КҮЙБЕҢГЕРШІЛІК з а т. Күйбеңдеп
қалғандық, күйкі тірлік. Қаламгерді к ү й б е
ң г е р ш і л і к т і ң батпағына батырмайтын,
дəлдүріштікке итермелемейтін кəсіпшілік
болатынын ажыратқан лəзім (Қаз. əдеб., 25.
08. 1989, 11).
КҮЙБЕҢДЕҢКІРЕУ Күйбеңдеңкіре
етістігінің қимыл атауы.
КҮЙБЕҢСІЗ с ы н. Күйкі тірліксіз, іс-
əрекетсіз, бос. Тып-тыныш бейғам тірлік.
Қарекетсіз, к ү й б е ң с і з, уайымсыз тірлік
(Қ. Ысқақ, Ақсу., 306).
КҮЙБЕҢШІЛ с ы н. Күйбеңдеп қалған,
тынымсыз. Шаруасын тындырып алмай
қонақ жəйін ойламайтын к ү й б е ң ш і л,
«пысық» əйелдер болушы еді (Қ. Ысқақ,
Таңд., 3, 264).
КҮЙГЕЛЕКТЕНУ Күйгел ектен
етістігінің қимыл атауы.
КҮЙГЕЛЕКТЕНІҢКІРЕ е т. Аздап
күйгелектену, күйгелектене түсу. Ол
аяғын бипаңдай басқанымен к ү й г е л е
к т е н і ң к і р е п, қиықтай келіп Байтас
ақсақалдың қасына таянды (Ж. Бектұров,
Жол жоралғысы, 36).
К Ү Й Г Е Л Е К Т Е Н І Ң К І Р Е У
Күйгелектеніңкіре етістігінің қимыл
атауы.
КҮЙГІЗ Күй етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Шекемдегі жараға шешем киіз
к ү й г і з і п басып, домбаздай етіп байлап
берген (Б. Соқпақбаев, Балалық., 28).
КҮЙГІЗУ Күйгіз етістігінің қимыл
атауы.
КҮЙДІРМЕЛІ с ы н. с ө й л. Күйдіретін,
күйдіргіш. Одан сан ғасыр бұрын қазақ
сахарасында к ү й д і р м е л і қыш заводы-
ның болғаны жəне мəлім (Жұлдыз, 1972,
№8, 206).
КҮЙЕЗ: Күйез болды. Адам мойнының
қозғалтуға келмей, сіресіп қалуы; күйез ау-
руымен ауруы. К ү й е з б о л ғ а н адамның
мойнын түнде, жатар алдында, май сіңіріп,
отқа қыздырылған шүберекпен таңып та-
стайды (Қаз. этнография., 3, 257).
КҮЙЕКТІ с ы н. Күйегі бар, күйек
байланған. Енді білдім: саулықтарды
күйлету үшін жəне күйленгенін ажыра-
ту үшін отарға жіберілген к ү й е к т і
қошқарлар екен (Н. Қазыбеков, Дала., 31).
КҮЙЕКШАШУ з а т. э т н. Алғашқы
қозы туғанда үй иесі беретін ғұрыптық
тамақ.
КҮЙЕЛЕ... 2. Күйесін кетіру, күйесінен
тазарту. Əр үй жеңін буып, қазанын к ү й
е л е п, арқан-жібін əзірлеп дегендей көшу
қамын жасай бастайтын (Ə. Хасенов, Жат
жазасы, 61).
КҮЙЕЛЕУ Күйеле етістігінің қимыл
атауы.
КҮЙЕРМЕН з а т. с ө й л. Жанкүйер.
Қашқан жігіт пен қуған қыздың соңынан
үш-төрт к ү й е р м е н шоқақтап барады
(Ə. Тарази, Қиян соқпақ, 198).
КҮЙЕУ: Күйеу кəде. э т н. Күйеу
қайын атасының ауылына алғаш барғанда
істелетін кəде.
Күйеу қоржын. э т н. Ұрын барғанда
күйеу жігіттің қайын жұртына апаратын
түрлі бағалы заттар, шапан, жыртыс т.б.
кəделер салынған қоржын. К ү й е у қ о р ж ы н
əдетте бетіне түрлі көркем өрнектер салы-
нып шашақталады (Қаз. этнография., 3, 263).
КҮЙЕУАЯҚ з а т. э т н. Қызын ұзатып
əкелген жолы енесі қайтарда оны күйеу
баласы міндетті түрде ауылына апарып
салады. Бұл «күйеуаяқ» деп аталады
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 4, 41).
КҮЙЕУЖАНДЫ с ы н. Күйеуін жақсы
көретін (əйел). – Қарай гөр, нағыз к ү й
е у ж а н д ы боп шықпасын мынауың!
(Ш.Құмарова, Əйел шырағы, 104).
КҮЙЕУШАҚЫРАР з а т. э т н. Ұрын кел-
ген күйеу жігіттен алынатын кəделердің
бірі. Күйеу жігіт к ү й е у ш а қ ы р а р,
бақанаттар, итырылдатар, босағааттар т.б.
кəделерін беріп, үйге кіреді (Жалын, 1974,
№3, 146).
КҮЙЗЕУЛІ с ы н. Күйзелген, қапалы.
Мінездің міні! – деді к ү й з е у л і дауыспен.
– Мінезде мін болса, оған не істей алады
екенбіз (Ж. Əлмашұлы, Тар дүние, 5).
КҮЙКЕНТАЙШЫЛА е т. Күйкентай
құсап тышқан аулау. Əрнені бір сабақтап,
ұзақ созып, келеңсіз тірліктің сүрлеу
соқпағында кездескен к ү й к е н т а й ш
ы л а п тышқан ілген тырбынуын айтады
(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 40).
КҮЙКІЛЕНУ Күйкілен етістігінің
қимыл атауы.
КҮЙКІЛЖІҢДІК з а т. Күйкілжіңге
тəн қасиет, күйкі тіршілік. Өзінің де
ұдайы көңілін мүжитін к ү й к і л ж і ң д і к
осы (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 34).
КҮЙЛЕНДІРУ Күйлендір етістігінің
қимыл атауы.
297
Байынқол Қалиев
КҮЙЛЕТ Күйле етістігінен жасалған
өзгелік етіс.
КҮЙЛЕТУ Күйлет етістігінің қимыл
атауы. Енді білдім: саулықтарды к ү й л е
т у үшін жəне күйлегенін ажырату үшін
отарға жіберілген күйекті қошқарлар екен
(Н. Қазыбеков, Дала., 31).
КҮЙЛІ-КҮЙСІЗ с ы н. Хал-жағдайы
жақсы-жаман, семіз-арық. Малсақ болып
өскен қазақ балалары өз иелігіндегі малдың
к ү й л і-к ү й с і з і н, аман-жаманын, қысыр-
буазын көріп-біліп, көңіл бөліп отырады
(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 7).
КҮЙОЙНАҚ з а т. Бұғылардың,
арқарлар мен таутекелердің үйірге түсер
кезіндегі шайқасы. Ересек текелер к ү й о
й н а қ басталғанша, яғни декабрь айына
дейін, 8-15 тен үйір құрайды (А. Молда-
бергенов, Атамекен, 17).
КҮЙРЕУІКТІ с ы н. Күйреуік өскен,
күйреуігі мол. Күз жəне қыс айларында
мен жылқыны бұйырғынды, жусан аралас
к ү й р е у і к т і жерге бағамын (Қазақстан
ауыл шаруаш., 1965, №7, 28). Момынға бұл
атырапта өсетін шөптер, құмды қыраттар,
сексеуілді өңірлер, жусанды, к ү й р е у і к
т і ойпаттар қадірлі. Өйткені, мұндай өңір
– малға ықтасын да, азық та (Оңт. Қазақст.,
20. 10. 1967, 2).
КҮЙСЕТ Күйсе етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Нанды калбасамен қосып к ү
й с е т і п отыр (Ə. Нұршайықов, Махаб.
жырл., 397).
КҮЙСЕТУ Күйсет етістігінің қимыл
атауы.
КҮЙТТЕН е т. Күйті келу. Буралар
мен үлектер салқын түссе к ү й т т е н е
бастайды, ал ыстық түссе күйті басылып
қалады (Қаз. ауыл шаруаш., 1968, №4, 42).
КҮЙТТЕНУ Күйттен етістігінің
қимыл атауы.
КҮЙТТЕҢКІРЕ е т. Өз басын, өз
жағдайын ойлаңқырау. Расында да, өмірі
көріп білмеген нарыққа түскен кезде
адамдардың қара бастың ғана қамын
к ү й т т е ң к і р е п кеткендері болды
(С. Рахымбек, Айдында., 200).
КҮЙТТЕҢКІРЕУ Күйттеңкіре
етістігінің қимыл атауы.
КҮЙТІҢДЕ е т. с ө й л. Күйбеңде.
Кемпір к ү й т і ң д е п жүріп қара шөңкеге
толтыра картоп асып қойды (Ə. Асқаров,
Таңд., 408).
КҮЙТІҢДЕУ Күйтіңде етістігінің
қимыл атауы.
КҮЙІКСАРЫ з а т. б о т. с ө й л. Сары-
күйік. Күреңбел – к ү й і к с а р ы, күрең-
селі, Жоңғар тау жонын төсеп тұр еңселі.
Түрленіп төңірегің тұрғаннан соң, «Күрең-
бел» деп атапты-ау біреу сені (Р. Нұрпейісов,
Кең жайлау, 62).
КҮКІРТ з а т. Сіріңке қорабының екі
қырына жағылған, шырпыға от беретін,
қара қоңыр түсті нəрсе. Қорапты ашып
жіберіп, бір шырпыны шағып қалды.
К ү к і р т і жасып қалыпты, тұтанбады
(С. Байжанов, Ақ маржан, 77).
КҮЛ з а т. к ө н е. Руна əліпбиі мен
жазуы ертеде осылай аталған. Ұлы Түркі
қағанаты кезіндегі к ү л (руна) əліпбиіндегі
дыбыстар тек сол уақыттағы мəтінге ғана
сəйкес дыбыстар болатын (Ана тілі, 09. 07.
2009, 4). К ү л жазуы қазақтың мыңдаған
жылдар бұрынғы ата-бабаларының өзінің
сөйлеу тіліне тəн дыбыстарына негізделген
төл жазуы (Бұл да).
КҮЛ: Күл сабап қарғады. Біреуге
қатты наразы болғандықты білдіреді:
қарғап-сіледі, лағынет айтты д.м.
Сүйектерді көргенде сауынсыз, көліксіз
қалған ел аналарының к ү л с а б а п қ а р
ғ а п отырғаны есіне түсіп, көзіне елестеді
(Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 20). Сонда
жесір қалған қарындасы к ү л с а б а п
қ а р ғ а п т ы (Бұл да, 3, 41).
Күл [топырақ] шашу. Адамдықтан
безіп, діннен шыққан адамның ту сырты-
нан «қараң өшсін» деген мағынадағы күл
(топырақ) шашу салты. К ү л немесе т о
п ы р а қ ш а ш у «Құдай сенің қараңды
екінші көрсетпесін, күлдей тозып жоғал»
дегенді білдіреді (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 1, 141).
КҮЛ: Күл шыққыр! Күл ауруына
ұшырағыр д.м. қарғыс. ≈ К ү л ш ы қ қ ы р
жүгермектің қайырылмай кеткенін қарашы.
КҮЛƏЙЛАН з а т. ж е р г. Селтеңбай,
жеңілтек, ақақаушыл. Қыз, əп-əсем келбеті
демесе, ол да бір к ү л ə й л а н. Қолынан
домбырасы түспейді (Ж. Нəжімеденов,
Кішкентай, 8). – Иə, қайтеміз! Түбінде
өлеміз екен деп, к ү л ə й л а н болар
жайым жоқ. Арақ беріп мақтау алмассың
(Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 215).
КҮЛƏҢКЕР з а т. ж е р г. Бозғыл
түсті мата атауы. Əр жерде к ү л ə ң к
298
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
е р д і ң қиындысындай боп бозарған қар-
дан өңге ақшыл ештеңке шалынбайды
(Ж. Нəжімеденов, Кішкентай, 148).
КҮЛƏҢКЕРДЕЙ с ы н. Күлəңкер
сияқты, күлəңкер тəрізді. Аспан көгаштап
жуған к ү л ə ң к е р д е й, көгілдір таза
(Ж. Нəжімеденов, Ақ шағыл, 21).
КҮЛƏП з а т. с ө й л. Күлəпсан. «Көш!
Көш!» - деп біз кетелік, жүр, кетелік, К ү л
ə п т і ң көшіп кетсін қалмай бəрі (Халық
аузынан). Айтамын айт дегеннен, айда к ү
л ə п! Жыландай сүйегі жоқ майда к ү л ə
п! Күлəбі бұл баланың аяғында Болмаса
аяғында қайда к ү л ə п? (Дерт көшіру
өлеңі).
КҮЛƏПСАН з а т. м е д. Адамда жəне
малда болатын жұқпалы ауру түрі. Қазақы
ортада малға тиген к ү л ə п с а н д ы
магиялық ғұрып – бəдік айту, дерт көшіру
арқылы емдеген (Қаз. этнография., 3, 270).
Малда болатын бəдік деген ауруды, адамда
болатын к ү л ə п с а н деген ауруды қазақта
өлеңмен емдеу бар (А. Байтұрсынов, Шығ.,
260). К ү л ə п с а н, көшер болсаң, қалаға
көш! Қаланың іші толған шанаға көш!
Таппасаң онан жайлау мен айтайын, Қалада
көзі шегір балаға көш (Халық аузынан).
КҮЛБІЛТЕ: Күлбілтеге салды.
Анығын айтпады, жасырды, бүркемеледі.
Гүлжайсаңның директордың сөзінен
аңдағаны: өздері жұмыс істесін, талпынсын
деп əдейі к ү л б і л т е г е с а л ы п айтпай
отыр деген ойда қалды (К. Ахметбеков,
Ақдала, 2, 166). Соңынан к ү л б і л т е г е
с а л д ы. «Мейліңіз, үй таппай келіп отыр-
ған жоқпын...» (Жұлдыз, 1975, №4, 126).
КҮЛБІЛТЕЛЕНДІР Күлбілтелен
етістігінен жасалған өзгелік етіс (С. Сма-
таев, Елім-ай, 2, 287).
КҮЛБІЛТЕЛЕНДІРУ Күлбілтелендір
етістігінің қимыл атауы.
К Ү Л Б І Л Т Е Л Е У К ү л б і л т е л е
етістігінің қимыл атауы. Бұдан əрі жауыр-
ды жаба тоқып к ү л б і л т е л е у д і ң жөні
жоқ-ты (Ə. Сарай, Атырау, 442). Осынау
сары əйелдің к ү л б і л т е л е у д і білмей
айтып салатын тік мінезінен интернаттағы
басқа тəрбиешілерді қойғанда директор
ағай да қаймығатын (К. Сегізбаев, Жап-
жасыл., 425).
КҮМСƏН..? Абзал к ү м с ə н таяғына
сүйеніп, айғай-шуға араласпай ақ селеу
сақалын тарақтап үн-түнсіз отырған
Мүсілімді столға шықырды (Ə. Сарай,
Атырау, 30).
КҮЛГІШТЕ е т. Қайта-қайта күле
беру, көп күлу. Жұрт жапатармағай к ү л
г і ш т е п, Қораш ақынның сөзін теріске
шығарды (Т. Əлімқұлов: Қаз. əдеб., 01. 05.
1973, 3).
КҮЛГІШТЕУ Күлгіште етістігінің
қимыл атауы.
КҮЛДЕУІШ... Тіпті к ү л д е у і ш т е
қалған темекісінің ұштығы да сөнбепті
(Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 203). Оника
сигарет тұтатып, кішкентай сары мүштікке
салып, бірер сорып хрусталь к ү л д е у і ш
к е қоя салды (Ш. Мұртазаев, Қара маржан,
74).
КҮЛДІР: Күлдір арба. Уақ, майда
нəрселерді тасуға арналған қорапты арба.
– Ал, енді осыған қанша адам қолы, қанша
ат-көлік, қанша к ү л д і р а р б а керек? –
деп бөліп жіберді (Ə. Сараев, Тосқауыл 153).
КҮЛДІРГІЛІК з а т. Күлдіре алатындық,
күлдіретіндік. Кескіні салмақты шырай та-
нытады. К ү л д і р г і л і к т і ң, яки келекенің
нышаны да байқалмайды (Жалын, 1974,
№6, 7).
КҮЛДІРЕУІШСІЗ с ы н. Күлдіреуіші
жоқ, күлдіреуіш орнатылмаған. К ү л д і р
е у і ш с і з шаңырақ болмайтынын білмеуші
ме едің (Қ. Əбілманапов, Өткел., 41).
КҮЛДІРЕУІШТІ с ы н. Күлдіреуіші
бар, күлдіреуіш салынған. Төбедегі күміс
к ү л д і р е у і ш т і абажа шаңырақ емес,
қатарластыра жабылған қайың салдаулар
қайда жатқанын бірден-ақ есіне түсірді (М.
Мағауин, Аласапыран, 177).
КҮЛДІРМАМАЙ з а т. к ө н е. 1.
Ертедегі мылтықтардың бір түрі;
құлдырмамай. 2. Зеңбірек. – Көрсін иттер,
к ү л д і р м а м а й д ы ң қазақтың қолында
да бар екенін (Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 1,
396). Зеңбіректі – «зормылтық», «к ү л д і
р м а м а й» деп атаған (Қаз. əдеб., 07. 02.
1992, 7).
КҮЛДІРМЕ з а т. Күлдіргі əңгіме. Жа-
дыра екеуміз түрлі к ү л д і р м е л е р айтып,
қызықты уақиғаларды əңгімелесіп ауылға
жеттік (Д. Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 15).
КҮЛДІРМЕКІЛ з а т. с ө й л. Шертпекіл
деп аталатын балалар ойыны. Асық ойы-
ны да басқаша. Біздің ауылда ойнайтын
«шертпекіліміз» мұнда к ү л д і р м е к і л
екен (Ж. Алтайбаев, Таңд. шығ., 309).
299
Байынқол Қалиев
КҮЛДІРІК з а т. ж е р г. Тақыр жер.
Менен сары атан озды, шөпке тойып алып,
к ү л д і р е к т е аунап жатыр (М. Мəжитов,
Аманғали, 248).
КҮЛЕГЕШТЕН е т. Қайта-қайта күлу,
күле беру. Жақсы үрлей алмайтын Сақат
сыбызғыны қолында ұстап, к ү л е г е ш т е
н е береді (Ұ. Доспанбетов, Ел есінде, 257).
К Ү Л Е Г Е Ш Т Е Н У К ү л е г е ш т е н
етістігінің қимыл атауы.
КҮЛЕМ з а т. к ө н е. Күлкішіл, күлегеш
адам; ел-жұрт. Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе – Таң боларсың
əлемге, Сөз боларсың к ү л е м г е (Шалкиіз
жырау: Нар заман., 26).
КҮЛ-КҮЛ: Күл-күл тəлкем. э т н.
Балалар ойыны. Осы қара бала бастаған
бұлардың негізгі ойындары: атпақыл,
қақпақыл, алтыбасар, к ү л-к ү л т ə л к
е м, лекеш тағы осы сияқтылар болатын
(Р.Аманкелдиев, Батыр., 12).
КҮЛКІТОҚ с ы н. с ө й л. Күлкішіл.
Бұл – к ү л к і т о қ, ессіз, артына бұрылмай
тек алға қадағалайтындар мекені (О.Бөкеев,
Үркер., 491).
КҮЛКІПАЗ з а т. Елді күлдіретін əртіс.
К ү л к і п а з д а р (комиктер) «жолымызды
эстрадан бастап едік, ұмытып бара жатыр
екенбіз», - десті (Лен. жас, 24. 04. 1973, 4).
КҮЛСАЛҒЫШ з а т. Темекінің күлін,
қалдығын салатын ыдыс. Темекісін
будақтатып, к ү л с а л ғ ы ш қ а мүштегін
тық-тық еткізіп күлін түсіріп, жайбарақат
отыр (З. Ахметова, Шуақты күн., 15).
КҮЛСАРЫ с ы н. Сарысы басым күлгін
түс. Əсіресе, ортада келе жатқан, бүкіл
Дешті Қыпшақ жеріне əйгілі, «Ортеке»
деп ат қойылған к ү л с а р ы сайгүлік
мінген жас əйел таңғажайып салтанаты-
мен анандайдан-ақ көздің жауын алады
(І.Есенберлин, Алмас қылыш, 24). Жаз
шыға к ү л с а р ы жүнді аруаналарын
ыңыранта, үдере көшіп, Арал теңізінің
құмды, тақыр жағалауларына дейін барды
(І. Есенберлин, Маңғыстау., 8).
КҮЛТЕ: Күлте жапырақшалар.
б о т. Гүл күлтесінің жапырақшалары. Тос-
тағаншаның үстіңгі жағына күлте орна-
ласқан. Күлте ақ түсті бес к ү л т е ж а п ы р а қ
ш а л а р ы н а н құралады (Ботаника, 107).
КҮЛТЕ-КҮЛТЕ с ы н. Күлтеленіп
кеткен. Нұры тая бастаған көзінің алды к
ү л т е-к ү л т е (Қаз. əдеб., 20. 06. 1975, 2).
КҮЛТЕЛЕ е т. ж е р г. Үлпілдету,
əлпештеу. Күндесіндей емес, ұзатар
қызындай қып к ү л т е л е п ұстап отыр
(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 139).
КҮЛТЕЛЕКСІЗ с ы н. с ө й л.
Бұлтарыссыз, бүкпесіз. Қараңғылықта
жалпылдап жанған отша татаусыз, к ү л т
е л е к с і з аңқылдап тұр. Жақсыңды жақсы,
жаманыңды жаман дейді (С. Оспанов,
Бақытты., 158).
К Ү Л Т ЕЛ Е Н Д І РУ К ү л т ел е н д і р
етістігінің қимыл атауы.
КҮЛТӨБЕ з а т. Ақсақалдар жиналып,
əңгіме-дүкен құратын ауыл маңындағы
биіктеу жер (төбе). Сөзуар жұрт би
тұқымы деп əзіл қылғанымен, бұл кісінің
арғы атасында к ү л т ө б е д е билік айтқан
ешкімі жоқ (Т. Əбдіков, Өліара, 36).
КҮЛТӨКПЕ з а т. Күл төгілген жер. –
Иттер к ү л т ө к п е н і тіміскілеп жүрген
шығар, – деді Уыз (Ж. Кəрменов, Ғашық.,
269). Болмаса к ү л т ө к п е болып ешкіге
тапталатын кісі емес еді ғой (Лен. жас, 28.
11. 1972, 4). Қазір Кеңестер Одағы деген к ү
л т ө к п е д е қалған жоқ па (Егем. Қазақст.,
21. 02. 1992, 3).
КҮЛТӨКТІ з а т. с ө й л. Күлтөкпе.
Жұмағұл жағасын күрең сəтенмен
көмкерткен түйе жүн шекпенді желбе-
гей салып, не қораның үстіне, не есік
алдындағы к ү л т ө к т і г е шығып тұрып,
шекесінен қарайды (З. Ақашев, Ақбел асуы,
110).
КҮЛТІЛДЕ е т. ж е р г. 1. Жарамсақтану,
жағымпаздану. 2. Қорқу, тайсақтау. Тура
айтам жəбірлеме, тарт қамшыңды, Жерім
жоқ еш адамға к ү л т і л д е г е н (Ел ау-
зынан, 228).
КҮЛТІЛДЕУ Күлтілде етістігінің
қимыл атауы.
КҮЛТІЛДЕТУ Күлтілдет етістігінің
қимыл атауы.
КҮЛШАШАР з а т. э т н. Бала: ұл,
қыз. – Балалы болды деп есіттім ғой? –
Ие, құр қол емес, к ү л ш а ш а р ы бар
(Ə.Нұрпейісов, Қан мен тер, 376). – К ү л ш
а ш а р ы ң бар ма? – Бар (Қазақст. əйелдері,
1983, №11, 13).
КҮЛШЕ: Күлше жіп. Орап қойған
бір бөлек жіп. К ү л ш е ж і п т і ң ұшы-
нан аңдаусызда тартып қалсаң, тарқатыла
бермей ме… (З.Шашкин, Доктор Дар-
ханов, 7).
300
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КҮЛШЕЛЕ е т. Жіпті бөлек-бөлек
етіп, орап қою. ≈ Өрмек жіптерін бояуының
түсіне қарай жеке-жеке к ү л ш е л е п
қоятын.
КҮЛШЕЛЕУ Күлшеле етістігінің
қимыл атауы.
КҮЛШЕЛІ с ы н. а у ы с. Тамағы тоқ,
киімі бүтін, дүниесі түгел; тұрмысы
жақсы. Кейбір к ү л ш е л і балалар секілді
ауыздарынан ақ май ағып жатпаса да,
несібеден айырылмаса екен деп тілейді
(Б.Омарұлы, Қаратерең., 39).
КҮЛШЕТАЙЛЫҚ с ы н. Күлшетай
боларлық, күлшетайға жетерлік. – К ү
л ш е т а й л ы қ ұн бар ма еді, аға? –деп
сұрады Айбарша. – Ол илеулі, ысулы
тұр, – деп Масақбай босағадағы столдың
үстіне жайылған күлшетайды көрсетті
(С.Мұқанов, Сыр Дария, 533).
Достарыңызбен бөлісу: |