Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет89/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   168

ҚҰДА: Құда түсуші. Құда түсе барған 

адам. Егер тоқтамға келіп, сөз байласса, қ ұ 

д а  т ү с у ш і л е р үкі тағып, бір малды қыз 

үйінің  белдеуіне  байлайды  (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 138). 

ҚҰДЫҚ з а т. Қабірдің төртбұрышты 

етіп қазылған, терең шұңқыры (Қаз. этно-

графия., 1, 97). Қ ұ д ы қ бір құлаштай терең, 

ұзындығы  адам  бойындай  етіп  қазылады 

да,  оның  батыс  бүйірінен  қуыстап,  лақат 

шығарылады (Бұл да). 

ҚҰДЫҚХАНА  з  а  т.  Ішінде  құдық 

бар  бөлме.  Қазіргі  кезде  олар  тамаша 

мавзолейдің  қазандық,  асхана,  кітапхана, 



қ ұ д ы қ х а н а жəне бүкіл сегіз жүлекті 

коридорды толық жөндеп бітті (Қаз. əдеб., 

20.10.1978, 2). 

ҚҰДЫС с ы н. Белі бүкірейген, бүкіш; 

күдіс. 

ҚҰДЫСТАН е т. Белі бүкірею, құдыс болу.

Оның орнына ақ араласқан сарғылт сақалы 

қаужиып, қ ұ д ы с т а н ғ а н сары-шұбар шал

отырды (Халифа Алтай, Алтайдан., 142). 



ҚҰДЫСТАНУ Құдыстан етістігінің 

қимыл атауы.

ҚҰДІРЕТ  з  а  т.  м  и  ф.  Сыңар  қанат 

тау құсы. Көне көздердің айтуынша құдай 

371

Байынқол Қалиев

сыңар қанат қылып жаратқан «Құдіреттің 

құсы» - қ ұ д і р е т» деген тау хайуанаты 

тек  осы  өлкені  мекендепті  (О.Қауғабай, 

Əлмерек.,120). 

ҚҰЖАТТАН  Құжатта  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Қазақ  жерінің 

сыртында шекара болғанымен, ішінде қ ұ 



ж а т т а н ғ а н, шекара болмаған (Соц. 

Қаз., 29.08.1990, 3). 



ҚҰЖАТТАНУ

1

 з а т. Құжат түрлерін, 



оның теориясын зерттейтін ғылым (пəн). 

ҚҰЖАТТАНУ

2

 Құжаттан етістігінің 



қимыл атауы. 

ҚҰЖЫРАТ з а т. с ө й л. 1. Құжат. 2. а у 

ы с. Қазына, байлық. «Бабырнама» шағатай 

тілінде жазылған. Адам баласының ерекше 

қ ұ ж ы р а т ы деуге болады (Жалын, 1988, 

№1, 60). 



ҚҰЗАУ: Құзау салды. ж е р г. Көз сал-

ды, қарады. Қ ұ з а у  с а л с а м, ол көз енді 

табылмас, Озан салсам, оралар ма жалын 

жас!  Домбырамнан  күй  еседі  дəркүмəн, 

Қарттық  басы  осы  екен  ғой,  қарындас 

(Қ.Шаңғытбаев, Таңдамалы, 235). 

ҚҰЗЫРЕТТІ  с  ы  н.  Құзыреті  мол, 

лауазымды. ≈ Қ ұ з ы р е т т і билік иесі. 

ҚҰЗЫРХАТ з а т. к ө н е. Үкіметке ар-

налып, жазбаша түрде берілген ұжымдық 

талап-тілек,  сұраныс.  Осы  жылы  ол 

(Ə.Бөкейханов) тарихтан белгілі Қарқаралы 



қ ұ з ы р х а т ы н ұйымдастырушылардың 

бірі болды (Алаш., 10). 



ҚҰЙ з а т. к ө н е. Құдық. Қ ұ й д ы ң 

құдықтан айырмасы шұқырға суды қолдан 

құйып  толтырады.  Ертеректе  кез  келген 

жерден  құй  қазып,  оның  жан-жағынан 

аяғы соған құятын арық-атыздар тартқан. 

Оған жаңбыр, қар сулары құйылып, ауызсу 

болмағанымен мал суаруға жараған (Соц. 

Қаз., 09.04.1991, 4). 



ҚҰЙҒАН: Құйған асықтай. Сымбат-

ты, сұлу, əдемі, келісті; салмақты. Жо-оқ, 

обалы не керек, кінə тағып. Жігіттің мінезі 

де, өзі де қ ұ й ғ а н  а с ы қ т а й келісті екен 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 104). 



ҚҰЙҒЫ  з  а  т.  Аузы  тар  ыдысқа 

сұйықтық  құю  үшін  пайдаланылатын 

бұйым (воронка) (Бекітіл. термин., 53). 

ҚҰЙЛАТ е т. ж е р г. Алдау, адастыру; 

жер соқтыру. Қуғыншысын қ ұ й л а т ы п,

Құйрығын  беріп  кетеді.  Сонда  да  сордан 

құтылмай, Дүниеден өтеді (А.Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 347). 



ҚҰЙМА:  Құйма  сақина.  Металды 

ерітіп,  арнаулы  қалыпқа  құю  арқылы 

жасалған  сақина.  Таза  күмістің  өзінен 

жасайтын бұрама білезік, қ ұ й м а  с а қ и н а

сияқты  заттар  болмаса,  басқа  мүліктерді 

əшекейлеу  үшін  алдымен  күмісті  сымға 

тартып  алушы  еді. (Жұлдыз, 1973, №9, 

210). 


ҚҰЙМАҚҰЛАҚТЫҚ  з  а  т.  Есті-

генін  көкейіне  тез  сақтайтындық, 

ұмытпайтындық.  Осындай  көп  ішінен 

біреуінің аузынан шыға қалса, шəкіртінің 

білгірлігіне, қ ұ й м а қ ұ л а қ т ы ғ ы н а

сүйсінген  мұғалім  оған  күле  қарайтын 

(З.Ақышев, Жаяу., 70). 

ҚҰЙМАЛЫ с ы н. Қалыпқа құйып жа-

салған, құйылған. Айыл-тұрманы түгелдей 

үзбелі,  қ  ұ  й  м  а  л  ы,  шытыралы  келеді 

(Ж.Бабалықұлы, Ер қанаты, 259). 

ҚҰЙРЫҚ:  Құйрығына  қызыл 

бұрыш  қыстырды.  Жанына  батырды, 

зар  қақтырды.  Мен  аға  сұлтанның  қ  ұ  й 

р ы ғ ы н а бір қ ы з ы л  б ұ р ы ш  қ ы с т 

ы  р  а  қайтатын  болармын  (Ғ.Мүсірепов, 

Ұлпан, 29). 



Құйрығына қоңырау байланды. Жа-

ман атқа ие болды. Қ ұ й р ы ғ ы н а  қ о ң 

ы р а у  б а й л а н ғ а н бір-екеуінде тіпті 

маза жоқ. Аш қалмайды, бірақ бас қала ма, 

қалмай ма, соны ойлап отыр (Ж.Қорғасбек, 

Жынды., 230). 



Құйрық  май.  Қойдың  құйрық  майы. 

Қ ұ й р ы қ  м а й баланы түрлі жел-құздан 

сақтап,  кіндікті  ораған  дəкені  кіндікке 

жабыстырмайды  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 1, 4). 



Құйрық  үзіп  кетті.  Бөлініп  кетті, 

біржолата  кетті.  Бұл  сөзден  соң  мүлде 

көңілі қалып, олардың арасынан біржолата 



қ ұ й р ы қ  ү з і п  к е т е барған екен (Ел 

аузы., 285). 



ҚҰЙРЫҚТЫ:  Құйрықты  жұлдыз-

дай жарқырады. Жарқ етіп көзге түсті. 

Байқағаным, өз ғұмырында қолынан кел-

генше  мол  іс  тындыруға  асыққан  кейбір 

адамдар о дүниеге өзгелерден бұрын жəне 

мезгілсіз қ ұ й р ы қ т ы  ж ұ л д ы з д а й 

ж а р қ ы р а п кетеді екен (М.Қалдыбай, 

Елім деген., 25). 



ҚҰЛ: Құл тұйғын. Кір тұйғын кейде 

осылай  да  аталына  береді.  Тұйғынның 

«мырза тұйғын», «қ ұ л  т ұ й ғ ы н» деген 

түрлері болады (Ш.Айманов.., Қыран тур., 


372

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

87). Тұйғындар түсіне қарай – ақ тұйғын, 

кір  тұйғын  болып  жіктеледі.  Бірқатар 

əдебиеттерде ақ тұйғын – мырза тұйғын, кір 

тұйғын – қ ұ л  т ұ й ғ ы н болып та жазылып 

жүр (Ж.Бабалықов.., Қырандар, 144). 



ҚҰЛА:  Құла  түзде  қу  ілген.  Алғыр, 

ұшқыр,  өжет.  Көңілім  дария  болғанда, 

қолым  қайық,  Өз-өзімнен  боламын  Еділ-

Жайық.  Айдын  шалқар  көл  қайда  қылар 

шабыт, Қ ұ л а  т ү з д е  қ у  і л г е н мен 

бидайық (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 199). 

ҚҰЛАЗУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Көңілінің 

құлазып  қалғандығы,  жабырқаушылық. 

Кейде көңілінің түкпірі жан баласы дендей 

алмайтын қ ұ л а з у ш ы л ы қ қ а ұрынып, 

сенделіп қалатын еді (Таң нұры, 35). 



ҚҰЛАҚ

1

  з  а  т.  Күмбездің  сəндік  үшін 



төрт  бұрышына  биік  етіп  орнатылған 

текшеліктер. ≈ Əкесінің күмбезінің төрт 

бұрышына да қ ұ л а қ жасатыпты. 



ҚҰЛАҚ

2

 з а т. Опырмалы мылтықтың 



пестонға  от  беретін  тетігі,  шаппасы, 

қайырмасы.  Алдыңғысы  мылтығының

қ ұ л а ғ ы н қайырып кезеп тұр (З.Ақышев, 

Ақбел, 69). 



ҚҰЛАҚ

3

 з а т. ж е р г. Өзендегі қазан-



шұңқыр, иірім, тартпа. Қ ұ л а қ қ а құй-

ғытып кеп құлап кетті, Шықпады – су ас-

тында  тұрақ  тепті.  Ауыл-ел  азан-қазан 

қан ағызып, Алуа қара көзден бұлақ төкті 

(Е.Дүйсенбай, Бозала таң., 97).

ҚҰЛАҚ: Құлағына жетпеді. Естімеді 

(ешкім  айтқан  жоқ)  д.м.  Өсекке  қарсы 

тараған қауесет Мұраттың қ ұ л а ғ ы н а



ж  е  т  п  е  г  е  н  сияқты  (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 177). 



Құлағының  құрышын  қандырды. 

Жақсы  əн  салып,  əңгіме  айтып,  риза 

етті; құмардан шығарды. – Тозған дауыс, 

шытынаған  сыбызғы  қ  ұ  л  а  ғ  ы  ң  н  ы  ң  



қ ұ р ы ш ы н  қ а н д ы р а қояр ма екен? 

Дегенмен, меселің қайтпасын, - деп үйден 

кəрі  серігін  алдырды  (Мəдениет  жəне 

тұрмыс, 1972, №7, 19). 



Құлақ етін жеді. Қайта-қайта айтып, 

мазасын алды. Олар қайта-қайта звондап 

менің қ ұ л а қ  е т і м д і  ж е п қойды 

(Б.Дəулетбаев, Парыз, 64). 

Құлақ қойды. Құлақ қойды, тыңдады, 

естіді. 

Құлақ түрді. Құлағын салды, тыңдады, 

естімек  болды.  Тағы  не  айтар  екен  деп 

Қозығараға қ ұ л а қ  т ү р е м і н. Бірақ үнсіз 

қой  соңын  қузауға  кірісті  (Т.Тілеуханов, 

Көрші  келіншек, 39). Жай  отырмайды, 

малтасын езеді бір. Тыңдамайын десең де, 

қ ұ л а қ  т ү р г і з е т і н қызық əңгімелер 

(Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 172).



Құлақтың  құрыш  етін  жеді.  Қайта-

қайта айтып, мезі қылды. Əрі өткен, бері 

өткенінде қ ұ л а қ т ы ң  қ ұ р ы ш  е т і н 



ж е п, ақыры көндірді (К.Ахметбеков, Егіз 

қала, 438). 



ҚҰЛАҚАСҚА: Құлақасқа шай. Сүті 

қаймақ мол қосылған қызыл шай. Шай да 

неше түрлі болады: күрең шай, қ ұ л а қ а с қ а



ш а й, қызыл шай (Т.Кененқызы, Кенен, 47). 

ҚҰЛАҚТЫ с ы н. Текшелі етіп жасаған 

құлағы бар (күмбез). Төбесі күмбезді, қ ұ л 

а қ т ы, ағаш есікті, кіре берісі оймышты, 

өрнекті, қос дің бағаналы етіп, тек қызыл 

кірпіштен жасайтын болды (Ə.Ыдырысов, 

Таңшолпан, 134). 



ҚҰЛАҚША  з  а  т.  Телефонның  қолға 

алып, құлаққа тосатын бөлігі (трубкасы). 

Үстелімнің  үстіндегі  телефон  шырылдап 

қоя берді. Қ ұ л а қ ш а с ы н көтеріп: - Ало! 

-дедім  (Д.Рамазан,  Жылап  аққан., 170). 

– Ол телефон қ ұ л а қ ш а с ы н орнына 

қойып, қасыма келді (Ə.Тəжібаев, Жаданов 

əңгім., 56). 

ҚҰЛАҚШЕКЕ :  Құлақшекеден 

қондырды.  Құлақшекеден  бірді  қойды. 

Мұрны қорқордың басындай домалақ неме 

айқайды сап кеп қ ұ л а қ ш е к е д е н  қ о н 

д ы р с ы н. Аңдаусыз отырғам. Есім ауып 

қалыпты (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 248). 



ҚҰЛАҚШЫНДЫҚ с ы н. Құлақшын 

боларлық,  құлақшынға  жарарлық  (тері). 

Ал қорықтағы мына қазақтарға екі-үш бас 

сиырының бұзау-торпағын аман өсіріп, ара-

тұра бір-екі қ ұ л а қ ш ы н д ы қ ондатр аулап 

алса шаруасы түгел (Қ.Жиенбай, Даңқ., 86). 

ҚҰЛАЛАТ е т. с ө й л. Құла жылқыны 

көп  жи  д.м.  Қысырақтың  үйірін  Алапат 

та, қ ұ л а л а т. Қысыр жеңгем ұл тапсын. 

Алалат та, балалат! Ат байларға жараса, О 

да бізге қанағат (Ж.Ахмади, Айтұмар, 135). 



ҚҰЛАЛАТУ  Құлалат  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚҰЛАЛАУ с ы н. Құлаға жақын (түс). 

Құрманға  құйылған  шəй  алғашқыда  қан 

жирендеу, онан кейінгісі құбақан қ ұ л а л 

а у боп келеді де, үшінші шыныаяқ сарғылт 

боздау  боп  сұйқылдана  берді  (З.Ақышев, 

Ақбел асуы, 138). 


373

Байынқол Қалиев

ҚҰЛАН:  Құлан  жуа.  б  о  т.  Жуаның 

ірірек келген бір түрі. Ал күн күркірегеннен 

кейін ой жуа болмаса, қ ұ л а н  ж у а н



ы  ң  уы  шығып  жеуге  келмей  қалады 

(Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 324). 



ҚҰЛАНСАУЫР  с  ы  н.  Сауыры 

құланның  сауырындай  жұп-жұмыр. 

Темір құйма таяқ, қ ұ л а н с а у ы р араби 

арғымағы үстінде. Биік, еңсегей тұлғасын 

қапсыра кіреуке сауыт киген (Е.Тұрсынов, 

Темірлан, 89).

Құлан  тұяқ  э  п  и  т.  Тұяғы  құланның 

тұяғындай дөп-дөңгелек. Құлан жал, бөрі 

кеуде, қамыс құлақ, Салпы ерін тарбақ та-

нау, киік сағақ. Бос белбеу, бота тірсек, қол 

ет бөлек, Сіңірі желбеленген, қ ұ л а н  т ұ 



я қ (И.Байзақов, Құралай., 141). 

ҚҰЛАНТӨС:  Құлантөс  бұлдырық. 

Бұлдырықтың  бір  түрі;  қылқұйрық. 

СССР-де,  сондай-ақ  Қазақстанда  ақба-

уыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық жəне 

қ ұ л а н т ө с  б ұ л д ы р ы қ деп аталатын 

үш түрі кездеседі. Соңғысын кей жерлерде 

қылқұйрық деп те атайды (Қаз-н əйел-рі, 

1984, №8, 30). Қ ұ л а н т ө с  б ұ л д ы р ы қ

немесе  қылқұйрық – республикамызда 

кең тараған бұлдырықтың бір түрі жəне ең 

кішісі (Бұл да). 

ҚҰЛАШ:  Құлаш  құйрық.  п  о  э  т. 

Құлаштай  ұзын  құйрық.  Иранға  қарай 

борт-борт желген қыпшақтың тоқпақ жал, 



қ ұ л а ш  қ ұ й р ы қ, ошақ табан сəйгүлік 

жүйріктері  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 9, 

145). 

Құлашты кеңге салды. Қарқындады, 

қарыштады. – Биылғы межеңді қалай атап 

отырсың? Он мың. – Пəлі, қ ұ л а ш т ы 



к е ң г е  с а л ы п с ы ң ғой (Б.Мұстафин, 

Жайнаған жер, 61). 



ҚҰЛДАУ з а т. г е о г р. ж е р г. Еңіс 

жер, құлама. Жарсудың қ ұ л д а у ы н а 

тірелетін  аңғардың  алды  ұзыннан-ұзақ 

созылған  бұралаңы  көп  терең  шатқалды 

шұбалаңқы сай (С.Сматаев, Алғашқы асу, 

143). Қ ұ л д а у д ы ң қамшылар жағында 

қотан аумағындай тегіс жер бар (Бұл да). 



ҚҰЛДЫРМАМАЙ з а т. к ө н е. Ертедегі 

мылтықтардың  бір  түрі.  Мылтықтың 

«алты қырлы ақ берен», «он екі құрсау жез 

айыр», «қозыкеш», «қ ұ л д ы р м а м а й», 

«қара мылтық» деген аттары бар (Ата сал-

ты., 50). «Нақыпбек! Тұр, қоршап алыпты» 

дегенімде, қ ұ л д ы р м а м а й ы н а шап 

бергені (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 289). Қ ұ л 

д ы р м а м а й ы н ыңғайлап, жылқының 

арт жағын кес-кестей берді (Бұл да, 385). 



ҚҰЛЖА с ы н. а у ы с. Ірі, үлкен. Қ ұ л 

ж а қобызын арқалап, елден-елге, бектен 

бекке жырау кезер (Ел аузы, 274). 



ҚҰЛЖА:  Құлжа  алмасы.  Жабайы 

алманың қолға өсірілген түрі (ҚСЭ, 1, 281). 

ҚҰЛПАТША з а т. с ө й л. Қолбатша. 

Түйеде таза үлек пен таза айырдан біртуған 

тарақ  құйрық  жалғыз  өркеш  нар  туады. 

Оның еркегін бекпатша, ұрғашысын қ ұ л 



п а т ш а дейді (С.Кенжеахметов: Ана тілі, 

25.02.2010, 3). 



ҚҰЛПЕРЕН ү с т. ж е р г. Құйғытып, 

құйындатып.  Əудем  жер  қ  ұ  л  п  е  р  е  н 

шапқан соң ғана бойы жеңілдеп салғандай 

болды (К.Сегізбаев, Ашылмаған., 60). 

ҚҰЛПЕТ..?  Кəрі  төбеттің  ұсқыны 

нашар,  омыртқа лары   шодырайып , 

қабырғасы ырсиып, қ ұ л п е т к е айналған 

(Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 10). 



ҚҰЛТАС з а т. с ө й л. Құлтемір. Жар-

тылай адам, жартылай қ ұ л т а с болып, жүз 

жасар едік (Ж.Қорғасбек, Жынды., 155). 

ҚҰЛТЕКЕ  з  а  т.  Мүйіздері  мүжіліп, 

орнында  қос  тұқылы  ғана  қалған  кəрі 

теке. Тасада тұрған хан қ ұ л т е к е дəл 

өкпе  тұсына  келген  кезде  садақ  тартты 

(Қ.Салғарин, Үбедей, 60). Ертеректе 10-15 

жасқа келіп, можа боп қартайған текелер 

жиі  кездесуші  еді.  Ондайларын  қумүйіз 

немесе қ ұ л т е к е дейтін (А.Сейдімбеков, 

Тауға біткен., 23). 

ҚҰЛТЕКІ з а т. Құлдың баласы. Сыртта 

бір қ ұ л т е к і н і ң аузынан екінші қ ұ л т е 



к і н і ң аузына көшкен «Əскербасы Бақтияр 

сұлтанды алдияр тақсыр» шақырып жатыр 

деген дауыс бірте-бірте əлсіреп, əлдеқайда 

көше  қуалай  ұзап  барып  мүлде  өшті 

(І.Есенберлин, Алмас., 162). 

ҚҰЛЫНБӨСТЕК   з  а  т.  Құлын 

терісінен істелген бөстек. Ол өзінен қол 

созым жерде, қ ұ л ы н б ө с т е к үстінде 

тізесін бауырына алып, құс ұйқыда жатқан 

ұлы  бəйбішені  түртіп  оятты  (Е.Тұрысов, 

Темірлан, 254). 

ҚҰЛЫНСАҚ с ы н. Құлынын жақсы 

көретін,  құлынжанды.  Тұмса  тұсақ 

қызғаншақ,  Тұмса  бие  қ  ұ  л  ы  н  с  а  қ 

(Мақал). 

ҚҰМ:  Құм  беттенді.  Сұрланды, 

бедірейді. Міне, біз осындай оймен қ ұ м


374

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

б е т т е н і п, сазарып, тістеніп отырғандарға 

қарадық (Қаз. əдеб., 17.01.1975, 4).



Құм қайыңы қ. Қандым. Ал құмның 

(Қызылқұм)  шөптерінің  түрлері  сан  алу-

ан. Онда тал, тораңғыл, қ ұ м  қ а й ы ң ы

сексеуіл, кейде терек те кездеседі (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1959, №8, 94). 

ҚҰМАЙ

1

  з  а  т.  к  ө  н  е.  Соғыста 



қолға  түскен  қыз,  əйел.  Бұл  үшеуіне  де 

қойындарына қ ұ м а й салып, үстеріне же-

ке-жеке боз орда тігіп берген (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 9, 369). 



ҚҰМАЙ

2

 с ы н. ж е р г. Аласа, тырбиған. 

Көз  көп  қазір  сыртымыздан  сын  айтар, 

Бəйтеректі мазақтаса қ ұ м а й тал, Ерден 

бұрын ел сенімін мұңайтар. Бірақ бізге өз 

ұлтыңды өзгеден Кем сүйесің деп, қанеки, 

кім айтар? (М.Шаханов, Мəңгүрт., 168). 

ҚҰМАҚ з а т. ж е р г. Тезек. Малшылар 

күзде, көктемде қ ұ м а қ теріп, отқа жағады 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 53). 

ҚҰМАҚША з а т. Құмды, құмдауытты 

төбе.  Ауыл  сыртындағы  жатаған  боз  қ  ұ 

м а қ ш а д а н асып түскен соң-ақ маңдай 

алдынан сағымдана толқып жатқан ұшы-

қиырсыз  кең  жазық  көрінді  (Б.Шаханов, 

Қаратау., 140). Жол қ ұ м а қ ш а ғ а көтерілді 

де,  кілт  ылдилай  жөнелді  (Б.Шаханов, 

Ғашық, 61). 



ҚҰМАЛАҚҚАТА...  Құмаққатаны  кей 

жерде қиқата, қ ұ м а л а қ қ а т а деп атай-

ды. Ол құрғақ, қатты шөпті көп жеп, суды 

аз ішкеннен болады (Ж.Бабалықұлы, Мал 

ауру., 53, 176). 

ҚҰМАРШЫ  з  а  т.  Құмар  ойынын 

ойнауға құмартушы адам, құмарпаз. 

ҚҰМАРШЫҚ  з  а  т.  Құмаршық 

өсімдігінің  тарыға  ұқсас,  қара  қоңыр 

түсті дəні. Оны сүтке, сорпаға бөктіріп, 

тағам  ретінде  пайдаланады.  Құмнан 

əкелінген бір аяқтай қ ұ м а р ш ы қ бар 

еді; соны салайын (М.Сүндетов, Ескексіз., 

127). Күзде оны кəдімгі қолдан еккен бидай 

не тарыдай оратын да қағатын. Сөйтіп, үй 

басы қап-қап қ ұ м а р ш ы қ жинап алатын 

(Жұлдыз, 1970, №8, 79). 

Құмаршық  қағу.  Аштықтың  салда-

рынан құмда өсетін құмаршық өсімдігінің 

астына  жайма  жайып,  таяқпен  ұрып, 

дəндерін  жинап  алу  іс-əрекеті.  Құмнан

қ ұ м а р ш ы қ  қ а ғ у ғ а жұмысты тастап 

кейбіреулер жүре беретін (Қ.Құрманғалиева, 

Атырау ару, 40). 

ҚҰМБЫЛ

1

  с  ы  н.  Əзір,  даяр,  дайын. 

Айда  десе  жер  түбіне  де  айдап  апаруға 

қ ұ м б ы л м ы з (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 

384).  Мен  оның  дəл  осындай  он  рисала-

сын оқуға қ ұ м б ы л м ы н (Парасат, 2009, 

№9, 10). 



ҚҰМБЫЛ

2

 ү с т. Жылдам, тез, шапшаң; 



ширақ. – Жүдə, қ ұ м б ы л боп кеттіңдер, 

-  деуші  еді  ол  насаттана  (Қ.Найманбаев, 

Беймезгіл., 70). Ондайда əулие қандай қ ұ 

м б ы л: құмалақты шашып жіберіп, ішірткі 

жазып берген (Ана тілі, 27.05.1991, 12). 2. 



Шұғыл, бірден, кенет. Оған көзі ақшаңдап 

балдыр ете түсіп еді, анау іске қ ұ м б ы л 

кірісіп,  қалақтай  жалпақ  былғары  алып 

шықты  (Т.Мəмесейіт,  Таңжарық, 2, 311). 

Өзге колхоздар тұқым себуге қ ұ м б ы л 

кірісіп  кеткенде,  сіздер  неге  жайбарақат 

отырсыздар? (О.Сəрсенбаев,  Жақсының., 

13). 3. Ынты-шынтымен ,  беріл е .

4.  Көмескі,  тұншыққан.  Біресе  жердің 

астынан,  біресе  жердің  үстінен,  кейде



қ ұ м б ы л, кейде ашық дауыстар жамырап 

кеп  бергенде,  бас-аяғын  ажырата  алмай 

қиналады (Ж.Қорғасбек, Жынды., 14). 

ҚҰМДАҚТАС з а т. Түрлі минералдар-

дың ұсақ бөлшектерінен тұратын жыныс. 

Қ ұ м д а қ т а с ақ, сұр, сары, қызыл түсті 

болуы мүмкін (Терминол. анықт., 6, 202). 



ҚҰМДАН  з  а  т.  к  ө  н  е. 1. Кірпіш 

күйдіретін  жер;  кірпіш  зауыты.  Қала 

шетіндегі қ ұ м д а н н а н кірпіш таситын 

бірнеше арба керек (Қ.Жұмаділов, Соңғы 

көш, 2, 30). Ал сол сайдың батысындағы 

кірпіш күйдіру қ ұ м д а н ы н ы ң орны-

на  Іле  гимназиясын  салуды  жоспарлады 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 155). Қ ұ м д а н 

д а алғаш күйдірілген қыш – қызыл, екіншісі 

– боз, үшінші дүркінгісі – қайрақтай көксұр 

болып  шығады  (Лен.  жас, 21.09.1971, 3). 

2.  а  у  ы  с.  Бір  нəрсені  қақтайтын  орын. 

Тірідей апарып қақтайтын қ ұ м д а н д а р

бар  деп  еститін.  Бейшаралар  сондай  бір 

жерде шыжғырылып жатыр ма, кім біледі?! 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 338). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет