КӨТЕУ з а т. м е д. в е т. Адамның, мал-
дың тік ішегінің (көтен ішегінің) аузы
қызарып, ісініп, сыртқа қарай айналып
кететін ауру; геморрой (Ж. Бабалықұлы,
Мал ауру., 32).
КӨТКЕНШЕК с ы н. Артқа қарай
жүретін, шегіншектейтін (ат, мал т.б.).
- Əй, оның жөні келе қояр ма екен? – деді
əлденеден үрейленгендей болып, к ө т
к е н ш е к аттай тартына қалған Дүйсенбек
(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 143).
КӨТКЕНШЕКТЕУ Көткеншекте
етістігінің қимыл атауы.
292
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КӨТКЕНШЕКТІК з а т. 1. Малдың
шегінуі, шегіншектеуі. 2. а у ы с. Бір
нəрсені керісінше істеушілік, қырсығушы-
лық. Оның қырсықтығының қасында
сендер менің к ө т к е н ш е к т і г і м е
жылап көрісесіңдер (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 40).
КӨТТІК__1'>КӨТТІК
1
з а т. Еңіске жүргенде
ертоқым алға жылжып кетпес үшін
есектің артына көлденең ағаш байлап,
оның екі ұшын ертоқымға бекітіп қоятын
құрал-сайман.
КӨТТІК
2
з а т. Арты, арт жағы. Трак-
торист трактордың к ө т т і г і н е барды
да, адырайып аспанға қарады (Қ. Ысқақов,
Қара орман, 124).
КӨТТІКТЕ е т. Көлікке көттік бай-
лау. Бір кезде Аралдан өтетін көлікті к ө т-
т і к т е п алып жүретін (М. Разданұлы,
Алтай., 229).
КӨТТІКТЕУ Көттікте етістігінің
қимыл атауы.
КӨТІГҮЛ з а т. з о о л. Қырғи тұқымдас
құс. Сыр бойында қырғи тұқымдас бір
құстың атын к ө т і г ү л деседі. Оның денесі
қырғидан жуандау, қанаты мен құйрығы əрі
қысқалау, əрі жалпақтау (С. Мұқанов, Сыр
Дария, 487).
КӨШ е т. Тоғызқұмалақ ойынындағы
жүріс алу кезегі. – Кəне, кім к ө ш е д і?
– Мен. Рахымбай сегіз ұяға бір-бірден
құмалақ салып шықты. Əне, жей де бастады
(Жыл он екі ай, 1978, 75).
КӨШ: Көш басынан көрінді. Жа-
рыста озды, алды болды. Жыл сайын ол
жарыстың к ө ш б а с ы н а н к ө р і н і п
жүрді (Лен. жас, 17. 05. 197, 2).
КӨШЕЛСУ Көшелсі етістігінің қимыл
атауы.
КӨШЕЛСІ е т. Ақылдымсу, білгірсу,
мықтысыну. Əкеңнің тауып əкелген етіне
тойып алып к ө ш е л с і м е й, артыңды
қысып жайыңа отыр! (Қ. Жұмаділов, Соңғы
көш, 107). Алдыға шығушылардың басқы
легінде бағана елді көшірмей тастағысы
келіп к ө ш е л с і г е н жалтырбас болыс
Сарыбайдың аты ілінген еді (Ғ.Білəл,
Ғасырлық., 95).
КӨШЕЛІЛІК з а т. Ақылдылық,
парасаттылық, білгірлік. Дарханда өмір
көрген, көп нəрсені парықтап үлгерген
к ө ш е л і л і к бар (О. Бөкеев, Өз отыңды.,
269). Əже тəрбиесін көріп, к ө ш е л і л і к
т і, көрегендікті үйренді (Қаз. əдеб., 25.
02. 1983, 6).
КӨШЕЛІСУ Көшелісі етістігінің
қимыл атауы.
КӨШЕЛІСІ е т. с ө й л. Көшелсі.
Өмірбақида ешкімге ақыл айтып, к ө ш е л
і с і п көрмеген жылқышы жігіт құрығымен
жер шұқылап төмен қарады (О. Бөкеев, Өз
отыңды., 118). – «Мыңнан түсін білгенше,
бірдің атын біл» деп пе еді, аталарымыз! –
деп Тайбек к ө ш е л і с і д і (К. Сегізбаев,
Жылдың ең қысқа., 156).
КӨШЕРШІЛІК з а т. с ө й л. Көшу.
«Жылыс» болды дегендері – к ө ш е р
ш і л і к. К ө ш е р ш і л і к қай кезде, не
себептен болмақшы? Соғыс па, жұт па?
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 18).
КӨШЕТТЕ е т. Көшетті бір жер-
ден екінші жерге көшіру, көшет жасау.
≈ Жеміс ағаштарын к ө ш е т т е п бітірдік.
КӨШЕТТЕУ Көшетте етістігінің
қимыл атауы. Қайта к ө ш е т т е у
жұмыстарын көктем айларында жүргізген
дұрыс (Гүлстан, 2009, №12, 45).
КӨШКІЛЕ е т. с ө й л. Ылғи көшіп
жүру. Хəттə бір сөздің өзінде де əман бір
жерде тұрмай, əр жерде к ө ш к і л е п жүреді
(А. Байтұрсынов, Шығ., 190).
КӨШТІК з а т. Көш кезінде жасалатын
ырым, берілетін сый. Көш елдің к ө ш т
і г і болса, ереуіл елдің ерулігі бар (Егем.
Қазақст., 25. 07. 1992, 5).
КӨШІМ: Көшім жылқысы. Ба-
тыс Қазақстан облысында шығарылған
(өсірілген) жылқы тұқымы. Көшімнен
қалғаны – «к ө ш і м ж ы л қ ы с ы» де-
ген ұғым. Мамайдан қалғаны – «Өлдің
Мамай, қор болдың» деген қанатты сөз
(Қ. Олжай, Қанат байла., 227). Негізінен
шопандар мінетін жəне еттік жылқы
өсіретін шаруашылықтар үшін к ө ш і м
ж ы л қ ы с ы өте бағалы келеді (Қазақстан
ауыл шаруаш., 1961, №6, 24). К ө ш і м
ж ы л қ ы с ы қазақы жылқылардан едəуір
ірі, сүйегі берік, төзімді, тебінде бағуға
жақсы бейімделген (ҚСЭ, 6, 56).
КӨШІНАЙ з а т. Қамыстан істел-
ген дыбысты ойыншық. Сондай-ақ,
«без-бездек», «зырылдауық», «ат ойнағыш»
т.б. музыкалық аспаптардың негізіне
алынған домбыра, к ө ш і н а й сияқты
ойыншықтар болған (Б. Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын., 38).
293
Байынқол Қалиев
КӨШІР... 2. а у ы с. Басына көтеру,
жаңғырту. Онан қала берді əредікте
алыстағы тау шатқалы арасынан мұңдана
созған марал даусын естіп, таулы өңірді к
ө ш і р е барқылдай үріп, сол жаққа кетеді
(Лен.жас, 16. 05. 1972, 2).
КӨШІРМЕ: Көшірме сөздер. л и н г в.
Өзге тілдің сөздерін құрылым-құрылысын
да, мағынасын да сақтай отырып, өз
тіліне сөзбе-сөз аударылып берілген сөздер
(калька). Егер орыс тіліндегі «учеб+ник»
дегенді «оқу+лық» деп, «трудо+день»
деңгенді «еңбек күн» деп аударсақ, бұлар
к ө ш і р м е с ө з д е р болады (Б. Қалиұлы,
Қазіргі қаз. тілі, 88).
КӨШІРМЕШІЛ с ы н. Көшіре бергіш,
көшіргіш.
КӨШІРМЕШІЛДІК з а т. Көшіргіштік,
көшіре бергіштік. Сондықтан да сөзбе-сөз
к ө ш і р м е ш і л д і к к е қарсы, аудармашы-
лық арқылы «тіл жасаушылыққа» қарсы
күресіп отырмыз ғой (М. Қаратаев, Туған
əдеб., 59).
КӨШІРІНДІ с ы н. Көшірілген, кө-
шірме. Баяндамаларымыз к ө ш і р і н д і,
қара дүрсін боп шықты (А. Жақыпов,
Ғұмырнама, 19).
КӨШІС Көш етістігінен жасалған
ортақ етіс (А. Сейдімбеков, Қыр хикая-
лары, 4).
КРАХМАЛДАН е т. Крахмалға
салынған. Бір босағада керегеден асыра
жиналған төсек-орын к р а х м а л д а н
ғ а н ақпен жабылыпты (С. Шаймерденов,
Сыбызғы сазы, 65).
К РА Х М А Л Д А Н У К р а х м а л д а н
етістігінің қимыл атауы.
КРЕВЕТКА з а т. з о о л. Тұрқы 5-20
см-дей, денесі бүйірінен қысыңқы, бауыр
аяқты теңіз жəндігі. К р е в е т к а л а р
барлық мұхиттар мен теңіздерде тіршілік
етеді. Еті жеуге жарамды, кəсіптік маңызы
бар (ҚСЭ, 6, 74).
КРЕМПЛИН з а т. Сырт киімге
арналған қалың матаның бір түрі. Қанауыз
көйлек, к р е м п л и н жемпір, «кала-кала»
шалбар... (Б. Омарұлы, Қаратерең., 49).
Əуел баста айтсаң ғой, əнеу күні Жам-
былдан əкеген мынау деген к р е м п л и н
көйлегім бар ед, соны киіп алар ем. Қап!
(С. Қышқашев, Паңзада, 21).
КРЕПЖАРЖЕТ з а т. Мата ата-
уы. Бір бума к р е п ж а р ж е т сені
жұлып кетпе с, сонша безілдедің?!
(М. Қуанышбаев,Тайталас, 240).
КРЕС з а т. Ойын қартасындағы төрт
түрдің біреуі: крест сияқты, қара түсті;
шытыр. Көсемсары екеуміз түнде қарта
ойнап, мидың қатпар-қатпарына сіңіп кет-
кен үйір-шүйір к р е с, қарға, шерби, боби-
ларды салқын сыраның көбігімен үркітіп
тұрғанбыз (Лен. жас, 29. 12. 1973, 4).
КРЕУКЕ з а т. Сауыттың бір түрі.
Үстіне бадана көз к р е у к е киген, хан ал-
дында суырыла сөйлеген осынау жас батыр
кенет жұртқа ұнай қалды (І. Есенберлин,
Алмас қылыш, 67).
КРИШНАИТ з а т. д і н и. Ислам
дініне қарсы, ислам дінін бүлдіруге күш
салушы зиянды діни ағым. Саентология-
ның дəрісіне уланған, өзгеге сеніп Абайды
к р и ш н а и т еткен, əнұран айтудан безіп,
Иеһоваға жақындаған бүгінгі мəсіхші-
лер мұсылмандықты қай жардан итеріп
кетер екен?! (Қ. Əбілқайыр, Текес., 197).
Дініміз бар. Біреу емес, бірнешеу. Мен
– Иеһова куəгерімін. Балам – уаһабист.
Əйелім – к р и ш н а и т. Қызым – буддист
(Қарақат тер., 131).
КРОССОВКА з а т. Табаны қалың
əрі жеңіл спорттық аяқкиім. Аппақ
гольфидың сыртынан к р о с с о в к а ки-
ген қыз ақырын күлімсіреді (Д. Амантай,
Əңгім., 57). Су жаңа к р о с с о в к а с ы н ы ң
тұмсығымен сыры кеткен еденді сызғылап
тұр (Қ. Жиенбай, Таңд., 1, 341).
КРОССОВОРДШЫЛ с ы н. Крос-
совордты шешуге жаны құмар (адам).
Карташыл, шахматшыл, дойбышыл,
к р о с с в о р д ш ы л хирург досы айта-
ды (Д. Досжанов, Жолбарыс).
КРЫШАСЫ з а т. с ө й л. Қолдаушысы,
сүйеушісі д.м. Ойбай-ау, анау деген кө-
теріліп кетіпті, «танкісі», «к р ы ш а с ы»
пəлен екен дейтін сəуегейлігіміз тағы бар
(Қаз. əдеб., 12. 06. 09, 13).
КСИЛОФОН з а т. м у з. Ағаштан
жасалған жалпақтау тілшесі (пластин-
ка) бар, таяқшамен соғып ойнайтын саз
аспабы.
КСИЛОФОНША ү с т. Ксилофон
сияқты, ксилофон тəрізді. Даусы к с и л о ф
о н ш а сыңғырлайды екен (Ш. Мұртазаев,
Интернат наны, 281).
КСИЛОФОНШЫ з а т. Ксилофонда
ойнайтын адам.
294
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КУƏШІ з а т. с ө й л. Куəгер. Жауап-
кер малын берсін, алған болса, К у ə ш
і айып төлесін жалған болса. Барлығы
малмен бітім, тыным болсын, Бұйрылсын
кешірімге аздау болса (Егем. Қазақст., 03.
08. 1991, 6).
КУМАНДАР з а т. Ерте дəуірлерде
тіршілік еткен көне түркі тайпаларының
бірі. Біздің заманымыздан бұрынғы IV-III
ғасырлардағы сарматтар да, II-I ғасырларда
тарих айдынына шыққан к у м а н д а р
(қыпшақтар) да қазақтардың арғы тектері
(Ə. Ыдырысов, Таңшолпан, 199).
КУПЕРИТ з а т. м и н. Минералды
тастардың бір түрі. Ойдым-ойдым болып
əр жерде бір кездесетін малахит, к у п е р и
т т е р д і ң мыс араласқан көкала тастар
көп (І. Есенберлин, Шығ. жин., 1, 96).
КУРД з а т. Иран, Ирак, Түрік елдері-
мен бірге тұрып жатқан халық атауы.
Мына келін к у р д дейтін елдің қызы.
К у р д п е н құда болдық (Ш. Мұртазаев,
Қара маржан, 107).
КУРТКАЛЫ с ы н . Курткасы бар,
куртка киген. – Жоқ, «мен» деп мен
бірқанша бұрын айтқанмын, – деді көк к у р
т к а л ы толықшалау келгені басын сүзеген
сиырдай қалтаң-қалтаң шайқап қойып
(К. Ахметбеков, Қасірет, 1, 24).
КУРЬЕРЛІК з а т. Курьер болушылық,
курьер қызметін істеушілік. Жұмысым –
к у р ь е р л і к, яғни типография мен ре-
дакция арасында құмырсқаша қатынап,
материал тасимын (Ш. Құмарова, Əйел
шырағы, 128).
КҮБІЖІК з а т. б о т. Жуан əрі биік, іші
қуыс қурай.
КҮБІР з а т. ж е р г. Шөп-шалаң, шөп-
шар, кəшек. Жер бетінен жарты құлаш
шығып тұрған жер үй болса керек. Төбесі
қамыс, к ү б і р м е н жабылған (Р. Отарбаев,
Біздің ауыл., 139).
КҮБІРТКЕДЕЙ с ы н. Күбіртке
сияқты, күбіртке тəрізді. Қайғым бар
жүрегімде талай батпан, Шерім бар
айтылмаған толып жатқан. Ойласам
жұртым жайын зар батады Жанымды к ү б
і р т к е д е й солқылдатқан (І. Есенберлин,
Шығ. жин., 10, 103).
КҮБІШЕЛЕК з а т. Жасалуы мен по-
шымы жағынан күбіге өте ұқсас келетін,
бірақ сыйымдылығы одан аздау келген
ыдыс түрі (Қаз. этнография., 3, 244).
КҮДЕ з ат. Адамның мойнына сала-
тын құрсау; шынжыр арқан. Жəдігерді
мойнына к ү д е салып, аяғына кісен құр-
сау, қолына шынжыр бұғау салып, бақта-
рып қойды (Алпамыс: Қаз. əдеб. хрест.,
8 кл, 123).
КҮДЕЛІ с ы н. ж е р г. Шошайта
үйілген, жиналған (шөп). Азын-аулақ мал-
сауқанға нəпақа болсын деп жиналған к ү д
е л і шөп тоз-тоз (Қ. Жиенбай, Даңқ., 115).
КҮДЕРСІЗ с ы н. Үмітсіз; сенімі жоқ.
К ү д е р с і з шайтан (М. Мақатаев, Дариға-
жүрек, 80).
КҮДЕШІ з а т. Күде (шөп) салушы,
үймек үюші. (С. Арзымбетов, Ауыл. шар.
сөзд., 233).
К Ү Д І К Ш І Л Д Е У с ы н . А зд а п
күдіктенгіш; сезікшілдеу. Кейінгі ұрпақ əрі
ақылдырақ, əрі өз есебіне жетіктеу һəм к ү д
і к ш і л д е у де зəлімдеу болып туады деген
рас екен-ау (Ө. Ахмет, Қарқаралы., 201).
КҮДІС: Күдіс жонды. Арқасы дөңес,
бүкірейген. Боқшабай к ү д і с ж о н д ы,
бурыл сақалды, еңгезердей зор адам
(Б.Соқпақбаев, Балалық., 86).
КҮДІСТІК з а т. Күдіс болғандық,
бүкірейгендік. Тіземнің к ү д і с т і г і н
жоюым керек (Б. Соқпақбаев, Таңд., 123).
КҮЖ-КҮЖ о д. Бұқаның күйлеген
сиырды қашыруы үшін соған меңзеп
қолданылатын сөз (Қазақша мал атау., 95).
КҮЖІРЕЙІҢКІ с ы н. Күжірейген,
дөңкиген. Бағанадан бері тып-тыныш
тұрған жауырыны к ү ж і р е й і ң к і,
төртпақтау əйел аяқ астынан жұлқынып
шыға келді (К. Ахметбеков, Қасірет, 1, 33).
КҮЖІРКЕЙ з а т. з о о л. Негізінен
тундраны мекендейтін, үлкендігі орташа,
желке жүні күжірейген шұбар құс (турух-
тан). Бұл құстар қатарына меңіреу құрлар,
құрлар, к ү ж і р к е й л е р, колибрилер
кіреді (Р. Əлімбаев, т.б. Құстар тіршілігі, 8).
КҮЗ: Күз тоқсан. Күздің үш айы
(қыркүйек, қараша, желтоқсан). Бар қол
к ү з т о қ с а н н ы ң басында Сейхун
дарияның төменгі шеніндегі Қараөзек
қойнауында шоғырланбақ болды (І. Есен-
берлин, Алмас., 267). Əлі ыстығы толарси
қоймаған к ү з т о қ с а н н ы ң аяқ кезі еді
(І. Есенберлин, Қаһар, 168).
КҮЗГІ з а т. к ө н е. Айна. Сырт
адамға білініп тұрмай ма екен дегендей,
қабырғадағы жылтыр қара тас к ү з г і г е
295
Байынқол Қалиев
бойын түзеп бір қарады да үйден шығып
кетті (І. Есенберлин, Алмас қылыш,
305). Арманның дəл осы тұста қарсы
қабырғадағы үлкен к ү з г і г е көзі түсіп
кетті. Өзін-өзі танымай қалды (І. Есенбер-
лин, Алтын., 443).
КҮЗДЕМЕ з а т. с ө й л. Күздеу. Əр жыл
құрғатпай отыратын к ү з д е м е н і ң оты
қайбір тұнып тұр дейсің, мал аяғымен ши-
ырлана берген соң, ол да тоза береді екен
(К. Ахметбеков, Қасірет, 1, 400).
КҮЗДІК: Күздік алма. Алманың күзде
пісетін сорты. Əуелі қызығып шеткі
ағаштарда салбырап тұрған бірер к ү з
д і к а л м а н ы жұлып алып, күрт-күрт
шайнап, бақ ішін тамашалай əрменірек
жүргенде уыздай аппақ апорттарға кезікті
(С. Сарғасқаев, Көңілді бала., 28).
КҮЗЕ з а т. б о т. Сабағының өзегі
жұмсақ бұталардың бір түрі. Бұл
түтіктерді қамыстан, күйдірген к ү з е д
е н, темірден жасауға болады (Қазақстан
ауыл шаруаш., 1956, №7, 59).
КҮЗЕКШІ с ы н. ж е р г. Қартайған,
мыжырайған. Ат құлағында бірге ойнаған
бала еді. Енді бір к ү з е к ш і шал болыпты
(Халифа Алтай, Алтайдан., 143).
КҮЗЕКІ с ы н. с ө й л. Күздік. Талай
сəулетті сөздер қар астында қалған к ү з е к
і тарыдай терілмей келе жатыр (Қаз. əдеб.,
01. 08. 1986, 10).
КҮЗЕМДІК с ы н. Малшылардың күзде
отырып, күзем жүн қырқатын жері.
Бабық төңірегіндегі жайлаулық, к ү з е м д
і к, шабындық жерлерге іші тар казак-орыс
офицерлері көз алартады (С. Жүнісов, Ақан
сері, 2, 222).
КҮЗЕМКӨК з а т. Күзгі жылымықта
өсіп шыққан балауса көк шөп. Сондай-ақ
күзгі жауынмен бұл жерге к ү з е м к ө к,
балауса шығады (Соц. Қаз., 16. 08. 1953, 3).
КҮЗЕН: Күзен бөрік. Күзеннің
терісінен тігілген сəнді бөрік. Жиегі
ерекше қымбат аңдар терісінен жасалатын
кəмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік,
қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, к ү з
е н б ө р і к деп аталатын бөріктің түрлерін
ертеде киіт, кəделі сый, жасау қатарынан
орын алған (Қаз. этнография., 1, 539).
КҮЗЕР з а т. а р. ж е р г. Мұз үстіне құм,
шөп-шалам төсеп, аяқ таймайтындай
етіп жасалған жол (Қаз. этнография., 2,
413). – Мен мұндай өте алмаймын к ү з е р
і ң н е н, Қиқылдап бұған түссем жүземін
мен (Жеті ғасыр., 2, 152). Өзеннің қос
қапталындағы ел қашан мұз қатқанша бір-
бірімен қатынасуы мұң болып, мұз қатқан
соң да к ү з е р салынып, күл төгілуін
күтісетін (Соц. Қаз., 18. 10. 1981, 3). Ол к
ү з е р (сал) байлап, жасақтарын жаудың
сұрапылына іліндірмей Іленің оңтүстігіне
дін аман өткізіп алады (Алматы ақшамы,
21. 06. 1991, 4).
КҮЗЕТТІРУ Күзеттір етістігінің
қимыл атауы.
КҮЗЕТШІ з а т. а с т р. Жұлдыз аты.
Ақбозат пен Көкбозаттың сыртын ала
тұрған жалғыз жұлдыз – К ү з е т ш і
(Дракон). Оқшау тұрысы жағынан ол
шындығында да екі атты күзетіп тұрған
күзетші сияқты (Х. Əбішұлы, Аспан сыры,
82).
КҮЗЕУЛІК з а т. Күздік қоныс, күздеу
болып жүрген жер. Ол сөзінің соңын
қатқыл үнмен аяқтады да, атының басын
Желшиге, біздің ауылдың к ү з е у л і г і
жаққа бұрды (К. Сегізбаев, Жап-жасыл.,
391).
КҮЗУ: Күзу арқалығы. Көтермеге
бекітіліп, күзу шыбығын көтеріп тұратын
ағаш (ҚСЭ, 9, 49). Ерсі жіптерді күзу
жіптерге шалып, оны күзу шыбығына
тізеді де, к ү з у а р қ а л ы ғ ы н а ілмектеп
отырады (Бұл да).
Күзу жіп. з а т. Өрмектің астыңғы жібі
– ерсісін (ұрғашы жіп) көтерме ағашқа
жалғастырып тұратын жіп. К ү з у ж і п
өрмек желісінің қарсы жіп (еркек) жəне ерсі
(ұрғашы) жіптерінің арасын шатастырмай,
бөліп, көтеріп тұру қызметін атқарады (Қаз.
этнография., 3, 253). К ү з у ж і п жүннен
екі қабатталып иіріліп ысқыланады (ҚСЭ,
9, 49). Басы күзу шыбығына бекітілген
к ү з у ж і б і н і ң шағын домалағын ала-
ды да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты
орай күзу шыбығынан тағы бір рет жарты
қазықбау байлауымен өткермелеп алады
(С. Қасиманов, Қаз. халқ. қолөнері, 37).
Күзу шыбығы. Күзу арқалығына ілініп,
күзу жіптерін көтеріп тұратын шыбық
ағаш. К ү з у ш ы б ы ғ ы күзу арқалығына
ілінеді (ҚСЭ, 9, 49).
КҮЙ: Күй атасы. п е р и ф р.
Құрманғазы д.м. Дəулеткерейді к ү й
а т а с ы Құрманғазыдан кейінгі екінші ірі
тұлға деп білеміз (Лен. жас, 30. 06. 1999).
296
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Достарыңызбен бөлісу: |