Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет85/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   168

ҚОҒАЛЫҚ  з  а  т.  Қоға  өскен  жер. 

Тұран атай қаладан келген немересін ертіп, 

бүгін  анау  теріскей  жақтағы  жақпарлы 

иіннің тұсындағы бөгде көзге көп шалына 

бермейтін қалың қ о ғ а л ы қ қ а баруды 

ойлаған (Қазақст. пионері, 01. 05. 1972, 3). 



ҚОДАР  з  а  т.  а  у  ы  с.  Өзін  сүймеген 

адамды  сүю,  жөнсіз  құмарту.  Өзіне 

қарамаған  адамға  құмарту – ақыл  мен 

бойды  билеген  лəззат  ойының  азабы  деп 

ұғатынмын. Мұндай сезім тек қ о д а р л а 



р ғ а тəн сезім деп білетінмін (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 1, 271). 



ҚОДАРШАЛАУ с ы н. а у ы с. Ожар 

мінезділеу,  дөкірлеу.  Қанша  дуайпат, 

ардың-гүрдің,  айқайшыл,  қ  о  д  а  р  ш  а  л 



а  у  болса  да,  туысқан  шіркін  қиын  екен 

(Ш.Мұртазаев, Жұлдыз., 82). 



ҚОДАС  з  а  т.  ж  е  р  г.  Аң  аулайтын 

қоршау, шарбақ. Абағына, аранына, ауына, 

қ о д а с ы н а, торына, шаппасына түспеді 

деген сөз (Ер қанаты, 274). 



ҚОДЫҚ з а т. Есектің өсіп қалған ба-

ласы.  Есектің  кішкентай  баласын  көдек,

қ о д ы қ, тақай деп, ал одан үлкенін тайқар, 

есектің ұрғашысын мада, еркегін əңгі деп 

атайды (Қаз. этнография., 2, 86). 

ҚОДЫҚТА... Құландар қ о д ы қ т а п

саны да көбейе түсті (Туған жер, 216). 



ҚОЖАЖАПЫРАҚ  з  а  т.  б  о  т. 

Жапырақтары  қатпар-қатпар  болып 

өсетін  өсімдік.  Жар  басында  жараған 

бураның  басындай  болып  алыстан  мен 

мұндалап  ағарып  көрініп  тұратын  қ  о  ж 

а  ж  а  п  ы  р  а  қ  т  а  р  өскенді  қойыпты 

(З.Қиянатұлы, Көшпенді., 62). 



ҚОЖАҚОСПАҚ з а т. Қоспақ түйенің 

бір тұқымы. Оның гуртындағы түйелердің 

көбі  қоспақ,  айырлар  екен.  Балқоспақ,



қ о ж а қ о с п а қ, күрт дегендерің көп-ақ 

(Коммунистік еңбек, 06.09.1966). 



ҚОЖА-СЕЙІТ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қожа-

молдалар  д.м.  Жəңгір  өз  тұсындағы  қ  о 

ж а-с е й і т т е р м е н де жақсы қарым-

қатынаста болған (А.Сатаев, Бəрі де., 77). 



ҚОЖАБЕСІН... Мал қосып біреуі бес, 

біреу оннан, Қарғаның туған екен жұлдызы 

оңнан.  Болғанша  қ  о  ж  а  б  е  с  і  н  бəрін 

сайлап, Қарғаның ауылы екен жаңа қонған 

(Н.Ахметбеков, Тосын толғау, 134). 

ҚОЖАҒАЙ...  Қожағайды  төс  білер 

(Мəтел). «Темірді тіземе сап қозғап көрсем, 

Секілді қ о ж а ғ а й д а й былқылдайды» деп 

Балуан  Шолақтың  айтқаны  темірдің  осы 

отта жатып балқуға жақындап, жұмсарған 

шағы (Соц. Қаз., 09.04.1991, 4). 



ҚОЖБАНСУ  Қожбансы  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОЖБАНСЫ  е  т.  Ірі  болып  көріну; 

күжірею,  күдірею. – Сендер,  киргиздар, 

қорықпаңдар одан. Ол əшейін қ о ж б а н 



с и д ы (Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 354). 

ҚОЖДАН е т. Бұжырлану, бұдырлану. 

Бұрын  домаланған  доп  болса,  енді  кеш 

түйнектеп,  қ  о  ж  д  а  н  ы  п,  піспей  қал-

ған  иттүйнекке  ұқсайды  (Лен.  жас, 

28.08.1973, 4). 

ҚОЖДАНУ Қождан етістігінің қимыл 

атауы.

ҚОЖЫРЛАНУ Қожырлан етістігінің 

қимыл атауы.

ҚОЗАЛЫ: Қозалы алқа. Шар тəрізді 

сылдырмақтарымен  əшекейленген  алқа 

(Қаз. этнография., 2, 615). 



ҚОЗҒАҒЫШ з а т. м е х а н. Кез кел-

ген энергия түрін механикалық энергияға 

айналдыратын машина (двигатель). Бүкіл 

елімізде ракета қ о з ғ а ғ ы ш т а р ы н акад. 

В.Глушко  басқаратын  конструкторлық 

бюро  жасап  келгені  белгілі  (Қ.Олжай, 

Қанат  байла., 41). Зымыранның  қ  о  з  ғ  а 

ғ  ы  ш  ы  қандай  отын  пайдалануы  керек? 

(Бұл да, 42).



ҚОЗҒАҒЫШСЫЗ  с  ы  н.  Қозғағышы 

жоқ, қозғағышы əзірленбеген. АҚШ-тағы 

«Сатурн»  ракетасының  жұмысы  қызып 

жатқан шақта Королевтің алып жатқан ра-

кетасы қ о з ғ а ғ ы ш с ы з қалды (Қ.Олжай, 

Қанат байла., 41).

ҚОЗДАТПАЙ  з  а  т.  Тоғызқұмалақ 

ойынының жеңіл түрі. Төрт-бес бала біздің 

əдеттегі жиналатын жерімізге бұрынырақ 



355

Байынқол Қалиев

келіп,  тоғызқұмалақтың  жеңілірек  түрі 

– «қ  о  з  д  а  т  п  а  й»  ойнап  жатыр  екен 

(С.Танекеев, Қиян асу, 103). «Қ о з д а т 



п а й ғ а» қызыға үңіліп отырған балалар 

бастарын көтеріп Хасенге қосылып күлісті 

(Бұл да, 104). 

ҚОЗДАТУ  з  а  т.  э  т  н.  Тоғызқұмалақ 

ойынының балаларға арналған қарапайым 

бір  түрі;  қоздатпай.  Тоғызқұмалақ 

ойынының  бірнеше  түрі  бар.  Оның 

балаларға  арналған  қарапайым  түрлерін 

«қ  о  з  д  а  т  у», «бестемше»  деп  айтады 

(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 46). 

ҚОЗЫ з а т. а с т р. с ө й л. Қой. Үркердің 

үстіңгі жағында тұратын, аса жарық емес 

қос жұлдыз бар. Оны – Тоқты, Қ о з ы неме-

се Қой, Қошқар деп те атайды (Х.Əбішұлы, 

Аспан  сыр, 151). Сөздікте  қамтыл-

май  қалған  кейбір  астрономиялық  атау-

лар  бар.  Олар:  Қос  жұлдыз,  Қ  о  з  ы

Тоқты,  Босаға,  Шаян,  Балықтар,  Су  құю-

шы  т.б. (С.Сəрсенова,  Қаз.  тіл.  астр.  тер-

мин., 66). 



Қ О З Ы :   Қ о з ы   ж а м ы р ау.   Қ о з ы 

көгенделмей  тұрғанда  қой  өрістен  келіп 

қалса,  олар  бір-біріне  қарама-қарсы 

жүгірісіп, маңырасып, шуласып қосылып 

кету. Қ о з ы  ж а м ы р а у деген де ерекше 

бір қызық дүние (Н.Қазыбеков, Дала., 35). 



Қозы жасы. э т н. Баланың он жасқа 

келіп,  қозы  бағуға  жараған  кезі.  Бала  он 

жастан асқан соң, «қ о з ы  ж а с ы н а келді» 

деген жорамен тілеу тілеп, мал айтып сояды 

(Ата салты., 133). Қ о з ы  ж а с ы н д а ғ ы 

балаларға əр түлік мал мен оның төлдерінің 

бөгенайын,  белгі,  қасиеттерін  жыға  тану 

талабын  қойған  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 2, 14). 



Қозы  күзем.  Қозыны  күзде  қырқу 

шарасы. Қ о з ы  к ү з е м і аяқталғаннан 

кейін  тоқтылар  енесімен  бірге  кеткен 

(М.Разданұлы, Алтай., 153). 

Қозы  қора.  Қозы  қамалатын  қора. 

Қора мал түліктерінің түріне қарай əртүрлі: 

ат қора, сиыр қора, қой қора, қ о з ы  қ о р а

т.б. (Шаңырақ, 54). Мал төлдейтін қ о з ы



қ о р а қой қорасынан бөлек салынады (Бұл да).

Қозы  түс.  Таңертеңгі  сағат  он  кезі. 

Бүгін түнде орындап, күндіз қ о з ы  т ү с



т е осы орында болуға серт болсын, - деді 

Райымбек  батыр  (Қ.Макин,  Əруақты  ата-

лар, 106). Қой өріске кетіп ұзағанша қ о з ы

т ү с болады (Н.Қазыбеков, Дала, 35). 

ҚОЗЫБАС:  Қозыбас  шоқпар.  Басы 

қозының  басындай  шоқпар.  Атына  қарай 

ұмтылғанда  солардың  ішінен  кенет 

қолындағы қ о з ы б а с  ш о қ п а р ы н 

ыңғайлай түсіп оқыс қимылдаған Бөрібай 

батырды көзі шалып қалды (І.Есенберлин, 

Алмас., 301). 



ҚОЗЫГҮЛДІ  с  ы  н.  Қозыгүл  өскен, 

қозыгүлі  бар.  Əне-міне  дегенше  қар  да 

кетіп, бақ-бақ бұртиып, бəйшешекті, қ о з ы



г ү л д і, түймедақты көгал шөп көтеріліп 

қалды (І.Есенберлин, Алтын., 468). 



ҚОЗЫҚА з а т. Арқардың төлі, қозысы. 

Айталық, арқардың қ о з ы қ а с ы н, маралдың 

бұзауын,  тауешкінің  лағын,  қасқырдың 

бөлтірігін əкеліп береді (Т.Жақыпбайұлы, 

Асан  ата, 5). Сізге  лайығы – тауешкінің 

семіз тушасы, арқардың сүт емген қ о з ы 



қ а с ы емес пе? (Ғ.Оралбаев, Ақиық, 196). 

Есік пен төрдей-ақ жерден қ о з ы қ а с ы н

ерткен  марал  атыла  жөнелді  (О.Бөкеев, 

Үркер, 51). 



ҚОЙ  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспан  шоқжұл-

дыздарының бірі. Үркердің үстіңгі жағында 

тұратын,  аса  жарық  емес  қос  жұлдыз 

бар.  Оны – Тоқты,  Қозы  немесе  Қ  о  й

Қошқар деп те атайды (Х.Əбішұлы, Аспан 

сыры, 151). 

Қой жасы. э т н. Ер баланың он бес жас-

тан асып, қой бағуға жараған кезі. Он бес 

пен жиырма арасы «қ о й  ж а с ы» болып 

есептеледі (Ата салты., 133). 10 жастан 20 

жасқа дейінгі жасты «қ о й  ж а с ы» деп 

атап,  оларға  қойдың  қырық  қайырымын 

білу,  астық  жинаудың  ұрық  таңдау,  жер 

айдау, баптау, ору, жию, қамбалау сияқты 

əдістерін толық меңгеру талабы қойылған 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 2, 14).

Қой  қосақтау.  Сауылатын  қойларды 

бастарын айқастырып, бір арқанмен мо-

йындарынан шалмалап байлау. Сауылатын 

қойларды  осылайша  тізіп  шығуы – қ  о  й 



қ о с а қ т а у дейді (Н.Қазыбеков, дала., 35). 

Қой  күзету.  Түн  уақытында  қойды 

қарауылдау; қасқырдан, ұрыдан сақтау. 

Қой  қора.  Қой  малы  тұратын  қора. 

Қора мал түліктерінің түріне қарай əртүрлі: 

ат қора, сиыр қора, қ о й  қ о р а, қозы қора 

т.б. (Шаңырақ, 54). 



Қой қырқар. э т н. Қырықтықшыларға 

берілетін кəделі тамақ. Қой қырқымында 

орындалатын салттардың бірі – қ о й  қ ы р 



қ а р (Ж.Қоқанова, Түк жəне тері атау., 20). 

356

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Қой  қырқу.  Қойдың  жүнін  көктемде 

жəне  күзде  қырқып  алу  шарасы.  Қазіргі 

кезде қ о й  қ ы р қ у ғ а ЭСА-12 жəне ЭСА-

36 электр агрегаттары қолданылады (ҚСЭ, 

6, 588). 



Қой  терісін  жамылды.  Ішкі  ниетін 

жасырды,  бүркемеленді.  Алғашқы  жыл-

дары «байдың тұқымы», «қ о й т е р і с і н



ж а м ы л ғ а н қасқыр» деп айдар тағылған 

адамдарды ұстағанда, жұрт «оларға сол ке-

рек» деп шоқ-шоқ айтқан (М.Құмарбекұлы, 

Жер иесі, 128). 



Қой  іскек.  Қойдың  шөпті  іскектеп 

жұлып жеуі. Осы сияқты басқа малдардың 

да шөпті қалай жейтінін білдіретін мына-

дай  сөз  тіркестері  туған:  жылқы  тістеуік, 

сиыр жұлма, қ о й і с к е к, ешкі шөпшек 

(Балдырған, 1971, №9, 18). 

ҚОЙБҰҚА з а т. з о о л. Қойөгіз. Қ о й

б  ұ  қ  а  (овцебык)  табыны  Солтүстік 

Канаданың кейбір аудандарын, Алясканы 

мекендейді. Оның тұрқы 2,5 м, биіктігі 1,5 

м, салмағы 200-300 кг (Материктер., 114). 



ҚОЙДАЙ: Қойдай бөріктірді... Сөйтіп 

жүріп ауылдастарын қ о й д а й  б ө р і к т 



і р е т і н і н қайтерсің! (Ə.Асқаров, Таңд., 

365). 


ҚОЙҚАТТЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қулық, 

айла.  Қ  о  й  қ  а  т  т  ы  ғ  ы  бар  Дүрия 

таяқ  тастам  жерде  кітап  оқып  отырыпты 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 167). 

ҚОЙӨГІЗ  з  а  т.  з  о  о  л.  Қойға  да, 

өгізге де ұқсастығы бар, мүйізді, жылқы 

құйрықты,  салалы  қылшық  түкті  сиыр 

тұқымдас  жануар  (обцебык).  Бұлардан 

басқа сиырдың тағы бір тұқымдары: қ о й ө 



г і з бен буйвол бар (Қазақша мал атау., 80). 

ҚОЙТАСТЫ  с  ы  н.  Қойдай-қойдай 

тасы бар. Қ о й т а с т ы етектен айдау-

шылардың  «Ал  кетті!» - деген  айқайы 

шыққанда екеуміз шоқы биігінде тұр едік 

(Қаз. əдеб., 22.09.1972, 3). 



ҚОЙШАҒЫР...  Ақтабан  шұбырынды 

кезінде  қалмақтар  атқан  зеңбіректі  осы 

араның қазақтары қ о й ш а ғ ы р атандырған. 

Əбен  ұста  осыған  ұқсас  тағы  бір  үлкен, 

ауыр мылтық құйды. Оған күлдірмамай деп 

ат қойды (Ж.Тұрлыбай, Райымбек., 1, 386). 



ҚОЙШЫ з а т. с ө й л. э т н. Ұл бала 

(ат ұстар) д.м. Ұл бала дүниеге келгенде 

«ат ұстар» деумен қатар «қ о й ш ы», ал қыз 

баланы  «жылқышы»  туды  деп  жеткізеді 

(Жас алаш, 13.12.2003). 



ҚОЙШЫЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р. х а л 

қ. Аспан əлемінде ең алғашқылардың бірі 



болып  көрінетін  жұлдыз.  Ол  түн  арудың 

алғашқы хабаршы жұлдызы – Қ о й ш ы ж 



ұ л д ы з (О.Бөкеев, Əн салады.., 40). 

ҚОЙЫН:  Қойнына  қопақ  кірген. 

Дүрбелеңге түскен, мазасы кеткен. Жаңа 

ұлық келіп, қ о й н ы н а  қ о п а қ  к і р 



г  е  н  атқамінерлердің  мезгілсіз  уақытта 

келе жатқаны осы болатын (М.Разданұлы, 

Алтай., 14). 

ҚОЙЫРТПАҚ з а т. э т н. Ыдыстағы 

сүтке  қыздырылған  тас  салып  пісірген 

сүт. Қ о й ы р т п а қ қ а тойып алғаннан 

кейін  ол  отты  сөндірді  (Қ.Исабаев,  Серт, 

76). Бұлқыншақ малшы қауымның ыстық 

күндерде айран, шалап, қ о й ы р т п а қ 

құюына мейлінше қолайлы (Д.Шоқпарұлы: 

Ер қанаты, 289). 



ҚОҚАБАЗДАН е т. ж е р г. Көңілі көншу, 

жайлану. Əне, тарғыл шүрегей де көлді екі 

рет  айналып  өтіп,  еш  қауіп  болмағасын



қ о қ а б а з д а н а басын шұлғи, сыпайы 

сырғанап келіп ауға қонған (Ж.Сатылғанов, 

«Қауырсын» клубы, 22). 

Қ О Қ А Б А ЗД А Н У   Қ о қ а б а з д а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚОҚАЙЛАНУ... «Үлкен əкім болғанша 

осы жұмысты місе тұта тұрамын» деп қ о қ 



а й л а н у ы Тынышбайдың өзіне жарасып 

тұр (Қаз. əдеб., 15. 06. 1979, 3). 



ҚОҚАН:  Қоқан  найза.  Лақтыруға 

қолайлы,  қысқа  сапты  найза.  Оның 

қолында қысқа сапты қ о қ а н н а й з а с ы 

бар екен дейді (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 209). 

ҚОҚШАҚТА е т. ж е р г. 1. Дірдекте. 

Төлеу «қыс бойы қ о қ ш а қ т а п тоңып 

шығамыз»  депті  соңғы  бір  хатында  (Жас 

алаш, 24.11.09). 2. Қоқаңда. – Отыр. 

Көбіне шыдап азы қалғанда қоқшақтамай 

(О.Бөкеев, Үркер, 61). Қой үстіне бозторғай 

жұмыртқалаған  күнде  де  орныңнан  су 

шыққандай қ о қ ш а қ т а п, көшіп-қона 

беруші едің (Бұл да, 68). 

ҚОҚШАҚТАУ Қоқшақта етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОҚЫ з а т. Бөріктен кіші, тақиядан 

үлкенірек  бас  киім  (І.Кеңесбаев,  Қазіргі 

қаз. тілі., 142). 



ҚОЛ: Қол атпа. ж е р г. Шығыр. Егер 

арна онша терең болмаса, су егістікке қ о л



а  т  п  а  арқылы  берілді  (Қазақст.  ауыл

шаруаш., 1967, №1, 29). 



357

Байынқол Қалиев

Қол болды. с ө й л. Біреу үшін қолайлы 

болды  д.м.  Орысша  хат  білу  тілмаштарға

қ о л  б о л м а с үшін ғана керек қой («Қазақ» 

газеті – 1913, 149). 



Қол бұрғы. Қолмен бұрап, бір нəрсені 

тесуге арналған аспап (бұрғы). Қ о л  б ұ р

ғ ы н ы ң пішіні иілген тұтқа түрінде болады 

(ҚСЭ, 6, 595). 



Қол  көрік.  Ұсталықта  қолданыла-

тын, қолмен іске қосылатын көрік. 

Қол  қоймады.  Құптамады,  қошта-

мады, келіспеді. Бірақ осындай бас кететін 

қатерлі əдіспен жойып жіберуі мүмкін-ау 

дегенге Тоқтарбай қ о л  қ о я а л м а с еді 

(О.Сəрсенбай, Шеңбер, 32). 



Қол тоған. к ə с і б. Тармақталған арық, 

жанама  арық.  Жалпақ  аңыздың  аяғында 

жалаңаяқ су ұстап, қайта өрлегенде қ о л 



т о ғ а н н ы ң бұзылып қалғанын көрген 

еді (К.Мұқажанұлы, Ортеке, 167). 



Қолы  епсекті.  с  ө  й  л.  Қолы  епті. 

Ежелгі  даланың  емші-домшылары, 

құшнаштарының  ескі  жолынан  таймай-

тын қ о л ы  е п с е к т і біреулері емдерін 

ұсынады (Балдырған, 1975, №7, 13).

Қ ол ы   ж ү рд і .   Қ а рт а   о й н ау ш ы -

ның қолына қартаның «жөнділері» келіп, 

ұта  бастады.  Ғажап!  Мəбəрəктің  «шо-

талын»  алып,  ойынға  қосылысымен 

Тоқтарбайдың  қ  о  л  ы    ж  ү  р  е  бастады 

(О.Сəрсенбай,  Шығ., 5, 173). Ертеңін-

де  ойын  (карта)  қайта  басталып,  Қалғы-

ма  балаларының  қ  о  л  ы    ж  ү  р  д  і  де, 

олар  купецтерді  де,  Сұрағанды  да  сыпы-

рып  ұта  бастады  (С.Мұқанов,  Менің 

мектеб., 520). 

Қолы  қашты.  т  а  р.  «Жау  қашты», 

«аттан» д.м. Дайын тұрған Дулаттар мініп 

алған атына «Қ о л  қ а ш т ы л а п» бара-

ды. Бейқам жатқан көп əскер сасқалақтап 

қалады (Жеті ғасыр., 1, 278). 



ҚОЛАБА__1'>ҚОЛАБА

1

 з а т. к ə с і б. Қыран құсқа 



берілетін  жемнің  бір  түрі.  Ал  сол  екі 

кезеңде  де  құсқа  көбінше – қ  о  л  а  б  а

сары бөртпе, ақжем береді (Ж.Бабалықов, 

Қырандар, 68). 



ҚОЛАБА

2

 з а т. к ө н е. Метал құймасы. 

Кен, кеніш, кенші, қола, қ о л а б а, мырыш, 

мыршым (мырыштан жасалатын ойын құма-

лағы),  жез,  мыс,  міне  осы  сияқты  атау-

лар көне кəсіптің тіліміздегі айғағы, жаң-

ғырығы іспеттес (А.Сейдімбеков, Күңгір-

күңгір., 61). 



ҚОЛАҚЫ  з  а  т.  Біреудің  бір  нəрсесін 

істеп берген адамға берілетін ақы. ≈ Ол

қ о л а қ ы с ы н да алмай кетті. 

ҚОЛАҚОҢЫЗ  з  а  т.  з  о  о  л.  Сыр-

т ы   ж ы л т ы р ,   қ ол а   т ү с т і   қ о ң ы з . 

Қызғалдақтың ашық түске боялған ірі күлте 

жапырақшалары  жəне  ондағы  тозаңның 

мол болуы - əдемі жасыл сары түсті қ о л 



а қ о ң ы з үшін ең жақсы еліктіргіш (Бо-

таника, 134). 



ҚОЛАҢСА  з  а  т.  Аттың  алдыңғы 

аяқтарының ішкі жағында болатын сүйел 

тəрізді мүйізгек. Торы аттың қ о л а ң с а 

с  ы  н  а  дəлдеп  ұрып  жіберді  (М.Əуезов, 

Шығ., 75). 



ҚОЛАҢСАЛАУ с ы н. Аздаған қолаңсы 

иісті.  Шөлдің  араны  қайта  бастаған  соң 

аузына  келген  қ  о  л  а  ң  с  а  л  а  у  дəмді 

тамсаныңқырап қойды (К.Ахметбеков, Егіз 

қала, 334).



ҚОЛАҢСАЛЫҚ  з  а  т.  Жіліншіктің 

қолаңса тұратын жері. Ат аяғы қ о л а ң с 

а л ы қ қ а дейін батып кететін былқылдақ 

саз адамдардың ары-бері өтуіне қолайсыз 

еді (М.Разданұлы, Алтай., 234). 

ҚОЛАПАРДАЙ  с  ы  н.  ж  е  р  г. 

Қолақпандай. Ондайда қ о л а п а р д а й

қызыл  мұрыны  көгеріп,  көзінің  алды 

қатпарланып  кеткенше  сілейіп  ішеді 

(Ж.Мусин, Туған үй., 3). 



ҚОЛАРБА  з  а  т.  Мүгедек  адамдар 

отырып,  дөңгелегін  қолмен  айналдыра-

тын  арба.  Абдолла  аға  Кенекеңді  (Кене-

бай Қожабековты) қ о л а р б а с ы н а н 

көтеріп, мəпелеп, ерекше күтетін (Ана тілі, 

08.08.2013, 9). 



ҚОЛАТТЫ с ы н. Қолаты бар, қолат-

қолат. Қ о л а т т ы тауға сыймаса, Қостап 

бір баққан өгізім (Қаз. əдеб., 07.02.1992, 8). 



ҚОЛБАЛА  з  а  т.  Біреудің  жетім 

қалған қызын бағып алады да, бойжеткен 

соң  оны  ұлына  қосып,  келін  етіп  алады. 

Соны  «қолбала»  дейді.  Қазақ  салтында 

қ  о  л  б  а  л  а  н  ы  алған  адам  оны  ерекше 

қастерлеп, үлде мен бүлдеге бөлеп өсіреді 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 64). 

Қолбала  бүркіт.  Балапан  кезінен  бас-

тап  бағып-қаққан,  үйреткен  бүркіт. 

Бүркіт ұстаудың екі жолы бар: биік таудағы 

құз-жартастарға  салған  тағы  бүркіттің 

ұясынан  балапандарын  ұстап,  бағып 

өсіреді. Мұндай бүркітті қ о л б а л а  б ү р 

к і т дейді (Ана тілі, 16.02.2012, 12). 


358

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚОЛБАЙЫР с ы н. ж е р г. Қарабайыр. 

Бір  жаққа  шыға  қалса  жорға  түгіл,  сай-

таны  да  жоқ,  аздап  желісі  ғана  бар  қ  о  л 

б  а  й  ы  р  жылқылардан  ұстатып  мінеді 

(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 228). 



ҚОЛБІЛГІ з а т. Қолынан бəрі келетін, 

өз  ісіне  шебер.  Барлық  отбасы,  бала-

шағасымен  осыларға  жұмыс  істеп  келе 

жатқан,  қ  о  л  б  і  л  г  і  малайынан  онша 

күдіктене  қоярлықтай  да  жайы  жоқ 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 174). 

ҚОЛҒАМА з а т. к ө н е. Сыйлық. Ердің 

алдыңғы қасына байланған былғары қында 

Петрдің сыйлығы – қ о л ғ а м а с ы əсем 

өрнекті  пестіл  (пистоль-тапанша)  бар  еді 

(М.Мағауин, Аласапыран, 317). 

ҚОЛДАУХАТ з а т. ж а ң а. Маманды 

қызметке  ұсыну  мақсатында  берілетін 

құжат (Бекітіл. термин., 52). Олар «Ғылым 

туралы»  заңның 4-бабы, 15-тармағында 

көрсетілгендей ғылыми ұйымның қ о л д 

а  у  х  а  т  ы  бойынша  профессор,  доцент 

ғылыми атақтарына ие бола алады (Астана, 

2011, 12, 63). 

ҚОЛДОРБА  з  а  т.  Ішіне  бір  нəрселер 

салынып,  қолға  ұстап  жүретін  дорба. 

Алаңның орта жерінде қисық жиде бар екен, 

соның  көлеңкесіне  барып  қаруымызды 

сүйеп, қ о л д о р б а л а р ы м ы з д ы тас-

тап,  жерге  сұлай  кеттік  (Қаз.  əдеб., 

16.12.1983, 9). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет