ТҮКШІК з а т. с ө й л. Түкше. Темекі
тартқан кісілердің т ү к ш і к т е р і сы-
дырылып, қырылып таусылады (Мəшһүр
Жүсіп, Шығ., 9, 306).
ТҮКІР: Түкіргенім бар. э к с п р.
Керегі жоқ, қажет емес д.м. – Мүмкін
көмектесерсің. Үш сом, жеті тиын берем.
– Т ү к і р г е н і м б а р сенің үш сомыңа,
- деді шал жігіттің кекеткенін аңғарып
(Қ.Ысқақов, Бұқтарма, 10).
ТҮКІРГІЗ Түкір етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Ал баласы мына Заманға ау-
зын тосып, т ү к і р г і з і п туған қу екен
(Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 177).
ТҮКІРГІЗУ Түкіргіз етістігінің қимыл
атауы.
ТҮКІРІК: Түкіріктерін жұтынды.
Тамақ ішкісі келді, тамсанды. Ауыл адам-
дары қашан қазан оттан түсірілмейінше т ү
к і р і к т е р і н ж ұ т ы н ы п, отырып ала-
тұғын əдеттері (Б.Соқпақбаев, Таңд., 157).
ТҮКІС с ы н. ж е р г. Түмірейіп қалған,
түксиген. Арбаның артында аяғын
салаңдатып жіберіп, əкесін қалқалап
отырған т ү к і с айдауыл баланың кеудесіне
мылтықтың істігін тіреп жақындатады
(Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе, 239).
ТҮЛЕЙ... 2. а у ы с. Түк білмейтін, то-
пас. ≈ Құдай бір т ү л е й г е жолықтырды
ғой.
ТҮЛЕК... Т ү л е к т е тұрған балапан
құстарға үш апта бойы тəулігіне екі-үш
жүз грамнан туралған ет-бөртпе беріледі
(Саятшылық, 121).
ТҮЛЕКШЕ ү с т. Түлек тəрізді, түлек
секілді; жас ұрпақша. Болмысыңнан
болмасаң да ерекше, Тірлік үшін күрес
алғыр т ү л е к ш е. Табынғандар тағдырына
бас ұрып – Адам емес! Адам емес! Өлексе!
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 36).
ТҮЛЕТ... Бір жылда бүркіт пен
қаршығаны үш т ү л е т і п салушы ек
(Лен. жас, 11.01.72, 3).
ТҮЛКІ: Түлкі бөрік. Түлкі тері-
сінен тігілген бөрік. Жиегі ерекше қым-
бат аңдар терісінен жасалатын кəмшат
бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қар-
сақ бөрік, сусар бөрік, т ү л к і б ө р і к,
күзен бөрік деп аталатын бөріктің түр-
лері ертеде киіт, кəделі сый, жасау қа-
тарынан орын алған (Қаз. этнография.,
1, 539).
Түлкі қақпан. Түлкі ұстауға арналған
əлді қақпан. Ұстайтын аңына қарай
қақпанның: қасқыр қақпан, т ү л к і қ а қ
п а н, тышқан қақпан деп аталатын түрлері
бар (ҚСЭ, 6, 414).
Түлкі ішік. Түлкінің терісінен тігілген
ішік (Шаңырақ, 327).
ТҮЛКІҚУРАЙ з а т. б о т. Шашақ
басы түлкінің құйрығы сияқты үлпілдек
қурай. Шөп аттары: күреңсе, тарақбоз, раң,
күшала, шисабақ, сиырқұйрық, т ү л к і қ у
р а й, ұйғақ, тау пияз, атқұлақ... (А.Сатаев,
Бəрі де., 308).
ТҮЛКІШЕК з а т. з о о л. Түлкінің
баласы. Сол жолы үйір-үйір киікті, таудан
қашқан қояндарды, бір топ болып ақшешек
түбінде ойнаған т ү л к і ш е к т е р д і
көрген едім (Лен. жас, 22.06.1972, 2). Болма
жалқау, інішек, Түлкі баласы – т ү л к і ш е к
(А.Құралұлы, Ұлттық., 1, 71).
ТҮЛІК з а т. а у ы с. Бестас ойынында-
ғы «ұшпа» деп аталатын біреуінен
басқалары «түлік» аталынады. Қақпақыл
ойынындағы «ұшпадан» басқа тастар «т ү
л і к» деп аталынады да, олар айдауға түседі
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 124). Ұшпаны жерге
түсірмей, т ү л і к т і бір-бірлеп «қораға»
қамап шыққан ойыншы жеңімпаз атанады
(Бұл да, 125).
ТҮМЕ з а т. с ө й л. Түмен. Сол себеп-
тен де бір т ү м е д е н, екінші т ү м е г е,
мыңдыққа, жүздікке, ондыққа өзі тілеп
бір жауынгер ауысар болса, ондай жауын-
гер өлтірілген (І.Есенберлин, Шығ. жин.,
9, 264).
ТҮМЕНБЕГІ... Ол қыпшақ армиясының
т ү м е н б е г і л е р і жайлы да толық
мағлұмат алған (М.Мағауин, Көк мұнар,
95). Қыпшақ əскерлерінің оң қанатының
т ү м е н б е г і Ақмырза аттың басын кері
бұрды (Бұл да, 96).
602
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТҮМЕНДІК с ы н. Түменге тəн,
түменге қатысты. Шыңғыс ханнан
қалған ондық, жүздік, мыңдық, т ү м е
н д і к əскери ережелерді ұстай отырып
Шыңғыс жасысынан өзгеше кетіп отырған
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 265).
ТҮН: Түн қату. э т н. Ұлттық ойындар-
дың бір түрі. Əзіл-қалжың, айтыс, қазақтың
көне заманындағы сауықтары «т ү н
қ а т у», «түйе жығу» секілді сан алуан
ойындарын ойнап, таң сарғая ата дегенде
бастары жастыққа тиді (І.Есенберлин,
Алмас., 254).
ТҮНГІ: Түнгі көбелектер. Тəнін са-
тып, табыс табуды кəсіп етуді əдетке
айналдырған əйел заты. « Т ү н г і к ө
б е л е к т е р д і» ұстағанымен, құқық
қорғау органдары қызметкерлері олардың
қылмыстарын тергеп, жаза қолдана
алмайтындықтан, оларды босатып жіберуге
мəжбүр (М.Құдайқұлов, Құпия., 17).
Түнгі намаз. Түнде оқылатын намаз.
«Намаз тағылымында» тəулігіне бес рет
оқылатын намаздың аттары: таң намазы,
түскі намазы, бесін намазы, кешкі намаз,
т ү н г і н а м а з да келтірілген (Егем.
Қазақст., 14.12.1991, 6).
ТҮНДІК... 2. а у ы с. Түтін, отбасы,
үй. Əбілхайыр билеген, оған қоса екі хан
Барақ пен Əбілмəмбет билеген қазақтардың
жалпы саны – қырық мың т ү н д і к
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 387). Биылғы жаз-
да Кербұлақ ауданына Моңғолиядан 250
т ү н д і к көшіп келмек (Соц. Қаз.,
27.04.1991, 2).
ТҮНДІКАШАР з а т. э т н. Күйеубала
жатқан отаудың түндігін ашқаны үшін
берілетін кəде. Үйлену тойында бұрын
тоғызаяқ, тоғызтабақ, күйеу шақыру, т ү н д
і к а ш а р, шымылдырықбайлар, төсексалар
сияқты жол-жора лғылар жас а лған
(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 25). Ұрын
барған күйеудің беретін түрлі кəделерінің
аты да аз болмаған: есікашар, босағааттар,
төсексалар, шымылдықашар, қолұстатар,
шашсипатар, көрпеқимылдатар, т ү н д і к
а ш а р, қалтаақтарар т.б. (Жалын, 1974,
№3, 146).
ТҮНДІКБАУ з а т. Түндіктің төрт
жағынан тағылатын бау. Т ү н д і к б а у
арқылы түндікті үш жағынан белдеуге бай-
лап, есік жағындағысын қайырып, белдеуге
іліп қояды (Қаз. этнография., 1, 439).
ТҮНДІКЖАБАР з а т. э т н. Отауының
түндігін жапқаны үшін күйеу жігіттен
алатын кəде. Отау тіккен кезде күйеу
жігіт отауын тігушілерге уықшаншар,
туырлықжабар, т ү н д і к ж а б а р,
үзікұстар, бау-шубайлар деген сияқты
кəделер береді (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 3, 85).
ТҮНЕК¹ з а т. Малды түнделетіп жаю
əрекеті; түнемелік. – Т ү н е к к е барасың
ба? Мə, қойшыларға ала бар (Ə.Кекілбаев,
Бір көкім., 115). Жолай қойын т ү н е к
к е салып отырған қойшыға кезіктік
(Ы.Кененбаев, Інжу-маржандар, 61). Ал,
сентябрь айынан бастап тоқты т ү н е к т
е ұсталып, біріміз күндіз жайсақ, екіншіміз
түнде жаямыз (Индер 09.07.1970, 3).
ТҮНЕК² з а т. ж е р г. Балық ау-
ланбайтын түн. – Жылдық жоспарды
орындауымызға əлі де біраз балық аула-
уымыз қалды-ау, балық жүріп кетсе ауды
екі-үш шапқанда-ақ орындалып қалар еді,
оның үстіне т ү н е к к е де қарсы келіп
қалдық, - деді Мəжит, Жайықтың ортасына
көз тастап (С.Хайдаров, Теңіз самалы, 48).
ТҮНЕМЕЛ з а т. Түн асып, күшіне енген
қымыз, ет, т.б. Торсықта шайқалып əбден
өлген, балдай т ү н е м е л д і құйып отыр
(С.Жүнісов, Заманай., 33). Сонымен екеуі
төрт қырлы стакан толы т ү н е м е л д і
сыңғытып алып, жөніне кете берді (Қаз.
əдеб., 29.04.1974, 4).
ТҮНЕМЕЛЕТУ... Саршатамызда да
тыным таппай т ү н е м е л е т у д і
жалғастыра бердік (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1969, №12, 56).
ТҮНЕМЕЛҚАП... Түнге қарай т ү н е
м е л қ а п қ а кіріп алып, шатырлы сəкенің
астында бірге ұйықтайтын (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 66).
ТҮНЕМЕЛІ з а т. с ө й л. Түнемел. –
Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға
асы – т ү н е м е л і тұр еді, балалар, алшы,
- депті. Алып, тегенеге құйып сапырған
екен, 60-ына түгел жетіпті (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 9, 73).
ТҮНЕМЕЛІК¹ з а т. 1. Көшкен ел жол-
жөнекей қонып, малдың аяғын суытатын
(түнететін) жер. Көктеуден жайлауға,
жайлаудан күзеуге үдере көшкен қалың
ел ұбақ-шұбақ болып келгенде, мал аяғын
суытар бір т ү н е м е л і г і де осы жер (Лен.
жас, 07.04.1974, 4). 2. Сырты қоршаулы
603
Байынқол Қалиев
қора. Күн бата тұсақтар т ү н е м е л і к к е
қамалып, шашпаға ертемен жегізілетін шөп
шашылады (Лен. жас, 16.05.1972, 2).
ТҮНЕМЕЛІК² з а т. Малды түнде
жаю ісі; түнек. Жылы күндері қораға
əкелмеймін. Т ү н е м е л і к т е жайып
жүрмін (Фермаға кел., 27).
ТҮНСƏТ з а т. Түнделетіп аттанды-
рып жіберу ісі. Екі қызды т ү н с ə т жасап
бір түнде жалайыр жаққа ұзатып жіберіпті
(Б.Нұржекеев, Жау жағадан., 385).
ТҮНІКЕЛІ с ы н. Түнікемен қапталған,
түніке жалатқан. Сондықтан бүгіннен ба-
стап үлкен ұлдың ақ т ү н і к е л і төсегіне
жататын болдым (Қаз. əдеб., 29.09.1985, 9).
ТҮҢКЕ з а т. ж е р г. Қаңылтыр. Орда
өзеніне жеткенше Еуропаша салынған
көк т ү ң к е төбелі үйлер (Ш.Мұртазаев,
Жұлдыз. көпір, 40).
ТҮҢКЕЛІ с ы н. Қаңылтыр шатырлы.
Жасыл т ү ң к е л і жалпақ ақ үйдің ық
жағында (Ш.Мұртазаев, Жұлдыз. көпір,
40). Едіге темір т ү ң к е л і үй салып алды
(Ш.Айтматов, Боранды бекет, 78).
ТҮҢЛІК... 2. а у ы с. к ə с і б. Қақпанның
о рт а с ы н а б е к і т і л г е н жа л п а қ т ау
қаңылтыр. Қақпанның т ү ң л і г і мен
тиегін алып, ізге біржола түсейін деп кейін
қарай жүрдім (Жалын, 1972, №6, 68).
ТҮҢЛІКБАУ з а т. Киіз үй түңлігінің
төрт бұрышына байланған бау; түндікбау.
Киіз үйдің бау-шуы: басбау, аяқбау, уықбау,
т ү ң л і к б а у, құр, терме, басқұр, желбау
т.б. (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір, 191).
ТҮҢЛІКТЕЙ с ы н. Түңлік сияқты
үлкен, жалпақ. Анда-санда т ү ң л і к т е й
ақ орамалымен маңдайының терін сүртіп
қояды (Қаз. əдеб., 06.02.1987, 8).
ТҮҢЛІКШЕ з а т. с ө й л. Қақпанның
түңлігі. Т ү ң л і к ш е н і əлдене басып
кетсе болды, тиек ағытылып, қақпанның
қос жақтауы шарт етіп қыса қояды
(Д.Досжанов, Зауал, 133).
Т Ү П : Т ү б і т ү с ке н ш е л е к т е й .
Даңғырлаған, саңғырлаған. Серігінің
т ү б і т ү с к е н ш е л е к т е й даң-
ғырлаған қарлығыңқы жуан даусы естілді
(К.Сегізбаев, Жылдың., 175).
ТҮПКІШ з а т. Ошақтағы қазанды
жерге түсіргенде астына қоятын шеңберлі
зат; үйкек.
ТҮПТЕЙ: Түптей айтсақ. Түптеп
келгенде, турасын айтқанда. Қорғасын
мен мырыш, алтын мен күміс, вольфрам
мен висмут, барит ... т ү п т е й а й т с а қ,
Менделеев кестесіндегі элементтердің
отыздан астамы бір Жəйремнің өңірінде
жатыр (Қаз. əдеб., 30.04.1976, 2).
ТҮПТЕМЕ з а т. Түптеліп қойылған,
қапталған нəрсе. Əңгімеге арқау болған
орыс-қазақ сөздігі жатқан т ү п т е м е д е
қазақ сөздерінің тағы да бір шағын жинағы
бар екен (Қаз. əдеб., 20.06.1986, 10). Т ү п
т е м е с і н д е бір елі ғана шүберек-
тің жоқтығынан мұқабасы мен кітап беттері-
нің арасы үңірейіп тұр (Соц. Қаз.,
14.03.1986, 4).
ТҮП-ТҰҚИЯН: Түп-тұқияннан
түк қа лдырмады [ түп-тұқиянын
қазды]. Ата-бабадан бастап боқтады,
балағаттады д.м. Сондағы «президент
болады» деп күпсінткен сотанақ баласы
бір күні қора жақтан т ү п-т ұ қ и я н н а н
т ү к қ а л д ы р м а д ы (Ж.Қорғасбек, Жын-
ды қайың, 94). Сол кезде жын ұрғандай, өз-
өзінен бүлініп, т ү п-т ұ қ и я н д ы қ а з ы п
шығады (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 435).
ТҮПТҰЛҒА з а т. ə д е б. Жазу-
шы шығармасына типтік бейне болған
адам. С.Мұқанов, айталық, өзі жазған
шығармаларының т ү п т ұ л ғ а л а р ы м е н
(прототиптерімен) кездесіп, сұхбаттасуды
салтқа сіңірген екен (ҚазССР ҒА Хабарла-
ры, 1975, №3, 11).
ТҮР з а т. қ. ө н е р. Киізге, кілемге тағы
басқаларға салынған əртүрлі түсті ою-
өрнек. Сосын т ү р л е р г е арналған жүнді
бояп, одан т ү р жіптерін иіреді (Лен. жас,
12.03.1976, 3).
Түрі өрт сөндіргендей. Бет əлпеті
əлем-тапырақ, əлем-жəлем, ұсқынсыз.
Қайсыбіреуінің т ү р і ө р т с ө н д і р
г е н д е й. Егер қыз табылар болса, түтіп
жейтіндей (М.Құдайқұлов, Құпия., 54).
ТҮРГІШ з а т. Трактордың топырақ-
ты, қарды түре ысыратын бөлшегі. Трак-
торы т ү р г і ш і н ернеуден асыра, терең
шұңқырдың шетіне тіреле тоқтағанда екі
көзін тарс жұмып алған (Ж.Қорғасбек,
Жынды., 4).
ТҮРЕНДІ с ы н. Түрені бар, дүзді. – Иə,
төрт атқа жегетін қос т ү р е н д і соқамен
жырттым (Ш.Айтматов, Ерте келген., 36).
Бес т ү р е н д і соқа соңында қаптаған қара
тамақ ала шымшықтар мен ұзақ қарғалар
(Қазақст. пионері, 26.01.1972, 2).
604
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТҮРЕНСІЗ с ы н. Түрені жоқ, дүзсіз.
Бұл дүниенің тірегі түренде тұр ғой. Т ү р
е н с і з соқа не бітіре алады (Ш.Мұртазаев,
Қара маржан, 186).
ТҮРКЕШ з а т. Түрік тектес тай-
палардың бірі. – Т ү р к е ш т е р бұрын
да, қазір де біздің бұқарамыз болған, бола
да бермек, - деді Елтабір (Т.Зəкенұлы,
Мəңгітас, 486).
Т Ү РМ Е з а т. Ас ы л ( қ ы м б а т )
маталардың бір түрі. Сəнденіп шашын
тараған Қалыбы түскен сұңқардай, Ауда-
рып көзін қараған Атлас, жібек, т ү р м е
д е н Етіне басқа нəрсе тимеген (Ертедегі
əдеб. нұсқа., 19).
Түрме бөрік... Басында т ү р м е б ө р
і к, белде кемер, Жарқылдап қарулары от-
тай жанар. Қыр мұрын, қынама бел əсем
жігіт Көргеннің көзі тойып мейрі қанар
(Н.Ахметбеков, Аманкелді, 105).
ТҮРМЕЛЕ е т. Етегін түрмелі етіп
жасау. Күніш оның басындағы қара
бұйра елтірімен т ү р м е л е г е н төбесі
шошақтау көк мауыты бөркінен таныған
(Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр, 1, 402).
ТҮРМЕЛЕН¹ Түрмеле
1
етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Бөрік елтірімен
немесе аң терісімен т ү р м е л е н і п,
қымбат, қалыңдау матамен тысталады
(ҚСЭ, 2, 447).
ТҮРМЕЛЕН² Түрмеле
2
етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Елге ұйтқы
болады-ау деген көзі ашық адамдар т ү р
м е л е н д і (Қаз. əдеб., 05.06.1992, 10).
ТҮРМЕЛІ: Түрмелі перде. Түріліп
қойылатын перде. Ашылып-жабылуына
қарай перделер т ү р м е л і п е р д е жəне
сырмалы перде болып бөлінеді (Шаңырақ,
71). Т ү р м е л і п е р д е л е р д і ақ түсті
жібек матадан толқын тəрізді жиырып
тігеді (Бұл да).
ТҮРМЕШІК з а т. Түрмеге қамалып
шыққан, сотталған адам. Əйелдің сыйқы
анау, бір т ү р м е ш і к п е н əуей болып
жүрген (Д.Рамазан, Жылап аққан., 250).
ТҮРНИЯЗ з а т. Сүт, су қосып жасалған
тағам. Т ү р н и я з д ы дайындау тəсілі: 2 л.
сүтке жарты л. су құйып қайнатады да, бір
уыс ұн шалады. Содан кейін бір кесе сөк са-
лып, 10-15 мин. қайнатады. Пісерде 100-125
гр. сарымай салады жəне езілген құрттың
қою малтасын қосады да, 3-4 мин. пісіріп,
бұқтырып қояды (Тары тағамдары, 76).
ТҮРСІЗ с ы н. Түр салынбаған. Бояуы
оңыңқырап кеткен терме алаша, əр жері
іріп, шабырлана бастаған т ү р с і з қара
киіз төсеулі жатыр (Ж.Нəжімеденов, Ақ
шағыл, 9).
ТҮРТКІЛЕУШІ з а т. Қайта-қайта
түрткен адам, түрткілей беруші. Соқыр
теке болған адам т ү р т к і л е у ш і л е р
д і ң біреуін ұстауға тиіс (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 121).
ТҮРУЛІ с ы н. Жоғары қарай шиыр-
шықталған, түрілген. Т ү р у л і киіз есік
қазақы өнердің озық үлгісімен көмкерілген
(К.Жүністегі, Едіге, 251).
ТҮРІК: Түрік ерін. Ерні дүрдиген,
түріңкі. Дөңгелек жүзді, бүйрек бет, т ү р
і к е р і н, нəркес жанар от шашып, ілкі-сəт
бойындағы ашқарақ сезімді кері серпіп, са-
басына түсіргендей болған (Ө.Қырғызбаев,
Қырда., 92).
ТҮРІКМЕН: Түрікмен ер. Түрікмен-
дерге тəн, түрікмен үлгісіндегі ер. Айдау
т ү р і к м е н е р д і ң алдыңғы қасына
ілген оюлы киіз қап, шанағы жұдырықтай
домбырасы бұлғақтап келеді (Қаз. əдеб.,
04.05.1973, 3).
Түрікмен кілем. Түрікмен елінде
тоқылған кілем. Кілемнің қазақ арасына
көп тараған түрлері: масаты кілем, қалы
кілем, тақыр кілем, түкті кілем, бұхар кілем,
терме кілем, т ү р і к м е н к і л е м, парсы
кілем, арабы кілем т.б. (Ə.Тəжімұратов,
Шебер., 53).
ТҮРІКПЕН з а т. с ө й л. Түрікмен. Мұн-
да кіл орыс-қазақтар мен ат өнерін білетін
қазақ, қырғыз, т ү р і к п е н, ойраттар жи-
налыпты (Жұлдыз, 1973, №4, 103).
ТҮРІКПЕНДІК з а т. Түрікпенге тəн
қасиет (ерекшелік). Қазақтық пен т ү р і к
п е н д і к т і менсінбей айта ма, болма-
са, басқа мəні бар ма, соны білгім келеді
(Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 69).
ТҮРІКПЕНШЕ ү с т. 1. Түрікпен
тілінде (сөйлеу). ≈ Ол т ү р і к п е н ш е біле-
ді екен. 2. Түрікпен тəсілімен, түрікпен
əдісімен. Бау-шуы төгіліп, біреуі т ү р і к
п е н ш е, біреуі башқұртша зерделене
тоқылыпты (М.Мəжитов, Аманғали, 20).
ТҮРІКТЕН е т. Түріктердің тілін, салт-
дəстүрін қабылдау, түрік болу. Қазақстан
территориясындағы түрік жəне т ү р і к т
е н г е н маңғол рулары мен тайпаларының
этникалық өзара қатынасы қайта жандан-
605
Байынқол Қалиев
ды (КСЭ, 6, 384). ...Қазақ хандығы өзінің
шекарасын кеңейтіп, бұрынғы өзбек
хандығының мекенін түгелдей қамтып,
оның құрамына барлық түрік тектес немесе
т ү р і к т е н г е н тайпалар қазақ атанды
(Қаз. əдеб., 06.09.1974, 3).
ТҮРІКТЕНУ Түріктен етістігінің
қимыл атауы.
ТҮРІКШЕ ү с т. Түрік тілінде (сөйлеу),
түрік тіліне (аудару). Пəкістан мен
Түркияда бірнеше рет ұрдуша, т ү р і к
ш е аударылып басылған кітаптың аты да
– «Қазақ көші» еді (Қалибек Хакім., 14).
Оның қолына қазақша дейтін қазақша емес,
түрікше дейтін т ү р і к ш е емес, татар ша-
лыстау хат əкеліп тапсырды (М.Разданұлы,
Алтай., 12). Т ү р і к ш е тіл курстары ашыл-
ды (Халифа Алтай, Алтайдан., 104).
ТҮРІКШІЛ с ы н. Түркі халықтары-
ның жыртысын жыртушы, қамын ойлау-
шы. Қалекең Түркияның т ү р і к ш і л,
міллəтшіл қайраткерлерімен жақсы
араласқан, кездесіп, əңгіме-дүкен құрған
(Қалибек Хакім., 118).
ТҮРІЛІҢКІРЕ е т. Аздап түрілу, сəл ғана
түрілу. Жұқа шыт көйлектің етегі т ү р і л і
ң к і р е п кетіпті (О.Ахмет, Қарқаралы., 256).
Достарыңызбен бөлісу: |