Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет81/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   168

ҚАРАКӨЛДІК  с  ы  н.  Қаракөл  қойы-

на  қаншалықты  қатысты-қатысты 

еместігі. Сұрыптау кезінде қой жынысына, 

түріне, түсіне, жасына, қ а р а к ө л д і к 

типіне сəйкес бөлінеді (Қаз. əдеб., 05. 02. 

1982, 3). 



ҚАРАКӨЛЕҢКЕЛЕНУ  Қаракө-

леңкелен етістігінің қимыл атауы. 

Қ А РА К Ө Л Е Ң К ЕЛ Е Т   е   т.   Ү й д і 

қаракөлеңке  ету,  қаракөлеңкеле  жасау. 

Үйді қ а р а к ө л е ң к е л е т і п тастапты 

(І.Есенберлин, Ғашықтар, 100). 

ҚАРАКӨЛЕҢКЕЛЕТУ  Қаракөлең-

келет етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАҚАПТАЛ:  Қарақаптал  келгір. 

«Қарақаптал  ауруына  ұшырағыр»  д.м. 

қарғыс. Ана қ а р а қ а п т а л  к е л г і р 

Болат біреудің уыздай қызын масқаралап... 

(Т.Дəуренбеков, Сүмбіле, 56). 

ҚАРАҚАТ... 2. Қарақат  өсімдігінің 

қара түсті домалақ жемісі. Бір күні Ер-

ден, Əшім, Ақпан төртеуміз өзен бойынан 

жұмыртқа іздейміз, қ а р а қ а т тереміз 

деп ауылға кешігіп қайттық (А.Хангелдин, 

Өткен  күндер, 30). Қ  а  р  а  қ  а  т – адам 

организміне қажетті органикалық заттарға, 

витаминдерге  өте  бай  жеміс  (Мəдениет 

жəне тұрмыс, 1969, №7, 21). Қ а р а қ а т



–  медицинада  жемістер  қатарынан  орын 

алады (Бұл да). 



ҚАРАҚАСҚА... 2. Барып  тұрған, 

нағыз. Əділ пікірге тоқтамау тек қ а р а қ а 

с қ а надандардың ғана қолынан келсе керек 

қой (Соц. Қаз., 04.11.1983, 3). 



ҚАРАҚОТЫРЛАН  е  т.  Жараның 

беті  қатып,  жазылайын  деп  қалу. 

ҚАРАҚОТЫРЛАНДЫР  Қарақотырлан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Неше 

күндей  дуылдай  ашып,  жанына  терезе 

таптырмаған жарақатын жалап-жалап əрең 

дегенде қ а р а қ о т ы р л а н д ы р ғ а н 

(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 15). 

ҚАРАҚОТЫРЛАНДЫРУ  Қарақо-

тырландыр етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАҚОТЫРЛАНУ  Қарақотырлан 

етістігінің қимыл атауы. 

Қ А РА Қ О Ш Қ Ы Л Д А Н У   Қ а р а -

қошқылдан етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАҚТА е т. Қылжақ қылу, мазақтау, 

келеке  ету;  айналдыру. – Уай,  шіркін, 

алжыған атан ботамен ойнайды, мені қ а 



338

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

р а қ т а й бер əйтеуір, мүйізің шықса, - 

деп жаймашуақ күлер еді (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 309). 

ҚАРАҚУ...  Су  шетінде  қауызын  жаңа 

жарған ақ гүлді үзіп жеп, екі ақ басты қ а 



р  а  қ  у  жүзіп  келеді  (І.Есенберлин,  Шығ. 

жин, 1, 65). 



ҚАРАҚҰЛАҚТАНУ  Қарақұлақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАҚҰМЫҚ ...  2.  Қарақұмық 

өсімдігінің  дəні.  Бұл  қоймадан  шығып, 

екінші  қоймаға  кірдік.  Бұнда  қ  а  р  а  қ 



ұ  м  ы  қ  (гречиха)  пен  қышаның  (гор-

чица)  тұқымдары  бар  екен  (Лен.  жас, 

04.02.1965, 1). 

ҚАРАҚҰРЫҚТАН е т. ж е р г. Қараңғы 

тарту, қараю, бұлыңғырлану, күңгірттену 

(О.Бөкеев, Қайдасың., 69). 



ҚАРАҚҰРЫҚТАНУ  Қарақұрықтан 

етістігінің қимыл атауы.

ҚАРАҚШЫ з а т. к ə с і б. Су астында 

ау барын білдіретін жалауы бар қалтқы. 

Ол толқын жалында діңгектері бұлғаңдаған 

кемелерге,  əсіресе  ау  қанатындағы  қ  а 

р  а  қ  ш  ы  қалтқыға  қарағыштап  түннің 

бір  уағына  дейін  ояу  отырды  (Ə.Сараев, 

Тосқауыл, 62). 

ҚАРАҚЫЛЫШ  з  а  т.  з  о  о  л.  Алған 

құсының  басын  жерге  қиып  түсіретін, 

сұңқар  тектес  алғыр  құс.  Олар – бүркіт, 

тұйғын,  қаршыға,  сұңқар,  лашын,  ителгі, 



қ  а  р  а  қ  ы  л  ы  ш,  бидайық,  қырғи, 

тұрымтай, жағалтай секілді алғыр құстар 

(Ж.Бабалықов,  Қырандар, 5). Ауыз  жəне 

жазба əдебиеттерде аталатын бидайық, қ а р 



а қ ы л ы ш атты қырандарды да сұңқар тек-

тестерге жатқыза мақтайды (Бұл да, 150).



ҚАРАЛА__2'>ҚАРАЛА__1'>ҚАРАЛА

1

 з а т. з е р г. Күмістің бетіне 



жүргізілген əшекей, ою-өрнек. Бұл тəсілді 

шебер  орындаса  ердің  əшекейі  күміске  қ 



а  р  а  л  а  жүргізгендей  тым  əдемі  болып 

шығады  (Х.Арғынбаев,  Қаз.  ер-тұрман., 

176). 

Қарала  білезік.  Күміс  бетіне  қара 

жүргізу  əдісімен  жасалған  білезік;  кав-

каз білезік. Қ а р а л а  б і л е з і к т е р г е 

көбінесе «ирек», «гүл», «жапырақ», «ай», 

«жұлдыз» сияқты өрнектер салынады (Қаз. 

этнография., 1, 583). 



Қарала  жүргізу.  Күміс  бетіне  қара 

түсті  өрнек  жүргізу  əдісі.  Қ  а  р  а  л  а  

ж ү р г і з у қазақ зергерлеріне ерте заман-

нан белгілі болған (Қаз. этнография., 2, 605).



ҚАРАЛА

2

 з а т. б о т. с ө й л. Қарлыған 



(тошала).  Атам  бау-бақшаға  жақсы 

қарайтын. Онда қызыл-сары шие, қ а р а л а,

шабдалы өсетін (Қарақат тер., 89). 

ҚАРАЛА

е  т.  Тарыны  келіге  түйіп, 



сыртқы қабығынан ажырату. Қуырылған 

тарыны  қыз-келіншектер  мен  жігіт-же-

леңдер келі-келсаппен түйіп қ а р а л а й д ы.

Бұл – тарының  дəнін  сыртқы  қауызынан 

арылту əдісі (Қ.Толыбаев, Бабадан., 240).

Қ а р а л а ғ а н тарыны ұшырып, дағар, қап-

тарға нығап салып, ауыздарын тігіп тастай-

ды (А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 140). 

ҚАРАЛАУ  Қарала  етістігінің  қимыл 

атауы.

ҚАРАЛАҚ...  Керісінше,  қарабие, 

тоқтышақ, қ а р а л а қ ойындарының қазіргі 

балалар мен жастарға ерсі болып көрінуі 

де мүмкін (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 71). 



Қ А РА Л АТ   Қ а р а л а   ет і с т і г і н е н 

жасалған  өзгелік  етіс.  Жігіттер  мен 

қыздарды  шақырып,  жарыстырып  тары 

түйдіріп,  бір  жылға  жетерлік  тарыларын 

қ а р а л а т ы п алады (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 3, 140). 



ҚАРАЛАТУ  Қаралат  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАРАЛАТҚЫЗ  Қаралат  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

ҚАРАЛАТҚЫЗУ  Қаралатқыз  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҚАРАЛАУ

1

 з а т. э т н. Метал бетіне 

қарасу жүргізу ісі. 

Қ А РА Л АУ

2  

Қ а р а л а   ( т а р ы н ы ) 

етістігінің  қимыл  атауы.  Қуырған  та-

рыны қ а р а л а у үшін қолданатын келіге 

үш-төрт килограмм дəн сияды (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 255). 



ҚАРАЛҚАН з а т. б о т. с ө й л. Итжүзім. 

Итжүзім – алқа өсімдігінің бір туысы. Оны 

ел ішінде қара паслен, қ а р а л қ а н деп 

атайды (С.Қалиев, Емдік рецепт., 436). 



ҚАРАМАН з а т. к ө н е. Хандық билік 

жойылған  соң,  төрелер  əлеуметтік 

дəрежелерінен (хан, сұлтан т.б.) айыры-

лып,  қарасүйектермен  теңеседі.  Халық 

оларды қараман деп атаған (Қаз. этногра-

фия, 3, 465). 



ҚАРАМЫҚТАН е т. с ө й л. Қарайып 

көріну,  қараю.  Көкнəрдің  дəніндей  қ  а 

р  а  м  ы  қ  т  а  н  ы  п  бетінде  майы  жүзіп 

жүрген салқын сусын бал татып тұр екен 

(Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 321). 


339

Байынқол Қалиев

Қ А РА М Ы Қ ТА Н У   Қ а р а м ы қ т а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАМЫРЗА  з  а  т.  э  т  н.  Ұлттық 

ойындардың  бір  түрі.  Қатар  отырған 

о й ы н ш ы л а р д ы ң   б і р і   е к і н ш і с і н е : 

«Ассалаумағалейкүм, қара мырза!» дейді. 

Ол  оған  «Уағалейкүмассалам,  бірінші 

(екінші,  үшінші)  қара  мырза»  деп  жауап 

беру керек. Жаңылса айып тартады. Осы-

лайша ойын жалғаса береді (А.Құралұлы, 

Ұлттық., 50). Қимыл-əрекет  ойындарына 

жататындар: ақсүйек, ақшамшық, шыт тас-

тау, көрші-көрші (татумысың-аразбысың), 

қызбөрі, қасқұлақ, айдап сал, инемді тап, 

қ а р а м ы р з а  т.б. (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. 

ойын., 70). Бұл топтағы ойындардың келесі 

бір түрі – «қ а р а м ы р з а» (Бұл да, 72). 

ҚАРАН:  Қаран  су.  ж  е  р  г.  Топан 

су.  Бір  ғасырда  дүниені  екі  рет  қ  а  р  а  н  

с у ғ а алдыра жаздаған батыс құрлықтың 

жаңа əдебиеті жеке адам тағдырын бірінші 

орынға  шығарды  (Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 

466). «Хан  бізді  алдапты-ау!  Қ  а  р  а  н 



с у алып жатқан ештеңе жоқ екен ғой!» - 

деп жүрсе, қайтпекші! (Ə.Кекілбаев, Елең-

алаң, 153). 

ҚАРАОТТЫ... Нелер қ а р а о т т ы

майшағырлы, боз көделі даладағы жылқы 

өрісінің  жыртылып,  шаңдаққа  айналуы 

да  аз  қырсығын  тигізген  жоқ  (Қаз.  əдеб., 

13.06.1986, 2). 

ҚАРАӨРІК... 2. Қараөрік  өсімдігінің 

қара көк түсті жемісі. Раушан қ а р а ө 

р і к т і ң біреуін аузына салып жіберіп, 

қышқылтым дəміне тыжырына шіміркенді 

(С.Сарғасқаев, Көңілді балалар, 29). Емдік 

жемістердің қатарынан ертеден орын алып 

келе жатқан жемістердің бірі – қ а р а ө р і к

(Мəдениет жəне тұрмыс, 1969, №7, 21). 



ҚАРАСАҚАЛ  з  а  т.  Жасы  егделеу, 

бірақ сақал-мұртын ақ шала қоймаған ер 

адам. Қ а р а с а қ а л ауыл арасындағы əр-

түрлі күрделі мəселелерді шешіп отыратын 

ақсақалдардың  «аяғын»  басушылар  (Қаз. 

этнография., 3, 467). 



ҚАРАСУ  з  а  т.  Басы  жер  астынан 

шығып,  баяу  ағатын,  жағасы  қамысты, 

құрақты тұнық су. 

ҚАРАСҮЙЕК  з  а  т.  Байырғы  қазақ 

қоғамында  ақсүйек  тобына  жатпайтын 

жай халық өкілі, қара халық. «Ақсүйектер» 

қырғыз-қайсақтардың  дворяндық  бөлігін 

құрса,  қ  а  р  а  с  ү  й  е  к  т  е  р  қарапайым 

халықтан  тұрады»  деп  жазылған  (Қаз. 

əдеб., 26.02.1988, 14). Қ а р а с ү й е к т 

е  р  г  е  малшылар,  егіншілер  ғана  емес, 

игі  жақсылар  деп  аталатын  билер,  бай-

бағландар, батырлар да жатады (Қаз. этно-

графия., 3, 468). 



ҚАРАСЫ з а т. с ө й л. Қайтыс болған 

адамға бағышталған мəзір. Ертесінде до-

сын арулап жерлеп, екі атты қ а р а с ы н а 

сойды (М.Мəжитов, Құныскерей, 17). 

ҚАРАТАБАН з а т. и х т и о л. Көлдерде 

тіршілік  ететін  балықтардың  бір  түрі. 

Көлдің басында тұздап, қақталған екі қап 

келісаптай-келісаптай  дəу  шортаны  мен 

кішкене қазанның қақпағындай нəн-нəн қ а 



р а т а б а н ы, кебістей-кебістей алабұғасы 

майы сыртына шыққан, құнан қойдың бір 

білем  құйрығындай  ақбалығы  өз  алдына 

(Ө.Қанахин, Жер бас., 105). 



ҚАРАТАҒАН  з  а  т.  з  о  о  л.  Үлкендігі 

орташа құстардың бір түрі. Дəл тұсынан 

қаптаған салт аттылар өткенде де, қ а р а т 



а ғ а н, сауысқандарша байбалам салмай-

тын жуас құстар марғау (С.Жүнісов, Ақан 

сері, 2, 30). 

ҚАРАТАЛАҚ з а т. в е т. Сиыр малының 

талағы ісіп, қарайып кететін ауруы; ошақ. 

Қ а р а т а л а қ қ а ұшыраған мал оттаудан 

қалып, бүйірін соғып, өкіре береді де, 2-3 

күнде  өледі  (Х.Арғынбаев,  Қаз.  этногр., 

84). «Сибирьская  язва»  қойда – топалаң, 

жылқыда – жамандат, сиырда – қ а р а т а л 

а қ, түйеде – шелек, адамда – күйдіргі» деп 

аталады (Ана тілі, 16.05.1991, 7). 



Қараталақ келгір. Қараталақ ауруына 

ұшырағыр д.м. қарғыс. ≈ Мына қ а р а т а 

л а қ  к е л г і р кимелеп қайда бара жатыр. 

ҚАРАТАМАҚ з а т. з о о л. Тамағы қара 

ала торғай. Қ а р а т а м а қ т а р д ы үркіту 

үшін  атыз-атыздың  басына  қарақшылар 

да  іліне  бастаған  (Т.Нұрмағамбетов,  Жер 

иісі, 89). Шалғынды  жерлерді  қызғыш, 

шəукілдек,  қ  а  р  а  т  а  м  а  қ  мекендейді 

(Қаратамақ, 23). Қ а р а т а м а қ т а р 

тобымен  ұшып,  біресе  ана  жерге,  біресе 

мына  жерге  қонып,  тыныш  табар  емес 

(Зоология, 148). 

ҚАРАТАЯҚ  з  а  т.  Оқыған,  сауатты 

адам.  Амангелдінің  руы  Бегімбет – көп 

үйлі, қ а р а т а я қ азаматы көп, кедейлеу, 

ауыл болатын (Соц. Қаз., 28.02.1973, 3). 

ҚАРАТОРҒАЙША ү с т. Қараторғай 

құсап, қараторғай тəрізді. Сиқырлы саздың 


340

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

соңынан еріп, сонау биікке көтеріліп, қ а р 



а  т  о  р  ғ  а  й  ш  а  қалықтап  кете  бардым 

(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 16). 



ҚАРАТӨС  з  а  т.  з  о  о  л.  с  ө  й  л. 

Қаратамақ (Ана тілі, 21.08.2008). 

ҚАРАТУ е т. с ө й л. Табыс табу д.м. 

– Жексенбі сайын 20-30 сомға дейін қ а р 



а  т  у  ш  ы  едім, - дедім  мен  мардымсып 

(Ə.Нұршайықов, Махаб. жырл., 402). 



ҚАРАТҰМСЫҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Теңіз 

жағалауында тіршілік ететін, тұмсығы 

қара  жыртқыш  құс.  Құстардың  басты 

жауы – құстар  тобырында  жүрген  үлкен



қ а р а т ұ м с ы қ. Ол үлкен шағалаға ұқсас, 

əдетте, олар басқа құстардың жемін тартып 

алады (Тірі табиғат, 14). 

ҚАРАТҰНЖЫР  з  а  т.  з  о  о  л.  Қар-

шығаның  қара  қоңыр  түсті  түрі.  Қар-

шыға  ақтұнжыр,  қ  а  р  а  т  ұ  н  ж  ы  р,

шəулі,  бұқатана  деген  текке  бөлінеді 

(Ш.Айманов, Қыран., 58). 



ҚАРАТҮЙНЕК з а т. в е т. Малдың ішегі 

түйіліп, жыны тоқтап, ішектері қарайып 

кететін ауруы. Мысал үшін малдың қ а р 

а т ү й н е к ауруын алайық. Осекең, оны-

мен  ауырған  қойдың  ішін  тақыр  шаптан 

жарып, түйілген шекті тарқатып жібереді 

екен  (Саржайлау, 270). Ешкі  малы  қойда 

болатын  топалаң,  күл,  сарып,  бөгежек, 

баспақ, қ а р а т ү й н е к, жарғыш, қызылшу 

сияқты  аурулармен  ауырады  (Ана  тілі, 

25.10.1990. 8). 



Қ А РАТ І К Е Н :   Қ а р ат і к е н   т ұ з . 

Қатты, ірі, тұнық түсті тұз. Қолда бар 

мағлұматтарға қарағанда, қ а р а т і к е н  



т ұ з желдің күшіне үгітілмейтін, ұшпайтын 

қатты зат көрінеді (Жұлдыз, 1972, №5, 182). 



ҚАРАУ...  Сырдарияның  жолбарыс 

мекендейтін қ а р а у қамысы Жаңақорғанға 

тіркелуші  еді  (Қаз.  əдеб., 11.09.1981, 6). 

Осы күнде ол көлдердің жоғын да білемін, 



қ а р а у қамыстардың құрығанын да білемін 

(Бұл да). 



ҚАРАУЛАН  е  т.  Қараулық  көрсету, 

əділетсіздік  жасау. – Жоқ,  сен  күртеңді 

шешіп, сілкіп көрсет. Əйтпесе сенбеймін, - 

деп қ а р а у л а н д ы Құлтемір (Ж.Қорғасбек, 

Жынды., 76). 



ҚАРАУЛАНУ  Қараулан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАРАУСЫН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қарайған, 

қарайып  көрінген  нəрсе.  Дəл  үстінен 

түспесе қалың қ а р а у с ы н н ы ң арасынан 

сірə  байқалар  емес  (Б.Шаханов,  Ғашық. 

тілі, 88). 



ҚАРАУСЫНДЫ  с  ы  н.  Қараусыны 

бар, қарайған. Бұл түзген, теріскені қалың, 

етегінен төбесіне дейін қ а р а у с ы н д ы 

бұталы биік жал еді (Б.Шаханов, Ғашық. 

тілі, 88). 



ҚАРАУЫЛ  к  ө  н  е.  ə  с  к.  Барлаушы, 

шолушы.  Қ  а  р  а  у  ы  л  алдарынан  не 

көрді, не болып жатыр – бəрін артындағы 

маңғыла  басшыларына  жеткізіп  отырған 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 367). 



ҚАРАУЫЛДАС Қарауылда етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Қыс бойы жолаушы 

көрмеген үш-төрт үйлі ауылдың бар жаны 

да жол қ а р а у ы л д а с қ а н (Ж.Кəрменов, 

Ғашық., 86). 



ҚАРАУЫЛДАСУ  Қарауылда  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҚАРАУЫЛША ү с т. Қарауыл тəрізді, 

қарауыл сияқты. Тал-теректер қ а р а у ы 

л  ш  а  қаздиып,  шыршалар  сарбаздарша 

сап түзеген (Д.Рамазан, Жылап аққан., 40). 

Қашан  көрсең,  қ  а  р  а  у  ы  л  ш  а  қақиып 

тұрғаны (Лен. жас, 12.07.1987). 



ҚАРАХАН з а т. к ө н е. Ұлы хан д.м. 

Қ а р а х а н – кісі аты емес, титул, дəреже 

белгісі. Қ а р а х а н – ұлы хан деген ұғым 

береді (Ш.Мұртаза, Не жетпейді?, 180). 

ҚАРАША з а т. Бүркіттің бір түрі; қара 

қоңыр түсті болып келеді. Олар (бүркіттер) 

байқасқа,  ақиық,  қ  а  р  а  ш  а,  көнтабан, 

шөгел,  деп  аталады.  Бүркіттердің  осы-

лайша  аталуы  олардың  түр  өзгешелігіне, 

табиғи  қабіретіне  негізделген  болып 

шықты (Саятшылық, 117). 



ҚАРАША:  Қараша  қоңыз.  з  о  о  л. 

Қара  қоңыр  түсті  қоңыз.  Күнбағысты 

шыртылдақ  қоңыздар,  қ  а  р  а  ш  а    қ  о 



ң  ы  з  д  а  р,  сымқұрт,  жалған  сымқұрт, 

бізтұмсықтар зияндайды (Коммунизм туы, 

06.05.1967, 2). 

ҚАРАШАЙЛЫҚ  з  а  т.  Қарашай 

халқына қатысты, соған тəн. Далабайдың 

қ а р а ш а й л ы қ, бірақ өте қазақы əйелі 

колхоз басшыларын есі шыға, құрақ ұшып 

қарсы алды (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 187). 

Оны кіршіксіз ұстаған қ а р а ш а й л ы қ жас 

келіншек Самрат басындағы қара түнекті 

бір ұрып, жоқ қылғандай (Бұл да). 



ҚАРАШЕ з а т. э т н. Нысанаға сырық 

лақтырып  ойнайтын  ойын.  Қарашеге 

сырық (3-4 құлаш), қазық (1 құлаш) жəне 

341

Байынқол Қалиев

баскиім қажет. Қазықты қағып, басына 

баскиімді  іліп, 15-20 қадамдай  жерден 

сырық  лақтырады.  Бұл  ойын  балаларды 

жас  кезінен  бастап  найза  лақтыруға, 

нысананы  дəл  көздеуге  дағдыландырады 

(Қаз. этнография., 3, 457). Қ а р а ш е ойы-

нына қатынасушылар бас киімдерін шешіп, 

ортаға тастады (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 

52). Əсіресе халқымыздың тарихымен та-

мырлас «ақсүйек», «таяқ жүгірту», «сақина 

салу», «қ  а  р  а  ш  е», «бестас»  секілді 

ойындардың тарайтынын ойлаудың өзі мол 

қуаныш (Лен. жас, 21.11.1985, 4). 

ҚАРАШЕШЕК  з  а  т.  м  е  д.  Шешек 

ауруының  ауыр  түрі.  Қ  а  р  а  ш  е  ш  е  к

көкшешек,  қызылша  дейтін  аурулар  жиі-

жиі  соғып  тұрады  (Ғ.Мүсірепов,  Жат 

қолында, 108). Елге жоңғарларда болатын



қ а р а ш е ш е к дейтін ауру келгенде, мұның 

өзі де сол кеселге ұшырайды (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 198). 

Қарашешек  келгір.  «Қарашешек  ау-

руына ұшырағыр» деген мағынада айты-

латын қарғыс. Қ а р а ш е ш е к  к е л г і р 

д і ң атты тастай беріп, орнынан енді тұра 

берген жігітті омырауымен қаға құлатып, 

қос  тізесімен  қаға  құлатып,  шөгіп  қалды 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 14). Əлгі түйетайлы 

қырқа бітіп, арғы жағы жазыққа айналғанда 

қ а р а ш е ш е к  к е л г і р бура жақындай 

түскен (Əдеб. айдыны, 06.11.08). 



ҚАРАШҰНАҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кедей-

кепшік, жарлы-жақыбай. Мен мырза бол-

сам, бүкіл қ а р а ш ұ н а қ т ы бір уысқа 

сыйдырар едім... (Б.Майлин, Таңд., 247). 

ҚАРАШЫ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ханның 

ақылшысы, кеңесшісі. Қадырғали Жалаири 

– ханның қ а р а ш ы с ы болған. Ал қ а р 



а ш ы бектердің көзінен болашақ тақ иесі 

кім  боларын  тезірек  естуге  əуестік  қана 

көрінеді (М.Мағауин, Аласапыран, 109). 

ҚАРБАЛАСТАН е т. с ө й л. Қарбаласу, 

жанталасу,  асығып-сасу.  Ол  үйінің  төрт 

қабырғасын  көбірек  қ  а  р  б  а  л  а  с  т 



а  н  ы  п  жүріп  суретпен  толтырып  еді 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 185). 



ҚАРБАЛАСТАНУ  Қарбаластан 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРБАНАС  з  а  т.  к  ө  н  е.  Шағатай-

лықтарды моңғолдықтар осылай атаған; 

«қырық  рудан  құралған»  д.м.  Жете  мен

қ а р б а н а с хандарының өмір бақи бітпес 

өзара тартысы (І.Есенберлин, Алмас., 182). 



ҚАРБАРЫС з а т. з о о л. Барыстың 

таулы,  қарлы  жерлерде  тіршілік  ететін 

түрі. Оған (арқарға) жақындайтын қарлы 

шыңдарда қ а р б а р ы с қана (С.Жүнісов, 

Заманай, 178). 

ҚАРБАС з а т. к ө н е. Сəтен. – Сонда 

қара қазақ жейделік қ а р б а с пен кебіндік 

бөзді  қайдан  алады? (І.Есенберлин,  Ал-

маст., 219). 



ҚАРҒА:  Қарғаның  валеті.  Қарта 

ойынындағы «қарға» деп аталатын түрдің 

(түстің)  маңыздылығы  (күші)  жағынан 

төртінші орында тұрған қағаз (маст). Су 

сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып 

қалыпсың-ау, қайран жеңгем? Қ а р ғ а н ы ң

в а л е т і н д е й едірейіп, Қасыңа мына 

біреу қайдан келген? (М.Мақатаев, Соғады 

жүрек, 1, 97). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет