Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет14/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   168

АРТЕЗИАНДЫҚ  з  а  т.  Артезиан-

ға  жататын,  артезианға  қатысты 

(құдық). 

АРТҚЫ: Артқы есік. Оңаша (жасы-

рын) сөйлесу арқылы, астыртын жолмен 

мақсатқа жету іс-əрекеті. Бір күні шешем 

əкеме : - Осы  сен  Нұрланның  болашағы 

жайында не ойлап жүрсің? Қазір а р т қ ы 

е с і к дегеннен өткен пəле бар ма? Үйде 

омалып  отыра  бергенше,  сол  а  р  т  қ  ы 



е  с  і  к  т  і  іздеп  көрсеңізші?! – деді 

(Т.Əлқанұлы,  Тірліктен., 39). – Қазіргі 

жағдайда осы сіздер а р т қ ы  е с і к п е н

кіріп,  бармақ  басты,  көз  қысты  болуды 

қашан қоясыздар? (Бұл да, 236). 

Артқы қалта. Сымның арт жағындағы 

қалтасы. 

Артқы тартпа. қ. Артқы айыл. Аттың 

шабын орай тартылса, шап ойыл, шап тарт-

па, артқы айыл, а р т қ ы  т а р т п а, кер 

айыл деп аталады (Ата салты., 102). 



АРТЫҚ-КЕМСІЗ  с  ы  н.  Артығы  да 

жоқ, кемі де жоқ, дəл. Ол алдыңғы жылы 

Сібірдің  егін  орағы  кезінде  бөлектеп  ору 

əдісімен а р т ы қ-к е м с і з мың гектар 

жердің бидайын орған екен (Б. Тоқтаров, 

Қыран, 92). Болмайды түн күндіксіз, күндіз 

түнсіз, «Ай кірсіз», - деген сөз бар, - Құдай 

мінсіз».  Шаттық  пенен  қапалық  кезек 

нəрсе, Бірінен соң бірі бар а р т ы қ-к е м 



с і з (Мəшһүр Жүсіп, Шығ, 4, 113). 

АРУАҚ:  Аруағы  асты.  Жолы  болды, 

мерейі үстем болды. 

Аруақ  атқыр.  э  т  н.  Аруақтардың 

құдыреті ұрғыр! 

Аруақ  соқсын.  э  т  н.  Аруақтардың 

рухы ұрсын! 

АРУАҚТЫРАҚ с ы н. а у ы с. Айбын-

дырақ, қарқындырақ. Сол бір жай ауызға 

қайта ілігіп, бұрынғыдан гөрі де а р у а қ т 



ы р а қ, ажарлырақ айтылды (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 92). 



АРУҒА з а т. к ө н е. Басқаратын, тек-

серетін  мансап  иесі.  А  р  у  ғ  а – елдің 

санағын  алып,  сауда-саттығын  басқарып, 

ақша-қаражатын  тексереді  (Ана  тілі, 

20.02.1992, 8). 



АРУЛЫҚ  с  ы  н.  Аруға  тəн,  аруға 

қатысты. Шынында да қалыңдықтың а р 

у л ы қ қасиетін жоғалтпай, заңды некеге 

дейін беті ашылмай, құтты орнына қонуы 

өзіне үлкен абырой əпереді (Х.Арғынбаев, 

Қаз. халық., 207). 



АРУЫН з а т. к ө н е. Елге тірек бола 

алмайтын,  жігерсіз,  жасық  адам.  Көп 

адам біріне бірі кереғар мағыналы сөздер: 

шора  мен  шорыны,  шапақ  пен  сапақты, 

тебіз бен тебірді, арыс пен а р у ы н д ы 

ажырата алмайды (Соц. Қаз., 21.03.1991, 4). 

АРША  с  ы  н.  Аршадан  істелген, 

аршаның сүрегінен жасалған. Бұрыштағы 

дөңгелек а р ш а үстелінің үстінде шарбат 

ішуге қойылған фарфор кеселер де, имек 

мойын күміс құмыралар да көрінбейді (І. 

