Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет166/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168

ІНСƏН  з  а  т.  а  р.  Барлық  адам  бала-

сы.  Қазақ  халқы  аналарды  алдыменен 

барлық і н с ə н н і ң анасы деп құрметтейді 

(М.Разданұлы, Алтай., 147). 

ІНСІН з а т. з о о л. Сілеусіннің күшігі. 

Сілеусін күшігі і н с і н аталады (Ана тілі, 

03. 04. 1997, 8). 

ІНШІК з а т. э к с п р. Ін. Үй шикі бұжыр 

қыштан салынған. Үй емес, і н ш і к деуге 

болады (С.Сейфуллин, Тар жол., 143). 

ІНІСЫМАҚ з а т. э к с п р. Мардымсыз, 

жартымсыз іні д.м. Содан тағы шыдай ал-

майды да, əлгі і н і с ы м а қ т а р ы н а бопса 

жасайды (К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 63). 

ІҢКƏРЛАН е т. Іңкəр болу, қызығу, құ-

марту.  Тек  прозасымен  ғана  болып,  поэ-

зияға і ң к ə р л а н а көз тікпейтін, кейде мен-

сінбейтін жазушыларды көріп іштей қын-

жыласың (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 172). 



ІҢКƏРЛАНУ  Іңкəрлан  етістігінің 

қимыл атауы.

ІҢІРЛЕТІП  ү  с  т.  Іңір  түскенде,  іңір 

кезінде. Ауылға қайта бер. Мен і ң і р л е т 

і п барармын (М.Мəжитов, Құлынды., 18). 

ІРБІЗ з а т. к ө н е. Қабылан (леопард). 

Жайшылықта  мардымсып  жүретін  өр 

көңіл батырсымақтардың күтпеген жерден, 

қамыс арасынан өзіне қарсы атылған і р б 



і з, барыс, арыстандардан үрейлері ұшып 

кетті (І.Есенберлин, Алмас., 22). Əбілхайыр 



і р б і з терісінің үстінде аунап түсті (Бұл 

да, 10). І  р  б  і  з – біздің  елде  өте  сирек 

кездесетін аң. Түсі сарғыш, қара дағы ара-

лас келеді (Жетісу, 24. 01. 1975, 4). 



ІРБІЗДЕЙ  с  ы  н.  Ірбіз  тəрізді,  ірбіз 

сияқты.  Тордағы  і  р  б  і  з  д  е  й  Орда 

билеушісінің ерсілі-қарсылы ызалана жүруі 

де  осыдан  еді  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 

9, 274). 



ІРБІТ:  Ірбіт  с андық.  Ірбітте 

жасалған, бірінің ішіне бірі сыйып кететін 

бірнеше  сандық.  Шынын  айтсам,  менің 

халықтарды  жақсы  көруім,  мына  сіздің 

столыңызда тұрған і р б і т  с а н д ы ғ ы н а

ұқсар еді (А.Сатаев, Бəрі де., 179). Ол і р 



б і т  с а н д ы ғ ы н ашып, ішінен кішкене 

сандықты алып көрсетеді (Бұл да). 



Ірбіт  шана.  Үсті  жабық,  сəнді  əрі 

жеңіл шана. Қанаттарына киіз ұсталған і р 

б і т  ш а н а н ы ң үсті əрі тар, əрі тыныш-

ты  (А.Жүнісов,  Өмір  ізі, 48). Мəшинесі 

барларға жалынғаннан гөрі жазда күймең, 

қыста і р б і т  ш а н а ң болса, тыз ете 

түсесің (Ана тілі, 15. 06. 1995, 4). 

ІРГЕ:  Ірге  киіз.  э  т  н.  Керегенің  аяқ

жағынан шаң кірмес үшін айнала тұты-

латын киіз (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 36). 

Ірге көру. э т н. Болашақ құдалардың 

бір-біріне  алғаш  рет  барып  танысуы.

– Мүмкін, əзірге і р г е  к ө р у тойын жасай

тұрармыз? Ал əбден сауыққан соң ұзатамыз, 

- деді шешесі күйеуіне (Ш.Өтепов, Тауше-

лекте  туған., 185). Екі  жақтың  құдалары

і р г е  к ө р у г е барғанда босқа бармайды:

жағдайларына қарай 1-3 қара немесе ша-

пан-шақпат апарады (Қазақ, 01. 01. 2012, 9). 

ІРГЕБАУ з а т. к ə с і б. Қысқа аяқбауды 

ұзартуға  арналған  бір  басында  тиегі 

(тобыршығы)  бар  қайысты  құсбегілер 

іргебау  деп  атайды  (Ж.Бабалықов, 

Қырандар, 66). Шыжыммен  шақырылып 

жүрген  күндерде  құстың  бөтен  сыңайы 

байқалмаса, онда бүркітті і р г е б а у м е н 

шақырады (Бұл да, 28). 

ІРГЕЖАУ  з  а  т.  Алыстан  келмеген, 

қасыңда жүрген жау. Былайша айтқанда, 

оған тек і р г е ж а у д ы ң ғана қолынан келер 

қаскүнемдіктерді жасар едім (К.Сегізбаев, 

Жап-жасыл., 438). Ол аздай ата қоныс Жа-

мансай да атымен, затымен өзгеріп, і р г е 

ж а у д ы ң мекеніне айналды (К.Сегізбаев, 

Беласқан, 317). 



ІРГЕКӨРЕР  з  а  т.  э  т  н.  Ірге  көруге 

барғанда  жасалатын  сый-сияпат;  кəде. 

Құдалар  қыз  ұзатылмастан  бұрын  бір-

біріне барып, і р г е к ө р е р кəдесін жасай-

ды (Қазақ, 01. 01. 2010, 9). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

695

ІРГЕЛЕН... Қоныс кеңейеді. Ел і р г е 

л е н е д і (М.Мағауин, Аласапыран, 52). 

ІРГЕЛЕСТІР  е  т.  Үйлерін  іргелес, 

қатар  тіктіру  (А.Сейдімбеков,  Қыр  хи-

каялары, 84). 



ІРГЕЛЕСТІРУ Іргелестір етістігінің 

қимыл атауы. 

ІРГЕТЕБЕР з а т. э т н. Күйеу жігіттен 

алатын  кəдел ердің  бірі.  Қатындар 

қалыңдықты  ортаға  алып,  шымылдық 

құрар, төсексалар, етікшешер, і р г е т е 

б е р, көрпеқимылдатар кəделерін бөлісті 

(Ж.Аймауытов, Шығ., 387). 



ІРЕТ Іре етістігінен жасалған өзгелік 

етіс.  Ерекең  бір  семіз  тоқтысын  ұстап, 

бауыздап, «қолыңның қаруы бар ғой» деп 

кепкесін теріс киген бір жігітке терісін і р 

е т т і (Т.Əбдіков, Көкжиек, 11). 

ІРЕТУ Ірет етістігінің қимыл атауы. 

ІРКІЛДІР Іркіл етістігінен жасалған 

өзгелік  етіс.  Жүректің  қылын  шертетін 

сиқырлы  жыры  Шəукені  еріксіз  і  р  к  і  л



д і р д і (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 222). 

ІРКІЛДІРУ Іркілдір етістігінің қимыл 

атауы. 

ІРІ:  Іріп  тұр.  Мал  тұяғы  тимей,  қа-

лың болып өскен шөп туралы айтылады. 

Ебелегі мен торғайоты, қара жусаны мен 

изені і р і п  т ұ р ғ а н мына Тасастауды 

жерсінбей,  өзі  құлын  кезінен  жайылған 

Сəңкібайға қарай үйірін қайырып, екі күннің 

бірінде  үдере  безе  береді  (М.Айымбетов, 

Құмөзек., 33). Жайылымы  қандай.  Талай 

жыл тұяқ тимеген. Тусыраған төскейі і р і п



т ұ р. Мал барса болды оңалады (Комму-

низм таңы, 07. 02. 1967). 



ІРІҢКІРЕ е т. а у ы с. Үні (даусы, сөзі) 

үзіліп-үзіліп шығу. – Бəсіребек Төлеңгітұлы, 

ертең  кезектен  тыс  актив  жиналысы 

шақырылып жатыр, - деді үні і р і ң к і р е г е н

 бөлім бастығы (М.Байғұт, Бұла бұлақ, 20). 



ІРІҢКІРЕУ Іріңкіре етістігінің қимыл 

атауы. 

ІРІҢҚАЛТА з а т. м е д. Ағзадағы ірің 

тұрған қуыс; ірің жиналған жер (Бекітіл. 

термин., 92). 



ІРІСІН  е  т.  Өзін  ірімін  деп  есептеу, 

бастық екендігін сездіру. 

ІРІСІНУ  Ірісін  етістігінің  қимыл 

атауы.  Жай  өтіну  емес,  біртүрлі  салмақ 

салғандай,  көнбегенде  қайда  барасың 

дегендей қол ұзындығын байқатқысы кел-

ген і р і с і н у ыңғайындағы əңгіме екен 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 358). 

ІС: Іс ілгері болсын! «Істеп жатқан 

істерің ілгері бассын» деген тілек. Жұмыс 

істеп жатса: «і с  і л г е р і  б о л с ы н» деу 

керек (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 39). 

ІСКЕКТЕ... 2. а  у  ы  с.  Қасқа  тіспен 

аласа  шөпті  жеу.  Байғараның  қалың 

жылқысы мен ақтылы қойы і с к е к т е г е н

сайын  жусаны  мен  ақ  шөбі  ерегіскендей 

қайта көктейді (М.Разданұлы, Алтай., 316). 



ІСКЕКТЕТ  е  т. 1. Іскекте  етістігі-

нен жасалған өзгелік етіс. 2. а у ы с. Мал-

ға жегізу д.м. Əкесі ауыл төңірегінің шө-

бін  көзінің  қарашығындай  қорып,  мал 

төлдеген кезде і с к е к т е т е м деп қыстай 

отарын  Үйдененің  қолат-қолат  аңғарына 

дейін  апарып  жайып  жүрген  (Жұлдыз, 

1973, №3, 50). 



ІСКЕКТЕТУ  Іскектет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ІСКЕКТЕУ... Көк енді-енді тебіндеген, 

жылқы тісінің і с к е к т е у і н е ілінер емес 

(Қаз. əдеб., 04. 03. 1977, 4). 

ІСТІК:  Істікке  түйреу.  Масқаралау, 

сөгу, жамандау. Мені əдейі і с т і к к е  т ү й 

р е у үшін жіберді деп ойладым (Б.Майлин, 

Таңд., 479). 



ІСТІКТІ  с  ы  н.  Қолында  түйрейтін, 

пісіп алатын істігі бар. Ел қолы түгелімен 

і  с  т  і  к  т  і,  шанышқылы  қол  сияқты 

(М.Əуезов, Қилы заман, 87). 



ІШ: Іш дəрет. Түзге отырғаннан кейінгі 

дəрет.  Дəреттен  келгенінше  даяр  қылар, 

Қолында  құманы  бар,  қарап  тұрар.  І  ш



д ə р е т алғаннан соң, даярланып, Дəрет-

тің тəртібімен суын құяр (Мəшһүр Жүсіп, 

Шығ., 214). 

Іш  етік.  з  а  т.  с  ө  й  л.  Мəсі.  Аяғында 

құлынның терісінен жүнін ішіне қаратып 

тіккен кебіссіз і ш  е т і к (Ə.Əлімжанов, 

Жаушы, 57). Қарттар жұмсақ былғарыдан 

тігілген  і  ш    е  т  і  к  (ичиги)  киген  (Қаз. 

ұлттық киім., 6). 



Ішкені  алдында,  ішпегені  артын-

да.  Ырғап-жырғап  отыр  д.м.  Ұлын 

өсіріп, қызын өсіріп қияға қондырған, əлгі 

қазақтың і ш к е н і  а л д ы н д а,  і ш п е г е 

н і  а р т ы н д а, мұратына жетті-ақ дейтін 

ақсақалы (Лен. жас, 09. 02. 1973, 3). 



Байынқол Қалиев

696

Ішке  озды.  Ішке  кірді.  Машинадан 

түсіп, қасқыр итті абалатып і ш к е  о з ғ а н

(Д.Досжанов, Жолбарыс., 11). 

Іш қатпары аз. Қулық-сұмдығы жоқ. 

Ілияс  бір  сөзді.  І  ш    қ  а  т  п  а  р  ы    а  з

Пəлендей қулық-сұмдық бүкпесі болмайды 

(Б.Соқпақбаев, Таңд., 52). 



Іш  қуысы.  Адамның,  малдың  ішкі 

құрылысы. Айбар асықпай оның і ш  қ у ы 

с ы н мұқият тексеріп шықты (С.Ғаббасов, 

Қандауыр, 16). Айбар мен Мəлік аурудың 



і ш  қ у ы с ы н ашып, тексеріп те шықты 

(Бұл да, 114). 



Іш шемені. м е д. в е т. Адамның, малдың 

іш қуысына су толып кететін дерт. Қазақ 

емшілерінің айтуынша бұл дерт – көкірек 

шемені, і ш  ш е м е н і болып екіге бөлінеді 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 102). 



Іші  қылп  [шұрқ]  ете  қалды.  Бір 

нəрседен қауіп ойлады, күдіктенді. Салып 

ұрып келсем, менен бұрын Сыздықов келіп 

жеткен екен. І ш і м  ш ұ р қ  е т е  қ а л д ы

(Б.Майлин, Таңд., 479). 



Ішіне без байланды. Айтайын дегенін 

айтпады;  несі  болса  да  ішінде  кетті. 

«Рысқұлдың  шолақ  шабдарына  дейін  өз 

табыныңа қостырдың» демекші еді, айтпа-

ды. І ш і н е  б е з  б а й л а н д ы д а қ а л д ы

(Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе, 213). 

Ішіне бір аяқ су симайтын. Іші тар, 

қызғаншақ. І ш і н е  б і р  а я қ  с у  с и м 

а  й  т  ы  н  осындай  адамдар  жазушы  де-

ген атты қайтып көтеріп жүр екен деші?! 

(Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 153). 

Ішіне  қара  мысық  енді.  Пиғылы 

өзгерді, көңілі қалды, ренжіді. – Ағайыннан 

қарғыс алдың ба, і ш і ң е  қ а р а  м ы с ы қ



е н і п т і ғой, балам, - дейді əже күйшіге 

тесіле қарады (Ж.Кəрменов, Ғашық., 18). 



Ішін  у  жалады.  Опық  жеді,  өкінді. 

Конверттің сыртындағы мөрдің ізіне қарап 

хаттың өз қолына алты күн жүріп тигенін 

білгенде і ш і н  у  ж а л а п жүре берді 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 248). 

ІШБАҚАЙ с ы н. Ішкі есебі күшті, қу, 

арам. 

ІШБАҚАЙЛЫҚ з а т. Арам ойлылық, 

қулық.  Ақын  сонда  өзін  көрбалалықпен 

сынағаны үшін емес, осы жанрдағы і ш б а 



қ а й л ы қ қ а, ауыл арасындағы батыраш-

қотыраштыққа  қатты  мұңайған  бола-

тын (Қаз. əдеб., 18. 12. 1981, 7). Есен сияқты 

тірі күйіктер ізеттілік тұрғанда і ш б а қ а й



л ы қ қ а бейім тұрады (Қаз. əдеб., 26. 02. 

1988, 13). 



ІШЕКҚҰРТ з а т. в е т. Ішекқұрттардың 

əсерінен  болатын  ауру.  Əсіресе  қылқұрт, 

бауырқұрт, і ш е к қ ұ р т сияқты қауіпті 

індеттер  малдың  қарасын  да  көрмейді 

(Оңтүстік Қазақст., 15. 02, 1963, 3). 



ІШЕКСОРҒЫ... І ш е к с о р ғ ы əсіресе 

жас балалардың ішегінде көп кездеседі. Ол 

ішекке  жабысып,  ішектің  ішкі  кілегейлі 

қабығын  қабындырады  (Р.Сəтімбеков, 

Қызықты биология, 25). 

ІШЕКШЕ  ү  с  т.  Ішек  сияқты,  ішек 

тəрізді. І ш е к ш е шұбатылмай аяқтарың-

ды  бассаңдаршы  (Х.Əдібаев,  Таңбалы 

адам, 193). 

ІШЕРЛІК  с  ы  н.  Ішуге  арналған, 

ішетін.  Кедей  шаруа.  І  ш  е  р  л  і  г  і  мен 

тұқымдығынан  артық  астығын  соятын 

соғымына жегізген (Б.Майлин, Таңд., 297). 

ІШЖАРҒЫШ з а т. Қыран құстың бір 

нəсілі. Қырандар нəсіліне қарай: көкшегір, 

қандыкөз, мұзбалақ, шұбартөс, і ш ж а р ғ 



ы ш, ақиық деп аталады (Ана тілі, 14. 02. 

2008).


ІШКЕНСУ Ішкенсі етістігінің қимыл 

атауы. 

ІШКЕНСІ е т. Ішкен болу, ішіп тұрған 

сияқты  көріну.  Əккілігі  ұстайын  деді  ме, 

қара  есек  қарны  қампиып  кетсе  де,  əлі



і ш к е н с і п тұмсығын судан көтермей, 

көзін  жұмып  тұрып  алды  (Қаз.  əдеб., 29. 

06. 1973, 3). 

ІШКЕРТІН з а т. Ішкі жақ, орталық. 

Қарсы келмеді, і ш к е р т і н барып, ірі 

оқуды  бітірді  (К.Сегізбаев,  Жап-жақсы., 

414). 


ІШКЕРТІНДЕ... І ш к е р т і н д е г і 

орыс  мұжықтарының  ниеті  жаман  дейді. 

Əуел десең, патша ағзамға тіл тигізеді екен 

(А.Жүнісов, Өмір ізі, 73). 



ІШКЕРІЛЕ  е  т.  Ішке  қарай  жүру, 

ілгерлеу.  Міне,  қазір  де  сəйгүліктер  то-

бына і ш к е р і л е й түсті (Қ.Жұмаділов, 

Сəйгүліктер, 6). 

ІШКЕРІЛЕУ  Ішкеріле  етістігінің 

қимыл атауы. Нұрбек қазірше бұдан ары

і ш к е р і л е у д і ң қажеті жоқ деп санаған 

(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 226). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

697

ІШКИІМШЕҢ  ү  с  т.  Көйлек-дам-

балшаң;  мəйкішең,  тұрсишаң. – Қазір, 

қазір!  Ол  бейне  киінуді  ұмытып  кеткен 

жанша, і ш к и і м ш е ң нағыздана басып, 

сыртқа беттеді (А.Мекебаев, Алапат, 256). 



ІШКӨЙЛЕКШЕҢ ү с т. Үстінде тек 

ішкөйлегі  ғана  бар,  ішкөйлек  қана  киген. 

Сол кезде Бəтима і ш к ө й л е к ш е ң күйінде 

жаныма  тізерлей  қалып,  бірдеңе  деп 

күбірлеп  отырады  (Т.Əбдікұлы,  Парасат., 

229).  Қаракөлеңкеленіп  тұрған  бөлмеде 

сыртынан  жұқа  желбегейін  жамылмай-ақ



і ш к ө й л е к ш е ң күйі басын көтеріп, төсек 

үстінде  түрегеліп  отырды  (Б.Шаханұлы, 

Таңд., 7, 259). 

ІШКІ:  Ішкі  қалта.  Сырт  киімнің 

ішкі  жағына  жасалған  қалта.  Қалтаның 

жапсырма  қалта,  жарма  қалта,  төс  қалта, 

омырау қалта, і ш к і  қ а л т а т.б. түрлері 

болады (Шаңырақ, 328). 



Ішкі  ұйқас.  ə  д  е  б.  Əр  тармақтың 

соңғы  буындары  ғана  емес,  тармақ  іші 

де ұйқасатын ұйқас. Мəселен, біз бəріміз 

білетін егіз ұйқас, шалыс ұйқас, қаусырмалы 

ұйқас, і ш к і  ұ й қ а с, аралас ұйқас, ақсақ 

ұйқас,  шала  ұйқас  дегендер  трагедияның 

өн бойында кездесіп отырады (Қаз. əдеб., 

18. 03. 1983, 6). 



Ішкі  істер  министрлігі.  Елдің  ішкі 

істерімен  айналысатын  мемлекеттік 

мекеме. 

Ішкі  істер  министрі.  Ішкі  істер 

министрлігінің басшысы. І ш к і  і с т е р

м  и  н  и  с  т  р  і  н  і  ң  көп  сөйлемейтінін 

де  жақсы  біледі  (Ж.Қорғасбек,  Жынды 

қайың, 224). 

ІШКІЛІК  з  а  т.  Ішпектің  астына  са-

лынатын  өте  жұмсақ  киіз  (Ата  салты., 

111). І ш к і л і к - ішпек астынан, терлік 

(өң)  үстінен  салынған,  өте  жұмсақ,  таза 

талмадан  жасалған  жалаң  төрткіл  киіз 

(Ж.Бабалықұлы: Ер қанаты, 262). 

ІШКІРНЕ з а т. м е д. Іштің ауық-ауық 

бүріп ауыратын ауруы. І ш к і р н е көбінесе 

ыстық-суықтан  немесе  ашты-тоқтықтан 

пайда болады деп есептелінеді (Қаз. этно-

графия., 2, 285). 



ІШҚАЛТА з а т. Сырт киімнің ішінен 

жасалған қалта, ішкі қалта. 

ІШҚАТПА з а т. м е д. Үлкен дəреттің 

48 сағаттан астам уақыт бойы жүрмей 

қалуы.  І  ш  қ  а  т  п  а  көбінесе  тамақ 

құрамында су, көкөніс, жеміс-жидек аз, бе-

лок көп болған жағдайда жиі пайда болады 

(Шаңырақ, 269). 



ІШҚҰРТ  з  а  т.  в  е  т.  Малдың  ішіне 

глист  құрты  түсіп  ауыртатын  ауру.

І ш қ ұ р т – қойда болатын өте зілді дерт. 

Тоқтап  қалған,  өлі  су  ішуден  болады. 

Əсіресе тоқтылар көп шалдығады. Сумен 

бірге құрт, оның жұмыртқасы кіріп, малды 

ауыртады (Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 109). 

Бруцеллез,  туберкулез,  қотыр,  бұзаутаз, 



і  ш  қ  ұ  р  т,  қанқұрт  аурулары  мұқият 

емделеді (Ə.Əбішев, Мал дəрігері, 9). Қой 

шаруашылығында əсіресе миқұрт, і ш қ ұ 

р т аурулары қазіргі уақытта кейбір жеке 

колхоздың  отарларында  жиі  кездесуде 

(Коммунизм таңы, 01. 05. 1960, 3). 

ІШҚҰСАЛЫҚ з а т. Ішқұса болғандық, 

шерлілік.  Таяуда  ғана  үлкен  ұлы  қайтыс 

болып, і ш қ ұ с а л ы қ п е н жатып қалып, 

тірлікке  араласқанына  да  санаулы-ақ  күн 

болған  (Ж.Əлмашұлы,  Тар  дүние, 476). 

Оны  балалық  пəк  ары  шыдатпаған  і  ш 

қ  ұ  с  а  л  ы  қ  ешқайда  бұрылтпай  əкетті 

(М.Қуанышбаев, Тайталас, 108). 



ІШҚҰСТАЛЫҚ з а т. с ө й л. Ішқұсалық. 

– І ш қ ұ с т а л ы қ жегідей жемей ме? – 

деді  Дəріпбек  (Т.Əлімқұлов,  Сырлы  наз, 

119).  Бір-екі  айдан  кейін  і  ш  қ  ұ  с  т  а  л 



ы  қ  қ  а  ұрынып,  көкірек  ауруын  асқын-

дырып  алмасына  кім  кепіл  (Қаз.  əдеб., 

23. 06. 1972, 2). 

ІШМЕРЕ ЗДІК  з  а  т.  Арамдық, 

қулық;  пасықтық.  Бұл  өмір  дегеннің 

көрсеқызарлықтан,  і  ш  м  е  р  е  з  д  і  к



т  е  н,  қызғаныштан  туатын  олқы-солпы 

мінез-құлықтардың болатынын байқатады 

(Т.Отарбектегі,  Зауал, 137). Сəрсенбек 

те  жеңгесінің  і  ш  м  е  р  е  з  д  і  г  і  н  і  ң 

құрбаны  (Т.Қосуақ,  Мəрмəр., 32). Шеше-

ге  ажал  жоқтығын  лажсыз  і  ш  м  е  р  е  з



д  і  к  п  е  н  түйсінгендей  томырайысты 

(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 146). 



ІШМЫЛТЫҚ з а т. а у ы с. Арамдық, 

жауыздық,  қараниеттілік.  Қит  етсе 

кекетіп,  мұқатып,  і  ш  м  ы  л  т  ы  қ  п  е  н 

атып, жүйкеңде ойнап титығыңа жететінін 

қайтерсің (Д.Досжанов, Жолбарыс, 208). 



ІШПЕК__1'>ІШПЕК

1

  з  а  т.  Тоқымның  астына, 



ішкіліктің  үстіне  салынатын  қалыңдау 

Байынқол Қалиев

698

төрткіл  киіз.  Тоқым  ұғымына  тоқым, 

і ш п е к, ішкілік, терлік, өң жəне тебінгі 

сияқты  төс еніш  жабдықт ар  кіреді 

(Ата  салты., 111). І  ш  п  е  к  екі  қабат 

киізден  жасалады.  Екі  жаны  ердің 

қапталынан сынық сүйем артылып тұрады 

(Ж.Бабалықұлы: Ер қанаты, 262). Əуелі өң, 

одан кейін терлік, ішкілік, і ш п е к т е р д і 

салып, ең сыртынан тоқымды жауып алған 

соң ерді ерттейді (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1970, №10, 62). 



ІШПЕК

2

 з а т. т е х н. ж а ң а. Машина 



механизмінің  айналып  тұратын  бөлшегі; 

подшипник (Бекітіл. термин., 92). 

ІШПЫСТАН  е  т.  с  ө  й  л.  Іші  пысу, 

зерігу,  жалығу.  Айбосын  да  осы  қаңғыр-

күңгір əңгімеден кет əрі емес, көптен жат-

жорадан кісі көрмей, і ш п ы с т а н ы п қал-

ған тəрізді (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 307). 



ІШПЫСТЫ: Ішпысты болды. Іші пы-

сты, жалықты, зерікті. Қызылқұм ішінде 

ызыңдаған жел мен арақтан өзге ермек жоқ, 



і ш п ы с т ы  б о л а с ы ң (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 293). 



ІШПЫСТЫЛЫҚ з а т. Іші пысқандық; 

зеріікендік,  жалыққандық. – Шырағым, - 

деген, - мені өзіңе еріккендіктен не і ш п 



ы с т ы л ы қ т а н келіп отыр деп түсінбе 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 225). Рас, Айбо-

сын үйде де, түзде де зерігеді. І ш п ы с т ы 

л ы қ қайда барса да соңынан қалған емес 

(Бұл да, 383). 



ІШТЕН  е  т.  Қор  жию,  баю,  əлдену. 

Кешегі жаман Қожа өз ауылынан і ш т е н і п,

төрт құбыласын сай етіп алған (О.Бөкеев, 

Үркер, 109). 



ІШТЕНУ  Іштен  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ІШТЕҢКЕ е с і м. с ө й л. Ештеңке. – 

Ендеше і ш т е ң к е етпес, бір жөні болар 

(Ғ.Сланов, Домбыра күйі., 125). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет