ПІТЕ з а т. с ө й л. Қаракүйе. Сəуле ата-
улыны қаламайтын, Тірлік үшін түк кəдеге
жарамайтын, Көлеңке мен күңгірт жерді
ғана сағалайтын Не десеңіз, ол – п і т е
дейтін жəндік (Қаз. əдеб., 01. 08. 1986, 16).
ПІШЕНМАЯЛАҒЫШ з а т. Пішен
маялайтын машина. Оларды (тайларды)
бір жерге үю жұмысын биыл п і ш е н м а
я л а ғ ы ш трактор атқаруда (Коммунистік
еңбек, 01. 06. 1969).
ПІШЕНТАЙЛАҒЫШ з а т. Пішен
тайлайтын машина. Əдетте п і ш е н т а й
л а ғ ы ш т ы көргенде соңында пішендерді
жинап, үйіп жүретін жұмысшылар болушы
еді. Мұнда ондай адамдар жоқ. Тайлар
қатар түзеп қалып жатыр (Коммунистік
еңбек, 01. 06. 1969).
ПІШКІЗ... Ақбілекке керегебау, уықбау
ызғызып, көйлек-көншегін п і ш к і з і п
алуға шақыра келетін абысын-ажын ізі
суып көрген жоқ (Қаз. əдеб., 23. 12. 1983, 4).
ПІШКІШ с ы н. Еркек малды пішетін
(адам); ақтаушы. Бұған қарағанда п і ш к і
ш т е р д і ң үшінші реттен де тайынбайтын
болғаны да... Мал көрмегірлер! (Ə.Асқаров,
Өр Алтай., 88).
ПІШІМШІ... Сонан соң бүгін сіңлісін
ертіп келіп, п і ш і м ш і л е р мен тігіншілерге
дау айтып тұрған беті екен (Лен. жас, 23.
07. 1974, 2).
Р
РАДИОЖУРНАЛШЫ з а т. Радиода
журналист болып қызмет істейтін адам.
Ол Т.Мəденов, Т.Тасболатов секілді таны-
мал р а д и о ж у р н а л ш ы ағаларының
қамқорлығын көрді (Б.Омарұлы, 11-ші
қаламұш, 269).
РАДИОЛАМПА з а т. Радионың сөйлеуі
үшін қажетті уақ лампалар. Кейін келе
бұл р а д и о л а м п а л а р д ы транзистор-
лар ауыстырды. Ал қазір бұларды микро-
схемалар алмастырды. Бір микросхема
мыңдаған р а д и о л а м п а л а р д ы ң
міндетін атқарады (Білім жəне еңбек, 1986,
№1, 6).
РАДИОЛАН е т. Радиомен қамтамасыз
ету, радио орнату. Бригада сайын клуб,
кітапхана, монша бар. Электрлендірілмеген,
р а д и о л а н б а ғ а н елді мекен жоқ
(Ы.Кенебаев, Лабасы етегінде, 92).
РАДИОЛАНУ Радиолан етістігінің
қимыл атауы.
РАДИОНҮКТЕ з а т. Радио хаба-
рын тарататын пункт. Сол елуінші
жылдардың орта шеніне таман р а д и о н ү к
т е л е р ел ішіне там-тұмдап тарай баста-
ды (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 286). Көңілді
студенттік кештер ұйымдастырылып, дис-
котека өтіп тұрады. Əр секцияда р а д и о
н ү к т е л е р бар (Лен. жас., 04. 05. 1983, 4).
РАДИОСҰХБАТ з а т. Радио арқылы
сұхбат жүргізу (Соц. Қаз., 14. 02. 1980).
РАДИОСХЕМА з а т. Радионың
сөйлеуіне қажетті схемалар жүйесі.
Бастапқы процессорлар мыңдаған радио-
лампалары бар р а д и о с х е м а л а р д а н
құралды (Білім жəне еңбек, 1986, №1, 6).
РАДИОЭФИР з а т. Радио арқылы
жасалған тікелей байланыс. Р а д и о
э ф и р д і ң теңдессіз шебері, əйгілі диктор
Əнуарбек Байжанбаевпен қызметтес болды
(Б.Омарұлы, 11-ші қалаұш, 271).
РАЗРЯДТЫ с ы н. Кəсіби деңгейі
жоғары; разряды бар. Ол – кен байыту
фабрикасында 7-ші р а з р я д т ы монтер.
Мен нормалаушы бухгалтермін (Лен. жас,
13. 12. 1972, 2). Аз уақыт өтті. Екінші р а
з р я д т ы бетоншы болып шыға келдім
(Лен. жас, 16. 06. 1976, 1).
РАЗЫЛАН е т. с ө й л. Риза болу.
Мұқаметқалидың жазып та, ауызша да
айтқан хабарын толық қабылдаған уездік
құпия бөлім бастығы аса р а з ы л а н ы п,
оған алғыс айтты (Жұлдыз, 1973, №5, 23).
РАЗЫЛАНУ Разылан етістігінің
қимыл атауы.
РАЗЫ-ХОШ: Разы-хош болды. Көңілі
хош болды, дəн риза болды. Елшілер
ақжарылқап, көңілмен р а з ы - х о ш б о
л ы п аттанды (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 481).
– Егер түркеш елшілері отырса, біз р а з ы
- х о ш б о л ы п қайтып кетер едік, - деді
Елтебір күліп (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 486).
РАЙЕК з а т. к ə с і б. Кемені бай-
лап қоятын діңгек. – Көзім жетпей тұр,
шығыршық р а й е к к е кигізілген бе,
əлде арқанмен жалғанған ба, байқашы,
- деді ол (Ə.Сараев, Тосқауыл, 87). Көзі
жіті Ыбырайым мойнын бір созды да,
481
Байынқол Қалиев
шығыршықтың р а й е к к е арқанмен
жалғанғанын айтты (Бұл да).
РАЙСОБЕС з а т. с ө й л. Аудандық
əлеуметтік қамсыздандыру бөлімі. –
Тамақ табылса қуалап жүріп-ақ ішеміз ғой,
оған асықпа. Айтпақшы, р а й с о б е с к е
бардың ба? (Қ.Ысқақ, Ақсу., 67). Манапты
дəрігерлер бір жылға мүгедек қатарына
шығарып, р а й с о б е с айлық белгілеген
(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 194).
РАЙХАНДЫ с ы н. Райхан өскен,
райханы көп. Балауса, бидайықты, таты-
ранды, Дермене, изен, раң, р а й х а н д ы,
Бұйырғын, жалмаңқұлақ, қара шалғын,
Көк жусан, шағыр жусан, раушанды... (Қаз.
əдеб., 29. 11. 1974, 4).
РАКЕТАША ү с т. Ракета сияқты,
ракета тəрізді. Өзіне қарап р а к е т а ш а
жарқырап тағы бір жұлдыз сорғалай ағып
келе жатыр, орта жолда өшті (Р.Тоқтаров,
Ғасыр наны, 435).
РАҚАЙ з а т. ж е р г Келісім, ымыра,
пəтуа. – Райынан қайтып, р а қ а й ғ а
келмеймін десе, қидаласуын-ақ қаладым
(К.Сегізбаев, Біз қалада., 322). Р а қ а й ы
жарасқан ері мен зайыбының, енесі мен
келінінің талай қуанышын өткізген құт-
ты шаңырақ болды (А.Əшімов, Таң. шығ.,
1, 175).
РАҚАЙЛАС е т. ж е р г. Келісу, тату-
ласу, табысу. Ол жүрекпен р а қ а й л а с
ы п табысқан сəтті қайта есіне түсірген
(К.Сегізбаев, Біз қалада., 329). Алғашқы та-
ныстық, сертке бергісіз іштей, жүрекпен ға-
на р а қ а й л а с ы п ұғысқандай сəтті қайта
есіне түсірген (К.Сегізбаев, Беласқан, 119).
РАҚАЙЛАСУ Рақайлас етістігінің
қимыл атауы.
РАҚАЙЛЫ с ы н. Келісімді, ымыра-
лы. Жалпы, ерлі-зайыптылардың р а қ а
й л ы да бақытты тіршілік кешуі үшін еу-
ропалықтардың киноларындағыдай «Сен
мені сүйесің бе?» дейтіні қазақ үшін көк
тиындық құны жоқ (А.Əшімов, Таң. шығ.,
1, 177).
РАҚЫМ-ШАПАҒАТТЫЛЫҚ з а т.
Рақымдық, қайырымдылық, шапағат-
тылық. Бұл – р а қ ы м-ш а п а ғ а т т ы
л ы қ т ы, ізгілік пен махаббатты, бауыр-
малдықты жырлаған сөз ғой (Ғ.Білəл,
Ғасырлық., 255).
РАМАЗАН з а т. а р. Ораза ұстайтын
айдың (мерзімнің) аты. Р а м а з а н ай-
ында мұсылмандар ораза ұстап, құдайға
құлшылық етеді (Егем. Қазақст., 14. 02.
1996, 3).
Рамазан шəріп. к ө н е. Ораза айы. –
Иə, жамағат! Бүгін р а м а з а н ш ə р і п
т і ң, оразаның оны (Ж.Тілепбергенов, Ізба-
сар, 99).
РАНОТ з а т. б о т. ж е р г. Адамтамыр
(женьшень). Сөйтсе бұл р а н о т не-
месе адамшөп деп те аталатын көрінеді
(М.Разданұлы, Алтай., 160). Р а н о т
Алтайда бірнеше жерде ғана шығады деп
үйретіпті əкесі Емілбайға (Бұл да).
РАҢДА е т. Раң жеп, тойып кету;
тойыну. ≈ Раң жеген жылқы «р а ң д а п»,
ырғалаңдап қалады.
РАҢДАУ Раңда етістігінің қимыл
атауы.
РАПИРА з а т. Шпага сияқты семсерле-
су құралы. Оған еліміздің р а п и р а, шпага,
фехтование, семсер шеберлері қатысты
(Соц. Қаз., 05. 11. 1983, 4).
РАПИРАШЫ з а т. Рапирамен сем-
серлесуші, рапира спортымен шұғыл-
данушы. Ал сынға түскен қазақстандық
р а п и р а ш ы л а р жүлделі үшінші орынды
жеңіп алды (Лен. жас, 03. 11. 1983, 4).
РАСТАУШЫ з а т. Растайтын,
құптайтын адам. Дінге қарсы күресе-
мін деген игі ниетті. Қали – надан, со-
қыр сенімді р а с т а у ш ы, кісі болып
шыға келді жұрт көзінше (Жалын, 1974,
№4, 123).
РАСЫТХАНА з а т. к ө н е. Обсерва-
тория. Өз сарайына көшіріп-ақ алар еді,
жақында шəкірттерге арнап р а с ы т х а н
а салдырмақ болып, зергерлермен келісіп
қойған (Д.Досжанов, Тұлпар ізі, 29). Р а
с ы т х а н а (обсерватория) ішінде Көп
ойланған пішінде Тұрарды ұзақ ғұлама Тіс
жарған жоқ кісіге (Ж.Қыдыров: Жұлдыз,
1972, №1, 141).
РАУАНДАН Рауанда етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Ол 1034-ші жүк
поезын өткізіп салуға шыққанда Қаратай
көкжиегінің қызыл р а у а н д а н а
бастағанын көрді (Лен. жас, 09. 08. 1973, 2).
РАУАНДАНУ Рауандан етістігінің
қимыл атауы.
РАУШАНДЫ с ы н. Раушан өскен,
раушаны мол (жер). Балауса, бидайықты,
татыранды, Дермене, изен, раң, райханды,
Бұйырғын, жалманқұлақ, қара шалғын, Көк
482
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
жусан, шағыр жусан, р а у ш а н д ы (Қаз.
əдеб., 29. 11. 1974, 4).
РАФИК з а т. Қорабы жабық, кішкентай,
шағын автомобиль. Мəкең бізді күнде
ертеңгілік үйден қызметке апаратын р а ф и к
т і ң алдында тұр екен, қолымды ұмсына
создым (С.Оспанов, Сопы., 212).
РАШ з а т. ж е р г. Жаға, жиек. Еңгезердей
біреу тамағынан қан жосылған қара қойды
арқалап бүкшең-бүкшең өрмелеп арықтың
р а ш ы н а шыға алмай тырмысып жатыр
екен (А.Мекебаев, Аңызақ, 84).
РƏГƏТКЕ з а т. Балалардың аша
ағаштың басына резіңке байлап алып,
торғай ататын ойыншық құралы. Бұл
сөздер Сəуленің тас қамалына р ə г ə т к е
м е н тас атқандай ғана əсер еткенін сезеді
(Ə.Тарази, Тасжарған, 433).
РƏЗІРƏТ з а т. с ө й л. Разряд. –
Отағасы, сізге ауыр болып жүр-ау, мұнай
өндіру учəскесіне осы р ə з і р ə т і ң
м е н ауыстырсақ қайтеді? (Р.Өтесінов,
Айтылмаған., 38).
РƏМІЗДІК... 2. Рəмізге тəн, рəмізге
қатысты. Тарихымызда тұңғыш рет
оны р ə м і з д і к (символдық) негізде
қалыптастыруға ұжымдық талпыныс жа-
салды (Ана тілі, 12. 03. 1992, 4).
РƏМІЗТАНУШЫ з а т. Мемлекеттік
рəміздерді зерттеуші. Белгілі р ə м і
з т а н у ш ы, қазір Мəлениет, ақпарат
жəне спорт министрлігінің Тарихи-
мəдени мұра департаментінің директоры
Е.Шаймерденұлымен кездесу кеші өтті
(Егем. Қазақст., 14. 04. 2006, 8).
РƏСУАШЫЛЫҚ з а т. Орынсыз
шашып-төккендік, ысырапқорлық. Бұл р ə с
у а ш ы л ы қ ханымыздың бөліп басқаратын
əдісіне де дөп келе кетті (М.Разданұлы,
Алтай., 90).
РƏСУƏГЕРШІЛІК з а т. Рəсуа
етушілік. Техника баршылық деп қолдағы
күш-қуатты тиімді пайдаланбай р ə с у ə г
е р ш і л і к емес пе, түге?! (Қаз. əдеб., 13.
0. 1976, 4).
РƏУІШ... Тек бұрыш-бұрышқа үйірілген
қараңғылық терезеден себезгілеген көмескі
жарықпен аңдысқан р ə у і ш т е бой таса-
лап тұр (Жұлдыз, 1975, №4, 127).
РƏУІШТЕН е т. Тəріздену, секілдену,
сияқтану.
РƏУІШТЕНДІР Рəуіштен етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
РƏУІШТЕНДІРУ Рəуіштендір етіс-
тігінің қимыл атауы.
РƏУІШТЕНУ Рəуіштен етістігінің
қимыл атауы.
РƏУІШТЕНДІРІЛ Рəуіштендір етіс-
тігінен жасалған ырықсыз етіс. Қастың
үстіне айшық р ə у і ш т е н д і р і л і п
шегелеген екі бөлек сүйектің беттері
геометриялық өрнектерімен безендірілген
(Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман., 190).
РƏУІШТЕНДІРІЛУ Рəуіштендіріл
етістігінің қимыл атауы.
РЕБУС з а т. Суреттер мен əріптерді
алмастырып келтіру арқылы жасырылған
сөздерді немесе сөз тіркестерін табу
жұмбағы. Соның бірі – түрлі жұмбақ ой-
ындар: сөзжұмбақ (кроссворд), чайнворд,
анаграмма, криптограмма, р е б у с т.б.
шешумен жəне құрастырумен айналысу
(К.Закирянов, Ойланайық., 3).
РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ с ы н. Революция-
ға қатысты, соған тəн.
РЕГБИ... Бүгін Теміртауда р е г б и д е н
екінші рет республика біріншілігі бастала-
ды (Лен. жас, 03. 06. 1972, 3).
РЕГБИШІ з а т. Регби ойнаушы, регби-
мен айналысушы. Өткен жылы ол жарысқа
Алматы қаласының р е г б и ш і л е р і
қатысқан (Лен. жас, 03. 06. 1972, 3). Оған
Москва, Ленинград, Красноярск, Ташкент,
Киев қаласының р е г б и ш і л е р і қатысуда
(Лен. жас, 18. 05. 1974, 4).
РЕЖАБ з а т. к і т а б. Ережеп. Əл-
Фараби хиджраның 339 жылында р е ж а б
айында Дамаскіде дүниеден қайтты (Лен.
жас, 03. 01. 1973, 3).
РЕЗЕН з а т. с ө й л. Резіңке. Моншаға
түскенде арқа жуатын р е з е н губка-
ша о да сенің кірің мен иіс-қоқысыңды
түгелдей өзінің күпсер бойына сіңіріп
алады (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 355).
РЕЗЕНКЕШЕ ү с т. Резенке тəрізді,
резеңке сияқты. Арыстай боп жатқан бүкіл
денесі р е з е н к е ш е жиырылып, ұзарып-
қысқара бастапты (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны,
316).
РЕНЖУЛІ... Кейде р е н ж у л і кейіппен,
«өзіммен туыс ешкім жоқ» деп те қалатын
еді (Қаз. əдеб., 29. 12. 1972, 3).
РЕНТГЕН: Рентген сəулесі. ф и з.
Көзге көрінбейтін, ең қысқа толқынды
сəуле. Ең қысқа толқынды сəлелер 1 нм-
ден төменгілері р е н т г е н с ə у л е л
483
Байынқол Қалиев
е р і, ал толқын ұзындығы 380 нм-ден
10 нм-ге дейінгі сəулелер ультракүлгін,
1 нм-ден 780 нм-ге дейін ұзындықтағы
толқындар инфрақызыл сəулелер деп ата-
лады (Ə.Қайдаров, Сырға толы., 10).
РЕСМИ: Ресми ісқағаздары. Ресми
түрде (арнайы) бекітілген ісқағаздарының
жалпы атауы. Р е с м и і с қ а ғ а з д а р
ы н ы ң үлгілерін рəсімдеуде азатжолдың
маңызы үлкен (Аударматану, 120). Бұл
(стандарт) – р е с м и і с қ а ғ а з д а р
стилінің маңызды белгілерінің бірі (Бұл
да, 127).
РЕСПУБЛИКАШЫЛ с ы н. Респу-
бликаның қамын жеуші, мемлекетшіл. Мен
өзімді тəрбиелеп өсірген Ахмет ақсақалды
ғана емес, фашистермен айқаста аспан
р е с п у б л и к а ш ы л д а р ы қатарын-
да қаза тапқан, маған өмір берген ғазиз
əкем Вольфганг Вагнерді де мақтан етем
(Жалын, 1973, №6, 52).
РЕСІМДЕ е т. Ресми ету, əйгілеу;
заңдастыру.
РЕСІМДЕУ Ресімде етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Сатып алынған
үйдің тиісті құжаттарын р е с і м д е у г е
байланысты шығындардың орнын толтыру
мақсатында азаматтар 50 сом мөлшерінде
комиссиялық алым төлейді (Алматы
ақшамы, 17. 09. 1991, 2).
РЕСІМДІЛІК з а т. Ресми болғандық,
ресімделгендік.
РИАЗ с ы н. ж е р г. Бес саусағынан бал
тамған, шебер. Р и а з ұста соққан мына
мазардың осынау сағымды даламен, сары
белдермен жарасым тауып, үйлесіп тұрған
ғажайып үндестігіне еріксіз бас иесіз
(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 207).
РИАТ з а т. а р. Жағдай, тұрмыс.
Патшалықтың белгісі, Қарсы тұрып өлуге,
Жұрт үшін бас байласа. Анық патша сол
болар. Ел р и а т ы түзеліп, Ғибадатшылық
ойласа (Ө.Ақжолұлы, Үриятнама, 41).
РИЗАЛАСТЫР Ризалас етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Даукерлерді р и з
а л а с т ы р ы п, даулаған малының жар-
тысын бұйырып береді («Дала уалаяты»,
1994, 646).
РИЗАЛАСТЫРУ Ризалатыр етіс-
тігінің қимыл атауы.
РИЗАШЫЛ с ы н. Риза болған,
ризалық. Сол ұлы өзгерістің ішінде өзінің
де бір үлесі бар екенін сезгендіктен Асқар
жүрегінде р и з а ш ы л, қуанышты сезім
ойнайды (Т.Əбдіков, Өліара, 221).
РИТ-РИТ о д. Қойды айдау кезінде
қолданатын ишарат сөз.
РИТ-РИТТЕ е т. «Рит-рит» деп айту,
қойды айдау. Сонау бала шақтан – көзін
ашқаннан қой шетінде болып атасымен
бірге р и т-р и т т е п жүретін ол қанына
мысқылдап сіңген бұл қасиетті аңғармай да
қалыпты (Лен. жас, 13. 09. 1974, 2).
РИТ-РИТТЕУ Рит-ритте етістігінің
қимыл атауы.
РИТСОҚ о д. Екі қошарды сүзістіру
үшін қолданылатын ишарат сөз. Аспанның
дүлей диюлары дəу тастарды домалатып,
бір-біріне р и т с о қ соғып жатқандай
(А.Нысаналин, Алыс. алау, 52).
РОБОТТАН е т. Роботпен қамтамасыз
ету, робот орналастыру.
Р О Б О Т Т А Н Д Ы Р Р о б о т т а н
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
РОБОТТАНДЫРУ Роботтандыр
етістігінің қимыл атауы. Өндірісті
электрлендіру, химияландыру, р о б о т т
а н д ы р у, компьютерлендіру барған сайын
кең көлемде жүргізілетін болады (Лен. жас,
12. 11. 1985, 1).
РОБОТТАНУ Роботтан етістігінің
қимыл атауы.
РОКИРОВКА з а т. ш а х м. Король мен
ладьяның орнын ауыстырған жүріс. Ак-
тер король мен ладьяны ауыстырып, өзіне
оңтайлы тақтаның қысқа жағына р о к и р о
в к а жасады. Қорғана білетін кісінің жүрісі
(Қ.Олжай, Қанат байла., 180).
РОМАНТИКАШЫЛ с ы н. Роман-
тикаға жаны құмар, романтикаға
берілгіш. Біздің замандастарымыз – р о м
а н т и к а ш ы л жандар, коммунистік сенім-
нің жауынгерлері (М.Əлімбаев, Көңіл
күнд., 236).
РОМАНШЫЛЫҚ з а т. Роман жаз-
ғыштық, роман құмарлық. Бұл тараптан
алғанда, автор туындылары жалпы қазақ
р о м а н ш ы л ы қ өнеріне ажарлы ағын қос-
қаны кəміл (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 6).
РӨМКЕ з а т. Арақ ішетін кішкентай
ыстақан; рюмка. Бірер р ө м к е ащы
сұйықты жұтқызып, бастықтары оны ат
бағуға жұмсаса керек (Қ.Тоқмырзин, Керза-
ман, 3, 334). Əжептеуір суық. Үш р ө м к е н
і ң қызуы қашанға шыдайды? (Қ.Жиенбай,
Даңқ., 97).
484
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
РУБАБ з а т. м у з. Өзбек халқының
ұлттық саз аспабы. Өзбектің р у б а б ы
мен ұйғырдың тəмбірін о бастан тəп-тəуір
тартатын Нартуғанның қолы бұл жолы да
көп кібіртіктеген жоқ (О.Сəрсенбай, Шығ.,
4, 162).
РУМЫН з а т. Румын мемлекетінің
жергілікті халқы. – Мынаның айтуынша
бұл венгер мен р у м ы н жігіттерінен
құралған рота екен, - деді Вася (Ғ.Мүсірепов,
Қаз. солдаты, 217). Жеті ротаның үшеуі вен-
грлерлерден, біреуі немістерден, екеуі та-
тарлардан (бұрынғы мұсылман батальоны.
Ə.Т.) тұрды. Ал бір ротада қазақ, башқұрт,
өзбек, чех, р у м ы н, серб, поляктар аралас
болды (Ə.Тəкенов, Қазақстан., 25).
РУТИЛ з а т. м и н е р. Сирек кездесетін
минерал. Н өзенінің сағасынан жақында
ғана кен зерттеушілер титан элементі
кездесетін р у т и л минералын тапқан
(І.Есенберлин, Махабб. мейр., 156).
РУХСЫЗДАН е т. Рухынан айырылған,
рухы жоқ. Соның кесірінен р у х с ы з д а н а
бастаған қалталы топтың ар-ұятты белге
түйіп, сан-салалы қылмысты істерге бой
ұруы... (М.Шаханов, Мəңгүрт., 51).
Достарыңызбен бөлісу: |