Есенберлин, Жанталас, 74). 

АРШЫ:  Аршыған  пияздай.  Аппақ, 

жұп-жұмыр;  аршыған  жұмыртқадай. –

А р ш ы ғ а н  п и я з д а й боп оң жақта отыр-

ған кезім (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 139).



АРШЫЛДЫҚ з а т. Арын сақтағандық, 

намысқойлық.  Демек,  мұның  тұйықтығы 

қатыгездіктен емес, намысқойлықтан, а р 



ш ы л д ы қ т а н (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 

127). 


АРЫЗЖАНДЫ с ы н. Арыз жазғыш, 

арызқой.  Сол  күдікті  кезеңде  зəкүншік, 

қағазқой,  а  р  ы  з  ж  а  н  д  ы  кеңселер 

мен  əкімдерге  тосқауыл  болатын  деректі 

қағаздар керек (М. Əуезов, Абай., 363). 



АРЫЗ-ТІЛЕК з а т. с а я с. ж а ң а. Жаз-

баша түрде үкіметке жолданған ұжым-

дық  талап-арыз.  Алаштың  оқыған  аза-

маттары 1905 ж. 26 маусымда  Минис-

трлер кеңесінің төрағасының атына қазақ 

ұлтының  азаматтық  құқы  сақталмай 

жүргендігі жөнінде а р ы з-т і л е к (пе-

тиция) жолдайды (Қазақстан, 2008, 3, 11).



АРЫҚТАТУ... Бəйге атын жеріне жеткізіп 

а р ы қ т а т у ғ а, титықтатуға болмайды 

(Ғ. Нұрпейісов, Аңшы сыры, 64). 



АРЫҚШЫ з а т. Арық қазушы. Терістіктен 

соққан жел а р ы қ ш ы л а р ғ а шаң қаптырды 

(Т. Əбдіков, Өліара, 123). 

АРЫНДЫ: Арынды арқан. э т н. Бір

басы  түйілген 2-3 м-дей  арқанды  біреу 

шеңбер  бойымен  айналдыратын,  ал  бас-

қалары  секіріп  арқанды  аяқтарының 

астынан жібере беретін ойын. «А р ы н д ы

а р қ а н» ойынына қатысушылардың са-

нына шек қойылмайды (Б. Төтенаев, Қаз. 

ұлт. ойын, 54). 

АРЫНШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Арыны  күш-

тілік, арындылық. 

АРЫСТАНДЫ: Арыстанды-қарабас 

желі.  Қаратаудың  оңтүстік-батыс 

бөткейіндегі Арыстанды өзенінің арнасы 


60

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

бойымен соғып тұратын жел. А р ы с т 

а н д ы-қ а р а б а с  ж е л і ішін тартпай 

азынағанына  үшінші  күн  (Ж.  Еділбаев, 

Бүгінгі  ауыл., 91). А  р  ы  с  т  а  н  д  ы-қ  а 

р а б а с т ы ң  ж е л і бірнеше күн то-

лассыз  уілдейтін  ақ  боранды  қаһарын 

қызылқұмдықтар ежелден-ақ жақсы біледі 

(Бұл да, 150). 



АСАБАЛЫҚ з а т. Асаба болушылық, 

тойды  жүргізушілік. - Əйтпесе  мына-

ны  көріңіз.Тойды  қалай  өткізу  туралы. 

Ішінде а с а б а л ы қ т а н бастап бəрі бар 

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 165). 



АСАБАСЫЗ с ы н. Асабасы жоқ, асаба 

болмаған. – А с а б а с ы з той – ас ішумен 

шектеледі, əке, оның қызығы да, қызуы да 

болмайды, – деп балалары көнер емес (Қаз. 

əдеб., 10.06.1986, 12). 



АСАҒА  з  а  т.  Астың  жақсы  өтуіне 

қызмет ететін жауапты адам; ас ағасы. 

Асқа  келген  сыйлы  қонақтар  лайық-

ты  күтіліп,  құрметтелу  үшін,  жол-жо-

сынға  жүйрік,  ұйымдастыруға  шебер 

бір адамды жауапты етеді. Бұл «а с а ғ а» 

делінеді  (А.Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш  бесік., 

3, 89). 

АСАНТЫН  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Төтесінен, 

күтпеген жерден. Мынау бір а с а н т ы н 

қателік сияқты (Б. Нұржекеев, Жау жағад., 

49). Апырмай а с а н т ы н келген жаман 

ауру боп жүрмесе жарар еді (Бұл да, 457). 



АСАР з а т. а р х е о л. Ерте кездегі адам-

дар  қолдан  үйген  төбе;  археологиялық 

нысан.  Сырдарияның  сол  жағалауымен 

жүргенде, ежелгі қара жол бойынан, белгілі 

бір  қашықтықтан  кейін  үйінді  төбелер – 

а с а р л а р кездеседі. Осы а с а р л а р д ы 

ң əрқайсысының аты бар (Ə. Нұршайықов., 

Менің Қазақст., 325). – Сонау биік төбелерді 

адамдар үйген болу керек? - Бұл төбелерді 

а  с  а  р  л  а  р  деп  атайды.  Біздің  жаққа 

мұндай а с а р л а р жеткілікті (Қаз. əдеб., 

26.03.1982, 11). 

АСАРЛА  е  т.  Бір  жұмысты  көпшілік 

болып  жабылып  істеу.  Сұңқардан  қыран 

құс  болмас,  Соқтасы  қайтпай  аң  алмас. 

Айдын,  айдын,  айдын  көл,  А  с  а  р  л  а  п 

төксең суалмас (Ертедегі əдеб. нұсқа., 145). 



АСАРЛАУ  Асарла  етістігінің  қимыл 

атауы. 

АСАС Аса етістігінен жасалған ортақ 

етіс.  Жиын  жағалап  шабысқан  бəйгесін, 

тартысқан  көкпарын,  құда  барып  а  с  а  с



қ а н ет-құйрығын ұзақ күндер даң-данғаза 

етіседі (Е. Тұрысов, Құралай жолы, 8).



АСАСЫ қ ы с т. ж е р г. Асылы, сірə. 

 Жеңеше, бір ашуыңызды беріңіз! Елміз 

ғой, бір тентекке əліміз жетуге керек, а с 



а с ы! (С. Елубай, Ақ боз., 24). – Найсап, 

ақылмен іс қылуға керек. Оңбассың, а с а 



с ы! Оңбассың! – деп теріс айналып жүре 

берді (Бұл да). 



АСАСУ Асас етістігінің қимыл атауы.

АСАТЕМІР з а т. с ө й л. Мосы. Орын-

ша А с а т е м і р г е іліп қайнатқан шə-

угімдегі  шайын  құйып,  маған  ұсынды

(Қ. Тұрсынқұлов, Анды-Қарақыз, 12). 



АСАУ: Асауды тақымында ойнатты. 

Асау үйретті, асауды еркіне бағындырды. 

А с а у д ы   т а қ ы м ы н а   о й н а т у д ы ң

өзі үлкен өнер, біле білсең құрық салу да 

өнер (М. Мəжитов, Аманғали, 59). 

АСАУКӨК  з  а  т.  э  т  н.  о  й  ы  н.  40-

50  см-дей  биіктікке  жуан  арқан  керіп, 

ойыншының  қолына 50-60 см-дей  таяқ 

береді.  Ол  керген  арқанның  үстіне  мал-

дасын  құрып  отырады  да,  қолындағы 

таяғын  арқанның  астынан  ары-бері 

өткізеді.  Кім  таяғын  көп  өткізсе,  сол 

жеңеді.  Жеңілгендер  əн  салып,  би  билеп, 

өнер  көрсетеді.  А  с  а  у  к  ө  к    ойынын 

əртүрлі бас қосуларда үлкен-кіші кəрі-жас 

түгел ойнай береді (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 4, 115). 



АСҚАҚ: Асқақ арман. п о э т. Көксеген 

тілек, биік мақсат. Көшеде келе жатқанда 

а с қ а қ  а р м а н, Биік мақсаттар жай-

лы  ойлар  ойына  орала  кететін  (Н.  Ораз, 

Сиқырлы., 61). 

Асқақ жұлдыз. а с т р. с ө й л. Есекқыр-

ған кейде осылай да аталынады. А с қ а қ

ж ұ л д ы з (Юпитер) – Күн жүйесіндегі 

алып  емес  ғаламшарлардың  ең  үлкені 

(Х.  Əбішұлы.  Халық  астр., 48). Аспан 

денелерінің  əрқайсысының  қазақша  аты 

бар. Мəселен, Юпитер – А с қ а қ  ж ұ л д 

ы  з,  Сатурн – Қоңырқай  жұлдыз,  Марс – 

Қызылжұлдыз (Жетісу, 14.04.2001). 



Асқақ  ұйқас.  ə  д  е  б.  Он  бір  буынды 

қара  өлең  ұйқасы  (ААБА).  Қазақ  поэзия-

сында аса мол кездесетін ұйқас – а с қ а қ



ұ  й  қ  а  с.  Өлеңдегі  бірінші,  екінші  жəне 

төртінші тармақ бірыңғай ұйқасады (Қаз. 

əдеб. энцикл., 655).

АСҚАНЫ з а т. с ө й л. Артығы. Əжесі 

қойды сауып, уызын пісіріп береді. А с қ а 



61

Байынқол Қалиев

н ы н суытып, қатырып қояды (С. Үсенұлы, 

Елік., 16). 



АСҚАРЛАН е т. 1. Биіктеу, зəулімдеу, 

заңғарлау. 2. ауыс. Мерейі өсу, масаттану. 

Қызы үшін алғыс естіген ата-ана бір жасап, 

құданың төрінде а с қ а р л а н ы п отырады 

(Атамекен, 05.06.2002).



АСҚАРЛАНУ  Асқарлан  етістігінің 

қимыл атауы. 

АСҚОРЫТҚЫШ з а т. м е д. Ас қоры-

татын фермент (Бекіт. термин., 11).

АСҚҰМАР  с  ы  н.  Ас  ішкенді  жақсы 

көретін, ас ішкенді ұнататын. А с қ ұ м а р

д  ы  ң  тəні  семіреді,  досқұмардың  жаны 

семіреді (Ж. Ахмади, Айтұмар, 510). 



АСМАН з а т. и х т и о л. Қабықсыз, сү-

йексіз,  еті  дəмді  балық.  Қармақ  салып, 

балық аулайсыз. «А с м а н» деген балық 

бар. Не қабығы жоқ, не сүйегі жоқ, сондай 

жақсы.  Жесеңіз  таңдайға  жабыса  кетеді 

(С.Байжанов, Сыр мен., 70). 

АСПАБАУ з а т. э т н. Қазақ үйдің уы-

ғына  байланып,  ұшы  шашақталып 

қойылған  сəндік  бау.  А  с  п  а  б  а  у  киіз 

жабдықтарының  сəндік  түріне  жатады. 

Ол адамның бойы жетпейтіндей биіктікте 

байланады (Қаз. этнография., 1, 224). 



АСПАН: Аспан көз. п о э т. Көк көз. 

Көжесінің дəмсіздігіне қысылды ма, а с п а н



к ө з əдемі келіншектің тамағы өңешінен 

өтпей қалды (Қ. Ысқақ, Таңд., 3, 231).



Аспан  тепкен.  Кесірлі,  кесапатты, 

менмен.  Суретші  жігіттің  қыз  атаулына 

менсінбейтін менмендігі, а с п а н  т е п к 



е н алапаты шындыққа сая бермейтіні анық 

(Қаз. əдеб., 12.12.1975, 1).



 АСПҰЗЫЛ з а т. с ө й л. Асхана. – Осы 

күйімізде а с п ұ з ы л ғ а барсақ қайтеді 

(Б.Нұржекеев, Жау жағадан., 119). 

АССЕМИНАТОР  з  а  т.  в  е  т.  Малды 

қолдан  ұрықтандырушы.  Ол  тек  қана 

шопан емес, механизатор, а с с е м и н а-



т  о  р,  техник,  сонымен  қатар  комму-

нистік  еңбектің  екпіндісі  (Оңт.  Қаз. 

29.10.1963, 3). 

АСТАПЫРАЛЛАЛА е т. Астапыралла, 

астапыралла  деп  айту.  Əлмембет  молда 

бұл  сұмдықтың  не  екенін  дəлдеп  айтып 

бере алмаған. Тек а с т а п ы р а л л а л а п,

ішінен  күбірлеп  бірдеңелерді  оқыпты 

(Т.Əбдіков, Өліара, 10). 

АСТАПЫРАЛЛАЛАУ  Астапырал-

лала етістігінің қимыл атауы. 

АСТАРЛЫЛАУ с ы н. а у ы с. Аздаған 

астары  бар,  тұспалдылау.  Баяғыда 

Нұржанның айтып отыратын: «Бұл дүниеде 

қуған  да  алда,  қашқан  да  алда»  деп.  Сол 

бір  а  с  т  а  р  л  ы  л  а  у  сөздің  мəнін  енді 

түсінгенді (О. Бөкеев, Əн сал., 15). 

АСТАУ-ТАБЫТ з а т. к ө н е. Ағаштан 

ойылып жасалған табыт. Ер адам мен əйел 

адамды самырсын ағашынан ойылған а с т 



а у-т а б ы т ішіне бастарын күншығыс 

жаққа қаратып жатқызған (Қ. Назырбаев, 

Қотанқарағай, 23). 

АСТЕК  з  а  т.  Америка  жерінде 

байырғы халықтардың бірі. Көне дəуірде 

Америка  жерінде  тұрған  а  с  т  е  к,  майя 

халықтарының өмірін, олардың əдет-ғұрпын, 

мəдениетін жыр еткен (І. Есенберлин, Шығ. 

жин., 1, 98). 

АСТЕНИК з а т. п с и х. Жүйкесі, пси-

хикасы нашар адам. Осы отырғандардың 

ішінде ұзын тұра а с т е н и к т е р д е, 

төртпақ гиппертониктер де, момын пішінді 

семіздер де кездеседі (І. Есенберлин, Шығ. 

жин., 1, 225). 

АСТРОНОМИЯЛЫҚ:  Астроно-

миялық  сағат.  Аспан  денелеріне  қарап 

уақытты  білу.  Темірқазық  жұлдыздары 

қазақ  халқының  түн  ке зіндегі  əрі 

құбланамасы (компасы), əрі а с т р о н о 

м и я л ы қ  с а ғ а т ы болған (Қаз. ауыл 

шаруаш., 1964, 2, 63). 



АС Т Ы Қ :   Ас т ы қ   ке н е с і .   Д ə н д і 

дақылдарды зақымдайтын зиянды жəндік 

(кене). А с т ы қ  к е н е с і арпа, қара-бидай, 

сұлы, жүгері жəне астық тұқымдас жабайы 

өсімдіктермен қоректенеді (Қаз. табиғ., 1, 

167).


Астық  майқандау.  Қырмандағы 

бастырылған астықты күрекпен аспанға 

желпи лақтырғанда дəні астына, топаны 

үстіне  шығады.  Сол  топанды  арнаулы 

сыпыртқымен сыпырып алу əдісін астық 

майқандау дейді. 

Астық  тиегіш.  Машинаға  астық 

тиейтін  техникалық  құрал.  Диқандарға 

жүздеген жалпақ тілгіш, терең қопсытқыш, 

сыдыра жыртқыш, а с т ы қ  т и е г і ш 

берілді (Лен. жас, 23.03.1973, 2). 



АСУЛАС с ы н. Асуы бір, асуы ортақ. 

Мөлдір сулы, бал құрақты ... жасыл жай-

лау менің өскен жер, ата мекенім – Жуалы 

атрабының айнабұлақ жағымен а с у л а с, 

астас боп шықты (Е. Тұрысов, Ақбақай, 10). 


62

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АСУШЫ  з  а  т.  Біреуді  дарға,  ағашқа 

асқан адам. Бір жерде толы халық қарасып 

тұр, Əр жерден а с у ш ы н ы сұрасып тұр. 

Бозжігіт бір уəзірдің қолында екен, А с у ш 

ы кесушімен таласып тұр (Ғашық-наме, 56). 

АСФАЛЬТ:  Асфальт  жол.  Асфальт-

талған, асфальт төселген жол. 

АСФАЛЬТТАЛЫН  Асфальттал 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс. 

Мəдениет  сарайы, 2-3 қатарлы  мəдени-

тұрмыстық  мекемелер  үйі,  а  с  ф  а  л  ь  т 

т а л ы н ы п сымдай тартылған оқтай түзу 

көшелер – бəрі-бəрі  де  дəулетіне  сəулеті 

сай бүгінгі колхозды ауылдың сəні, ажары 

(Ы.Кененбаев, Лабасы., 3). Көшелер а с ф 



а л ь т т а л ы н ы п, бағаналарға электр 

шамы  орнатылды  (Ы.  Кененбаев,  Інжу-

маржан, 158). 

АСФАЛЬТТАЛЫНУ  Асфальтталын 

етістігінің қимыл атауы. 

АСШАЯН з а т. з о о л. Суда тіршілік 

ететін,  ас  ретінде  пайдалануға  бола-

тын шаян түрі. Жоғары сатыдағы шаян-

тектестерге  а  с  ш  а  я  н  (креветка), 

таңқышаян (краб), омар, тақуашаян (ракот-

шельник), құрлықшаян (мокрица) жатады 

(Р.  Сəтімбеков..,  Қызықты  биология, 55). 

А с ш а я н д а р болса, жорғалай да алады, 

жылдам  жүзеді,  ал  қажет  кезінде  имек 

қарынымен серпіле, ыршып секіре алады 

(Су асты. тіршілік, 32). 



АСЫҚШЫ з а т. Асық ойнаушы. А с ы қ 

ш ы л а р д ы ң құмары əлі қана қойған жоқ 

(Қ. Салғарин, Сол бір күн., 47). 



АСЫЛСЫЗ с ы н. Тегі нашар, тексіз. 

А с ы л с ы з д ы ң баласы, Ақшасына сүйе-

ніп, Айтқан сөзі пұл болды (Жеті ғасыр., 

1, 363). 

АСЫҢҚЫРА е т. 1. Белгілі бір шектен 

енді ғана асу, өтіңкіреу. Алпыстан енді а с 

ы ң қ ы р а ғ а н сері əлі де жігіттік бекзат-

тығынан  таймаған  (С.  Рахымбек,  Ай-

дында., 261). 2. Аздап асыру, сəл көтеріп 

жіберу.  Сол  мақтаған  өлеңін  Қасекең 

жəне мақтады. Тағы да а с ы р ы ң қ ы р а п 

мақтады (Б. Соқпақбаев, Таңд., 411). 

АСЫҢҚЫРАУ  Асыңқыра  етістігінің 

қимыл атауы. 

 АТ з а т. Тоғызқұмалақтағы жүрілетін 

ұяны «ат» деп атайды (Ө. Жолымбетов, 

Айгөлек, 49). 



АТ: Ат айналғысыз. Жиі отырған, өте 

тығыз орналасқан. Атақты рулары – қалың 

Қаржас, а т  а й н а л ғ ы с ы з Айдабол, 

Күлік, Тұмар (Н. Баяндин.., Дала., ). 

Ат  арба.  Ат  жегілген  арба.  Жолсыз 

жермен машина, а т  а р б а түгіл салт атты 

адамның ұзақ жолға жүруі де мүмкін емес 

(Б. Момышұлы, Офицер., 93). Үш ат жоқ. 

Бес қамыт жоқ. Алты а т  а р б а жегулісіз 

қалды (Ұ. Доспанбетов, Шығ., 4, 32). Құрақ 

тиеген а т  а р б а л а р да көз шалынады 

(Қ. Қараманұлы, Ай куə, 12). 



Ат  артына  бөктерілді.  Қолға  түсті, 

олжа етті. Жебелеп жортады көк бөрілер, 

О дағы а т  а р т ы н а  б ө к т е р і л е р.

Қиыр  жайлап,  шет  қонған  ағайындар 

Талай жанның көзіне жек көрінер (Ел аузы-

нан, 112). 

Ат жол. Аттың тұяғымен түскен жол; 

атпен жүретін жол. 

Ат  қамыт.  Атқа  ыңғайлап  жасалған 

қамыт.  Қамыттың  а  т    қ  а  м  ы  т,  түйе 

қамыт, өгіз қамыт деген сияқты түрлері бар 

(Шаңырақ, 34). 

Ат  қолтығын  сөкті.  Атпен  шапты, 

жарысты. Бой жазып, а т  қ о л т ы ғ ы н 

с ө г е р уақыт емес (Ж. Кəрменов, Ғашық., 

102). 


Ат  құйрығын  берді.  Көмектесті, 

жəрдемдесті,  қол  ұшын  берді.  Ажарға 

жаман  адам  қарамайды,  Істерді  келген, 

кеткен  санамайды.  Басыңа  іс  түскенде, 

жаман досың, Б е р у г е  а т  қ ұ й р ы ғ ы н

жарамайды (Шал ақын: Нар заман., 102). 

Ат құйрығын бұлады. Атқа отырып, 

бір жаққа кету, тездетіп жүру. А т  қ ұ 

й р ы ғ ы н  б ұ л а ғ а н, Қол жеткен жерін 

сұраған, Егескен жауы жылаған (Сүйінбай: 

Нар заман., 264). 

Ат  майын  сұрады.  Мініс  көлігі  жоқ 

адамның ағайындарынан уақытша мінуге 

ат сұрады. А т  м а й ы н  с ұ р а п алған 

адам  алған  атын  қайтарып  беремін  деген 

мерзімді  уақытында  иесіне  аман-есен 

қайтарып  беріп,  рахметін  айтады  (А. 

Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 117). 

Ат  омырауластыру.  Ортаға  шыққан 

екі атты адам аттарын омырауластыру 

арқылы  қарсыласын  сызылған  алаңнан 

сыртқа шығарып жіберу ойыны (Қаз. эт-

нография., 1, 247). 



Ат салып өтті. Ағыны қатты өзеннен 

атпен өтті. Қарасам үстінде қызыл шапа-

ны бар, өн бойынан су сорғалаған (тасыған 

өзеннен а т  с а л ы п  ө т к е н екен) бір 


63

Байынқол Қалиев

адам келіп тұр (З. Қинаятұлы, Көшпенді., 

18). - Тəуекел  ертең  таң  ағара  Ертістен 

жадағайлау жерін тауып а т  с а л ы п  ө т 



е м і з, - дейді ағам (Бұл да, 152).

Ат сауырын берді [көрсетті]. Бөлініп, 

басқа жаққа көшті, тастап кетті. Арқаға 

қарай  көшермін,  Ат  құйрығын  кесермін,



А т  с а у ы р ы н  б е р е р м і н, Қарамасаң, 

ханым, қарама, Сенсіз де күнімді көрермін 

(Жиенбет жырау: Нар заман., 38). 

Ат  сыншысы.  Бəйге  атын  сынай 

(бағалай) білетін адам. Əкем қазақта а т 

с ы н ш ы с ы н ы ң атасы Толыбай деп оты-

ратын. О заманда, бұл заман Толыбайдан 

асқан сыншы болған жоқ (С. Бақбергенов, 

Арғымақтар). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет