Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет51/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   168

Ж И Е Н - Ж И Е Н   з   а   т.   Б а л а л а р 

ойындарының бір түрі. Екі үйдің белдеуінің 

екі  жерінен  арқан  керіп,  ортадағы  алаңға 

«соқыртеке»  ойнадық.  Сонан  кейін 

«серекқұлақ», «ж и е н-ж и е н» ойында-

ры ойналды (М. Тоқжігітов, Əн атасы., 71).

ЖИЕНШАРЛЫҚ  з  а  т. 1. Жиеншар 

болғандық,  туыстық. 2. а  у  ы  с.  Айтпай 

(сұрамай) алып кеткендік, ұрлық. Бұндай 

ж и е н ш а р л ы қ қ а үзілді-кесілді тиым 

салу парыз (Қаз. əдеб., 08. 10. 1982, 10).



ЖИНАЛЫСҚҰМАР  з  а  т.  Жиналыс-

ты  ұнататын,  жиналысшыл.  Қандай 

пысық,  алғыр-шалғыр  жігіт,  бірақ  ж  и  н 



а  л  ы  с  қ  ұ  м  а  р  (Ə.Тəжібаев,  Жаданов 

əңгім., 226).



213

Байынқол Қалиев

ЖИНАЛЫСШЫЛ с ы н. Жиналыстан 

қалмайтын, жиналысқұмар. – Біз осы қит 

етсе ж и н а л ы с ш ы л болып барамыз

(С. Сматаев, Алғашқы асу, 90).

ЖИНАМ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Жиналған, 

жиналатын ақша (сбор). Біз үй құрылыс 

жинақтары туралы келісімге комиссиялық 



ж  и  н  а  м  д  ы  төлемей-ақ  отыра  алатын 

мүмкіндікке  ие  болған  жеңімпаздарды 

құттықтаймыз (Егем. Қазақст.,31. 10. 2008).

ЖИНАМА  з  а  т.  Жиналған  дүниелер. 

Этнографиялық, фольклористік ж и н а м 



а л а р д ы ң бəрін қазақ халқының тарихын 

жасауға қызмет етеді деп ашық айтты (Қаз. 

əдеб., 29. 03. 1974, 3).

ЖИНАУШЫЛЫҚ з а т. Жинау ісімен 

айналысушылық, жинағыштық. Олардың 

бəріне ж и н а у ш ы л ы қ қ а, зерттеушілікке 

бір табан жақындығы бар əкелерінің пайда-

сы тиетіндігінде күмəн жоқ (Ж. Бейсенбаев, 

Жасын-тағдыр., 47).

ЖИРЕН з а т. з о о л. ж е р г. Жайран. 

Қазақтар ор қазу арқылы бұғы, марал, елік, 



ж и р е н, қарақұйрықтарды аулап келген 

(Б. Кəмалашұлы: Ана тілі, 11. 03. 1993, 4).



ЖИРЕНДІ  с  ы  н. 1. Астында  жи-

рен  аты  бар,  жирен  мінген.  ≈  Ж  и  р  е 

н  д  і  бір  кісі  келіп  тұр. 2. Жирені  бар, 

басқасы бар. Игілік ақтылы-қаралы, күрең 

қасқалы, ж и р е н д і етіп, мың-мыңнан 

сұрыптап тастаған жылқысын қия алмады 

(Ғ. Мүсірепов, Оян. өлке, 1, 49).



ЖИХА з а т. к ө н е. Сəндік үшін бас 

киімге тағылатын қауырсын тəрізді зат; 

қарқара. Сонда Абылай хан қамқа тонды 

үстіне жауып, алтын ж и х а н ы басына 

шаншып, бұйдас белбеуді беліне буындыр-

ды  дейді («Дала  уалаяты»  газеті – 1889, 

478).

ЖИҺАДШЫ  з  а  т.  Жиһад  жолына 

түсуші,  жиһад  жасаушы.  Арабтарды 

мұсылман еместерге қарсы соғыс ашушы 



ж и һ а д ш ы л а р деп шуылдатумен келеді 

(Ана тілі, 10. 01. 2002, 3).



ЖИЫРЛЫ  с  ы  н.  к  ө  н  е.  Мерейлі, 

мəртебелі.  Ораздының  ұлы  өсер,  ж  и  ы 

р л ы н ы ң қызы өсер (Егем. Қазақст., 13. 

01. 1996, 5).



ЖИЫРМА:  Жиырма  сегізінші. 

Оққоймасының  көлемі 28 миллиметрлік 

м ы л т ы қ .   О қ қ о й м а с ы н ы ң   ке ң д і г і 

«ж и ы р м а  с е г і з і н ш і» деп аталатын 

қарапайым опырма мылтық алғаш қолына 

түскен кездегі оның қуанышы ерекше еді 

(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 6).

Жиырмасыншы ғасырдың гомері. п е 

р и ф р а з. Сулейман Стальский д. м. «X X 



ғ а с ы р д ы ң Г о м е р і» атанған ұлы ашуг 

С. Стальский Совет халқының мақтанышы 

болып жүрегімізде сақталады (Ленин жолы, 

20. 05, 1969, 3).



Жиырма  төртінші.  Оққоймасының 

көлемі 24 миллиметрлік мылтық. Мұнысы 

кəдімгі ұңғысының өлшеміне қарай «ж и 



ы р м а т ө р т і н ш і» аталатын опырма 

болатын (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 9).



ЖИЫРМАБІР з а т. Картамен ақшаға 

ойнайтын  құмар  ойыны.  Күліс  баяғы

«ж и ы р м а б і р д і ң» өңін айналдырып 

өзгерткен, оңайландырылған, оңтайлы үш 

қартаның  бəсекесі  (О.  Сəрсенбай,  Шығ., 

5, 171). Екі қол ж и ы р м а б і р г е аздық 

етеді. Сосын, отырып аламыз да, бетіқалар 

ойнаймыз (Жұлдыз, 1972, №8, 49).

ЖИЫРМАДАН  с  а  н.  Жиырма-

жиырмаға  бөлініп.  Шет-шеттегі  əлі  де 

болса, оннан, ж и ы р м а д а н тарау-тарау 

жолдармен  шұбаған  бөріктілер  арылған 

жоқ (М. Əуезов, Қилы заман, 74).



ЖИЫРМАЛЫҚ с ы н. Жиырмасыншы 

кірпіштен салынған. Үй іші таза, тамдары 

түгел ж и ы р м а л ы қ, шытырман шілтерлі 

тамдар (Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 14).

ЖИІЛІК: Жиілік сөздік. л и н г в. Белгілі 

бір  жазушының  тілінде  қай  сөз  қанша 

рет  қолданғандығын  көрсететін  сөздік. 

≈  М.  Əуезовтың  «Абай  жолы»  романы-

ның ж и і л і к  с ө з д і г і 1997 жылы шықты.



ЖИІРКЕНІШТІК з а т. Жеккөрушілік, 

жиренгендік, жақтырмаушылық. Көздері 

жан ала келген жендеттерге ж и і р к е н 



і  ш  т  і  к  п  е  н  от  шашпай,  қайта  оларға 

мүсіркей, «айналайын»  деп  тұрғандай

(М. Ошыбаев, Соңғы., 41).

ЖОҒАЛҒЫШ с ы н. Жоғала беретін, 

жоғалатын. Бəрінің де қойы ж о ғ а л ғ ы ш,

түйесі боталағыш, биесі құлын тастағыш 

боп алды (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 400).

ЖОЙҚЫНДЫЛЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Жойқындық. Мұндай ж о й қ ы н д ы л ы қ 

т ы ешкім көрмеген шығар (Р. Ниязбеков, 

Отағасы, 41).



ЖОЙТАҚТАТ е т. Атын ауыздығымен 

алыстыру, жойтаңдату. Атын ж о й т а қ

т а т ы п, «мені көрдің бе?» дегендей ары-

бері жүріп алды (Қ. Қазиев, Үркер, 19). 



214

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЖОЙТАҚТАТУ  Жойтақтат  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ЖОЙТАҢДАТ е т. с ө й л. Жойтақтат. 

Ана тор жорғаны ж о й т а ң д а т ы п 

көкпар тартамын, той-томалаққа тояттай-

мын (Лен. жас, 30. 12. 1972, 3).



Ж О Й Т А Ң Д АТ У   Ж о й т а ң д а т 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖОЙЫЛСЫНДАП ү с т. «Жойылсын, 

жойылсын» деп ұрандап. Өйткені бүгінгі 

«ж о й ы л с ы н д а п» өрекпитін əлеумет-

тік əулекіліктің кеше «жасасындап» жалын-

дағанында  қандай  ұшпаққа  жеткізгенді-

гін көргенбіз (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 447).

ЖОҚ: Жоқ жерден ілік іздеді. Болма-

шы нəрсені сылтау етіп, байланыса түс-

ті, іліністі. – Жə, жə. Ж о қ  ж е р д е н  і л і к

і з д е п отырсың-ау. Шайыңды құй, онанда, 

– деді шалы (Б. Шаханов, Қаратау., 108).



Жоқ  іздеу  [қарау].  Жоғалған  малды 

іздеу ісі. Ж о қ  і з д е у г е себеп болатын 

жайттар көп: малдың бөлініп қалуы, ығып 

кетуі, бөтен малға қосылып кетуі т.б. (Қаз. 

этнография., 2, 409).



ЖОҚТАУ: Жоқтау айту. э т н. Қайтыс 

болған  адамның  отбасы,  ел-жұрты 

алдындағы орны, адамгершілік қасиеттері, 

өнегелі  істері  əнге  қосылып  айтылатын 

зарлы  өлең.  Марқұмның  əйелі  мен  қыз-

қырқын, келін-кемшіктері үйде қораланып 

отырып күндіз-түні ж о қ т а у  а й т а д ы

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 58). Ж о қ 



т а у  а й т у қайтыс болған адамның жетісі, 

қырқы, жүзі жəне жылында да орындалады 

(Қаз. этнография., 2, 410).

Жоқтауын асырды. Құртты, жойды, 

жоқ етті. – Жібер! – деді Құбаекем шалға, 

бұлқынып, - ж о қ т а у ы н бір-ақ а с ы р а й ы 



н! (С. Мұқанов, Мөлдір., 264). – Қазір ж о қ

т а у ы ң д ы  а с ы р ы п, мына тоғайдағы 

оппа қарға тығып кетсем, өлігіңді кім іздеп 

табар екен (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 201). 

Бүйтіп қорлағанша бірден ж о қ т а у ы 



м д ы  а с ы р, əйтпесе айтпады деме, өле-

өлгенше қолым жағаңда, тісім кеңірдегіңде 

кетер (К. Сегізбаев, Беласқан, 347).

ЖОЛ:  Жол  ашу.  э  т  н.  Жолы  болмай 

жүрген  адамның  «ендігі  жерде  жолым 

ашылсын»  деген  ниетпен  əртүрлі  ырым-

сырым (тəу ету, тұмар оқытып алу т.б.) 

жасауы (Қаз. этнография., 2, 416).

Жол  табаны.  Жолдың  өзі,  оның  те-

гіс  беті.  Жерде  қырбық  қар  болғанымен, 

ж  о  л    т  а  б  а  н  ы  қара  (Ө.  Қырғызбаев, 

Қырда., 43).



Жолыңа  жуа  біткір.  Уақтысынан 

кешіккен  балаға  айтылатын  «жолың 

болмағыр» д.м. қарғыс. 

ЖОЛАҚ: Жолақ алаша. Түрлі-түсті 

жіптерден  жарыстыра  жолақ  жасап 

тоқылған алаша. Мұның алғашқысын ж о 

л а қ  а л а ш а, соңғысын терме алаша деп 

атайды (Шаңырақ, 94).



ЖОЛАҚҚАНАТ з а т. и х т и о л. Дене-

сін  ашық  түсті,  жолақ  реңді,  үшкір  де 

улы  тікендер  басқан  балық  түрі.  Ж  о  л 

а  қ  қ  а  н  а  т  –  сүйелбалықтың  өте  əдімі 

туысқаны.  Ол  əдетте  маржан  рифтерінің 

үстіндегі су қабатында қалқып жүреді (Су 

асты. тіршілік, 61).



ЖОЛАҚЫ...  Жанармай  арзандаса  да, 

ж о л а қ ы өзгермей тұр (Астана ақшамы, 

07. 02. 2009).



ЖОЛБАСАР... 2. Жаудың қолға түскен 

жауынгері; «тіл». Осыдан он күн бұрын 

мен бір-екі «ж о л б а с а р» ұстап əкеліп 

едім (Ғ. Мүсірепов, Қаз. солдаты, 82). Осы 

екі ж о л б а с а р үшін маған бір ай демалыс 

берді (Бұл да).

ЖОЛБИКЕ з а т. Керуенбасының жолға 

алған əйелі (Д. Досжанов, Жібек жолы, 175).

ЖОЛБИКЕЛЕН  е  т.  Қосылу;  айт-

қанына көну, мақұлдау

ЖОЛБИКЕЛЕНУ  Жолбикелен  етіс-

тігінің  қимыл  атауы.  Сүгірбай  мақұл 

көрген іске өзге шерушінің ж о л б и к е л е н у



д е н басқа шарасы жоқ-ты (М. Разданұлы, 

Алтай., 101).



ЖОЛБҰЙДА  з  а  т.  Түйені  жүргізу, 

жетектеу  үшін  тағылған  бұйда.  Түйе 

жабдықтарына асмалдық, ауыт, бауыркиіз, 

жазы, ж о л б ұ й д а, итепе, кəтеп, қом, 

мұрындық, наруана жатады (А. Құралұлы, 

Ұлттық., 4, 33).

ЖОЛДАМАХАТ з а т. р е с м и. Құжатпен 

бірге жіберілген қосымшалардың құрамы, 

мазмұны, көлемі, саны жайлы мəліметтер 

көрсету үшін жазылған хат. Ж о л д а м 

а  х  а  т  қ  а  мекеме  басшысы  қол  қояды

(Л. Дүйсембекова, Ісқағаз., 135).



ЖОЛДАЯҚ з а т. Жолы болғыш, сəті 

түскіш;  ақжолтай. – Ия,  мен  жолым 

болғыш, ж о л д а я қ адаммын. (Д. Рамазан, 

Жылап аққан., 195).

ЖОЛЕКЕШ з а т. ж е р г. Жолға бірге 

шыққан адам. «Бұлардан артық ж о л е к е ш


215

Байынқол Қалиев

маған  табылмайды»  деп  ішіне  сыр  түйді 

жігіт те (Қ. Құрманғалиева, Атырау ару, 40). 

Нұрғалиева ж о л е к е ш т е р г е басшы 

боп тағайындалды (Бұл да, 130).

ЖОЛКӨЛІК  з  а  т.  Жолай  кездескен 

көлік.  Ойпаңбелдің  тегістігінде,  Алматы-

Ташкент жолының жиегінде ж о л к ө л і к 

күтті (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 63).

ЖОЛКІРЕ з а т. с ө й л. Жолақы. Өз 

миссияңды ұмытпа, ж о л к і р е ң е ақша 

алмаймын дегенмен ақы алмаймын дегенім 

жоқ (К. Сегізбаев, Жылдың., 145).



ЖОЛҚАПШЫҚ...  Бір  иығында 

фотомылтық пен «ФЭД», екінші иығында 

туристік ж о л қ а п ш ы қ (Э. Төреханов, 

Таудан., 30). Кейін ж о л қ а п ш ы ғ ы н

арқалап,  Шоқан  ғұмыр  кешкен,  ұлы 

ғалымның ізі қалған мекендерді бетке алып, 

саяхатқа  шықты  (Егем.  Қазақст., 16. 04. 

2009). Демалыс күндері қала көшелерінен 

арқаларына асынған ауыр ж о л қ а п ш ы қ

т а р ы бар астаналықтарды көру таңсық 

емес (Лен. жас, 19. 09. 1985, 4).



ЖОЛСІЛТЕГІШ  з  а  т.  Бөтен  қалаға 

келген жолаушыларға жол сілтейтін кар-

та (Д. Сапаров, Өткен күн., 86).

ЖОЛТАНЫС  з  а  т.  Жол  үстінде  та-

нысқан  адамы.  Сол  себепті  оның  енді 

қайтып кезігуі екіталай, ж о л т а н ы с қана 

екені есіне түсті (Жалын, 1974, №6, 12).

ЖОЛТОСАР з а т. Бəйге атын жолда 

тосып тұратын арам пиғылды адам. Бəйгі 

баланың ел ұранын шақыра, ж о л т о с а р



д а н аман өткенін көріп отырған жұрт атқа 

да,  балаға  да  сүйсіне  қарасты  (Жұлдыз, 

1979, №5, 40).

ЖОЛХАТ...  Саудаменен  шет  жұртқа 

барамын деген адамдар ж о л х а т т ы ояз-

най əкімнен алады («Түркістан» газеті, 45).

ЖОЛШОРА с ы н. ж е р г. Еркін, ерке; 

бұлаң. Айналасы екі жүз елудей ғана ж о л 

ш о р а шектінің жігіттері аттарының басын 

тежеді (Ə. Кекілбаев, Үркер, 446).



ЖОЛШЫАЛА з а т. з о о л. Көбінесе 

жол  бойында  жүретін  қара  ала  түсті 

торғай. Кішкене ғана қара ала торғайлар 

арбаның  алдына  түсіп  алып  бір  қонып, 

бір  ұшып  жолаушыны  ұзатып  салды. 

Қазақ  оны  «ж  о  л  ш  ы  а  л  а»  дейді.  Ол 

байғұс қызғышқа ұсап, ұясын қорғап жүр

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 247).



ЖОЛЫҚТЫРТ Жолықтыр етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Араға отыз жылдай 

уақыт түсіріп, екеуін өткел аузында ж о л ы қ



т а р т қ а н тағдырдың жазуы, бұйырымы 

еді (М. Айымбетов, Құмөзек., 55).



Ж ОЛ Ы Қ Т Ы Р Т У   Ж о л ы қ т ы р т 

етістігінің қимыл атауы

ЖОН:  Жон  арық.  Оңтүстік  шығыс 

аймақта  өзеннен  шығарылған  арықты 

жон арық деп атайды (Қаз. этнография., 

1, 200). Тау  бөктеріндегі  қия  беткейден 

жонның үстінен қазылған соң, оған ж о н

а р ы қ деп ат қою – табиғи құбылыс (Бұл да).

ЖОНАС з а т. ж е р г. Биік, дөң жер. 

Сонан  соң  ауыл  сыртына  шыға  бере-ақ, 

сонау есік алдындағы ж о н а с қ а бала 

арқалап  өрмелеген  ананың  ағараңдаған 

жаулығын көзі шалған болатын (А. Меке-

баев, Аңызақ, 90).



Ж О Н Д АУ   Ж о н д а   ( ұ р ы п - с о ғ у ) 

етістігінің  қимыл  атауы.  От  басын  жай 

түскендей жайратып: «иттің ғана қатыны-

ай,  қалғанын  қайда  тықтың?!»  деп  жорға 

Бикені ж о н д а у ғ а кіріскен (Қ. Ысқақов, 

Ақсу., 46).

ЖОНДЫ с ы н. а у ы с. Семіз, қоңды. 

Жыл  сайын  азын-аулақ  табынның  ең 



ж о н д ы л а р ы н қызылға жығып алып отыр-

саң, жылқы байғұс əлбетте ұсақтайды, аз-

ғындайды (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 450).

ЖОҢҒАР з а т. Қазақстанның шығыс 

жағында  жатқан  ойраттар.  Еділ 

бойындағы  ойраттарды  қалмақ  деп,  ал 

шығыстағы ойраттарды ж о ң ғ а р л а р 

деп атау тарихы қалыптасып кеткен нəрсе 

(Б, Нұржекеев, Өзендер., 225). Еңгезердей-

еңгезердей төрт ж о ң ғ а р төрт таған жасап 

тұр (О. Бөкеев, Үркер, 89).

ЖОҢҒАРША ү с т. Жоңғар тілінде. ≈ 

Ж о ң ғ а р ш а əмір берді.

ЖОРАБОЗА з а т. э т н. Боза жасаған 

үй  алғашқы  бозасына  көрші-қолаңдарын 

шақырып,  кішірек  той-томалақ  жасау 

дəстүрі. – Ж о р а б о з а д а шырқалтып 

əніңді  шығарған  жігіт – мынау  Білісбай

(Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 133). Ж о р а б о з а

бүгін Ембердінің үйінен басталмақшы еді 

(Қаз. əдеб., 27. 05. 1977, 3).

ЖОРАҚЫМЫЗ  з  а  т.  э  т  н.  Арнайы 

шақырып,  қымыз  беру  дəстүрі  (салты). 

Онда  қыз-бозбала  жиналып,  бастаңғы,



ж о р а қ ы м ы з жасап, əндетіп-сəндетіп 

жатады (Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 63).



ЖОРАСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Салт-дəс-

түрсіздік,  ғұрыпсыздық;  жөнсіздік, 

216

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

əділетсіздік. Осы екі бірдей ж о р а с ы з 

д ы қ салдарынан Қазақ елі мүлде дерлік 

иесіз, басшысыз қалды (Ата салты., 20).



ЖОРҒА з а т. Бесік бөгендеріне (иілген 

бастарына)  қарама-қарсы  тұрған  та-

бандары. Ж о р ғ а н ы ң жоғарғы бөлігі 

түзу,  ал  төменгі  бөлігі  дөңес  келеді  (Қаз. 

этнография., 2, 424).

ЖОРҒАБІЗ.  э  т  н.  Зергерлердің 

сəндік  бұйымдарға  өрнек  салу  үшін 

тұтынылатын  құралдарының  бірі. 

Ұсталар  мен  зергерлердің  пайдалана-

тын  құрал-саймандары:  қысқаш,  төс, 

қадаубас, кескіш, жыланкөз, ж о р ғ а б і з.

Соңғысын  кейде  шимай  біз  деп  те  атай-

ды  (Ə.  Тəжімұратов,  Шебер., 78). Өрнек 

салғыш бізді ж о р ғ а б і з деп атайды (Қаз. 

этнография., 1, 580).



ЖОРҒАҚ

1

  з  а  т.  Жорғалап  қалған, 



жағымпаз, елпелек. ≈ Ж о р ғ а қ т а р д ы 

жаным жек көреді. 



ЖОРҒАҚ

2

  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ырғақ.  Бұл 

негіздің  шарты  орнына  келмесе,  өлеңнің 



ж о р ғ а ғ ы келмейді: ж о р ғ а ғ ы келме-

генде жорға деуге болмаған сияқты ж о р-



ғ а ғ ы келмеген өлеңді өлең деуге болмай-

ды (А.Байтұрсынов, Шығ., 190).



ЖОРҒАЛАҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жорғақ

Екі  тілмаш  ж  о  р  ғ  а  л  а  қ  ел  кісілеріне, 

болыстарға қарамайды (М. Əуезов, Қилы 

заман, 12).



ЖОРҒАТОРҒАЙ з а т. з о о л. Тұрқы 30 

см-дей, салмағы 80-100 г-дай, сұр түсті, 

отырықшы құс; сойка. Ж о р ғ а т о р ғ 

а  й  тіршілігінің  көпшілігін  жер  бетінде 

жемін ұстаумен өткізеді. Қауіп төнген кезде 

ұшпайды, жорғалап бұта түбін тасалайды 

(Қаз. табиғ.., 2, 98). Ж о р ғ а т о р ғ а й л 



а  р  емен  түрлері  мен  жеміс-жидектерден 

4  кг-ға  дейін  қыста  жейтін  азық  қорын 

жинайды екен (Қ. Аймағамбетова, Табиғ. 

тану., 33). Ал ж о р ғ а т о р ғ а й д ы ң

ағаш  жаңғақтарын  жапырақ  арасына 

тығып, азық қоры ретінде сақтайтын əдеті 

бар (Құстар, 4).

ЖОРНАЛШЫЛДЫҚ з а т. Жорналда 

қызмет істегендік, жорналшы болғандық; 

жорналшылдық. Ал ж о р н а л ш ы л д ы қ

қ  а  басшылық  департаментін  Телерадио 

жəне  баспасөз  басқармасы  десе  түсінікті 

ғой (Ана тілі, 14. 11. 2012, 7).

ЖОРТУЫЛ з а т. ə с к. Əскердің алдын-

да  жүріп,  жау  туралы  хабар  жеткізуші 

жауынгерлер  тобы.  Жауынгерлер  қашан 

қатерлі хабар жетеді деп, зарыға сарғайған 

тұтқауылдан гөрі алда ж о р т у ы л аузын-

да  қарауылда  болғанды  тəуір  көруші  еді 

(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 179).

Ж О Р Т У Ы Л Д А С   Ж о р т у ы л д а 

етістігінен жасалған ортақ етіс. Бұрын 

екеуі алма-кезек ж о р т у ы л д а с қ а н



д а осы бұтаға сарысып кететін-ді (Жалын, 

1974, №5, 78).



ЖОР ТУЫЛДАСУ   Жортуылдас 

етістігінің қимыл атауы. 

Ж О Р Т У Ы Л Д АТ   Ж о р т у ы л д а 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс  (Ер 

есімі., 141).



ЖОР ТУЫЛДАТУ  Жортуылдат 

етістігінің қимыл атауы

ЖОРТУЫЛПАЗ  с  ы  н.  Жортуыл-

дап  жүретін,  тынымсыз.  Ж  о  р  т  у  ы 

л  п  а  з  қаншық  белуардан  келетін  би-

дайықты,  ат  бауырын  соғатын  сарбас

пен көк шашыратқыны жоқтады (Жалын, 

1974, №5, 78).



ЖОРТЫМЫШ с ы н. с ө й л. Жорт-

паш. – Мына  иттің  ит  сияқтанып  ілесіп 

келе жатқанын қарашы, – деді Үлкенбай, 

қарасы  қарғадай  болып  шомбып  келе 

жатқан кішкентай ж о р т ы м ы ш қ а ат 

үстінен  үрке  қарап  (Е.  Тұрысов,  Құралай 

жолы, 20).



ЖОРЫҚ:  Жорық  үй.  Жорық  кезінде 

өздерімен  бірге  алып  жүретін,  тігілуі 

де,  жығылуы  да  оңай  (тез)  жеңіл  үй. 

Көшпелі елдің өмір салты үйлердің алуан 

түрін  өмірге  келтірген.  Олар: ... итарқа, 

жаппа,  қаңқа,  қоспа,  жоламай,  ж  о  р  ы 



қ    ү  й,  жолымүй  т.б. (А.  Сейдімбеков, 

Күңгір-күңгір., 190). Жолаушылар  мен 

жорықшылардың тігетін үйлерін абылай-

ша, қос, қаңқа, ж о р ы қ ү й деп атаған 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 25).

ЖОРЫҚШЫЛДЫҚ  с  ы  н.  Жорық-

құмар,  жорыққа  жиі  шыққыштық.  Бел-

деуден аты, белден қару-жарағы кетпеген



ж о р ы қ ш ы л д ы қ заман, Ақсақ Темірдің 

əмірімен ол Сығанақ жаққа жорыққа жол 

шеккен (І. Есенберлин, Шығ. жин., 9, 315).

ЖОРЫТУШЫ з а т. Түсін жорытқан 

адам. ≈ Түсін ж о р ы т у ш ы үнсіз қалды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет