МАЙМЕНЕ з а т. к ө н е. с ө й л. Май-
мана. Қамбар батыр майсары етіп Қыпшақ,
Арғын жігіттерін, м а й м е н е етіп
Үйсін, Дулат жəне өзге ру сайылшыларын
тұрғызды (І. Есенберлин, Алмас., 236).
МАЙМҰРЫН¹ з а т. э т н. Балалар
ойынының бір түрі. Ойын аттары: салтақ,
ауыртаяқ, жорғатаяқ, доп ойын, алты
ала теке, орамал жасырмақ, тақия теп-
пек, ақсүйек, м а й м ұ р ы н, соқыртеке,
барыпқаш – осының бəрі ұпай ұтыс
болады (К.Əзірбаев, Аңыз., 8). Кенен жа-
сынан пысық болған. Солтаяқ, ауыртаяқ,
жорғатаяқ, орамал жасырмақ, тақия теппек,
м а й м ұ р ы н, соқыртеке, қақпатас, асық,
шекемтас тəрізді қойшылардың ұпай ойы-
нымен өз қатарын ұтып жүреді (Жұлдыз,
1974, №5, 188).
МАЙМҰРЫН² з а т. э к с п р. Мұрны
үлкен, май басқан адам. Қырсыздығынан
ба, əлде кеш үйленуінен бе, дембелше,
семізше, жалпақ бет, м а й м ұ р ы н,
кескінсіз əйел болғанмен Жаңылды ала
салған (С.Мұқанов, Мөлдір,. 336). Əй,
м а й м ұ р ы н əкеңе сəлем айт (Ғ.Сланов,
Замандастар, 66).
МАЙМЫЛ: Маймыл жылы. с ө й л.
Мешін жылы. – Биыл мешін ғой, шыра-
ғым. Кейбір жерлерде мешінді м а й м ы л
ж ы л ы деп атайды (Ə.Жылқышев, Мешін
жылы, 6).
МАЙМЫЛДАН е т. Маймыл кейпіне
ену, маймыл сияқты болу. – Жə-жə! Сенің
м а й м ы л д а н ғ а н ұсқыныңды көрмей
жүргем жоқ (С.Сматаев, Алғашқы асу, 86).
МАЙМЫЛДАНУ Маймылдан етіс-
тігінің қимыл атауы.
МАЙӨКШЕ: Майөкшеге шеге қақты.
Жанға қатты батты, жанды қинады.
Төл сыбағасын беруге бұлданатын, игілік
сұрағанның арын қинаған қылық м а й ө к
ш е г е ш е г е қ а қ қ а н д а й болып отыр
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 156).
МАЙРАҒАЙ: Майрағай да тайрағай.
Ойын-күлкі, мəз-майрам, шат-шадыман.
Имандай сырым, барша қауым м а й р а ғ а й
д а т а й р а ғ а й болған кезді көргенім
осы (К.Мұқажанұлы, Ортеке, 19). Үлкен
отауларымызды оң жағымызға, ортаншы
отауларымызды сол жағымызға қондырып,
м а й р а ғ а й д а т а й р а ғ а й бір дəурен
өтіп еді-ау! (М.Разданұлы, Алтай., 41).
МАЙСАНА з а т. м е д. Үпілмəліктің
майы. Ежелгі Египетте адамдар əр айдың
үшінші күні іш айдайтын м а й с а н а, яғни,
үпілмəлік ішуге тиіс болды (Ол кім? Бұл
не? 1, 302).
МАЙСАРА з а т. к ө н е. Əскердің сол
қанаты. Сол қанатты (м а й с а р а) Ілияс-
Қожа-хан мен Əмір Хамит, оң қанатты
(маймана) Əмір Тоқтемір мен Əмір Бекшік
басқарды (ҚазССР тарихы, 2, 199).
МАЙСАРЫ з а т. к ө н е. с ө й л.
Майсара. – Мына ғажайып көшке қарап
тұрып бір ойға келдім, - деді ол қайтадан
жақында ғана м а й с а р ы болған батырға
(І.Есенберлин, Алмас., 323).
МАЙСӨК з а т. э т н. Майға шыланған
тары. Оңашада м а й с ө к т е н 2-3 рет
аузын толтыра асап, шала шайнап жұтып
жіберді (М.Дүйсенов, Ант, 27). Ақталған
405
Байынқол Қалиев
тарыдан жасалған м а й с ө к немесе жент
көпшілік тамақтандыратын орындарда
ұлттық астың бір түрі ретінде дайындалса
деймін (Лен.жас., 28.02.1974, 2).
МАЙСІҢДІ с ы н. Май сіңіп қалған
(орамал). М а й с і ң д і орамалмен қолын
шала-пұла сүрте салды (К. Сегізбаев,
Жылдың ең қысқа., 142). Сонсоң күбінің
бетіне жабылған м а й с і ң д і дымқыл ора-
малды бір қолымен басып, екінші қолымен
піспекті 2-3 рет толғаған болады (Жалын,
1973, №1, 144).
МАЙТАЛҚАН з а т. Майға шыланған
талқан. Шешесі алдымызға м а й т а л қ а н
қойып, шай берді (М.Қазиев, Үркер, 20).
МАЙТАРЫ з а т. Майға шыланған
тары; майсөк. Қаймаққа бөктірілген би-
дайды, майға шыланған м а й т а р ы н ы,
мынау етті жейміз, қаласаң ана торлама қа-
уынды соямыз (М.Құдайқұлов, Құпия., 73).
МАЙТОҚАШ з а т. с ө й л. Бауырсақ.
Бəтима жеңгесі жаңа жылға арнап əзірлеген
м а й т о қ а ш, шекшекей, құстіл, самсала-
рын қайнысының аузына тосып, əр түрінен
омырып əкеліп алдына жайып салды
(Х.Рахимов, Сеңгір сырлары, 201).
МАЙТҮБІТ... Жасына қарай былай
аталады: 1 жас – балапан, 2 жас – қантүбіт,
3 жас – тірнек, 4 жас – тастүлек (құмтүлек),
5 жас – мұзбалақ, 6 жас – көктүбіт, 7 жас –
қана, 8 жас – жана, 9 жас – м а й т ү б і т,
10 жас – барқын, 11 жас – баршын, 12 жас –
шөгел (Саятшылық, 79). Жоғарыда аталған
12 атаудың ішінде м а й т ү б і т т е ата-
лады. Əрине, м а й т ү б і т дəуірі құстың
орта жастан ауған, жасы егделеп, ұлғайып
қалған шағына қатысты (Ш.Бабалықов,
Қырандар, 119).
МАЙХАНА з а т. ж е р г. Хан орда-
сы. Қақ ортаға оң қанат төрт үй бір-бір
керегенің орнын ашық тастап, бір-біріне
тіркестіріліп м а й х а н а қылып тігілген
(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 142)
МАЙШАМ ... Ол орнынан түрегелді
де, бұрыштан əрі-бері қарап, м а й ш а м
тапты, соны жақты (Ш.Өтепов., Таушелек-
те туған., 28).
МАЙШЫЛЫҚ з а т. Май жинаумен
айналысушылық, май жинаушылық.
МАЙЫР з а т. с ө й л. Майор. Əйгілі
айтыс Бəйетұлы Құдайберген м а й ы р
д ы ң үйінде болады (Қаз. əдеб., 31.08.1984,
10).
МАЙЫСТЫРЫҢҚЫРА е т. Аздап ма-
йыстыру, майыстыра түсу. Асекең сұқ
саусағымен оның қыр шеміршегін м а й ы с
т ы р ы ң қ ы р а п қойды (Қ.Ысқақ, Ақсу., 39).
МАКЕТТЕЛ Макетте етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Кезекші бөлмесіне
кірсек, бірінші бет м а к е т т е л і п поррек-
турасы оқылып жатыр екен (М.Əлімбаев,
Көңіл күнд., 178).
МАКЕТТЕЛУ Макеттел етістігінің
қимыл атауы.
МАКИНТОШТЫ с ы н. Үстінде ма-
кинтошы бар, макинтош киген.
МАКСИ з а т. Ұзындығы тізеден тө-
мен кететін мода. Көңіліміз «мини»
мен «мидиді» қаласа – мұның бəрі ХХ
ғасырдың ырғағы емес пе? «М а к с и» де-
ген тағы бар. Оның несі айып? (Лен. жас.,
22.03.1973, 3).
МАҚАЛСЫМАҚ з а т. Нағыз мақал
емес, мақалға жақын нəрсе. «Маса кімді
шақпайды, қызды кім сүймейді» деген
м а қ а л с ы м а қ шығыпты ғой (Ө.Ахмет,
Қарқаралы., 115).
МАҚАТ з а т. Аюдың еркегі (теледи-
дардан).
МАҚҚА з а т. ж е р г. Домбыраның
дыбысты нашар шығаратын шанағы.
Домбыраның қырық құраудан тураты-
нын екінің бірі біле бермейді. Шанақтың
саңлағы да, м а қ қ а с ы да болатынымен
былайғы жұрттың ісі жоқ (Т.Əлімқұлов,
Туған ауыл, 151).
МАҚПҰР ...? Сондай-ақ төртқыр-
лықтағы, мешіт күмбезі астындағы, м а қ
п ұ р д а ғ ы жазулар мен оюлар қалпына
келтірілмек (Қаз. əдеб., 08.02.1980, 15).
МАҚСАТНАМА з а т. ж а ң а. Алға қойған
мақсаттар мен міндеттер жиынтығы.
Осы конференцияда партияның жарғысы
мен м а қ с а т н а м а с ы н бұрмалауға жол
бермеу керек екендігі ескертілді (Егем. Қаз.
02.09.1992, 3). Қазақтың мұсылман əйелдері
одағының м а қ с а т н а м а с ы н ы ң
алдыға қойған міндеті республикамыздағы
жетімханаларды иелікке алу (Қаз. əдеб.,
23.11.1990., 3).
МАҚСҰТСЫЗ с ы н. с ө й л. Мақсатсыз.
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние? Мұны
бүйтіп жаратқан қандай нəрсе? Білімсіз,
м а қ с ұ т с ы з д а н шыққан болса, Мақсұт,
білім, ой шықты мұнан неге? (Шəкəрім,
Шығ., 201).
406
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
МАҚСЫМ с ы н. ж е р г. Қайырымды,
мейірімді, адал (адам). Ол ғана емес,
Балақыздың баратын адамы жоңғар
соғысында кемтар болған м а қ с ы м пен-
де (Ж.Ахмади, Айтұмар, 164). Осылайша
ауылды сырттай торуылдап отырып шығыс
жақ шеттегі Қаратай м а қ с ы м н ы ң үйіне
көзім түсті (Жалын, 1974, №5, 55).
МАҚТА: Мақта бітесі. з о о л. Мақта
дақылын зақымдайтын біте (жəндік). М а қ
т а б і т е с і мақта өсіретін аймақтар-
дың барлығында кездеседі (Қазақст. табиғ.,
3, 283).
МАҚТАДАЙ с ы н. Мақта сияқты,
жұмсақ. Шығыс жақта түткен м а қ т а д а й
ұлпа бұлт (Т.Əлімқұлов, Туған ауыл, 80).
МАҚТАЛА е т. Арасына мақта салып
тігу. Назиқа м а қ т а л а ғ а н шалбар
киді, Аязда Омарменен отын жиды. Қояды
шаң жұқтырмай, ұядай қып, Өздері боран
алған кішкене үйді (Қ. Тоғұзақов, Сібір
Омар, 107).
МАҚТАЛАУ Мақтала етістігінің
қимыл атауы.
МАҚТАНГӨЙ с ы н. Мақтаншақ,
мақтанқұмар. Маңғаз байың балпаңдап,
М а қ т а н г ө й і ң талтаңдап, Бəйбіше-
лер балқылдап, Ақпейіл шалдар аңқылдап
(Дулат Бабатайұлы: Нар заман., 217).
МАҚТАНГӨЙЛІК з а т. Мақтан-
шақтық, мақтан сүйгіштік. Əрине, ол
істің рет-жөнін білетін адам ғой, штаттан
тыс қызметін м а қ т а н г ө й л і к к е
салынбай, салауатты түрде бастады
(М.Айымбетов, Құмөзен., 173).
МАҚТАНҚОЙЛЫҚ з а т. Мақтан-
шақтық, мақтанқұмарлық. Жаратылысы-
нан оның бітеу м а қ т а н қ о й л ы ғ ы да
жоқ емес-ті (Ж.Ахмади, Айтұмар, 8).
МАҚТАНҚҰМАРЛЫҚ з а т. Мақ-
тансүйгіштік, мақтаншақтық. Бұл жолғы
əңгімемеміз ақындық мəдениет, ақындық
кішіпейілділік, сөздегі лақылдақтық пен
м а қ т а н қ ұ м а р л ы қ т а н сақтану,
сыпайылық жайында ғана пікір қозғау
болды (Қаз. əдеб., 05.04.1974, 3). Бұл Бəкең
осы м а қ т а н қ ұ м а р л ы ғ ы н а н жас
күнінде талай опық жеген (О.Сəрсенбаев,
Жақсының көзі, 145).
МАҚТАНУШЫЛЫҚ з а т. Мақтан-
ғандық, мақтанғыштық. Алла тағала
жалғаншылдықпен байып, м а қ т а н у ш ы
л ы қ т ы сүймейді (Жас алаш, 17.09.1994, 3).
МАҚҰЛДАУЫНСЫЗ с ы н. Мақұл-
дамай; құптаусыз, қоштаусыз. Келін
ененің м а қ ұ л д а у ы н с ы з отбасылық
маңызды істермен алым-берімге баса билік
жасамайды (Н.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік,
2, 128).
МАЛ: Мал ақты болсын. «Сүт көп
болсын, ақ мол болсын» деген тілек.
Мал сауып жатқандарға: «м а л а қ т ы,
балалар бақты б о л с ы н» деу керек
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік, 2, 39).
МАЛАЗЫҚ з а т. Малға азық болатын
нəрселер (шөп, жем, көгөніс т.б). Бұйра
сораң шөлді аймақты жайылымдарда
жақсы м а л а з ы ғ ы. Оны əсіресе түйе мен
қой сүйсініп жейді (ҚҰЭ, 2, 454). Сəбізді
шикілей де, піскен күйінде де пайдаланыла-
ды. Бағалы азық-түлік жəне м а л а з ы ғ ы
(М.Қожабеков, Дəріл. өсімд., 141).
МАЛАЗЫҚТЫҚ с ы н. Малға азық
боларлық. Күздік қарабидай Қазақстанның
оңтүстігіндегі суармалы аудандарда аса
бағалы м а л а з ы қ т ы қ дақыл (Суарма-
лы егін, 194.). М а л а з ы қ т ы қ сапасы
жағынан садақбоз боз түрлерінің ішіндегі
ең маңыздысы (Лен. жас, 12.08.79).
МАЛАҚ: Малақ қоңызы. з о о л. ж е р г.
Қиқоңыз. – Бұл қоңыздарды – м а л а қ қ о ң
ы з ы (жук навозник) деп атайды. М а л а қ
қ о ң ы з д а р ы өздері жасаған допта-
рын жерге көміп, олармен личинкала-
рын қоректендіреді (Қазақс. пионері,
13.08.1972, 3).
МАЛАТАС з а т. с ө й л. Тұлықтас.
Сондықтан үш м а л а т а с бұрынғымызша
кешке дейін астық бастырамыз (Жұлдыз,
1972, №4, 31).
МАЛАТЕМІР з а т. Жыртылған жердің
кесек топырағын майдалайтын тіс-тіс
темір құрал: тырма. Ұлы жүз Майқы
биге: – Таңбаң сүргі, яғни м а л а т е м і р,
құсың бүркіт, ағашың қараағаш, ұраның
салауат болсын, - депті (Майқы би, 81).
МАЛҒҰНДЫҚ з а т. Опасыздық,
қайырымсыздық, мейірімсіздік, арамдық.
Хауа айтты: - Тілегің бір тынсын! –деді,
- Бұл кəпір бала болмай құрысын! – деді. –
Сен шықсаң, мен де кеткем ол жұмақтан, -
Деп шайтан м а л ғ ұ н д ы қ п е н іркілмейді
(Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 291).
МАЛДЫ-ЖАНДЫ с ы н. Малы да,
жаны (адамы) да көп. Ол Жетісу өңірінен
Құлжа қаласының маңына отызыншы жыл-
407
Байынқол Қалиев
дары жан сауғалап барған. Өз жерінде м а л
д ы-ж а н д ы бардам кісі екен (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 14).
МАЛЖЕРІК с ы н. с ө й л. Малқұмар.
Қазақ бірімен-бірі кезіге қалғанда алдымен
«мал аман ба?» деп есендеседі. М а л ж е
р і к қазақ үшін мұның ешқандай ерсілігі
жоқ (М.Разданұлы, Алтай., 175).
МАЛҚОРДА с ы н. Бықсып жатқан,
көң-қоқысты. Батыр əдеттегі м а л қ о р
д а, бықсыма, төртпақ ағасын бұндай үлкен
істердің тұсында көргісі келмегендей бола-
тын (М.Əуезов, Қилы заман, 24).
МАЛМА: Малма аяқтанды. Аяғын
сүйретіп басты, ақырын жүрді. –
Жүрсейші, м а л м а а я қ т а н б а й. – Ау,
маған айтасың ба? (Б.Майлин, Таңд., 502).
МАЛСАҚСЫ е т. Малдың жайын көп
ойлайтын адам болып көріну. Дөңгелек
тұяқтылар мен айыр тұяқшаларға көңіл
қойып, м а л с а қ с ы п жүр (К.Сегізбаев,
Жап-жасыл., 102).
МАЛСАҚСУ Малсақсы етістігінің
қимыл атауы.
МАЛСАҚТЫҚ... Байзақтың м а л с а қ
т ы ғ ы н жақтырмай: - Барына қанағат. Мал
табамын деп тым жанталаса бермесеңші, -
депті (А.Жақсыбаев, Иса ақын, 191).
МАЛ-САУҚАН з а т. Азды-көпті мал.
Азын-аулақ м а л-с а у қ а н ғ а нəпақа
болсын деп жинаған күделі шөп тоз-тоз
(Қ.Жиенбай, Даңқ., 115).
МАЛТҮГЕЛ с ы н. Көңілі тоқ,
жайбарақат, бейқам. – Беу, м а л т ү г е л
байғұс-ай, қаперіне кірер емес қой, - деді
ауыл адамдарының бірі (Т.Тілеуханов,
Біздің əкелеріміз, 173).
МАЛШЫ: Малшылардың маршалы.
п е р и ф р. Жазылбек Қуанышбаев д.м. Бұл
бригада «м а л ш ы л а р д ы ң м а р ш а л ы»
атанған екі мəрте Еңбек Ері Жазылбек
Қуанышбаев атына лайық жұмыс істеп
жатқанымен қуантады (Б.Тоғысбаев, От
пен күл, 282).
МАМАЛЫҚ з а т. Мама (шеше, ана)
болғандық. – Мен мына шампанды өзімнің
Гауһарға м а м а л ы ғ ы м, оның қызым бола
беруі үшін ішемін (Ə.Тəжібаев, Жаданов
əңгім., 241).
МАМПАҢ з а т. ж е р г. Ел басшысының
көмекшісі. Мішəн м а м п а ң н ы ң өзі қой-
қозының күзем жүнін аламыз деп мал жақ-
қа кетіпті (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 20).
МАМЫҚША ү с т. Мамық тəрізді,
мамық секілді. Байжан сонау өздерімен
қатарласа, күртік қарды м а м ы қ ш а
басып кеткендерді көз алдынан өткізді
(Х.Рахимов, Бетпе-бет, 176).
МАМЫРЛА ... 2. Құстың түлеу кезі, ескі
қанат-құйрықтарының түсіп, жаңасының
шығуы. Құстар тек көктемгі ұя салу,
жұмыртқа басу, балапан ұшырудан кейін
ғана м а м ы р л а й д ы (Қ.Аймағамбетова,
Табиғ. тану., 63).
МАМЫРЛАУ ... – Июнь айының
орта кезінде құс түлейді. Қанатының
қауырсындары түсіп қайтадан жетіледі.
Бұл кезде үйрек пен қаз көтеріліп ұша
алмайды. Міне, осыны құстың м а м ы р
л а у ы дейді (Тың өлкесі., 18.07.1965, 3).
Тіпті м а м ы р л а у кезінде дəрменсіз,
қанатсыз отырған құстарды əлдебір
есерсоқтардың таяқпен ұрып та алған
кездері болған (Мəдениет жəне тұрмыс,
1968, №7, 11).
МАМЫРШЫЛЫҚ з ат. с ө й л. Ма-
мыражайлық, тыныштық. Қыз соңынан
елдің бар азаматы көтеріліп, басқыншы
жау жеңіліп, ел үстіне м а м ы р ш ы л ы қ
орнапты (Қаз. əдеб., 22.09.1972, 3).
МАМЫТА з а т. ж е р г. Опат. Омар мен
Дəуітбайдың сиырлары суға кетіп, м а м ы
т а болды. Көп үй аралда қалды (Т.Əбдіков,
Өліара., 221).
МАНАР з а т. Мата аты (Ғ.Сыланов,
Дөң асқан, 61).
МАНАТ ... – Кешегі Берке хан да,
Өзбек хан да м а н а т т а р ы н осы жерде
құйғызып, атын ататып жасаған (К.Жүніс-
тегі, Едіге, 142).
Манат сарайы. Ақша жасайтын сарай.
– Бұл м а н а т с а р а й ы, - деді жолбасшы.
– Қандай? – деп Аңдысын қайта сұрады. –
Ақшаны осы жерде жасайды (К.Жүністегі,
Едіге, 142).
МАНҒҰТ з а т. Маңғол тайпаларының
бірі. Өр Ононнан қозғалған торғауыт,
ұрыт, м а ң ғ ұ т т ы қ мыңдықтары топ-
тасып, лек-легімен Керуленге бет алды
(Е.Тұрысов, Темірлан, 159).
МАНДОЛ ... Ол м а н д о л д ы жақсы
тартатын, өзі де əн салатын (Қ.Қазиев,
Үркер, 129). Бірақ м а н д о л тартқан жігіт
ұнамады (Оңт.Қазақс. 11.09.1971, 3).
МАНДОЛШЫ з а т. Мандол тартушы,
мандолда ойнаушы. Сахнаға бес домбы-
408
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
рашы, екі м а н д о л ш ы кеп жайғасты
(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 144).
МАНДЫРАҚТА е т. Мас болу,
қисаңдау, тілі күрмеліп, сөйлей алмай қалу,
тəлтіректеу. Əншейінде болса м а н д ы
р а қ т а п қалатындай-ақ ішті, екіншісін
орындығының астындағы ағаш жəшікке
тығып салып алды (Ж.Қорғасбек, Жынды
қайың., 3).
М А Н Д Ы РА Қ ТАУ Ма н д ы р а қ т а
етістігінің қимыл атауы.
МАНЕКЕНШІ з а т. Киімнің жаңа
моделін киіп, халыққа көрсететін адам.
Бір кезде ортаға əрі биші, əрі м а н е к е н
ш і əдемі келіншек шықты (М.Құдайқұлов,
Құпия.,14). Бұрын м а н е к е н ш і болған.
Былтырдан бері тігін шеберлігіне көшті
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 337)
МАНЖАМ з а т. ж е р г. Уыс, шеңгел.
МАНЖАМДА е т. Ұстау, уыстау,
шеңгелдеу. Қасқа торының шоқтығынан
мытып, м а н ж а м д а п тұрғансын ғана құ-
ламай əзер қалды (Н.Серəлиев, Қанат, 23).
МАНЖАМДАУ Манжамда етістігінің
қимыл атауы.
МАНЖЫ з а т. Ламаның көмекшісі,
шəкірті. Күре (пұтхана) маңында өздерін
м а н ж ы м ы з (шəкірт) деп атай-
тын бір өңкей жырық етек, ұзын шапан
киген тақырбас мүриттер қаптап жүр
(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 308).
МАНИКЮРЛЫ с ы н. Маникюр жаса-
тылған (саусақ). М а н и к ю р л ы, əдемі,
салалы саусақтары бар нəзік қолымен
Ұлықбекті қыз бүйірден түйгіштеп-
түйгіштеп қояды (Ж.Жұмақанов, Замана
билігі, 23).
МАНСАРДАЛЫ с ы н. Мансардасы бар,
мансарда жасалынған. Маялап үйген шөп,
қора-қопсы м а н с а р д а л ы қоңыр үйден
оқшаулау қоңсы тұр (Қ.Ысқақ, Ақсу.,5).
МАНСҰҚТАЛ Мансұқта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Ал, хош, бұл вари-
ант м а н с ұ қ т а л д ы делік (М.Əлімбаев,
Көңіл күнд., 168). Ендеше осы Шора
жөніндегі жырдың теріс м а н с ұ қ т а
л ы п жүруінің не сыры бар? (Қаз. əдеб.,
17.08.1974, 15).
МАНСҰҚТАЛУ Мансұқтал етіс-
тігінің қимыл атауы.
МАНСҰҚТАУШЫ з а т. Мансұқ етуші,
жоққа шығарушы, жарамсыз етуші. Əлде
мен де дүние-боқты м а н с ұ қ т а у ш ы л а
р д ы ң қатарына қосылдым ба? (Т.Қосуақ,
Мəрмəр., 122)
МАНСЫ з а т. Солтүстік аймақта
тіршілік ететін халықтардың бірі.
Жасақтың жауы бейбіт жатқан татарлар мен
ханты, м а н с ы л а р емес, көшімнің қарулы
əскері болды (Қаз. əдеб., 10.11.1989, 7).
Достарыңызбен бөлісу: |