақыл менен ғылымның білсін парқын. 

Астан жілік тістейсің, тойдан і л і к, Шарапат-

ты жақсымен жүрсең жақын (Жеті ғасыр., 

2, 112). 

ІЛІК:  Ілікке  алынды.  Қатарға 

қосылды, есепке кірді. Ұшқалақ адам – са-

бырсыз, сабырсыз адам – қадірсіз болып, 



і л і к к е  а л ы н б а й жүреді (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 325). 



ІЛІКТЕСТІК... Құдалық і л і к т е с т і г і

бар адамдардың баласы болғасын ба, екеуі 

өте тату дос (Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 61). 

ІЛІКТІК  з  а  т.  Ілік-шатыстық,  ілік-

тестік,  жақын-жұрағаттық.  Екеуінің 

арасындағы туысқандық, і л і к т і к т і 

былай  қойғанда,  қаламдастық  жақындық 

бəріңе белгілі (Сөзстан, 21). 



ІЛІМДІЛІК

1

  с  ы  н.  Іліп  түсетіндік, 

ілгіштік.  Қаршыға  сирағының  ұзындығы 

оған  і  л  і  м  д  і  л  і  к  қасиетін  береді 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 143). 

ІЛІМДІЛІК

з  а  т.  Ілімі  көптік, 



білімділік, көзі ашықтық. 

ІЛІС  з  а  т.  Құстың  ілгіштігі;  іліп

т ү су ш і л і к .   Ə р қ а й с ы с ы   ө з   ү й і н д е 

Көкжендеттің ұшысын, і л і с і н, түсісін, 

тоят ажыратысын ұзын сонар əңгіме етіп 

отырады (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 72). 



ІНҒАМ з а т. к ө н е. Сыйлық. Сөз айтып 

ақылдысы осы түрлі, Қазақпен шартнама-

ны  дайын  қылды.  Елшіге  і  н  ғ  а  м  беріп 

қайтармаққа, Көңіліне Бачин ханның қиял 

кірді (Батырлар жыры, 6, 135). 

ІНГЕНШЕ з а т. Үш-төрт жасар інген, 

жас інген. І н г е н ш е – үш жастан үлкенірек 

ұрғашы түйе, бұл жаста бураға шөгеріледі 

(Қазақша мал атау., 61). Түйешілер қаюға 

бірінші рет түсетін тұмса і н г е н ш і л е р д і

қайуға ерекше көңіл бөлуі қажет (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1968, №4, 43). 



ІНДІГЕШ//ІНДІКЕШ з а т. ж е р г. Ін. 

Кенет  аты  əлденеге  сүрінгендей  болды. 

Сөйтсе,  і  н  д  і  г  е  ш  екен  (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 39). Қызыл түлкі осы араға келгенде, 

мына жатқан көп і н д і г е ш т і ң біреуіне 

сүңгіп  жоғалды  (Бұл  да, 116). Сексеуіл 

түптері мен і н д і к е ш аузындағы қар кете 

қоймаған (Ө.Қырғызбаев, Қырда., 16). 



ІНДЕТ ү с т. Бір нəрсені жеріне жеткізе, 

түптеп тəптіштеп; терең. Атам да танып, 

үй іші, əке-шешелерін сұрап, і н д е т і п ұзақ

сəлемдесті (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 396). 

Біз, əрине, биология ғылымын і н д е т і п 

білмегендіктен  олардың  арасындағы  жер 

мен  көктей  айырмашылықтарды  дөп  ба-

сып, дəлелдей алмаймыз (Қаз. əдеб., 01. 03. 

1985, 14).



ІНЖƏПИЯ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Жасырын, 

құпия. Одан əрмен кіндігін кескен, туып-

өскен  Өзбекстанның  қайран  да  қайран 

Қыбырайы  қайдасың  демекші.  І  н  ж  ə 

п  и  я  бюджетіне  бек  сенімді  (М.Байғұт, 

Бұла бұлақ, 63). Бірақ өзінің і н ж ə п и я

-құпиясына  сəйкес: - Жоқ,  жиенжан, 

тағаңызды  тым  тайраңдата  берместен, 

Шымкентке  жеткізсеңіздер  жетеді, - деді 

(Бұл да, 65). 



ІНЖƏПИЯЛАУ  с  ы  н.  Жасырындау, 

құпиярақ.  Бөлім  бастығы  қызметіне  енді 

құпиялау бір қызметке, і н ж ə п и я л а у 



Байынқол Қалиев

694

бір іске ұсынылып кете барды (М.Байғұт, 

Бұла бұлақ, 20). 

ІНЖЕНЕР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Инженер. 

Бұйрықты  алып,  булығып  кеңсеге  кел-

сем, деректір жоқ, і н ж е н е р отыр екен 

(Рөтесінов, Айтылмаған., 38). 



ІНЖІР... 2. Інжір  ағашының  жеуге 

жарамды жемісі. ≈ Базардан 2 кг і н ж і р 

сатып алдым. 



ІНКІБІДІ з а т. с ө й л. НКВД қысқарған 

сөзінің ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы. – 

Енді мен і н к і б і д і г е барамын. Ақталу 

үшін  емес,  ана  қашқынды  ұстатуға  бара-

мын, - деп  сілкінді  (Қ.Құрманғалиева, 

Атырау., 141). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет