Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет164/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168

ЫЗБОТ... Жорға едің сарыныңмен сам-

ғайтұғын,  Бəйгі  аты  серпініңді  шал-

майтұғын. Əніңді он екі ы з б о т жіберсең-

ші  Есімнен  өле-өлгенше  қалмайтұғын 

(С.Сматаев, Алғашқы асу, 41). 

ЫЗҒАРЛАНДЫР  Ызғарлан  етістігі-

нен  жасалған  өзгелік  етіс.  Үстіндегі  сұр 

гимнастерка,  беліндегі  былғары  белбеуі, 

галифе шалбары мен құрым етігі өн бойына 

əскери пішін беріп, ы з ғ а р л а н д ы р а 

түскен (Т.Əбдіков, Өліара, 206). 

ЫЗҒАРЛАНДЫРУ  Ызғарландыр 

етістігінің қимыл атауы. 

ЫЗҒЫЗ  Ыз  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Ақбілекке керегебау, уықбау

ы  з  ғ  ы  з  ы  п,  көйлек-көншегін  пішкізіп 

алуға шақыра келетін абысын-ажын ізі су-

ып көрген емес (Қаз. əдеб., 23. 12. 1983, 4). 

ЫЗҒЫРЫҚТЫ с ы н. Ызғырық соққан, 

ызғырығы бар. Бес қанатты қоңырқай тома-

ша үйдің түндігін теріскейден жұлқынған 



ы з ғ ы р ы қ т ы, қатты жел желп-желп 

еткізеді (М.Айымбетов, Құмөзек., 7). 



ЫЗҒЫС е т. ж е р г. Ырылдасу, керісу, 

салғыласу. – Үйлеспедік. Ы з ғ ы с ы п тұруда 

не мағына бар? (Б.Майлин, Таңд., 527). Күн-

делікті тіршілікте адам болып адамдармен 

жүз  шайысқан,  ы  з  ғ  ы  с  қ  а  н,  кетіскен, 

келіскен (Д.Досжанов, Жолбарыс, 17). 

ЫЗЫҢ-ШУЛЫ с ы н. Ызың-шуы мол, 

ызың-шуы көп. Сахараның ауасын жұтып, 

емін-еркін  өскен  адамдардың  бөтен  орта 

мен ы з ы ң-ш у л ы қала тірлігіне көнбеуге 

шаралары да жоқ-ты (Халифа Алтай, Ал-

тайдан., 64). 

ЫҚСЫЗ с ы н. Ығы жоқ, панасыз. Ы қ 

с ы з, панасыз ашық теңіз үстінде күні бойы 

екі  аяғынан  сарсылып  тұра-тұра  уақыт 

өткізе  алмай  азапқа  түсті  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 243). 



ЫҚТАҒЫШ  с  ы  н.  Ыға  беретін, 

ыққыш. Күйші де анасынан ы қ т а ғ ы ш

тіпті қатты кеткенде шешесіне домбырасын 

ұстата  салады  (Ж.Кəрменов,  Ғашықтың 

тілі, 18). 



ЫҚТАСЫНДЫҚ  с  ы  н.  Ықтасын 

боларлық, қалқа (пана) болуға жарарлық.

Ы қ т а с ы н д ы қ тал-дарақ, жер қыртысын 

сақтайтын  бұта-қарағандарды  көптеп  егу 

керек (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 385). 

Байынқол Қалиев


686

ЫҚТЫРМАЛА... Əйтеуір, ы қ т ы р 

м а л а п жүріп «Айыртастың» астындағы 

салаға  келіп  тұмсық  тірегенімді  білемін 

(Қаз. əдеб., 07. 02. 1975, 1). 

ЫҚЫ-ЖЫҚЫ:  Ықы-жықы  жоқ.  қ. 

Ықы-тықы жоқ. Екі қыз ы қ ы-ж ы қ ы  ж о қ

шешініп жатыр (Лен. жас, 06. 08. 1974, 3). 



ЫҚЫЛАС:  Ықылас  батасы.  э  т  н. 

Ақсақалдар мен үлкен кісілердің үй иесінің 

сұрауы  бойынша  адал  ниетпен  беретін 

батасы. Алайда ы қ ы л а с  б а т а с ы 

үй  иесінің  кісілігі,  мақсат-мұрат,  талап-

тілегі бойынша əр алуан мазмұн, əр алуан 

түрлерде беріле береді (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 5, 5). 

ЫҚЫЛАС-ПЕЙІЛ  з  а  т.  Ықылас, 

пейіл,  ниеті.  Атаулар  əрі  сыпайы,  əрі 

сыйлы сезімді қамтуы арқылы əлгі кісінің 

де келінге деген ы қ ы л а с-п е й і л і н ау-

даратын  қанағатының  сипатын  танытады 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 183). 

ЫҚЫЛАСТАНДЫРУ...  Коллективтік 

шаруашылықтың пайдалы екенін бұқараға 

түсіндіріп, ы қ ы л а с т а н д ы р у керек 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 263). 



ЫҚЫЛЫМ  с  ы  н.  Көп,  ұзақ;  талай. 

Қадым заман, ы қ ы л ы м жыл жазса да жыр-

лап біткен жоқ өзіңді əлі ешкім (С.Мəуленов, 

Шыңдағы., 72). – Хош, Фарабиің қыпшақ 

қой. Одан бері нешеме ы қ ы л ы м заман 

өтті? (Жалын, 1969, №4, 101). 



ЫҚЫ-ТЫҚЫ: Ықы-тықы жоқ. ж е р г.

Ай-шай жоқ. Балымкүл енді ы қ ы-т ы қ ы 

ж о қ жігітті бас салып құшақтап, ернінен, 

көзінен, иегінен шөпілдетіп сүйе бастады 

(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 176). 

ЫЛАЙЫТ  е  т.  Ылай  болу,  лайлану. 

Ызаға толып арнасы, Ы л а й ы т ы п ақты 

бұрқырап (Ғ.Орманов, Өлеңд., 59).

ЫЛАЙЫТУ  Ылайыт  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЫЛАҢ з а т. в е т. Ірі қара малда (си-

ырда) болатын жұқпалы індет. Бұл індет 

жылқыда – жамандат,  түйеде – қарабез, 

ақшелек,  ірі  қарада – қараталақ,  ы  л  а  ң

қойда – топалаң,  ешкіде – шекшек  деп 

аталатын  (Х.Арғынбаев,  Қаз.  этногр., 

108).  Топалаң  деген  атау  Қазақстан-

ның  барлық  жеріне  де  тəн  болғаны-

мен,  кейде  бұған  қосымша  аттар  да  қоя-

тын,  яғни  Қазақстанның  оңтүстігінде 

алаң, ы л а ң десе, солтүстігінде секіртпе, 

ұшпа деп те атайды (Бұл да, 111). Қазіргі 

əдебиеттерде топалаң (жамандат, қарабез, 

ақшелек,  қараталақ,  ошақ,  ы  л  а  ң,  алаң) 

ауруы, оның түрлі белгілері, емдеу жолдары 

жан-жақты  жазылған  (Білім  жəне  еңбек, 

1986, №1, 33). 



ЫЛАУШЫ з а т. Ылау (лау) айдаушы, 

ылау тартушы; лаушы. Ертесіне Торғай, 

Ырғыз арқылы Шалқарға жүкке барады де-

ген осы елдің ы л а у ш ы л а р ы м е н жүріп 

кетуге  əзірлендім  (С.Мұқанов,  Мөлдір., 

225). ... Шамелдің үйіне яки өзінің дəмдес 

болған үйіне келіп, ы л а у ш ы с ы аттың 

басын тіреді (Жұлдыз, 1973, №5, 12). 

ЫЛҒАЛДАНДЫРЫЛ...  Мұның  өзі 

жер ы л ғ а л д а н д ы р ы л ғ а н д а құм са-

лындыларының  сумен  бірге  ағып  келіп, 

егістікке  тұтынуынан  пайда  болып  отыр 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1963, №8, 46). 

ЫЛҒАЛСЫЗДЫҚ...  Алайда  кейбір 

қуаңшылық  жылдары  шөптің  жұтаң 

шығуы жəне ы л ғ а л с ы з д ы қ т а н тез 

ұшып кетуі салдарынан малшылар елеулі 

қиыншылыққа  кездесіп  жүр  (Қаз.  əдеб., 

06. 07. 1973, 2). 



ЫЛҒАН е т. ж е р г. Талауға түсу, та-

лану. Атадан қалған ақ сауыт, Арамға əбден 

былғанды. Басшысы жоқ сорлы елдің Малы 

мен басы ы л ғ а н д ы (Шəкəрім, Шығ., 148). 

ЫЛҒАНУ  Ылған  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ЫЛҒАСЫЗ..?  Қырық  күнің  біткенше 

Қысырдың  сүтін  еміздім.  Ы  л  ғ  а  с  ы  з 

болсын бедеу деп Қулықтың сүтін еміздім 

(Қобыланды). 



ЫЛҒАУСЫЗ с ы н. ж е р г. Ақ, адал, 

кіршіксіз.  Бекайдардың  мінезі  қилы-

қилы.  Кейде  ақжарқын  сəбидей  ы  л  ғ  а  у 



с  ы  з,  кейде  шабынған  бурадай  ызғарлы 

(А.Мекебаев, Жадыра, 60). 



ЫЛҒИҒЫ  с  ы  н.  Əр  уақыттағы, 

əдеттегі.  Бұл  жолы  да  ол  ы  л  ғ  и  ғ  ы 

əдетімен  жымия  күліп  бізге  кірді  (Қаз. 

əдеб., 10. 08. 1973, 2). 

ЫЛДИТӨМЕН ү с т. Ылди, төмен, еңіс. 

Осыны  ойлаған  Кемеңгер  қуанғанынан 

тұрған  жерінде  қолын  сермелеп,  ауаны 

осып, бірер ырғап, ы л д и т ө м е н жүгіре 

жөнелді (Д.Досжанов, Жолбарыс, 353). 

ЫЛЖЫР  с  ы  н.  Ылжырап,  езіліп 

жатқан.  Анау,  адамдардың  улы  табаны 

тиіп, бой-бойы шыққан ы л ж ы р жолда 

бала жетелеп бара жатқан шаруаның қазіргі 

халі қандай екен? (Лен. жас, 20. 09. 1974, 3). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

687

ЫМБАЛ з а т. с ө й л. Ым, ымба, ишара. 

Көзінен жыласа да жас шықпайды, Бірде 

ұғып айтқан сөзін, бірде ұқпайды. Сөйтсе 

де ы м б а л м е н е н ұғындырып, Жоғалып 

бірнеше күн кеткен жайды (Бабалар сөзі, 

89, 186). «Жарайды», - деп, ұнаса, бас из-

емек,  Жек  көрсе,  жиіркеніп  дірілдемек. 

Жүрегіңнің тілі жоқ, ы м б а л ы сол, Ұғып 

ал  да  бола  көр  соған  көмек  (Шəкəрім, 

Шығ., 58). Ойға батсам – ой əмір Ы м б а 



л ы н а бағынам, Ойлап тапсам – ой тəңір, 

Жұмбағына табынам (І.Жарылғапов: Қаз. 

əдеб., 14. 05. 1976, 4). 

ЫМҚЫРУЛА е т. Өзіне қарай икемдеу, 

айналдыру. Ақыры жаманатты болған соң, 

онан гөрі жастауын ы м қ ы р у л а с а ш ы! 

(Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 186). 

ЫМЫРАГЕРШІЛІК...  Онысы  жүрек 

шайлы жалтақтық па, əлде қазан шайқамас 



ы м ы р а г е р ш і л і к пе, түсіне алмай 

қойды (Жұлдыз, 1975, №4, 162). 



ЫМЫРАСЫЗДЫҚ...  Сонда  да  бала 

жүрегінде Месқұлға деген ы м ы р а с ы з



д  ы  қ  пайда  болды  (Ұ.Доспанбетов,  Ел 

есінде, 110). 



ЫМЫРТТА  е  т.  Ымырт  кезінде  ба-

рып,  малды  қарау.  Жылқыны  ы  м  ы  р  т

т  а  п  қайтпақ  болған  Сəн  өртеңдегі  көз-

көз  оттарға  көп  қадалды  (Қ.Ысқақов, 

Қараорман, 127). Екеуінің екпіні аққаптал-

ды  қозғады,  сірə,  жорта  болса  да  жыл-

қыны ы м ы р т т а п қайтпақ (Қ.Ысқақ, 

Ақсу., 422). 



ЫМЫРТТАУ  Ымыртта  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЫМЫРТТАТ  Ымыртта  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Қой бағудан бүгін де 

үйіне ы м ы р т т а т ы п келген Бектас шал 

құнанның қазаға ұшырауына немересінен 

кем қайғырған жоқ (С.Мұқанов, Бақташы., 

153).  Қасым  ауылға  бара  осылай  еткенін 

өзінің  құйыршығы  Абдрахманға  айтып, 



ы  м  ы  р  т  т  а  т  ы  п  аттандырып  еді 

(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 177). 



Ы М Ы Р Т Т А Т У   Ы м ы р т т а т 

етістігінің  қимыл  атауы.  Балалардың 

жылқы  бағуға  ұқыптылығын  көрген 

үлкендер кейде оларға жылқыны ы м ы р 

т т а т у д ы да жүктеп жүрді (С.Мұқанов, 

Бақташы., 177). 



ЫМЫРТШЫЛАП... Ойда-жоқта ы м 

ы р т ш ы л а п келген ағасын Гүлия алғаш 

таныды (О.Бөкеев, Өз отыңды., 284). 



ЫНСАНИЯТ..? Бүкіл ы н с а н и я т төл 

тарихын идеологиядан аршып алып жатыр 

(Ана тілі, 08. 01. 2009). 

ЫНТЫҚШЫЛ  с  ы  н.  Ынтазар, 

ынтыққұмар, құштар. Нұр аулаған ы н т 

ы қ ш ы л көңіл сарыжайлау мекенін қызық 

пен  думаннан  ғана  сайлайды  (С.Сматаев, 

Алғашқы асу, 6). 

ЫНТЫМАҚСЫЗДЫҚ з а т. Ынтымағы 

жоқтық,  тату  еместік.  Елдің  бірқатар 

жақсыларының басын қосып, газет шығару 

хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың ы н т 

ы м а қ с ы з д ы ғ ы себеп болып, бұл да 

ыдырап кетті («Айқап» газеті, 46). 



ЫҢ  з  а  т.  Ыңылдаған  дыбыс,  үн.  Əр 

шекті жеке-жеке шертіп, құлағына тосып,



ы ң ы н байқады (Ə.Кекілбаев, Бір уыс., 110). 

ЫҢҒАЙЛАНҒЫШ с ы н. Бір нəрсенің 

ыңғайына  көне  кеткіш.  Қоқай  мұндай-

ды тіпті түсінгіш, ымнан-ақ ы ң ғ а й л а н 



ғ ы ш (Жалын, 1974, №1, 59). 

ЫҢҒАЙЛАУ... Мал қамына ы ң ғ а й 

л а с у д а н туған көшпелі тіршілік Ираға 

бұрыннан таныс-ты (Т.Əлімқұлов, Сырлы 

наз, 166). 

ЫҢҒАЙПАЗ... Оның осы принциптен 

айнымау үшін мансапқорлармен, ы ң ғ а й 



п а з д а р м е н, керітартпалармен күресіп 

қана қоюы аз (Қаз. əдеб., 16. 02. 1979, 2). 



ЫҢҒАЙПАЗДЫҚ  з  а  т.  Ыңғайпаз 

болғандық,  ыңғайланғыштық.  Алайда, 

кейбір жас талапкерлердің ы ң ғ а й п а з 



д ы ғ ы н а қайран қаласың (Қаз. əдеб., 28. 

01. 1977, 3). 



ЫҢҒАЙСЫЗДАНҒАНДЫҚ  з  а  т. 

Ыңғайсыз  көргендік,  жайсызданғандық. 

Кезінде тосын сыйға деген таңданыс пен 

сырт көзден ы ң ғ а й с ы з д а н ғ а н д ы қ 

бар (Қ.Əбілқайыр, Ұмыт., 209). 



ЫҢҒУЫР з а т. с ө й л. Ыңғыру. Маңы 

ыбырсыған  ағаш  жоңқалары,  ерші  сай-

мандары – шаппа  шот,  үскі,  аталғы  шот, 

тышуыр,  бұрғы,  қуысқұлақ,  ы  ң  ғ  у  ы  р

балта,  балғалар  есікке  дейін  шашылған 

(С.Жүнісов, Ақан сері, 177). 



ЫҢҒЫРУ... Сондағы ең ауыр заттары – ақ

балта, шаппашот, қуысқұлақ, ы ң ғ ы р у, үскі,

қайрақ, оншақты қақпан (Саятшылық, 187). 

ЫҢҒЫРУЛА е т. Ыңғырумен керекті 

ағашты  ою,  үңгу.  Қайыңнан  ы  ң  ғ  ы  р  у 

л а п жасаған қолындағы кір сап насыбай 

шелегі  қай  заманның  бұйымы  екенін  кім 

білсін (Қаз. əдеб., 20. 10. 1978, 4). 

Байынқол Қалиев


688

ЫҢҒЫРУЛАСУ Ыңғырула етістігінің 

қимыл атауы. 

ЫҢСЫЗ-ШЫҢСЫЗ с ы н. с ө й л. Ың-

дыңсыз. Түн еді, жым-жырт еді, ы ң- ш ы ң 

с ы з, Айтқандай айға əңгіме, көкте жұлдыз. 

Ақырын  теңселеді  биік  таулар,  Төменде 

жерге  сүңгіп  құлдиған  құз  (И.Байзақов, 

Құралай., 284). 



ЫҢЫП ү с т. ж е р г. Қаптап, толып, 

жосып.  Құлан  дегенің  жерге  сыймайды. 

Ы  ң  ы  п  жүр-ау,  ыңып  жүр  (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 8). Ол  қаша-қаша  əлгі  бір  аң 



ы ң ы п жүрген бейтаныс өлкеден шығарды 

(Бұл  да, 116). Баяғыда  сары  далаға  сый-

май  ы  ң  ы  п  жүрген  ақбөкен,  киік, 

қарақұйрық,  қасқырды  жалғыз  мен  атып 

тауысқаным  жоқ,  əрине  (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 15). 



ЫҢЫРАНДЫР  Ыңыран  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Қиқылдата, боз-

дата, бірде құлазыта, бірде ы ң ы р а н д ы 



р ы п аңырата, сарнатып келіп оған өзінің 

қамығыңқы,  мұңлы  қоңыр  даусын  қосты 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 222). 

ЫҢЫРАНДЫРУ  Ыңырандыр  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ЫҢЫРШАҚ: Ыңыршақ көру. ж е р г.

э  т  н.  Күйеу  жігітке  қыздың  əке-шешесі 



беретін кəде-сый; күйеуаяқ. Күйеу жігіттің 

«ы ң ы р ш а қ  к ө р у» жолына ата-енесі ерек-

ше мəн береді, яғни əл-ауқаттарына қарай 

ат міндіріп, шапан кигізіп, тіпті сауындық, 

сойыстық мал айдатады (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 4, 41). 



ЫПЫН:  Ыпыны  қашты...  Осыны 

көргенде Қыдырбайдың ы п ы н ы  қ а ш т ы

(Жас қазақ, 02. 03. 2010, 19). 

ЫРАБАЙДА ү с т. ж е р г. Анда-санда, 

оқта-текте, алда-жалда. Машинаны ы р 

а б а й д а жұмысқа болмаса жұмсамаушы 

ек (Қаз. əдеб., 13. 08. 1976, 4). 



ЫРАҚАЙ... Екі империя өзара ы р а қ а 

й ғ а келсе жақсы. Ал тіл табыспай тіресіп 

қалса ше? (Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 246). 



ЫРАҚАЙЛАС  е  т.  ж  е  р  г.  Келісу, 

уəделесу,  татуласу.  Айтқанына  көніп 

қалса,  онда  тіл  біріктіріп,  берекеге  келіп, 



ы  р  а  қ  а  й  л  а  с  қ  а  н  болып  шығады 

(Қ.Жұмаділов, Тағдыр., 126). Тіл біріктіріп, 

берекеге келіп, ы р а қ а й л а с п а қ болып 

іштей бекіді (Ə.Байбол, Теміржол., 181). 



ЫРАҚАЙЛАСУ Ырақайлас етістігінің 

қимыл атауы. 

ЫРАҢДА... «Аты ы р а ң д а п, адамы 

тыраңдап» дейтін көктемнің рахаты сонда 

ғана  басталады  (С.Мұқанов,  Өмір  мек-

тебі, 1, 34). Адамзат көктемде ы р а ң д а 



й  м  ы  з,  Жылқыдай  ыраң  жеген  ты-

рыңдаймыз.  Дүниенің  опасызын  ойлан-

бастан, Өлгенше қу бақырды қуарлаймыз 

(Айтыс, 1, 385).



ЫРАТӨМЕН қ. Ылдитөмен. Қыраттың 

түстік  жағы  ы  р  а  т  ө  м  е  н,  еңіс  еді. 

(Қ.Жұмаділов,  Дарабоз, 1, 320). Алды – 

ы р а т ө м е н еңіс, одан ары барса, тік 

жарқабақ  болатын  (Қ.Жұмаділов,  Атаме-

кен, 182). Ы р а т ө м е н құлаған аш қыран 

қас қағымда келіп қалды (А.Сейдімбеков, 

Тауға біткен., 109). 

ЫРБАЛАҢ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Ырбаң.  ≈ 

Орынсыз ы р б а л а ң д ы қойсаң қайтеді. 



ЫРБАЛАҢДА е т. Ырбаң-ырбаң ету, 

орынсыз  күлу,  жыртақтау,  жыртаңдау. 

Айыпқа   жығылс а   да,  арын  төгіп, 

жарамсақтанғысы  келсе  де  ы  р  б  а  л  а  ң 

д  а  п,  жəдігөлене  қалатын  ежелгі  ауруы 

(Қ.Ысқақ,  Таңд., 3, 246). О,  сұмдық-ай, 

аса  сұмдық  айбарынан  лезде  айырылып,

ы р б а л а ң д а д ы да қалды (Н.Дəутайұлы, 

Аты жоқ., 156). 



ЫРБАЛАҢДАУ Ырбалаңда етістігі-

нің қимыл атауы. 

ЫРҒА  е  т.  с  ө  й  л.  Жырға.  Арқада 

Жаманбайға өлең айттым, Алғаным толып 

жатыр, ы р ғ а п қайттым. Бергенің жалғыз 

түйе, сегіз жылқы, Дəукем деп ел-жұртыма 

несін айттым (Жеті ғасыр., 1, 197). 

ЫРҒАЙ... 2. Ырғайдан  жасалған, 

ырғайдан істелген. Ағып өтісіп, қайтадан 

қарсы  келісіп  қалғанда,  ы  р  ғ  а  й  сапты 

бұзау тістер екеуінің арқасына да сарт-сұрт 

етті (Ғ.Мүсірепов, Оян. өлке, 93). Есімхан 

тигелі  келе  жатқан  сойылды  қолындағы 

ы р ғ а й таяқпен қағып жіберіп, екі бөліп 

тастапты (Ж.Жұмақанов, Соқпақ., 44). 



Ырғай  мойын.  Жіп-жіңішке  мойын. 

Қалайша боп отырсың ы р ғ а й м о й ы н

Аз  кідірсең  болады  сенің  тойың.  Жалпы 

Дулат  бұл  жақта  жата  тұрсын,  Бабаның 

қаптатайын қалың қойын (Айтыс, 1, 191). 

Нармағанбет қолындағы ы р ғ а й м о й ы н 

жез құманын жерге қойып, таңертегі таза 

ауаға  аңқасын  тосып,  сəл  тұрып  қалды 

(Б.Аманшин, Көкжар, 17). 

ЫРҒАЙДАЙ... Мойыны ы р ғ а й д а 

й болып ұзара түскен. Жалғыз дамбалдан 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


689

басқа  үстінде  лыпасы  жоқ  (Д.Досжанов, 

Жусан., 8). 

ЫРҒАҚ... Морға пісіп, тезге түспеген, 

ы р ғ а қ т а жатып қақсалданып қатпаған 

уық, кереге тез жазылып, не бұралып кетеді 

(Қазақст.  ауыл  шаруаш., 1969, №7, 60). 

Ы  р  ғ  а  қ  т  а  н  шығарылған  кереге,  уық 

ағаштарын  тазалап,  сарнайды  (Қаз.  тіл. 

жерг. ерекш., 189). 

ЫРҒАЛЫС... 2. а  у  ы  с.  Əр  нəрсеге 

айналып қалғандық, бос жүргендік. Ойда 

жоқ ы р ғ а л ы с п е н уақыт кешкіріп қалды 

(Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 39). 

ЫРДУАН  з  а  т.  Арбаның  қорабы.  Та-

рантас болғанда, кəдімгі білік, доңғалағы, 

дерте, ы р д у а н ы бар арба да емес, бірақ 

соның түр-түсін, құрылысын қайталағандай 

айбақ-сайбақ,  қырық  құрау  (Тоғызыншы 

шежіре, 209). 



Ырдуан  арба.  Шанағы  үлкен,  көп 

жүк  сиятын  төрт  дөңгелекті  өгіз  арба. 

Тұяқтары  сықырлаған  өгіздер  тартатын



ы р д у а н  а р б а л а р ғ а артылған мая-

мая жасыл өскіндер керуен-керуен болып, 

колхоз  жаққа  беттейді  (С.Рахымбек,  Ай-

дында., 222). 



ЫРЖАҚТЫҚ  з  а  т.  Ыржың-ыржың 

етіп күлушілік, ыржақтаушылық. 

ЫРЗА-ҚОШ  з  а  т.  Ырза,  разы,  риза. 

Үйіне келген адам болса хан-қара, бек-төре 

демей  барын  ұсынып  кімді  де  болса  ы  р 

з  а-қ  о  ш  қып  аттандыратын  (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 50). 



ЫРЗАЛА е т. Риза ету, көңілінен шығу. 

Ойыңызға сыйғанын істеп, Оразды ы р з а л 



а ң ы з (М.Əуезов, Қараш-қараш, 82). «Жиз-

ненность» дегенді кезінде А.Нұрқатовтың 

«өміршең» деп жазуы арқасында əлгі сөздің 

тілімізге біржола сіңісуі кімді ы р з а л а м 



а й д ы (Қаз. əдеб., 14. 11. 1975, 3). 

ЫРЗАЛАУ Ырзала етістігінің қимыл 

атауы. 

ЫРСИТ... 2. а у ы с. Аямау, оңдырмау, 

қатыру. Арызды орысша білетін, жаңадан 

іске араласа бастаған қазақ жастары жазса, 

шағымшыдан  ы  р  с  и  т  ы  п  тұрып  пара 

алады (Керзаман, 3, 268). 



Ы Р С Ы Л Д А П - П Ы Р С Ы Л Д А П 

ү  с  т.  Ырс-ырс  етіп,  пырс-пырс  етіп. 

Отырғандардың  одан  қорқатынын  ы  р  с 

ы л д а п-п ы р с ы л д а п, қозғалақтасып 

қалғандарынан  байқады  (Ж.Қорғасбек, 

Жынды қайың, 16). 

ЫРШУШЫ  з  а  т.  Ыршыған  адам, 

секіруші.  Бар  еді  шалдың  ерген  күтуші 

ұлы,  Жүгіріп  келді  ұстауға  ол  ы  р  ш  у 



ш  ы  н  ы. «Əкемнің  құнын  алам,  жазығы 

не?» деп, Оған жер тепкілеп тықыршыды 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 16). 

ЫРЫЗДЫҚСЫЗ с ы н. Нəсібесі жоқ, 

ризықсыз.  Атасы  айтып  отырушы  еді, 

халықта тірі кісіні ы р ы з д ы қ с ы з жарат-

пайды деген көне қағида бар деп (Жұлдыз, 

1973, №2, 75). 



ЫРЫМДЫҚ  с  ы  н.  Əдет-ғұрыптық, 

дəстүрлік. Алайда бұл да қайырымдылық 

күткен тілеудің ғибратты нысанына ауысқан 

түрі бар. Бұл да ы р ы м д ы қ игі ниетке 

ғана арналады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 34). 

Дода тартысқа түскен көкпар етінің ы р ы 

м д ы қ жағы да бар (Бұл да, 116). 

ЫС

1

... 2. Мұржадан  түтіннің  жөнді 

шықпауынан пайда болған улы газ. 

Ыс  тиді.  Пештен  шыққан  улы  газбен 

уланды.  ≈  Ұйықтап  жатқан  құдашаға  ы  с 

т и і п қайтыс болды. 

ЫС

2

  з  а  т.  ж  е  р  г.  Тау  биіктеріндегі 



ауадағы оттегінің сиректігінен болатын 

ауру. Сол ауыр жолда азап көрген, ы с тиіп 

арманда  кеткен  боздақтарды  еске  алып 

отыру – бүгінгілердің  борышы  деп  білу 

керек (Қалибек Хакім., 5). Тек Қалибектің 

туыс-туғандарынан 42 адам оққа ұшты, 22 

адам ы с т а н өлді (Бұл да, 200). Мұның 

үстіне ы с ауруына ұшырап, адам шығыны 

да болды (Халифа Алтай, Алтайдан., 71 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет