КҮРКІРЕУ з а т. ж е р г. Желі аңыраған,
ұйтқып соққан сай, жыра. Сол жылы бұ-
лардың да сауып отырған інгені ығып кетіп,
ауыл сыртындағы к ү р к і р е у д е қатып
қалған-ды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 374).
КҮРЛЕУІТ з а т. Ертеректегі ірі
тайпалардың бірі. Əзелде туысы басқа
меркіт – керейге сіңді, ұлысы басқа к ү р
л е у і т – қыпшаққа телінді (М. Мағауин,
Аласапыран, 2, 148).
КҮРМЕК... 2. Күрмек өсімдігінің дəні.
Абай атындағы колхоздың астығынан бір
уыс дəнді көсіп алған Ж. Əбжəмиевтың көзі
табанда аларып кетті. Қаптаған к ү р м е к
(Ленин жолы, 13. 02. 1968, 3). «Осы көріп
тұрғаным рас па?» деп күдіктенген бас
агроном көздерін жыпылықтатып жіберіп
қайта қарап еді, тағы да бір күріш, бір к ү р
м е к т е н басқа ешнəрсе көрінбеді (Бұл да).
КҮРӨШКЕ з а т. Тұтқасы бар, қалайы
немесе шыны ыдыс. К ү р ө ш к е л е р і м і з
б е н бұлақтан су алып ішуге мұрша бермеді
(Ж. Өмірбеков, Қызыл су, 110).
КҮРПІ е т. ж е р г. Кенересінен асу,
асып-тасу, толықсу. К ү р п і г е н қос дари-
яны қатар емген телегей теңіз қыста да, жаз-
да да кенересінен асып, ісініп, ыңыранып
жатқаны (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 130).
КҮРПІК с ы н. Көмпиген, қомпиған,
қобыраған. Күн кештете көтерілген жел
де қазір қатайып, түнде жауған к ү р
п і к қардың бет жағы əлден түтігіп,
ақ жүлгеленіп сусып көше бастады
(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 297).
КҮРТ з а т. Бөлек бағылған мал; табын
(гурт). Ертесінде таңертең оның бəрін
қой к ү р т і н е əкеп тастады (Лен. жас,
10. 07. 1979).
КҮРТЕЛІ с ы н. с ө й л. Күртешелі.
Дүкенге кірген былғары к ү р т е л і адам
кішкене ғана əйнектен түскен болымсыз
сəуледен іштегілерді анық көре алмай, со-
стиып жол ортада тұр (М. Құмарбекұлы,
Жер иесі, 40).
КҮРТЕШЕЛІ с ы н. Күртеше киген,
күртешесі бар. Кенет бір бүйірден шыққан
дыбысқа жалт қарасам, былғары к ү р т е
ш е л і жігіт жымиып тұр екен (Балдырған,
1972, №4, 3).
КҮР ТЕШЕЛІК з а т. Күртеше
боларлық, күртешеге жарарлық. Араға
келіншегін салып, жылы-жылы жалғасып,
қымбат к ү р т е ш е л і к астары ақ қағаздай
жұмсақ иленген түлкінің терісін сыйлайды
(Д. Досжанов, Жолбарыс., 44).
КҮРТИ з а т. с ө й л. Күрте. Кемпіріне:
«тері к ү р т и і м қайда еді? Мата белбеуді
берші. Дойырды əкел», – деумен болды шал
(Лен. жас, 07. 12. 1972, 1).
КҮРТІК з а т. Жүгерінің ұнынан иленген
қамыр. Жүгері қамырын қанша илесең де
басы бірікпейді. Сосын кішкентайдан үзіп
алып, сығымдап, етке салады. Оны к ү р т
і к дейді (Т. Тобағабылов, Түсінсең еді мені,
25). Өзіңді қанша алдасаң да қамыр орнына
305
Байынқол Қалиев
салынған к ү р т і к к е көңілің шаппайды
(Бұл да).
КҮРТІКТЕНДІР Күртіктен етіс-
тігінен жасалған өзгелік етіс. Күн сайын
қар мен сырғақ түсіп, кейде жаңбыр жауып
қарды к ү р т і к т е н д і р і п, қатырып
тастады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1960,
№6, 82).
КҮРТІКТЕНДІРУ Күртіктендір
етістігінің қимыл атауы.
КҮРТІКТЕНУ Күртіктен етістігінің
қимыл атауы.
КҮРІГЕН з а т. к ө н е. Ханның күйеу
баласы. Хан күйеуі – к ү р і г е н атанады.
Одан артық не керек (М. Мағауин, Аласа-
пыран, 144). – Хан күйеуі к ү р і г е н г е тіл
тигізбе! – деді Ораз-Мұхамед шамданып
(Бұл да, 181).
КҮРІШ: Күріш көже. Күріштен
жасалған көже. К ү р і ш к ө ж е н і суға
қайнатып дайындайды (Шаңырақ, 199).
Күріш тазалағыш. т е х н. Күріш та-
залайтын машина. Вагонның есігінен к ү р
і ш т а з а л а ғ ы ш анық көрініп тұр (Қаз.
əдеб., 31. 10. 1975, 1).
КҮРІШШІЛІК з а т. Күріш егумен
айналысушылық. Күріш – дəмді дақыл. К ү
р і ш ш і л і к – тұзы ауыр кəсіп (Қаз. əдеб.,
04. 04. 1975, 1). – Сөзімді тыңдасаң, əлі де
кеш емес. Осы к ү р і ш ш і л і г і ң д і қой
(Қаз. əдеб., 25. 08. 1978, 1).
КҮС з а т. в е т. Жылқыда болатын
ауру түрі. Əсіресе оларды [атты] маңқа,
жамандату, қаназдылық, к ү с, жем түсу
сияқты жұқпалы аурулардан сақтау керек
(Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 53).
Күс ауру. в е т. Жылқының тұсарлық
т ұ с ы н д а ғ ы т е р і н і ң т ү г і т ү с і п ,
қатпарланып қалатын ауруы. К ү с а у р у ы
басқаларға жұққыш жəне ол атты жүруден
қалдырады (Қаз. этнография., 3, 301).
КҮСТАБАН з а т. п о э т. Ойын баласы
д.м. – Құдайға шүкір, бізде де он шақты
к ү с т а б а н, бір жаман шалымыз бар!
(Қ. Ысқақ, Тұйық, 92).
КҮСТАНА с ы н. Айыпты, күнəлі; бей-
шара. Ата-ана байғұс маңдайын тоқпақтап
к ү с т а н а халге түседі (Д. Досжанов,
Жолбарыс, 390).
КҮСТЕНІҢКІРЕ е т. Аздап күстену,
күстене түсу. Тек əттең, трактордың темірі
қажап сəл к ү с т е н і ң к і р е п кетіпті
(Ө. Ахмет, Қарқаралы., 67).
КҮСТЕНІҢКІРЕУ Күстеніңкіре етіс-
тігінің қимыл атауы.
КҮТІМПАЗ с ы н. Бір нəрсені күте
білетін, күте алатын. ≈ К ү т і м п а з
зейнеткер бақшасындағы гүлдерді жайна-
тып жіберіпті.
КҮТІМПАЗДЫҚ з а т. Күте білушілік,
күте алушылық. Сенде ондай кірпияздық,
артық к ү т і м п а з д ы қ деген де болмай-
тын (А. Əшімов, Таң. щығ., 1, 254).
КҮТТІРІҢКІРЕ е т. Тостыра түсу,
зарықтыру. Жігітті к ү т т і р і ң к і р е п
қойғаны анық (З. Шүкіров, Қиын түйін, 13).
КҮТТІРІҢКІРЕУ Күттіріңкіре
етістігінің қимыл атауы.
КҮТІМЕЛДЕ е т. Күтім жасау, күту,
жағдайына қарау. Əйеліңді жақсылап к ү т
і м е л д е м е с е ң болмайды (Ж. Қорғасбек,
Үлпілдек, 178).
КҮТІМЕЛДЕУ Күтімелде етістігінің
қимыл атауы.
КҮШ: Күш күйеу. э т н. Əйелінің
ата-анасының қолында тұратын күйеу
бала. «К ү ш к ү й е у» деп қызы болған-
мен, ер азаматы жоқ адамдардың өз қызы-
мен үйленген жігітті күшін пайдала-
н ы п , ө з а р а с е л б е с і п ж а н б а ғ у
мақсатымен өз үйіне кіргізіп алуын атай-
ды (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3,
66). Мұндайлар көбінесе қайын атасы-
ның қолына кіріп, жұмысын істей жүріп
қызына үйленетін, ондай күйеулерді
«к ү ш к ү й е у» деп атаған (Х.Арғынбаев,
Қаз. халқы., 167).
КҮШАЛА: Күшала ашыту. Күшала
өсімдігінің уын пайдалану тəсілі. Былтыр
Нұр ағам екеуі итке саламыз деп к ү ш а л а
а ш ы т қ а н. Күшаланы өкпеге тықты
да, жылы күлге көміп қойды. Үш күннен
кейін өкпе ушығып қап-қара болып кеткен
(Х. Есенжанов, Тар кезең, 298).
КҮШТІМСІН е т. Өзін күштімін
деп есептеу, мықтысыну. Ремнің өзінше
к ү ш т і м с і н і п, парторг Мəулетке дес
бермей жүретінін де еске алған (Ө. Ахмет,
Қарғаралы., 69).
КҮШТІМСІНУ Күштімсін етістігінің
қимыл атауы.
КҮШІКТЕП ү с т. а у ы с. Бүршік
жарып, балалап. Жер тоңазып қапты,
енді-енді к ү ш і к т е п келе жатқан қайың,
талдың бүршіктерінде мұздақ кілегей бар
(Қ.Ысқақов, Тұйық, 175).
306
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КІБІТ з а т. ж е р г. Астық, тамақ
сақтайтын үй; қойма. Ас үй, бойра , к і б і
т, кілет, шошала деп аталатындарды тамақ
сақтайтын, ас əзірлейтін үйлер болған
(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 190).
КІДІЛЕНУ Кіділен етістігінің қимыл
атауы.
КІДІРІСТЕУ Кідірісте етістігінің
қимыл атауы. Төртеуі к і д і р і с т е у д і
əлі де доғарар емес (Жалын, 1977, №1, 81).
КІДІСТІЛІК з а т. с ө й л. Кіді-
лік. Мінезінің к і д і с т і л і г і бар, əйт-
песе былай жақсы бала (Жалын, 1974,
№1, 67).
КІЛБІК: Кілбік көз. с ө й л. Кілмік
көз. – Сөзді қой, Əзберген! Тұр, киін! – деді
к і л б і к к ө з, томпақ бет, кеспелтек қара
(С.Елубай, Ақ боз., 25).
КІЛГІРТ Кілгір етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Ол сояу кірпіктерін к і л г і
р т е жұмып ойға шомды (Ə. Кекілбаев,
Үркер, 6).
КІЛГІРТУ Кілгірт етістігінің қимыл
атауы.
КІЛЕГЕЙ: Кілегей көз [көзді]. Көзі
кілегейленіп, суланып тұратын көз.
Секретарлыққа осыдан екі ай бұрын ғана
сайланған кірпі шаш, к і л е г е й к ө з д і
жап-жас жігіт келіп отырған (О. Сəрсенбай,
Шығ., 5, 60).
КІЛЕГЕЙШЕ ү с т. Кілегей сияқты,
кілегей тəрізді.
КІЛЕЙ з а т. Қағаз, т.б. нəрселерді
бір-біріне жабыстыратын тұтқырлы
зат; желім.
КІЛЕЙЛЕ е т. Кілей жағып, екі нəрсені
бір-біріне жапсыру.
КІЛЕЙЛЕН Кілейле етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. – Түу, арақ құрғыр
басыма шықты ма, не болып кеттім, – деп
көз жанары к і л е й л е н е, Оразға қадала
қарап күлімсіреді (К. Жүнісова, Қимаймын
сені, 242).
КІЛЕЙЛЕНУ Кілейлен етістігінің
қимыл атауы.
КІЛЕЙЛЕУ Кілейле етістігінің қимыл
атауы.
КІЛЕЙЛІ с ы н. Кілей жағылған, кілейі
бар.
КІЛЕЙЛІК с ы н. Кілейге тəн, кілей
боларлық.
КІЛЕЙШЕ ү с т. Кілей сияқты, кілей
тəрізді.
КІЛЕМ: Кілем тарту. э т н. Ат үстінде
ойналатын ұлттық ойындардың бір
түрі. Сайыс, тартыс, аударыспақ, к і л е м
т а р т у, салма салу, жерден теңге алу
ойындарының қай-қайсысы болмасын
– атқа еркін шабуға, сайгүлікті сынауға,
жылдамдыққа баулитын өнер (Шопан
серігі, 233).
КІЛЕМ-КІЛШЕ... Жер еденге қамыстан
тоқылған бойралар төселген. Оның үстіне
к і л е м-к і л ш е, текемет-сырмақ жайыл-
ған (М. Разданұлы, Алтай., 38).
КІЛЕМЖОЛ з а т. Құрметті қонақтар
үшін кірер есіктің алдына кілемнен
төселген жол. Қонақтардың қос ақ боз
арғымақ күймесі əп-сəтте к і л е м ж о л ғ а
жақындап қалды (Ж. Тұрлыбаев, Тамыз
таңы, 102).
КІЛЕМШІЛІК з а т. Кілем тоқумен
айналысушылық. Біздің іс-əрекетіміз сол
к і л е м ш і л і к, ісмерлік, зергерлік өнер-
дің заңды жалғасындай болып саналады
(Лен. жас, 12. 04. 1976, 3).
КІЛКІР е т. ж е р г. Кілми. Ылғи кіртиіп,
к і л к і р і п тұратын көзі əдеттен тыс ойнақы
(З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 17).
КІЛМІК: Кілмік көз. Кілмиген,
сығырайған, қысыңқы көз. Кісі бетіне на-
зарын тіктеп қарамайтын к і л м і к к ө з д і ң
дəл кəзірде қайда қарап отырғаны белгісіз
(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 162). Кірпік астын
қорғалап бұқпантайлап бағатын к і л м і к
к ө з де сол кілмиген қалпы (Бұл да, 359).
КІЛТЕҢ з а т. г е о г р. Кішкентай бел,
белең, кезең. Бөкес, ораздық (укроп), та-
бансуытар (скамейка), дейілше (қапшық),
к і л т е ң (бел, кезең) секілді көркем про-
заға сұранып тұрған сөздерді елемей,
ескермей өте алмас едік (Қаз. əдеб., 23. 12.
1977, 2).
КІЛТСӨЗ з а т. ж а ң а. Тапсыр-
ма бойынша өзі танымайтын адамға
келгенде əскерилердің айтатын жа-
сырын (шартты) сөзі; пароль. Жаңа
атаулар мен қолданыстар: к і л т с ө з
(пароль), қасбет (фасад), пернетақта (кла-
виатура) т.б. орыс тіліндегі сөздерге балама
ретінде қолданылып жүр (Ана тілі, 07. 02.
2013, 4).
КІЛШЕЙТ...? Кілең бұздай к і л ш е й
т і п, Көбелер киген өкінбес. Жұпарын
қардай боратып, Арулар құшқан өкінбес
(Доспанбет жырау: Нар заман., 21).
307
Байынқол Қалиев
КІМ: Кімге дəрі. Ешкімге қажеті
жоқ д.м. – Кейқуат қыз к і м г е д ə р і?!
(Т.Əлімқұлов, Шежірелі сахара, 86).
Кімді қалайсың? э т н. Бастаушы
қыз бен жігіттерді жұптастырып
отырғызады да, көршілестердің бірінен
«Кімді қалайсың?» деп сұрайды. Ол қала-
ған кісісін сұрайды. Көршісі келіспесе «хан»
оған «жаза» тағайындайды. К і м д і қ а
л а й с ы ң? ойыны кей жерде «Қассың ба,
доссың ба?», «көрші-көрші» деп те аталы-
нады (Қаз. этнография., 3, 321).
КІМ ТҮРТТІ? э т н. Ұлттық ойынның
бір түрі. К і м т ү р т т і – жастардың
жазды күні ойнайтын ойыны. Басқарушы
біреуді басын төмен еңкейтіп, иығынан
басып тұрады. Арт жағынан келіп біреу
түртеді де, орнына барады. Ол əлгі адамды
табуға тиісті (Ойын-сауық, 150).
КІНАРАТТАС Кінаратта етістігінен
жасалған ортақ етіс. – Күнде к і н а р
а т т а с а бергенмен бола ма? Одан да
күліп-ойнап жүрейікші (Қ. Найманбаев,
Беймезгіл қонақ, 187).
К І Н А РАТ Т А С У К і н а р а т т а с
етістігінің қимыл атауы.
КІНƏГЕР з а т. Күнəлі, айыпты.
Оның бірден-бір к і н ə г е р і – тоқырау
жылдарындағы қосып жазу, жоспар-
мен пара беру дер едім (Қаз. əдеб., 18. 11.
1988, 3).
КІНƏЗ с ы н. а у ы с. Талғампаз, кіді.
Əсіресе тамаққа к і н ə з Айбектің қақталған
етке тəбеті шамалы (Б. Мұқаев, Жалғыз
жаяу, 91). Алтайдың ағашы да к і н ə з,
тұқымнан болмаса, көшеттен көбеймейді
(Қ. Ысқақов, Қараорман, 102).
КІНƏЗДІК з а т. 1. Князь болғандық. ≈
Ол к і н ə з д і г і н жасырған емес. 2. а у ы
с. Кербездік, серілік, сəнқойлық. Ел ісіне
бала-шағаны ертпейтін, ел сөзіне беделсіз
жұртты араластырмайтын к і н ə з д і г і н
е н де шығар, əйтеуір Сиғат əке жылуын
сезген емес (Қ. Ысқақ, Ақсу., 473).
КІНƏЛАСТЫР Кінəлас етістігінен
жасалған өзгелік етіс. – Ренжісіп қалғам.
– Онда к і н ə л а с т ы р а й ы н, татуласты-
райын (М. Сқақбаев, Ұят тур., 79).
К І Н Ə Л АС Т Ы Р У К і н ə л а с т ы р
етістігінің қимыл атауы (Ə. Сараев,
Тосқауыл, 234).
КІНƏЛІШЕ ү с т. Кінəлі сияқты, кінəлі
тəрізді. Балалар бастарын құнжитып төмен
салып, дəл бір өздері к і н ə л і ш е əлдене
деп ақталып, міңгірлеп жатыр (С. Оспанов,
Сопы., 97).
КІНƏМСІЗ с ы н. с ө й л. Күнəмсіз.
Мөлдіреген қос жанар əлі пəк, к і н ə м с і з,
кінəрəтсіз аңғал қарайды (Жұлдыз, 1973,
№3, 63).
КІНƏРАТТАС Кінəратта етістігі-
нен жасалған ортақ етіс (Ө. Қанахин,
Құдірет, 226).
КІНƏРАТТАСУ Кінəраттас етіс-
тігінің қимыл атауы.
КІНДІК: Кіндік кесу. Жаңа туған
жас баланың кіндігін кесіп, түбін мықтап
байлап тастау дəстүрі. Қазақ халқы к і н
д і к к е с у д і өнегелі, үлгілі кісілерге
немесе қулық-сұмдықтан пəк жас бала-
ларға кестіреді (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 1, 4).
Кіндік қазы. Бас қазы, негізгі қазы.
Ішінен екі қыртыс қазы шықты. Бұның
өзі к і н д і к қ а з ы, тел қазы, жая қазы,
омыртқа қазы, қабырға қазы боп тарайды
(Т. Əлімқұлов: Қаз. əдеб., 28. 11. 1986, 9).
КІНЕШКЕ з а т. с ө й л. Кітапша.
Конвертті ашсам, ішінде қатырмамен
тысталған қалыңша к і н е ш к е жүр
(С.Мұқанов, Мөлдір., 274).
КІР: Кір тұйғын. Тұйғынның қанат-
құйрығының түсі күңгірттеу (сұр
түстілеу) бір түрі. Шалып түсі сұрғылттау.
Ту сыртындағы жүн елібтері болар-болмас
сұр жолақты. Осы түсіне орай құсбегі-
лер оны к і р т ұ й ғ ы н деп атаған
(Ж. Бабалықов.., Қырандар, 144).
КІРАПАТ з а т. к ө н е. Барлау, бақылау;
тексеріс. Майқы анда-санда екі биге к і р а
п а т жасап, ауық-ауық ел арасына жіберіп
алады екен (Егем. Қазақст., 05. 09. 1992, 3).
КІРƏЖІ е т. ж е р г. Қайғыру, кею,
ренжу. Қазір кездесе қалса, көңіл бөліп,
оқуымыз мүмкін, кездеспесе, к і р ə ж і м
е й м і з (М. Мағауин, Мен, 191, 265).
КІРƏЛІН з а т. Қойды күпкіге салғанда,
құрттаған жерін емдегенде пайдаланыла-
тын дəрілік май.
КІРƏЛІНДЕ е т. Қойды кірəлінге салу,
кірəлінмен емдеу. Сыздық бұл келгенде
ауру қойларды к і р ə л і н д е п, ыстық буға
тоғытып, өзінше ем-домын жасау үстінде
еді (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 162).
КІРƏЛІНДЕУ Кірəлінде етістігінің
қимыл атауы.
308
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КІРГІШТЕ е т. Қайта-қайта кіру,
жиі кіру. Əділдің үйіне к і р г і ш т е п
жүретін сар жалақ жігіттің Ақзерге əзіл
айтқанын өзі де бірнеше рет байқаған еді
(Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 57).
КІРГІШТЕУ Кіргіште етістігінің
қимыл атауы.
КІРДЕК з а т. Будан арқылы бір өркешті
аруанадан туған түйе тұқымы. Будан
арқылы бір өркешті аруанадан кезмая, к і
р д е к, нар, жарбай, инермая, кезнар, күрт
секілді алуан-алуан түйелер тарайтынын
екі қазақтың бірі білуге тиіс (Қаз. əдеб.,
25. 11. 1988, 1).
КІРЕЛІ с ы н. Кіреге жегілген, кіре
құрамындағы. Əмбе біреу емес, к і р е л і
көлікке батылы жетіп тиісе де қоймас
(Қ. Ысқақ, Таңд., 3, 47).
КІРЕМПІЛИН з а т. Қымбат ма-
талардың бірі. Жібек пен шəйі, мақпал мен
торқа жетпегендей адам атынан шатасатын
к р е м п і л и н деген бəлесі тағы шығыпты
(Н. Серəлиев, Зеңгір аспан, 200).
КІРЕН з а т. ж е р г. Шекара. Кешікпей
орыстар келіп к і р е н д і (граница) жаба-
ды деген сыбыс бар (З. Қинаятұлы, Көш-
пенді., 151).
КІРЕП з а т. Тіреп тұратын тіреуіш. –
Осы неге к і р е п қоймайды? Бізді өлсін дей
ме? (С. Ерубаев, Менің құрд., 38).
КІРЕС з а т. с ө й л. Шытыр (Ойын
қартасының бір түрі).
КІРЕСІН з а т. Үйге кіре беретін жер.
≈ Ол к і р е с і н д е тұрып қалды.
КІРЕУКЕЛЕНУ... К і р е у к е л е н у
сөзі торлану деген мағынаны білдіреді (Ата
салты., 58).
КІРЖИГІШ с ы н. Кіржие беретін,
тыржиғыш. Оның үстіне сырқат адамның
кінəмшіл, к і р ж и г і ш келетін əдеті жəне
болады (Жалын, 1974, №1, 80).
КІРЖИЮ Кіржи етістігінің қимыл
атауы. Қайта бейнетің көбейе түседі.
Сосын-ақ мазасыз науқасқа қабақ шыту,
к і р ж и ю басталмай ма? (Жалын, 1974,
№1, 80).
КІРЛЕУІТ с ы н. с ө й л. Кір, лас. Айғыз-
айғыз қоңыр бояу жағылған аспан к і р л е
у і т (М. Мағауин, Көк мұнар, 106).
КІРЛІ-ЖАМБЫЗ с ы н. с ө й л.
Кіржамбыз. Оның кекесінін құлағым ша-
лып қалғанмен, əйелдің к і р л і-ж а м б ы з
ұсқынына басынан аяғына дейін қыдыра
көз тастап, мен де күлімсіредім (Ж. Орман-
баев, Тұзақталған., 29).
Достарыңызбен бөлісу: |