ЖАРМАҚ
2
с ы н. ж е р г. Екі жүзді,
қу, айлакер, сұрқия. Бұл жағымпаздар мен
ж а р м а қ т а р д ы ң асығы алшысынан
түсіп, дəуірі жүріп тұрғанын көрсетеді (Жас
Алаш, 30. 12. 2010, 2).
ЖАРНАЛАСТЫҚ з а т. Жарнаға
ортақтастық, жарнаны бірге төлегендік.
– Жумайсың ба? – Бірге жуайық. – Мұнда
ж а р н а л а с т ы қ жүрмейді (С. Лəмбеков,
Əке жол, 138).
ЖАРТАСТАН е т. Жартас болу,
жартасқа айналу. Енді бірде долданып,
құзар шың биік ж а р т а с т а н ы п,
жадағай жайсыз жайылады (Ы. Кененбаев,
Інжу-маржандар, 3).
Ж А Р Т А С Т А Н У Ж а р т а с т а н
етістігінің қимыл атауы.
ЖАРТЫАРАЛ з а т. с ө й л. Түбек. Бір
жағы құрғаққа тұтасып, үш жағы су болса:
ж а р т ы а р а л, – дейді (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 9, 222).
ЖАРТЫКЕШТЕНУ Жартыкештен
етістігінің қимыл атауы.
ЖАРТЫЛАЙ: Жартылай финал.
Спорт ойындарының ақтық жарыс
алдындағы кездесуі. С. Сапиев бокстан
ж а р т ы л а й ф и н а л ғ а өтті (Жас Алаш,
08. 08. 2012).
ЖАРТЫЛЫҚ з а т. Толық (бүтін)
еместік, жарымдық. Жылдар бойы селт ет-
пеген көңілі елегізіп, жалғыздығын, ж а р т
ы л ы ғ ы н тап осы сəт қана мойындағандай
(Ж. Түменбаев, Қардағы із, 12).
ЖАРТЫМСЫЗДАУ с ы н. Мардым-
сыздау, болымсыздау. Айдың ж а р т ы м
с ы з д а у жарығында қарауыта көлбеп
жатқан нуға жақындап та қалғанбыз
(Қ. Қараманұлы, Ай куə, 40).
ЖАРЫҚЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р.
«Сириус» жұлдызының қазақша атауы.
«Ж а р ы қ ж ұ л д ы з (Сириус) туғанда
ыстық жаз өтті, малдың мазасын алатын
шыбын-шіркей көп ұзамай құриды» деп
есептелді (ҚазССР тарихы, 2, 374). Ол
үркердің толықсыған кезі осы кез екенін,
құсжолының жоғалауына екі ай қалғанын,
құйрықтыжұлдыз бен ж а р ы қ ж ұ л
д ы з д ы ң қашан, қалай жылжитынын,
жетіқарақшының мекенін айтып өтті
(Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 118).
ЖАРЫҚМАЙ қ. Вазелин. – Сенің əлгі
ернің жарылғанда жағатын ж а р ы қ м а й
ы ң қайда? (Ө. Қанахин, Өз ақылымен, 16)
ЖАРЫҚТА е т. с ө й л. Жарық түсу,
қараңғылық серпілу. Қара-көлеңке тар-
тып қалыпты, есігін шалқасынан ашып
тастағанымен ж а р ы қ т а м а д ы (М.
Құмарбекұлы, Жер иесі, 20).
ЖАРЫҚШЫЛЫҚ с ы н. Жарық
беретіндік. Жақын қандай, жат қандай?
Барлық қандай, жоқ қандай? Сəулесі түскен
əлемге, Ж а р ы қ ш ы л ы қ күн қандай?
(Ел аузы., 223).
ЖАРЫЛҚАСЫНХАТ з а т. с ө й л.
Алғысхат. Қатын патша Иванқызының
Əбілқайырдың жіберген елшілеріне берген
197
Байынқол Қалиев
грамотасы (ж а р ы л қ а с ы н х а т ы) міне
(Соц. Қаз., 20. 03. 1991, 3).
ЖАРЫМАҚЫЛ з а т. с ө й л. Жары-
мес. Ол ж а р ы м а қ ы л, жарымжан
боп оралмайды. Өлсе, өндіршегі үзілгені
(Қ. Қараманұлы, Қайраң өткел, 16).
ЖАРЫМША з а т. Жерді жалға алып,
егін егіп, өнімнің жартысын жер иесіне
беретін егіншілік (Қаз. этнография., 2, 235).
ЖАРЫСТАСТЫҚ з а т. Жарыстас
болғандық, жарысқа түскендік. Аппарат-
шы өзара ж а р ы с т а с т ы қ дəстүрімен
биік белестерге беттеп келеді (Лен. жас.,
17. 11. 1983, 1).
ЖАСАҒАНСУ Жасағансы етістігінің
қимыл атауы.
ЖАСАҒАНСЫ е т. Бір нəрсені жасаған
болу. – Егер қазір бір вальс ойналса, мен
сізбен билеймін! – деп Зарина маған
ескерту ж а с а ғ а н с ы п, тотайлана көзін
төңкеріп өтті (Ə. Асқаров, Таңд., 135).
Ж АСА Л Ы Н Д Ы с ы н . Қ ол д а н
жасалынған, тума. Біздің айналамыздағы
нəрселердің бəрі не табиғат ісінен шыққан
жаратынды нəрсе, не адам ісінен шыққан
ж а с а л ы н д ы нəрсе (А. Байтұрсынов,
Шығ., 137).
ЖАСАҢДАН е т. Көк шөп өсу, көгеру,
көктеу. Бастаудың күзді күні де ж а с а ң д
а н ы п жататын маңайы опыр-топыр тағалы
аттың ізі түскен (Қаз. əдеб., 08. 06. 1984, 8).
ЖАСАҢДАНУ Жасаңдан етістігінің
қимыл атауы.
ЖАСАҢЫТЫП ү с т. Жап-жасыл
болып, көгеріп. Үй қасындағы Бозтөбе де
кешкі салқынмен ж а с а ң ы т ы п, жазық
далаға иықтанып кербез қарайды (Е. Рахи-
мов, Тентек келін).
ЖАСАСТЫР Жасас етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Ол «Мұхит патрулі»
романын басып шығаруға автормен шарт
ж а с а с т ы р а д ы (М. Əлімбаев, Көңіл
күнде., 219).
ЖАСАСТЫРУ Жасастыр етістігінің
қимыл атауы.
ЖАСАСЫНДАП ү с т. Жасасын-жаса-
сын деп ұрандап. Өйткені бүгінгі «жойыл-
сындап» өрекпитін əлеуметтік əулекіліктің
кеше «ж а с а с ы н д а п» жалындағанын-
да қандай ұшпаққа жеткізгенін көргенбіз
(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 447).
ЖАСАУЫЛБАСЫ з а т. Жасауыл-
дарды басқарушы адам. Ж а с а у ы л б а
с ы шеріктерді бастап ілгері жүріп кетті
(Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр, 2, 253).
ЖАСАУЫЛБЕГІ з а т. Жасауылдар-
дың басшысы. Оларды қоралай тұрған
қырық қаралы адам ішінде сұлтанның ж
а с а у ы л б е г і, онбасылары, күреннің
бетке ұстар азаматтары (М. Мағауин, Ала-
сапыран, 98).
ЖАСТАНДЫРУ е т. с ө й л. Жасарту.
«Кадрлар қосынын ж а с т а н д ы р у,
білімдендіру, төңкерісшілдендіру» деген
үндеулер санасынан өшпестей орын алған
(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 15).
ЖАСТҮЛЕК з а т. з о о л. Төрт жасқа
толған бүркіт. Бүркіт бір жаста – бала,
екі жаста – қантүбіт, үш жаста – тірнек,
төрт жаста – ж а с т ү л е к, бес жаста –
мұзбалақ, алты жаста – көктүбіт, жеті жаста
– қана, сегіз жаста жана деп аталады (Туған
жер., 143).
ЖАСТЫ с ы н. Жасқа келген ,
жасқа толған. Мосқал ж а с т ы əйел
(С. Мұқанов, Мөлдір махаб., 83).
ЖАСТЫҚАҒАШ з а т. Бір нəрсе
істегенде, оның астына қойылатын
жалпақтау ағаш. Керегенің желілерін
көктеу үшін астына қойылатын ағаш-
ты – ж а с т ы қ а ғ а ш деп атайды
(Ə. Тəжімұратов, Шебер., 27).
Ж АС Т Ы Қ Т Ы С з а т. Ж а с т ы қ
бидайының сыртын қаптау үшін арнайы
тігілген мата. Бидайдың сырты əртүрлі
асыл матамен қапталады. Оны «ж а с т ы
қ т ы с» деп атайды (Шаңырақ, 95).
ЖАСУШЫЛЫҚ з а т. Жасып, көз
жасын ағызушылық. Бақ қонса тасып,
бақ тайса ж а с у ш ы л ы ғ ы м е н, тəкап-
парлығымен, екі беттілігімен, рушыл-
дығымен, жершілдігімен ерекшеленеді
(А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 98).
ЖАСЫ
1
з а т. к ө н е. Мылтық.
Ұрулының оғы қалса жоғалмас, жалғыздың
ж а с ы қалса табылмас (Қаз. мақал.).
ЖАСЫ
2
з а т. к ө н е. Шыңғыс хан
əскерінің арасындағы тəртіп туралы оның
өзі қалыптастырған ереже, заң. Шыңғыс
хан дүние салғанына қырық жылға таяп
қалғанымен оның мұрагер балалары,
немерелері əйгілі «Дүние əкесінің» тəртіп
ж а с ы с ы н д а жазылған əмірлерін
бұлжытпай орындап келген (І. Есенбер-
лин, Алтын орда, 1, 69). Шыңғыс ханның
ж а с ы с ы жəне жарлығы бойынша егер
198
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ұлы хан тұқымынан біреу қылмыс не күнə
істейтін болса, оны бүкіл Шыңғыс ұрпағы
боп қарап, үкім шығаруға тиісті болатын
(Бұл да, 1, 99).
ЖАСЫҒЫШ с ы н. Жаси беретін,
жылағыш. Дауылбай емешегі езілгіш, бор
мінез, ж а с ы ғ ы ш т а н емес. Қайтадан
қара тастай қасарып алды (Ш. Мұртазаев,
Қызыл жебе, 184).
ЖАСЫЛ: Жасыл тасбақа. з о о л. Теңіз
тасбақасының жасыл түсті бір түрі. Ж а
с ы л т а с б а қ а – теңіз тасбақаларының
ең əйгілісі. Ол «тасбақа шөбі» қалың өсетін
қойнаулардан қоректенгенді ұнатады (Су
асты. тіршілік, 70).
ЖАСЫЛДАНДЫР е т. Жасыл күйге
келтіру, ағаш отырғызу, өсімдік өсіру.
Егер сіз тұрған ауыл-селоңыздың, қаланың
көрікті болуын қаласаңыз – ж а с ы л д а н
д ы р ы п, гүл атыздарын егуге ат салысыңыз
(Лен. жас, 31. 03, 1973, 4).
ЖАСЫЛДАНДЫРУ Жасылдандыр
етістігінің қимыл атауы.
ЖАСЫЛША з а т. б о т. Көгөніс ретінде
пайдаланылатын бір жылдық мəдени
өсімдік; петрушка (Өркен, 24. 02. 1990, 12).
ЖАСЫНДАН е т. Жасындай жалт-
жұлт ету, от шашу, ұшқындау. Жұрт
кемпірдің жүзіне аңырап қарағанда кəрі
шүңірек өткір көзінің от шашып, ж а с ы н
д а н ы п алғанын көрді (Р. Ниязбеков,
Отағасы, 123).
ЖАСЫНДАНУ Жасындан етістігінің
қимыл атауы.
ЖАСЫРУШЫ з а т. Бір нəрсені
жасырған адам. Егер екінші бала ж а с ы
р у ш ы н ы ң ортаңғы саусағын дəл тапса,
ұпайды бірінші бала тартады, таба алмаса,
екінші бала тартады (Ғажайып бау, 73).
ЖАСЫРЫНДАУ с ы н. Құпиялау,
беймəлімдеу (жағдай). Ауылдағылардан
бұрын аудандағылар жариялы түрде де,
жариясыздау, ж а с ы р ы н д а у жағдайда да
түсе бастады (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 208).
ЖАТ: Жата беріске тастады. Айласын
асырды, алдады. Қал берді ж а т а б е р
і с к е т а с т а п, құралақан еместігің-
ді байқатып қоюдың артықтығы жоқ
(Қ. Қазиев, Иманжапырақ, 67).
ЖАТАҒАН: Жатаған сексеуіл.
Сексеуілдің аласа, жермен-жексен бо-
лып өсетін түрі. Ж а т а ғ а н с е к с е
у і л, дүзген, көк жусан, изен, еркекшөп,
ақтаспа, көктаспа, ебелек, қылша, селеу –
осылар сияқты қой малы сүйсініп жейтін
өсімдіктердің алуан түрі бар (Ұ. Доспан-
бетов, Шығ.ғ 4, 175).
ЖАТАҚЖАЙ з а т. Жататын жері,
жатақхана. Оның 2-3 жыл бойғы шарлаған
жолы завод пен ж а т а қ ж а й арасы деуге
болар еді (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 76).
Ж АТА Қ Т Ы Қ с ы н . Ж а т а қ қ а
жарарлық, жатуға боларлық. Серіктесім
өзіне ж а т а қ т ы қ орын даярлап келді
(А. Сейдімбеков, Қыр хикаялары, 151).
ЖАТБАУЫРЛАН е т. Жатбауыр болу,
жатсыну. Ал бүгін осының алдамшы ғана
үміттей, қуыс кеудесінен ж а т б а у ы р л
а н ы п барады (Қаз. əдеб., 28. 03. 1975, 4).
ЖАТБАУЫРЛАНУ Жатбауырлан
етістігінің қимыл атауы.
ЖАТЖАЗУ з а т. к ө н е. Жатқа жазу;
диктант.
ЖАТҚЫЗ е т. ж е р г. Өсіру, егу. Тозған
жерге жоңышқа ж а т қ ы з ы п тастамақшы
(З. Шүкіров, Қиын түйін, 4, 18).
ЖАТҚЫЗУ Жатқыз (өсір, ек) етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖАТСАБАҚ Белгілі бір мəтінді жат-
тату сабағы. Кешкілік ж а т с а б а қ
жаттады. У-шу болып ауылды басымызға
көтереміз (Б. Майлин, Шығ., 97).
ЖАТЫҚТЫЛЫҚ з а т. с ө й л. Жатық-
тық. Бұлар – жаттығу емес, ж а т ы қ
т ы л ы қ қ а ұмтылу, шеберлік мұқтажынан
туған сөздер тіркесімі (М. Əлімбаев,
Өрнекті сөз, 78).
ЖАТЫРҚАҒЫШТЫҚ з а т. Жат-
сынғандық, бөтенсінгендік. Оның үстіне
кісі ж а т ы р қ а ғ ы ш т ы ғ ы м да бар
(Т. Ахтанов, Шырағың сөнб., 60).
ЖАТЫРҚАТ Жатырқа етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
ЖАТЫРҚАТУ Жатырқат етістігінің
қимыл атауы. Танымайтын ел, ой-шұңқыры
мол жер жігітті ж а т ы р қ а т у д ы ң ор-
нына өзіне тарта берді (Коммунизм туы,
01. 09. 1967, 3).
ЖАТЫРҚАУЛЫҚ з а т. с ө й л.
Жатырқаушылық. Жаяу жүрген тəуір
киімді кісілерді сыртынан бағып,
терезелерінен сығалаған əлдекімдердің
сұлбасын аңғарғанда, əлдеқандай ж а т
ы р қ а у л ы қ т ы сезген Тоқтарбайдың
таңырқауы көбейіп кетті (О. Сəрсенбай,
Шығ., 5, 30).
199
Байынқол Қалиев
ЖАТЫРҚАУЫҚ с ы н. Жатырқағыш,
жатсынғыш, бөтенсінгіш. Арада апта
өткенде барлық ж а т ы р қ а у ы қ сезімнен
арылып, түз тіршілігінің айнымаған өз ада-
мы болды да шықты (С. Үсенұлы, Елік., 15).
ЖАТЫС Жат етістігінен жасалған
о рт а қ ет і с . Та қ ы рд а а с ы қ т ы б і р
атысқансың, Тебісіп төсекте бір ж а т ы с
қ а н с ы ң. Күлшені күлге піскен бөлісіп
жеп, Адал дəм қолдан бірге татысқансың
(Ə. Оңалбаев, Таң алдында, 44).
ЖАУ з а т. к ө н е. Май, шыр. Байырғы
қазақ тілінде май «ж а у» деп аталған. Бұл
сөз қазір балқар, қарашай тілдерінде қалды
(Соц. Қаз., 02. 04. 1991, 4).
ЖАУАПХАТ з а т. р е с м и. Мекемеге,
кəсіпорынға келіп түскен хаттарға жауап
қайтарылған хат. Ж а у а п х а т т а келіп
түскен өтініш немесе тапсырыс мазмұны
қайталанып, соған орай қандай шешім
қабылданғаны баяндалады (Ə. Хамзина,
Іс қағаз., 77).
ЖАУБАЛШЫҚ з а т. к ө н е. Бал-
шықтан тұрғызылған қорған. Обадай
үйілген осынау ж а у б а л ш ы қ т ы
Маншың билеушілері өткен ғасырдың
аяғында ондаған жыл бойы салған екен
(Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 42). Қытай жа-
ғы ертерек орнығып, ж а у б а л ш ы қ қамал
соғып алғандықтан, қаланы өзіне қаратып
алған (Қ. Жұмаділов, Таңғ. дүние, 84).
ЖАУБАСАРЛЫҚ з а т. Жаубасар
болғандық; батыл, өжет. Астамсыған
елшінің қолынан бермегенін жолынан
аламыз деген ж а у б а с а р л ы қ көбейді
(Ə. Кекілбаев, Үркер, 362).
Ж АУ Г Е Ш Т І с ы н . Ж а у д а н
қорықпайтын, жаужүрек. Сонымен бірге
татарлар Шыңғыс бабамның ең бір ж а
у г е ш т і барлаушылары еді (О. Бөкеев,
Мұзтау, 31).
ЖАУЖИРАТ з а т. Моңғол тайпа-
ларының бірі. - Əкең Шыңғысхан алты арыс
ел – ж а у ж и р а т, дүрбіт, қоңырат, ке-
рей, меркіт, найман, жалайыр боп ақ киізге
салып хан көтергелі қаншама жер мен елді
шапты (Е. Тұрысов, Темірлан, 168).
ЖАУКЕС с ы н. Жауыққан, қас. Менің
осы осалдығымды ж а у к е с балалар өте жақ-
сы біледі (Б. Соқпақбаев, Балалық., 108).
ЖАУҚАБАҚ с ы н. Түксиген, сұсты,
қалың қабақ. Қабырғаға ілінген суреттегі
отырысының өзі төредей биік, түксиген
ж а у қ а б а қ жігіттің бұл сəбиге тікелей
қатысы бары айтқызбай-ақ белгілі болып
тұр (Ж. Қорғасбек, Жынды., 159).
ЖАУҚАЗЫН з а т. а у ы с. Ең алғаш
бүр жарған өнер ошағы. Гүл өсіретін
шаруашылыққа бара жатқандықтан ба,
өнеріміз бен өміріміздің ж а у қ а з ы н ы
– «Гүлдер» ансамблі сүйіп айтатын əн
ырғағы орала береді (Жетісу, 01. 05. 1970).
ЖАУЛАСТЫҚ з а т. Жау болушылық,
араздастық, қастасушылық. Менің
күндерім ж а у л а с т ы қ қ а, күнə мен
қылмысқа толы (Т. Əбдікұлы, Парасат.,
138). Бұл ж а у л а с т ы қ т ы ң мазмұны
бөлек, қай заманда да қалмайтын – кəдімгі
бақталастық (Т. Əбдіков, Өліара, 291).
ЖАУТАҢ з а т. Түлкінің күшігі. Ба-
зардан базар барып бөз алмадым. Оңаша,
жалғыздыққа төзе алмадым, Түлкінің ж а
у т а ң ы н д а й сені көрсем, Құшақтасып
өлсем деп көз алмадым (Соц. Қаз., 02. 04.
1991, 4).
ЖАУТАҢДАУЫҚ з а т. Жаутаңдай
беретіндік, жаутаңшыл (Ш. Мұртазаев,
Қызыл жебе, 47).
ЖАУТҰМАҚ з а т. Тұмақтың бір түрі.
Бастарына желкесін көмген ж а у т ұ м а қ,
үстеріне қалың ішік киген екі бейтаныс
бірінен соң бірі ішке кіріп сəлемдесті
(Д. Исабеков, Тіршілік, 146).
ЖАУҺАР з а т. к ө н е. 1. Құрыш бо-
латтан отқа қыздырмай (суықтай) соққан
қылыш. Олар қылыштың темірін отқа
қыздырмай, «суықтай соғу əдісімен» «ж а у
һ а р» деп аталатын атақты Шам шəһарының
құрыш болатын соғып шығарады (В. Ян,
Шыңғыс хан, 51). 2. а у ы с. Өте қымбат,
асыл (туынды). Ғалымдардың пікіріне
қарағанда киіз үй əлемдік сəулет өнерінің
ж а у һ а р туындылары қатарына жатады
(Білім жəне еңбек, 1986, №7, 11). 3. п о э т.
Асылдар, қымбатты адамдар. – Бұхар,
Абай, Махамбет, Құрманғазы, Ықылас
тағы басқа толып жатқан ж а у һ а р л а р
туралы сіз не білесіз? (Ш. Мұртазаев,
Жұлдыз көпір, 227). Қазақтың професси-
оналды тума өнері бүгінде шырқау биікке
көтеріліп, дүниежүзілік мəдени ж а у һ а р
л а р д ы ң табағына ортақтаса бастағаны
əмбеге аян (Лен. жас, 13. 05. 1972, 3).
ЖАУЫНГЕРЛЕУ с ы н. а у ы с. Батыл-
дау, ержүректеу (М. Мақатаев, Дариға-
жүрек, 41).
200
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЖАУЫРАҒАШ з а т. Арқасы жауыр
болған аттың мойнына байланатын ағаш
құрал. Ж а у ы р а ғ а ш жылқының мойнын
артына қарай иліктірмей, жараны бүлінуден
сақтайды (Қаз. этнография., 2, 259).
ЖАУЫРЛЫҚ з а т. Жауыр болғандық
(Ақын жырл., 7).
Ж АУ Ы Р Ы Н : Жау ы р ы н ы ж а -
б ы с т ы . Ж а с н ə р ес т е н і ң б ес і кт е
(төсекте) қозғалмай, үнемі шалқасынан
жатқандықтан жауырынының жабысып
қалуы. Ж а у ы р ы н ы ж а б ы с у ауруы
асқынып кеткен кезде ел арасында арнайы
тəжірибесі бар жауырын ашатын, қолы
шипалы апалардың көмегіне жүгінген (Қаз.
этнография., 2, 265).
ЖАУЫРЫНШАҚ з а т. Көйлек жəне
жейде сияқты бой киімінің жауырын
тұсының ішкі жағынан матадан қабаттап
салынатын қосымша астары. Ж а у ы р ы н
ш а қ көйлектің иықтан төменірек екі жау-
ырын тұсының ішкі жағына ғана салынады
(Қаз, этнография., 2, 264).
ЖАҺАНДАНДЫРУ з а т. с ө й л.
Жаһандану. – Ж а һ а н д а н д ы р у келіп
қалды, Қарагөз, ж а һ а н д а н д ы р у. Бала
соған дайын болуы керек (Ж. Қорғасбек,
Жынды қайың, 149).
ЖАЯ: Жая қазы. Жаяның майынан
жасалған қазы. Ішінен екі қыртыс қазы
шықты. Бұның өзі кіндік қазы, тел қазы,
ж а я қ а з ы, омыртқа қазы, қабырға қазы
боп тарайды (Қаз. əдеб., 28. 11. 1986, 9). –
Əй, құрдас, – деді ол Ноғайқұлға. – Біздің
Бикенде кіндік қазы, төс қазы, бел қазы,
қос қазы, ж а я қ а з ы бар. Қайсысын
қалайсың? (Т. Əлімқұлов, Ел мен жер, 59).
ЖАЯУ з а т. ш а х м. Шатыраш
ойынының бір тасы; пешка. Бір ж а я у
д ы жүремін Ойын болар порым жоқ. Бұл
шатырашта білемін, Мерзімдерге орын жоқ
(Шəкəрім, Шығ., 400). Ал екінші есепте
қара жағында екі ж а я у аз екенін көруге
болады (Ана тілі, 31. 01. 2013, 12).
ЖАЯУ: Жаяу əңгіме. Бос əңгіме,
қысыр əңгіме. Бірін сүйеп, біріне сүйенген
көзі жасты келіншектер жөн сұрасып,
бір кезде ж а я у ə ң г і м е г е көштік
(Б. Нұржекеев, Күй толғау, 45).
Жа я у к ө к п а р . Ж а я у а д а м д а р
қатысатын көкпар ойыны. Он адамдай
жерде жатқан көкпарды қай озғандары
алып қашып, көмбеге бұрын жеткені
озады. «Ж а я у к ө к п а р» ойынына
мықтылардың мықтысы ғана қатысады
(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 77).
Достарыңызбен бөлісу: |