ҚҰДА: Құда түсуші. Құда түсе барған
адам. Егер тоқтамға келіп, сөз байласса, қ ұ
д а т ү с у ш і л е р үкі тағып, бір малды қыз
үйінің белдеуіне байлайды (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 138).
ҚҰДЫҚ з а т. Қабірдің төртбұрышты
етіп қазылған, терең шұңқыры (Қаз. этно-
графия., 1, 97). Қ ұ д ы қ бір құлаштай терең,
ұзындығы адам бойындай етіп қазылады
да, оның батыс бүйірінен қуыстап, лақат
шығарылады (Бұл да).
ҚҰДЫҚХАНА з а т. Ішінде құдық
бар бөлме. Қазіргі кезде олар тамаша
мавзолейдің қазандық, асхана, кітапхана,
қ ұ д ы қ х а н а жəне бүкіл сегіз жүлекті
коридорды толық жөндеп бітті (Қаз. əдеб.,
20.10.1978, 2).
ҚҰДЫС с ы н. Белі бүкірейген, бүкіш;
күдіс.
ҚҰДЫСТАН е т. Белі бүкірею, құдыс болу.
Оның орнына ақ араласқан сарғылт сақалы
қаужиып, қ ұ д ы с т а н ғ а н сары-шұбар шал
отырды (Халифа Алтай, Алтайдан., 142).
ҚҰДЫСТАНУ Құдыстан етістігінің
қимыл атауы.
ҚҰДІРЕТ з а т. м и ф. Сыңар қанат
тау құсы. Көне көздердің айтуынша құдай
371
Байынқол Қалиев
сыңар қанат қылып жаратқан «Құдіреттің
құсы» - қ ұ д і р е т» деген тау хайуанаты
тек осы өлкені мекендепті (О.Қауғабай,
Əлмерек.,120).
ҚҰЖАТТАН Құжатта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Қазақ жерінің
сыртында шекара болғанымен, ішінде қ ұ
ж а т т а н ғ а н, шекара болмаған (Соц.
Қаз., 29.08.1990, 3).
ҚҰЖАТТАНУ
1
з а т. Құжат түрлерін,
оның теориясын зерттейтін ғылым (пəн).
ҚҰЖАТТАНУ
2
Құжаттан етістігінің
қимыл атауы.
ҚҰЖЫРАТ з а т. с ө й л. 1. Құжат. 2. а у
ы с. Қазына, байлық. «Бабырнама» шағатай
тілінде жазылған. Адам баласының ерекше
қ ұ ж ы р а т ы деуге болады (Жалын, 1988,
№1, 60).
ҚҰЗАУ: Құзау салды. ж е р г. Көз сал-
ды, қарады. Қ ұ з а у с а л с а м, ол көз енді
табылмас, Озан салсам, оралар ма жалын
жас! Домбырамнан күй еседі дəркүмəн,
Қарттық басы осы екен ғой, қарындас
(Қ.Шаңғытбаев, Таңдамалы, 235).
ҚҰЗЫРЕТТІ с ы н. Құзыреті мол,
лауазымды. ≈ Қ ұ з ы р е т т і билік иесі.
ҚҰЗЫРХАТ з а т. к ө н е. Үкіметке ар-
налып, жазбаша түрде берілген ұжымдық
талап-тілек, сұраныс. Осы жылы ол
(Ə.Бөкейханов) тарихтан белгілі Қарқаралы
қ ұ з ы р х а т ы н ұйымдастырушылардың
бірі болды (Алаш., 10).
ҚҰЙ з а т. к ө н е. Құдық. Қ ұ й д ы ң
құдықтан айырмасы шұқырға суды қолдан
құйып толтырады. Ертеректе кез келген
жерден құй қазып, оның жан-жағынан
аяғы соған құятын арық-атыздар тартқан.
Оған жаңбыр, қар сулары құйылып, ауызсу
болмағанымен мал суаруға жараған (Соц.
Қаз., 09.04.1991, 4).
ҚҰЙҒАН: Құйған асықтай. Сымбат-
ты, сұлу, əдемі, келісті; салмақты. Жо-оқ,
обалы не керек, кінə тағып. Жігіттің мінезі
де, өзі де қ ұ й ғ а н а с ы қ т а й келісті екен
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 104).
ҚҰЙҒЫ з а т. Аузы тар ыдысқа
сұйықтық құю үшін пайдаланылатын
бұйым (воронка) (Бекітіл. термин., 53).
ҚҰЙЛАТ е т. ж е р г. Алдау, адастыру;
жер соқтыру. Қуғыншысын қ ұ й л а т ы п,
Құйрығын беріп кетеді. Сонда да сордан
құтылмай, Дүниеден өтеді (А.Үлімжіұлы,
Шығ. жин., 2, 347).
ҚҰЙМА: Құйма сақина. Металды
ерітіп, арнаулы қалыпқа құю арқылы
жасалған сақина. Таза күмістің өзінен
жасайтын бұрама білезік, қ ұ й м а с а қ и н а
сияқты заттар болмаса, басқа мүліктерді
əшекейлеу үшін алдымен күмісті сымға
тартып алушы еді. (Жұлдыз, 1973, №9,
210).
ҚҰЙМАҚҰЛАҚТЫҚ з а т. Есті-
генін көкейіне тез сақтайтындық,
ұмытпайтындық. Осындай көп ішінен
біреуінің аузынан шыға қалса, шəкіртінің
білгірлігіне, қ ұ й м а қ ұ л а қ т ы ғ ы н а
сүйсінген мұғалім оған күле қарайтын
(З.Ақышев, Жаяу., 70).
ҚҰЙМАЛЫ с ы н. Қалыпқа құйып жа-
салған, құйылған. Айыл-тұрманы түгелдей
үзбелі, қ ұ й м а л ы, шытыралы келеді
(Ж.Бабалықұлы, Ер қанаты, 259).
ҚҰЙРЫҚ: Құйрығына қызыл
бұрыш қыстырды. Жанына батырды,
зар қақтырды. Мен аға сұлтанның қ ұ й
р ы ғ ы н а бір қ ы з ы л б ұ р ы ш қ ы с т
ы р а қайтатын болармын (Ғ.Мүсірепов,
Ұлпан, 29).
Құйрығына қоңырау байланды. Жа-
ман атқа ие болды. Қ ұ й р ы ғ ы н а қ о ң
ы р а у б а й л а н ғ а н бір-екеуінде тіпті
маза жоқ. Аш қалмайды, бірақ бас қала ма,
қалмай ма, соны ойлап отыр (Ж.Қорғасбек,
Жынды., 230).
Құйрық май. Қойдың құйрық майы.
Қ ұ й р ы қ м а й баланы түрлі жел-құздан
сақтап, кіндікті ораған дəкені кіндікке
жабыстырмайды (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 1, 4).
Құйрық үзіп кетті. Бөлініп кетті,
біржолата кетті. Бұл сөзден соң мүлде
көңілі қалып, олардың арасынан біржолата
қ ұ й р ы қ ү з і п к е т е барған екен (Ел
аузы., 285).
ҚҰЙРЫҚТЫ: Құйрықты жұлдыз-
дай жарқырады. Жарқ етіп көзге түсті.
Байқағаным, өз ғұмырында қолынан кел-
генше мол іс тындыруға асыққан кейбір
адамдар о дүниеге өзгелерден бұрын жəне
мезгілсіз қ ұ й р ы қ т ы ж ұ л д ы з д а й
ж а р қ ы р а п кетеді екен (М.Қалдыбай,
Елім деген., 25).
ҚҰЛ: Құл тұйғын. Кір тұйғын кейде
осылай да аталына береді. Тұйғынның
«мырза тұйғын», «қ ұ л т ұ й ғ ы н» деген
түрлері болады (Ш.Айманов.., Қыран тур.,
372
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
87). Тұйғындар түсіне қарай – ақ тұйғын,
кір тұйғын болып жіктеледі. Бірқатар
əдебиеттерде ақ тұйғын – мырза тұйғын, кір
тұйғын – қ ұ л т ұ й ғ ы н болып та жазылып
жүр (Ж.Бабалықов.., Қырандар, 144).
ҚҰЛА: Құла түзде қу ілген. Алғыр,
ұшқыр, өжет. Көңілім дария болғанда,
қолым қайық, Өз-өзімнен боламын Еділ-
Жайық. Айдын шалқар көл қайда қылар
шабыт, Қ ұ л а т ү з д е қ у і л г е н мен
бидайық (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 199).
ҚҰЛАЗУШЫЛЫҚ з а т. Көңілінің
құлазып қалғандығы, жабырқаушылық.
Кейде көңілінің түкпірі жан баласы дендей
алмайтын қ ұ л а з у ш ы л ы қ қ а ұрынып,
сенделіп қалатын еді (Таң нұры, 35).
ҚҰЛАҚ
1
з а т. Күмбездің сəндік үшін
төрт бұрышына биік етіп орнатылған
текшеліктер. ≈ Əкесінің күмбезінің төрт
бұрышына да қ ұ л а қ жасатыпты.
ҚҰЛАҚ
2
з а т. Опырмалы мылтықтың
пестонға от беретін тетігі, шаппасы,
қайырмасы. Алдыңғысы мылтығының
қ ұ л а ғ ы н қайырып кезеп тұр (З.Ақышев,
Ақбел, 69).
ҚҰЛАҚ
3
з а т. ж е р г. Өзендегі қазан-
шұңқыр, иірім, тартпа. Қ ұ л а қ қ а құй-
ғытып кеп құлап кетті, Шықпады – су ас-
тында тұрақ тепті. Ауыл-ел азан-қазан
қан ағызып, Алуа қара көзден бұлақ төкті
(Е.Дүйсенбай, Бозала таң., 97).
ҚҰЛАҚ: Құлағына жетпеді. Естімеді
(ешкім айтқан жоқ) д.м. Өсекке қарсы
тараған қауесет Мұраттың қ ұ л а ғ ы н а
ж е т п е г е н сияқты (Ө.Қырғызбаев,
Қырда., 177).
Құлағының құрышын қандырды.
Жақсы əн салып, əңгіме айтып, риза
етті; құмардан шығарды. – Тозған дауыс,
шытынаған сыбызғы қ ұ л а ғ ы ң н ы ң
қ ұ р ы ш ы н қ а н д ы р а қояр ма екен?
Дегенмен, меселің қайтпасын, - деп үйден
кəрі серігін алдырды (Мəдениет жəне
тұрмыс, 1972, №7, 19).
Құлақ етін жеді. Қайта-қайта айтып,
мазасын алды. Олар қайта-қайта звондап
менің қ ұ л а қ е т і м д і ж е п қойды
(Б.Дəулетбаев, Парыз, 64).
Құлақ қойды. Құлақ қойды, тыңдады,
естіді.
Құлақ түрді. Құлағын салды, тыңдады,
естімек болды. Тағы не айтар екен деп
Қозығараға қ ұ л а қ т ү р е м і н. Бірақ үнсіз
қой соңын қузауға кірісті (Т.Тілеуханов,
Көрші келіншек, 39). Жай отырмайды,
малтасын езеді бір. Тыңдамайын десең де,
қ ұ л а қ т ү р г і з е т і н қызық əңгімелер
(Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 172).
Құлақтың құрыш етін жеді. Қайта-
қайта айтып, мезі қылды. Əрі өткен, бері
өткенінде қ ұ л а қ т ы ң қ ұ р ы ш е т і н
ж е п, ақыры көндірді (К.Ахметбеков, Егіз
қала, 438).
ҚҰЛАҚАСҚА: Құлақасқа шай. Сүті
қаймақ мол қосылған қызыл шай. Шай да
неше түрлі болады: күрең шай, қ ұ л а қ а с қ а
ш а й, қызыл шай (Т.Кененқызы, Кенен, 47).
ҚҰЛАҚТЫ с ы н. Текшелі етіп жасаған
құлағы бар (күмбез). Төбесі күмбезді, қ ұ л
а қ т ы, ағаш есікті, кіре берісі оймышты,
өрнекті, қос дің бағаналы етіп, тек қызыл
кірпіштен жасайтын болды (Ə.Ыдырысов,
Таңшолпан, 134).
ҚҰЛАҚША з а т. Телефонның қолға
алып, құлаққа тосатын бөлігі (трубкасы).
Үстелімнің үстіндегі телефон шырылдап
қоя берді. Қ ұ л а қ ш а с ы н көтеріп: - Ало!
-дедім (Д.Рамазан, Жылап аққан., 170).
– Ол телефон қ ұ л а қ ш а с ы н орнына
қойып, қасыма келді (Ə.Тəжібаев, Жаданов
əңгім., 56).
ҚҰЛАҚШЕКЕ : Құлақшекеден
қондырды. Құлақшекеден бірді қойды.
Мұрны қорқордың басындай домалақ неме
айқайды сап кеп қ ұ л а қ ш е к е д е н қ о н
д ы р с ы н. Аңдаусыз отырғам. Есім ауып
қалыпты (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 248).
ҚҰЛАҚШЫНДЫҚ с ы н. Құлақшын
боларлық, құлақшынға жарарлық (тері).
Ал қорықтағы мына қазақтарға екі-үш бас
сиырының бұзау-торпағын аман өсіріп, ара-
тұра бір-екі қ ұ л а қ ш ы н д ы қ ондатр аулап
алса шаруасы түгел (Қ.Жиенбай, Даңқ., 86).
ҚҰЛАЛАТ е т. с ө й л. Құла жылқыны
көп жи д.м. Қысырақтың үйірін Алапат
та, қ ұ л а л а т. Қысыр жеңгем ұл тапсын.
Алалат та, балалат! Ат байларға жараса, О
да бізге қанағат (Ж.Ахмади, Айтұмар, 135).
ҚҰЛАЛАТУ Құлалат етістігінің
қимыл атауы.
ҚҰЛАЛАУ с ы н. Құлаға жақын (түс).
Құрманға құйылған шəй алғашқыда қан
жирендеу, онан кейінгісі құбақан қ ұ л а л
а у боп келеді де, үшінші шыныаяқ сарғылт
боздау боп сұйқылдана берді (З.Ақышев,
Ақбел асуы, 138).
373
Байынқол Қалиев
ҚҰЛАН: Құлан жуа. б о т. Жуаның
ірірек келген бір түрі. Ал күн күркірегеннен
кейін ой жуа болмаса, қ ұ л а н ж у а н
ы ң уы шығып жеуге келмей қалады
(Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 324).
ҚҰЛАНСАУЫР с ы н. Сауыры
құланның сауырындай жұп-жұмыр.
Темір құйма таяқ, қ ұ л а н с а у ы р араби
арғымағы үстінде. Биік, еңсегей тұлғасын
қапсыра кіреуке сауыт киген (Е.Тұрсынов,
Темірлан, 89).
Құлан тұяқ э п и т. Тұяғы құланның
тұяғындай дөп-дөңгелек. Құлан жал, бөрі
кеуде, қамыс құлақ, Салпы ерін тарбақ та-
нау, киік сағақ. Бос белбеу, бота тірсек, қол
ет бөлек, Сіңірі желбеленген, қ ұ л а н т ұ
я қ (И.Байзақов, Құралай., 141).
ҚҰЛАНТӨС: Құлантөс бұлдырық.
Бұлдырықтың бір түрі; қылқұйрық.
СССР-де, сондай-ақ Қазақстанда ақба-
уыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық жəне
қ ұ л а н т ө с б ұ л д ы р ы қ деп аталатын
үш түрі кездеседі. Соңғысын кей жерлерде
қылқұйрық деп те атайды (Қаз-н əйел-рі,
1984, №8, 30). Қ ұ л а н т ө с б ұ л д ы р ы қ
немесе қылқұйрық – республикамызда
кең тараған бұлдырықтың бір түрі жəне ең
кішісі (Бұл да).
ҚҰЛАШ: Құлаш құйрық. п о э т.
Құлаштай ұзын құйрық. Иранға қарай
борт-борт желген қыпшақтың тоқпақ жал,
қ ұ л а ш қ ұ й р ы қ, ошақ табан сəйгүлік
жүйріктері (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9,
145).
Құлашты кеңге салды. Қарқындады,
қарыштады. – Биылғы межеңді қалай атап
отырсың? Он мың. – Пəлі, қ ұ л а ш т ы
к е ң г е с а л ы п с ы ң ғой (Б.Мұстафин,
Жайнаған жер, 61).
ҚҰЛДАУ з а т. г е о г р. ж е р г. Еңіс
жер, құлама. Жарсудың қ ұ л д а у ы н а
тірелетін аңғардың алды ұзыннан-ұзақ
созылған бұралаңы көп терең шатқалды
шұбалаңқы сай (С.Сматаев, Алғашқы асу,
143). Қ ұ л д а у д ы ң қамшылар жағында
қотан аумағындай тегіс жер бар (Бұл да).
ҚҰЛДЫРМАМАЙ з а т. к ө н е. Ертедегі
мылтықтардың бір түрі. Мылтықтың
«алты қырлы ақ берен», «он екі құрсау жез
айыр», «қозыкеш», «қ ұ л д ы р м а м а й»,
«қара мылтық» деген аттары бар (Ата сал-
ты., 50). «Нақыпбек! Тұр, қоршап алыпты»
дегенімде, қ ұ л д ы р м а м а й ы н а шап
бергені (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 289). Қ ұ л
д ы р м а м а й ы н ыңғайлап, жылқының
арт жағын кес-кестей берді (Бұл да, 385).
ҚҰЛЖА с ы н. а у ы с. Ірі, үлкен. Қ ұ л
ж а қобызын арқалап, елден-елге, бектен
бекке жырау кезер (Ел аузы, 274).
ҚҰЛЖА: Құлжа алмасы. Жабайы
алманың қолға өсірілген түрі (ҚСЭ, 1, 281).
ҚҰЛПАТША з а т. с ө й л. Қолбатша.
Түйеде таза үлек пен таза айырдан біртуған
тарақ құйрық жалғыз өркеш нар туады.
Оның еркегін бекпатша, ұрғашысын қ ұ л
п а т ш а дейді (С.Кенжеахметов: Ана тілі,
25.02.2010, 3).
ҚҰЛПЕРЕН ү с т. ж е р г. Құйғытып,
құйындатып. Əудем жер қ ұ л п е р е н
шапқан соң ғана бойы жеңілдеп салғандай
болды (К.Сегізбаев, Ашылмаған., 60).
ҚҰЛПЕТ..? Кəрі төбеттің ұсқыны
нашар, омыртқа лары шодырайып ,
қабырғасы ырсиып, қ ұ л п е т к е айналған
(Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 10).
ҚҰЛТАС з а т. с ө й л. Құлтемір. Жар-
тылай адам, жартылай қ ұ л т а с болып, жүз
жасар едік (Ж.Қорғасбек, Жынды., 155).
ҚҰЛТЕКЕ з а т. Мүйіздері мүжіліп,
орнында қос тұқылы ғана қалған кəрі
теке. Тасада тұрған хан қ ұ л т е к е дəл
өкпе тұсына келген кезде садақ тартты
(Қ.Салғарин, Үбедей, 60). Ертеректе 10-15
жасқа келіп, можа боп қартайған текелер
жиі кездесуші еді. Ондайларын қумүйіз
немесе қ ұ л т е к е дейтін (А.Сейдімбеков,
Тауға біткен., 23).
ҚҰЛТЕКІ з а т. Құлдың баласы. Сыртта
бір қ ұ л т е к і н і ң аузынан екінші қ ұ л т е
к і н і ң аузына көшкен «Əскербасы Бақтияр
сұлтанды алдияр тақсыр» шақырып жатыр
деген дауыс бірте-бірте əлсіреп, əлдеқайда
көше қуалай ұзап барып мүлде өшті
(І.Есенберлин, Алмас., 162).
ҚҰЛЫНБӨСТЕК з а т. Құлын
терісінен істелген бөстек. Ол өзінен қол
созым жерде, қ ұ л ы н б ө с т е к үстінде
тізесін бауырына алып, құс ұйқыда жатқан
ұлы бəйбішені түртіп оятты (Е.Тұрысов,
Темірлан, 254).
ҚҰЛЫНСАҚ с ы н. Құлынын жақсы
көретін, құлынжанды. Тұмса тұсақ
қызғаншақ, Тұмса бие қ ұ л ы н с а қ
(Мақал).
ҚҰМ: Құм беттенді. Сұрланды,
бедірейді. Міне, біз осындай оймен қ ұ м
374
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
б е т т е н і п, сазарып, тістеніп отырғандарға
қарадық (Қаз. əдеб., 17.01.1975, 4).
Құм қайыңы қ. Қандым. Ал құмның
(Қызылқұм) шөптерінің түрлері сан алу-
ан. Онда тал, тораңғыл, қ ұ м қ а й ы ң ы,
сексеуіл, кейде терек те кездеседі (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1959, №8, 94).
ҚҰМАЙ
1
з а т. к ө н е. Соғыста
қолға түскен қыз, əйел. Бұл үшеуіне де
қойындарына қ ұ м а й салып, үстеріне же-
ке-жеке боз орда тігіп берген (І.Есенберлин,
Шығ. жин., 9, 369).
ҚҰМАЙ
2
с ы н. ж е р г. Аласа, тырбиған.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар,
Бəйтеректі мазақтаса қ ұ м а й тал, Ерден
бұрын ел сенімін мұңайтар. Бірақ бізге өз
ұлтыңды өзгеден Кем сүйесің деп, қанеки,
кім айтар? (М.Шаханов, Мəңгүрт., 168).
ҚҰМАҚ з а т. ж е р г. Тезек. Малшылар
күзде, көктемде қ ұ м а қ теріп, отқа жағады
(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 53).
ҚҰМАҚША з а т. Құмды, құмдауытты
төбе. Ауыл сыртындағы жатаған боз қ ұ
м а қ ш а д а н асып түскен соң-ақ маңдай
алдынан сағымдана толқып жатқан ұшы-
қиырсыз кең жазық көрінді (Б.Шаханов,
Қаратау., 140). Жол қ ұ м а қ ш а ғ а көтерілді
де, кілт ылдилай жөнелді (Б.Шаханов,
Ғашық, 61).
ҚҰМАЛАҚҚАТА... Құмаққатаны кей
жерде қиқата, қ ұ м а л а қ қ а т а деп атай-
ды. Ол құрғақ, қатты шөпті көп жеп, суды
аз ішкеннен болады (Ж.Бабалықұлы, Мал
ауру., 53, 176).
ҚҰМАРШЫ з а т. Құмар ойынын
ойнауға құмартушы адам, құмарпаз.
ҚҰМАРШЫҚ з а т. Құмаршық
өсімдігінің тарыға ұқсас, қара қоңыр
түсті дəні. Оны сүтке, сорпаға бөктіріп,
тағам ретінде пайдаланады. Құмнан
əкелінген бір аяқтай қ ұ м а р ш ы қ бар
еді; соны салайын (М.Сүндетов, Ескексіз.,
127). Күзде оны кəдімгі қолдан еккен бидай
не тарыдай оратын да қағатын. Сөйтіп, үй
басы қап-қап қ ұ м а р ш ы қ жинап алатын
(Жұлдыз, 1970, №8, 79).
Құмаршық қағу. Аштықтың салда-
рынан құмда өсетін құмаршық өсімдігінің
астына жайма жайып, таяқпен ұрып,
дəндерін жинап алу іс-əрекеті. Құмнан
қ ұ м а р ш ы қ қ а ғ у ғ а жұмысты тастап
кейбіреулер жүре беретін (Қ.Құрманғалиева,
Атырау ару, 40).
ҚҰМБЫЛ
1
с ы н. Əзір, даяр, дайын.
Айда десе жер түбіне де айдап апаруға
қ ұ м б ы л м ы з (С.Сматаев, Елім-ай, 2,
384). Мен оның дəл осындай он рисала-
сын оқуға қ ұ м б ы л м ы н (Парасат, 2009,
№9, 10).
ҚҰМБЫЛ
2
ү с т. Жылдам, тез, шапшаң;
ширақ. – Жүдə, қ ұ м б ы л боп кеттіңдер,
- деуші еді ол насаттана (Қ.Найманбаев,
Беймезгіл., 70). Ондайда əулие қандай қ ұ
м б ы л: құмалақты шашып жіберіп, ішірткі
жазып берген (Ана тілі, 27.05.1991, 12). 2.
Шұғыл, бірден, кенет. Оған көзі ақшаңдап
балдыр ете түсіп еді, анау іске қ ұ м б ы л
кірісіп, қалақтай жалпақ былғары алып
шықты (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 311).
Өзге колхоздар тұқым себуге қ ұ м б ы л
кірісіп кеткенде, сіздер неге жайбарақат
отырсыздар? (О.Сəрсенбаев, Жақсының.,
13). 3. Ынты-шынтымен , беріл е .
4. Көмескі, тұншыққан. Біресе жердің
астынан, біресе жердің үстінен, кейде
қ ұ м б ы л, кейде ашық дауыстар жамырап
кеп бергенде, бас-аяғын ажырата алмай
қиналады (Ж.Қорғасбек, Жынды., 14).
ҚҰМДАҚТАС з а т. Түрлі минералдар-
дың ұсақ бөлшектерінен тұратын жыныс.
Қ ұ м д а қ т а с ақ, сұр, сары, қызыл түсті
болуы мүмкін (Терминол. анықт., 6, 202).
ҚҰМДАН з а т. к ө н е. 1. Кірпіш
күйдіретін жер; кірпіш зауыты. Қала
шетіндегі қ ұ м д а н н а н кірпіш таситын
бірнеше арба керек (Қ.Жұмаділов, Соңғы
көш, 2, 30). Ал сол сайдың батысындағы
кірпіш күйдіру қ ұ м д а н ы н ы ң орны-
на Іле гимназиясын салуды жоспарлады
(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 155). Қ ұ м д а н
д а алғаш күйдірілген қыш – қызыл, екіншісі
– боз, үшінші дүркінгісі – қайрақтай көксұр
болып шығады (Лен. жас, 21.09.1971, 3).
2. а у ы с. Бір нəрсені қақтайтын орын.
Тірідей апарып қақтайтын қ ұ м д а н д а р
бар деп еститін. Бейшаралар сондай бір
жерде шыжғырылып жатыр ма, кім біледі?!
(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 338).
Достарыңызбен бөлісу: |