Жауапты редакторлар


ПОП з а т. Ойын картасының ромбик  тəрізді, қызыл түсті бір бөлігі; буби.  ПОПАМ-ПОПАМ



Pdf көрінісі
бет114/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   168

ПОП з а т. Ойын картасының ромбик 

тəрізді, қызыл түсті бір бөлігі; буби. 

ПОПАМ-ПОПАМ о д. Бүркітті ша-

қыру ишарасы. Саман ақсақал п о п а м-

п о п а м деп дауыстап желке жүнінен сипап 

еді, бүркіті қайта тыныштала қалды (Қаз. 

əдеб., 09. 04. 1982, 14). 

ПОРНОГРАФИЯЛЫҚ с ы н. Порно-

графияға  қатысты,  соған  тəн.  Мұндай 

көргенсіз  п  о  р  н  о  г  р  а  ф  и  я  л  ы  қ 

шығармалардың  бірен-саран  опалан-

ған  түрлері  біздің  қазақ  əдебиетінде  де 

оқта-текте кездесіп жүр (Лен. жас, 22. 03. 

1974, 2). 



ПОРТАЛ з а т. ж а ң а. Түрлі ақпараттар 

мен  қызметтердің  жүйелі  бірлестігі 

ретінде  ұйымдастырылған  сайт  (Тер-

минол.  анықт., 11, 131). Бізде  баламалы 



476

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ақпарат құралдары пайда болды. Əдебиетті 

насихаттайтын сайттар, п о р т а л д а р 

өмірге келді (Қаз. əдеб., 03. 05. 2013, 14). 



ПОРТУГАЛ з а т. Португалияның не-

гізгі халқы (ұлт аты). Бразилиялықтар п о р

т у г а л тілінде сөйлейді (ҚСЭ, 2, 449). 

ПОРТУГАЛДЫҚ  с  ы  н.  Португа-

лияда  тұратын  (халық).  Бразилияда 

бразилиялықтардан  басқа  п  о  р  т  у  г  а  л



д ы қ т а р, итальяндар, испандар, немістер 

жəне т.б. тұрады (ҚСЭ, 2, 449). 



ПОРТУПЕЙ  з  а  т.  Офицердің  белдігі 

мен қару-жарағын көтеріп тұру үшін оң 

иығына  асылған  жалпақ  қайыс.  П  о  р  т 

у п е й д і ң не екенін білмейтін біз оның 

оң  иығындағы  жалпақ  сызықты  біреуіміз 

аспа  белбеу  деп,  екіншіміз  қылыштың 

бауы  деп  таласатынбыз  (Ə.Нұршайықов, 

Ақиқат., 199). 

ПОТАШ з а т. х и м. Ақ түсті химиялық 

ұнтақ  зат.  Бейнені  айқындауды  тездету 

үшін, сода мен п о т а ш, бура, күйдіргіш 

калий мен күйдіргіш натрий қолданылады 

(Б.Тілекметов, Фото сурет, 9). 



ПОШТА з а т. э т н. Жастар ойынының 

бір түрі. «П о ш т а» ойыны басталып кетті 

(Е.Əкімқұлов, Перизат, 34). 



ПОШТАБАЙ... 2. Пошта тасушы, по-

шташы. Апамның бөзден шашақтап тігіп 

берген шап-шағын сөмкесін п о ш т а б а й

Жүніс  көкем  болып,  иығыма  асып  келе 

жатам... (Лен. жас, 04. 11. 1972, 4). 



ПОШТАБАЙЛЫҚ  з  а  т. 1. Би-

болыстардың шабарманы. П о ш т а б а 

й л ы қ т ы тастаған еті тірі жігіт Жана-

зар  мен  Бекет  солардың  қасында  жүрсе 

де,  жер  өлшеу  жұмысы  созылып  кетті 

(Ғ.Мүсірепов,  Жат  қолында, 286). 2. По-



штабай болушылық, пошташылық, пошта 

тасушылық. П о ш т а б а й л ы қ қызметінің 

жыл мезгілінің жайсыз кезеңдеріндегі осы 

бір қиындығы жанын жегідей жеп жүргенде 

мақсаты  орындалып,  айты  оңынан  туып 

шыға  келді  (М.Айымбетов,  Құмөзек., 

173). – Онда мен п о ш т а б а й л ы қ т ы 

қояйын, сонда сендерді кім асырайды екен 

(Қ.Ботпай, Егіз., 29). 



ПОШТАБАЙШЫ з а т. с ө й л. Пош-

табай  (шабарман).  Жуан  қарындар  ор-

нына тұрғанша п о ш т а б а й ш ы үйге 

кіріп,  Бабырдың  басындағы  жаулығын 

басынан  жұлып  алады («Дала  уалаяты», 

1990, 492).

ПОШТАШЫ  з  а  т.  Үйді-үйге  газет, 

жұрнал, хат тасушы; поштабай. 

ПОШТАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Пошташы 

болушылық, поштабайлық. 

ПОШЫМСЫЗ  с  ы  н.  Пішінсіз, 

түр-тұлғасыз.  Иі  қанбаған  көн  теріден 

үлгісіз пішіліп жобалап қана тігіле салған 

қаусырма  тондай  п  о  ш  ы  м  с  ы  з  болып 

кетер ме осынша (Жұлдыз, 1973, №3, 56). 



ПӨГЕНАЙ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Пошым. 

Ұлдардың үлкені Айдардың п ө г е н а й ы 

басқа. Түр-түсі Əзімбай марқұмның аузы-

нан түскендей (Ана тілі, 12. 06. 2009, 8). 



ПӨЗІР з а т. ж е р г. Шамның шынысы. 

ПӨЗІРЛІ с ы н. ж е р г. Пөзірі бар (шиша-

сы бар). Сіріңке жағып, стол үстінде тұрған 

п ө з і р л і шамды тұтатып, жарықтың алды-

на кеп отырды (Н.Ғабдуллин, Жігер, 194). 



ПРЕДИКАТИВТІЛІК з а т. л и н г в. с ө й л.

Предикаттық.  Анығырақ  айтқанда, 

құрмалас сөйлем п р е д и к а т и в т і л і к

қасиеті  бар  единицалардан  құралады 

(К.Аханов, Грамматика., 202). 



ПРЕФЕРАНСШЫ з а т. Преферансты 

жақсы ойнайтын, преферанс құмар. Мұны 

осы Алматы шаһарындағы бір п р е ф е р а 



н с ш ы бірнеше жүздеген дана етіп тасқа 

бастырып  шығарыпты  (Ə.Асқаров,  Өр 

Алтай., 69). 

ПРИЦЕП з а т. Машинаға, трактірге 

тіркеп,  жүк  тасуға  болатын  дөңгелекті 

құрал. 

ПРИЦЕПТІ с ы н. Прицепі бар, прицеп 

сүйреткен.  Дəу  шана  сүйреткен  трактор-

лар, жүк тиеген п р и ц е п т і машиналар 

қаптапты (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 141). 

ПРИЧЕСКА  з  а  т.  Сəндеп  жасалған 

шаш пошымы. 

ПРИЧЕСКАЛЫ  с  ы  н.  Прическасы 

бар, прическа жасаған. Қақпа ашылған кез-

де қолына тегене ұстап, кір жайып жүрген 

биік п р и ч е с к а л ы келіншек көрінді 

(Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 49). 



ПРОЗ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Балықты  тірі 

сақтауға  арналған  іші  суға  толы  қайық. 

Баршын  жел  өтінде,  Жəпек  кемесінің 

тасасында  түйдектеле  ығып  келе  жатқан 

п  р  о  з  д  а  р  ғ  а  көз  сүзді  (Ə.Сараев, 

Тосқауыл, 178). 



ПРОЗАШЫЛ с ы н. Прозаны жақсы 

көретін,  прозаны  ұнататын;  проза  жа-

затын. – Сол айтқан ақындарың бар, п р о 

з а ш ы л ы ң бар, сыншы, драматургтерің 

477

Байынқол Қалиев

бар,  əйтеуір  көп  қой  (Р.Райымқұлов,  Жа-

панда., 356). 

ПРОПАЗИН з а т. х и м. Арамшөптерге 

қарсы қолданылатын гербицидтердің бір 

түрі. Соңғы жылдары бау-бақтарда өскен 

арамшөптерге  қарсы  симазин,  атразин, 

мондрон жəне п р о п а з и н сияқты герби-

цидтер кеңінен қолданылуда (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1966, №11, 29). 

ПРОПИЛЕН з а т. х и м. Этан газынан 

бөлінген газдардың бірі. Өзен қаласындағы 

газ  өңдеу  заводынан  отынға  пайдалану 

үшін  келіп  тұрған  этан  газы  құрамынан 

метан, п р о п и л е н, пропан, бутилен, бутан, 

ацетилен сияқты бірнеше газдар бөлінеді 

(Лен. жас, 17. 11. 1983, 1. 



ПРОФОРГ  з  а  т.  Профсоюз  қызмет-

кері.  Əлде  группалас  біреу  ме?  Мүмкін

п р о ф о р г Ермек болар (Лен. жас, 20. 09. 

1973, 4). 



ПСИХИАТРИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Психиа-

трияға қатысты, соған тəн. Біздің п с и 

х и а т р и я л ы қ аурухана қаланың батыс 

жағында болатын (Жалын, 1974, №3, 9). 



ПСИХОЗ  з  а  т.  м  е  д.  Психологиялық 

ауру.  Көркемсурет  шеберлерінің  бірі 

шизофрениямен,  бірі  эпилептойд  дейтін 

сырқатпен, енді бірі п с и х о з б е н ауырған 

ғой (Ə.Асқаров, Таңд., 387). 



ПСИХРОМЕТРЛІК с ы н. Психромет-

рге қатысты, соған тəн. П с и х р о м е т р л 

і к таблицадағы температуралар айырмасы 

бойынша ауаның ылғалдығын оңай табуға 

болады (Ара шаруаш., 169). 

ПУШКА з а т. ə с к. Ең жойқын соғыс 

қаруы;зеңбірек, отқару. 

ПҰРДА с ы н. ж е р г. Сотық. Үй ір-

гесіне дейін бір п ұ р д а жер қалдырмай 

жыртып  тастадық  (А.Нысаналин:  Қаз. 

əдеб., 30. 03. 1990, 10). 



ПҰСТЫ з а т. к ө н е. Ататек, үрім-

бұтақ,  тұқым-тұғиян.  Ол  ата-баба  жері, 

жетпіс жеті п ұ с т ы жері, қазақ халқының 

жері (Соц. Қаз., 29. 08. 1990, 3). 

ПҰТ... П ұ т қ а табынатын кезде бір 

кемпірдің күйдірген балшықтан жасалған 

он шақты п ұ т ы (адам бейнесі) бар екен 

(Қазақст. ауыл шару., 1963, №12, 63). 



ПҰШАЙМАНДЫҚ... Лажы таусылған 

сағындық екі жігіттің көңілін жыға алмаған 



п ұ ш а й м а н д ы қ ыңғаймен кесе толы 

сұйықты  сіміріп  салған  (Б.Шаханұлы, 

Таңд., 1, 399). Сабырлы, ұстамды майордың 

ойлы  көзінен  бір  п  ұ  ш  а  й  м  а  н  д  ы  қ 

көлеңкелері  де  байқалады  (Ə.Тəжібаев, 

Жаданов əңгім., 201). 



ПҰШПАҚ:  Пұшпақ  жүн.  Қойдың 

пұшпағына  (сирағына)  шыққан  жүн. 

Қойдың дене мүшесіне қарай жүн: бас жүн, 

бауыр жүн, мойын жүн, п ұ ш п а қ  ж ү н

тірсек  жүн  болып  бөлінеді  (Ж.Қоқанова, 

Түк жəне тері., 11). 

Пұшпақ  ішік.  Мал,  аң  терісінің 

пұшпағынан  тігілген  ішік.  Келеді  əнші 

Біржан  құстай  ұшып,  Бір  бұта  қалды 

үстінде п ұ ш п а қ  і ш і к, Ойы не? Əлде 

жаудан құтылмақшы, Алдында жатқан суға 

түсіп (І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 174). 

Əйелдердің қолынан шыққан п ұ ш п а қ



і ш і к, сеңсең ішік түрлері тұрмысқа лайық 

киімдер (Қ.Толыбаев, Бабадан., 225). П ұ ш 



п а қ  і ш і к, зорман ішік, жанат ішік, елтірі 

ішіктер қара күзде жəне көктем айларында 

киюге арналған (Шаңырақ, 327). 

ПҰШТЫ з а т. с ө й л. Пұсты. – Ой, 

жеті  ата,  жеті  п  ұ  ш  т  ы  ң  д  ы!  Жоғалт 

көзіңді! (Б.Мұқаев, Жалғыз жалау, 114). 

ПҰШЫҚ: Пұшық шəйнек. Шүмегінің 

ұшы кетілген (сынған) шəйнек. – Иə, айт-

пақшы, мына кісі біздің үйдегі п ұ ш ы қ



ш ə й н е к т і ң иесі, - деді Асқар кішірек 

көзді ақ сары келіншекті нұсқап (Н.Ақыш, 

Бейуақта., 77). 

ПЫРАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Батырдың  со-

ғыста  киетін  киімі.  Əсіресе,  Наурызбай 

п ы р а н ы н киіп, пырағын мініп, қалқа-

нын қапсыра ұстап шыққанда, тым айбат-

танып  кетер  еді  (Қазыбек  бек,  Түп-

тұқияннан., 269). 



ПЫРҒЫ з а т. к ө н е. Көне саз аспап-

тарының бірі. Мысалы, саз аспаптарының 

көне  үлгілері:  егек,  бозаншы,  шертер, 

жетіген,  тапшұр,  шаңғауыз,  адырна,  п  ы 

р ғ ы, əмірғы, аққу, шор, уілдек, даңғыра, 

кепшік,  шыңдауыл,  шың,  т.б.  түрлерін 

көрдім (Қаз. əдеб., 18. 01. 1985, 15). 

ПЫРЛАП ү с т. Пыр-пыр етіп. Оңнан 

да, солдан да қызыл қанат қырғауылдар п 



ы  р  л  а  п  ұшады,  бөксесі  бүлкілдеп  қоян 

қашады (Қаз. əдеб., 26. 05. 1972, 1). 



ПЫСҚЫРМА е т. а у ы с. Көзге ілмеу, 

менсінбеу. Дуананың мінезін аңызға айнал-

дырумен аңқауларға Мəлке п ы с қ ы р м 



а й д ы да (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 115). 

ПЫСҚЫРМАУ Пысқырма етістігінің 

қимыл атауы.

478

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ПЫСЛАҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  «Брынза» 

қазақша  осылай  аталады.  Ресейден 

сүт,  сүзбе,  п  ы  с  л  а  қ  (брынза),  сүтсірне 

(сыр), шұжық, шұжықан (сосиска) тəрізді 

ұқсатылған мал өнімдері келіп жатыр (Ана 

тілі, 27. 11. 2008). 

ПЫСТАН  з  а  т.  Жез  ішіндегі  дəріге 

от беретін кішкентай қалпақша зат. Ол 

мылтық атылмайды. П ы с т а н ы су боп 

қалса керек (Ш.Мұртазаев, Интернат., 25). 

Оспан ата п ы с т а н ы тесілген патронды 

алды (Қ.Омарұлы, Əке, 104). 

ПЫСЫҚАЙЛАН  е  т.  Пысық  бо-

лып  көріну,  пысықсыну.  Құдайдан 

қорықпағырлар-ай, күнде п ы с ы қ а й л а 



н ы п шауып жүретін совхоздың директірі 

ме, зəтекнігі ме, қойды қырып алып, енді 

ұялмастан  бас  амандауға  көшті-ау  сонда 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 120). 



ПЫСЫҚАЙЛАНУ  Пысықайл ан 

етістігінің қимыл атауы.

ПЫСЫҚАЙЛЫҚ  з  а  т.  Пысықай 

болғандық,  жылпостық.  Ол  əзілкештеу, 

үнемі көңілді жүретін, п ы с ы қ а й л ы ғ ы

да  ешкімнен  кем  емес-ті  (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 48). Оның п ы с ы қ а й л ы ғ ы н 

əркім де білетін болар деп есептеуге болады 

(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 162). 



ПЫСЫҚТАС  Пысықта  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. 

ПЫСЫҚТАСУ Пысықтас етістігінің 

қимыл  атауы.  Ал  күн  сайын  сенің 

сабағыңды қатар отырып, п ы с ы қ т а с 



у ғ а шешеңнің өресі де, уақыты да жете 

бермейді (Ж.Мусин, Туған үй., 70). 



ПЫСЫЛДАҚ: Пысылдақ сары. э п и 

т. Самауыр. – Есеней мырза, аз ғана сауын 

бие  ағытылғаннан  кейін  мына  самауыр 

деген «п ы с ы л д а қ  с а р ы ғ а» қарап 

қалғамыз (Ғ.Мүсірепов, Ұлпа, 38). 

ПЫСЫТ... – Ештеңе  білмейтін  едім, 

мені п ы с ы т қ а н ақ апам ғой (Қ.Омарұлы, 

Əке, 138). 

ПЫТЫРАЛЫ с ы н. Пытырасы бар, 

пытырамен оқталған. П ы т ы р а л ы құс 

мылтықтан  сойыл  артық  (Жұлдыз, 1972, 

№12, 132). Бұл жағдайда п ы т ы р а л ы 

мылтық көп əуре болмай-ақ, аң мен құсты 

көптеп  аулауға  мүкіндік  туғызды  (Қаз. 

əдеб., 23. 03. 1973, 4). 



ПЫШАҚ  з  а  т.  Қыран  құс  (бүркіт) 

шалғысының  қылыш  қырында  тұрған 

бірінші  қауырсыны.  Қанатты  доғалдап 

көрсетіп  тұрған – шалғылардың  қы-

лыш  қырында  тұрған  екі  қауырсын. 

Біріншісі – п  ы  ш  а  қ  та,  екіншісі – 

бес  шалғының  бірі  (Ж.Бабалықов.., 

Қырандар, 79). Қанат шалғыларының қы-

лыш қырында тұрған бірінші қауырсынды 

қазақ құсбегілері «п ы ш а қ» деп атайды 

(Бұл да). 

ПЫШАҚ: Пышаққа жықты. Сойды, 

терісін  іреді. – Ол  жайрағырды  да  осы-

дан  ауылға  аман-есен  жеткізген  соң,  п  ы 



ш а қ қ а  ж ы ғ у керек, - дейді Ыбыраш 

(Ө.Қырғызбаев, Қырда., 133). 



ПЫШАҚТАЙ... 2. а у ы с. Пышақтың 

қырындай,  түп-түзу.  Шалбарыңызды 

өтектеп, қырын п ы ш а қ т а й ғып қоям 

(С.Қышқашев, Паңзада, 25). 

ПЫШАНА с ы н. ж е р г. Бейшара, сор-

лы, пұшайман. Пыш-пышқа болмаса жанға 

сая бермейтін п ы ш а н а байқұстар əртүрлі 

күңкіл шығара бастады (Қ.Ысқақ, Тұйық, 

70). Өңшең п ы ш а н а байқұстар жұтынып 

қойып  бір-бірін  аңдысқан  (Қ.Ысқақов, 

Қараорман, 55). 



П Ы Ш - П Ы Ш ТАС   П ы ш - п ы ш т а 

етістігінен  жасалған  орт ақ  етіс 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 66, 167). 



ПЫШ-ПЫШТАСУ  Пыш-пыштас 

етістігінің қимыл атауы.

ПЫШТАҚ о д. Бүркіттің «пыштақ», 

«пыштақ»  деп  шығарған  дыбысы.  Иесі 

қолына алғанда «п ы ш т а қ», «п ы ш т а 



қ» деп екі қайырды. – Мынау қол балаша 

пыштақтайтын  болған  ба? – деді  Шəкең 

(Туған жер, 130). Қыран п ы ш т а ғ ы н 

қайталап,  сұр  жағал  тасқа  өзін  ұрды  да 

құрыды (Туған тіл, 2010, №2, 120). 

ПЫШТАҚТА е т. Бүркіттің «пыштақ», 

«пыштақ»  деп  дыбыс  шығаруы.  Сеңгір 

көкте баяу қалықтап жүрген бүркіт п ы ш т 



а қ т а д ы (Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр, 

1, 287). Тек жар басынан құз бүркітінің п і ш 



т а қ т а ғ а н дауысы естілді (З.Қинаятұлы, 

Көшпенді., 26). Бүркіт айбармен п ы ш т а қ



т а п, төңірегіне мақтана қарады (Туған тіл, 

2010, №2, 120). 



ПЫШТАҚТАУ  Пыштақта  етістігі-

нің қимыл атауы. 

ПЫШЫҢДА  е  т.  с  ө  й  л.  Пышылда. 

Терлеп-тепшіп п ы ш ы ң д а п жүріп келем 

(Лен. жас, 19. 06. 1976, 4). 

ПЫШЫҢДАУ  Пышыңда  етістігінің 

қимыл атауы. 


479

Байынқол Қалиев

ПЫШЫРАҚ с ы н. Не болса соны ай-

тып пышыраған (адам, əңгіме). 

ПЫШЫРАҢҚЫРА  е  т.  Аздап  пышы-

рау,  не  болса  соны  айту.  Бұдан  кейінгі 

əңгіме п ы ш ы р а ң қ ы р а п, əркім өз 

жайын  қуалап  кетісті  (К.Ахметбеков, 

Қыранқия, 152). 



ПЫШЫРАҢҚЫРАУ  Пышыраңқыра 

етістігінің қимыл атауы.

ПІДИЯ:  Підия  беру.  д  і  н  и.  Қайтыс 

болған  адамның  күнəсі  болса  ақталсын 

деген  ниетпен  молдаға  немесе  жетім-

жесірге,  жоқ-жітікке  берілетін  құдайы 

мал, ақша, бидай. П і д и я  б е р у адам-

дарды  адамгершілікке,  мейірімділікке, 

қайырымдылыққа,  жомарттыққа  баулиды 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 80). 



ПІКІР:  Пікір  таластырушы.  Пікір 

сайысына қатысушы, өз пікірін айтушы. 

Сондай-ақ, оның сөзі қарсы п і к і р  т а 



л а с т ы р у ш ы н ы ң арына, намысына 

тиіп  өршелендіріп  жіберетіндей  көрінді 

(Ата салты, 35). 

ПІЛ з а т. ш а х м. Шахмат ойынындағы 

басты «тастардың» (фигуралардың) бірі; 

тура. Ол тақта үстінде толғанып отырды 

да, біздің қара п і л і м і з д і өз қара пілімен 

іліп  əкетті  (Қ.Олжай,  Қанат  байла., 182). 

Журналист  корольдің  алдын  п  і  л  м  е  н 

бекітті  (Т.Əбдіков,  Айтылмаған., 72). Піл 

(ладья) жеңіл тастың біріне жатады. Оның 

ұрыс  алаңындағы  орташа  күші – 3. Бір 

сөзбен айтқанда бір п і л г е үш жаяудың 

(пешка)  күші  пара-пар  (Ана  тілі, 11. 04. 

2013, 12). 



Піл  жота.  э  п  и  т.  Дөңкиген,  жұр-

жұмыр  жота.  Бозарып  қураған  ебелек, 

боз, күйреуігі жабағыланып қалың төселіп 

жатқан п і л  ж о т а жондар үсті бейне 

құс  төсектей  қызықтырып,  көз  тартады 

(С.Елубай, Ақ боз., 301). 

ПІЛƏК  з  а  т.  Су  тасуға  арналып 

қалайыдан  жасалған,  екі  құлағы  бар, 40 

метрлік үлкен ыдыс (фляг). – П і л ə к т е р

д  і  есіктің  алдына  жақын  түсіріп,  біре-

уін  үйге  кіргізе  салыңдар! – деп  бала-

ларға  бұйыра  сөйледі  (Т.Мəмесейіт,  Тау-

дан., 83). 



ПІЛТЕЛІ: Пілтелі мылтық. Пілтесіне 

от қою арқылы атылатын мылтық. Олар-

дың арасында п і л т е л і  м ы л т ы қ, күміс-

пен  əшекейленген  қайыс  жүген  көзге  тү-

сетін (Ж.Бейсенбаев, Жасын-тағдыр., 46). 



ПІРƏДАРЛЫҚ  з  а  т.  а  р.  д  і  н  и. 

Тақуалық, сопылық, діндарлық. Əбағаңның 

бар ғұмырын п і р ə д а р л ы қ п е н өткізген 

атасы немересінің құлағына «Əбілфайыз!» 

деп бір емес, қатарынан үш рет шақырғанда 

ұрпағынан  ұлылық  пен  ұлықтықты  ғана 

күтпесе керек (Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 

5).  Асанəлінің  үлкен  əкесі  Ысқақ  өте 

иманды, п і р ə д а р л ы ғ ы мол, зекіп да-

уыс көтермейтін аса сүйкімді жан болған 

(П.Дүйсенбин, Ұшқан ұя, 19). 



ПІСАС з а т. 1. Бұрын пісірілген, піскен 

ас. От жақпай, п і с а с жеп аз-маз ұйықтап 

тұрған  (М.Мағауин,  Аласапыран, 116). 2. 



Сүттен  алынатын  май,  құрт,  ірімшік 

т.б.  тағамдар.  Сəуірдің  ортасына  таман 

есік көзіне киіз үй тігіліп, п і с а с əзірлеуге 

қам  жасалатын  (Т.Қосуақ,  Мəрмəр., 66). 

Ауылдағылар əлі күнге шейін шайды п і с 



а с п е н ішуге құмар (Бұл да, 67). 

ПІСЕНТТІЛІК з а т. ж е р г Ұқыптылық, 

тиянақтылық. Амал не, бізде нақ осындай 

ықтияттылық, п і с е н т т і л і к жетіспейді 

(Өнер алды., 133). 

ПІСТЕ з а т. ж е р г. Күнбағар. Тамның 

күнесіне  күнестеп  п  і  с  т  е  шығыпты 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 285). 

ПІСТЕДЕЙ  с  ы  н.  Үп-үшкір,  сүйір. 

Кішкентай  көздері  мөлдіреген  қап-

қара,  кішкене  мұрны  да  п  і  с  т  е  д  е  й 

қырлана қойыпты (С.Мұқанов, Мөлд. ма-

хаб., 408). 

ПІСТЕШКЕ з а т. ж е р г. с ө й л. Пісте. 

Ол жауап орнына п і с т е ш к е н і ң бір 

шетін  уысы  толғанша  үгітіп,  Сəбиттің 

жайған  қос  алақанына  салды  (Лен.  жас, 

12. 05. 1973, 2). 

ПІСУЛІ с ы н. Пісіліп қойылған, пісіліп 

жатқан. Шанашта ірімшік, қарында май, 

сөреде құрт жаюлы. Сабада қымыз п і с у л і

(Қаз. əдеб., 19. 07. 1974, 1). 

ПІСІК з а т. Піскендік, жеуге жарам-

дық.  Бахтияр  бағында  жазда  бүлдірген 

елжіреп пісіп, п і с і г і өтіп кеткенде езіліп, 

қызғылтым  жылға  болып  ағар  еді  (Қаз. 

əдеб., 30. 05. 1986, 9). 



ПІСІКШІЛІК з а т. с ө й л. Астықтың 

пісуі, оруға келуі. Бұл жақта п і с і к ш і л 

і  к  т  і  ң  науқаны  он  бес,  жиырма-ақ  күн 

(Б.Шаханұлы,  Таңд, 1, 296). Бірақ  ел  əлі



п і с і к ш і л і к к е ілінген жоқ. П і с і к ш і 

л і к к е бір ілінсе, оңалып кететін түрі бар 

(Ш.Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 60). 



480

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет